
- 16 июн. 2025 14:29
- 27
Қытай басшысы Си Цзиньпин Астанаға ресми сапармен келді
АСТАНА. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бүгін Қазақстанға ресми сапармен келді. Қытай басшысы мінген ұшақты ел шекарасынан бастап елордаға дейін Қазақстанның Әуе қорғаныс күштерінің борттары алып жүрді.
Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды. Қарсы алу рәсіміне Құрмет қарауылы мен мемлекеттік тулар ұстаған балалар қатысты.
Сапар барысында екі ел басшылары стратегиялық әріптестікті тереңдету, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылайды деп күтілуде.