Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Түркістан облысында 9-сынып оқушысынан бала туылды: 23 жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталды

Түркістан облысында 9-сынып оқушысынан бала туылды: 23 жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталды
— деп хабарлайды Infohub.kz тілшісі.

Түркістан облысында жасөспірім қыз 21 маусымда босанып, бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Желіде тараған мәліметтерге қарағанда, жыныстық қатынас кезінде қыз 9-сыныпта оқыған. Оның туыстары да бұл деректі растап отыр.

Қоғамда резонанс тудырған жағдайға байланысты күдікті ретінде 23 жастағы ер адам ұсталды. Белгілі болғандай, ол бұрын әскери қызметте болған деген ақпарат тараған. Алайда, Түркістан облыстық Полиция департаменті күдіктінің әскери қызметкер екенін ресми түрде растамады.

Қыздың туыстарының айтуынша, қатынас болған соң екі жақ келісіп, қызды жігітке “үйлендірген”. Жасөспірім учетқа тіркелу кезінде аудандық ішкі істер бөлімінен келген қызметкердің көзінше "өз еркіммен келдім" деп қолхат жазып берген. Ал жігіттің ата-анасы тойға мектеп мұғалімдері келгенде ғана қыздың кәмелетке толмағанын білгендерін айтқан.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Заң аясында тараптардың әрекетіне құқықтық баға берілмек.

You Might Also Like

Новости

Реклама