- 05 мар. 2024 04:39
- 296
С. Торайғыров Кедей
Сыныбы: | 3 «Е» | ||||
Пәні: Әдебиеттік оқу | Мұғалімі: | ||||
Сабақ тақырыбы: | С. Торайғыров Кедей | ||||
Сілтеме | Әдебиеттік оқу 96 - бет | ||||
Жалпы мақсаттары: | Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы айта отырып, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу. | ||||
Оқу нәтижесі | Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы айта отырып, өлеңдегң негізгі ойды біледі. Өлеңннің мазмұнын түсінеді. Өз ойларын еркін жеткізе алады. | ||||
Негізгі идеялар | Сабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы оқушы өзіндік танымдық қабілетін көрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласады | ||||
Тапсырма көздері |
| ||||
Ресурстар | Суреттер, смайликтер, кесте | ||||
Сабақтың түрі | Аралас сабақ | ||||
Әдіс – тәсілі | Кім біледі?, ой қозғау, миға шабуыл, ой толғаныс | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет | ||||
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Сәлемдесу, түгендеу Зейіндерін шоғырландыру Өсемiз бiз күлiп - ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп - ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | ||||
Үй тапсырмасын сұрау | «Күлпаш» мәтіннің мазмұнын сұрау, қосымша сұрақтар қою. Бағалау «Кім біледі?» әдісі
| ||||
Сабақтың ортасы | Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау Ой қозғау Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы не білесіңдер? Сұлтанмахмұт Торайғыров - талантты ақын әрі жазушы Ол 1893 жылы Ақмола облысы, Қызыл ту ауданында дүниеге келген. 1920 жылы дүниеден озған. Оқуға, білімге шақырған ақын. «Шәкірт ойы, Оқығандағы мақмат не?, Қамар сұлу» Сүйемін туған тілім - ана тілін Бесікте жатқанымда - ақ берген білім. Оқулықпен жұмыс Өлеңді түсініп оқу. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Кедей» Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген, Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген. Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп, Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген. Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа, Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа. Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ, Туғаннан, міне, шықтым талай жасқа. «Миға шабуыл» әдісі
Салыстырып, дәлелде. Ақын суреттегеген кедейдің тұрмысын қазіргі кезбен салыстыр.
| ||||
Сабақтың соңы | Ой толғаныс Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады деп ойлайсың? Қазіргі жағдаймен сол кездегі ашаршылықты салыстыра аласың ба? | ||||
Бағалау | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім | ||||
Үйге тапсырма | «Кедей» жаттау |