Последнее обновление

(Время обновление 6 минут назад)
"Самұрық-Қазына" ұлттық қорындағы қысқартулар: қай компанияларда басшылар азайды?

«Самұрық-Қазына» қорына қарасты алты ұлттық компанияда басшылық қызметтер қысқартылды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады. Оптимизация жұмыстары өндірістік персоналға әсер етпейді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«ҚазМұнайГаз»

Аталған компанияда қызметкерлерді оңтайландыру жұмыстары маусым айының біріне дейін аяқталады. Өндірістік қызметкерлерге бұл өзгерістер әсер етпейді. Толық ақпарат кейінірек беріледі.

«Қазақстан темір жолы»

Бұл компанияда 221 қызметкер жұмысынан босатылды. Бұл әкімшілік-басқарушылық персоналдың 10,5%-ын құрайды. Оның 14-і басшылық қызметте болған. Қысқартылған қызметкерлер құрылымдық бөлімшелерде жұмыс істеген. Компания тобындағы орташа жалақы 664 мың теңге болса, оңтайландыру жылына 2,2 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Қазақтелеком»

Бұл компанияда ауқымды қысқартулар жоспарланбаған. Технологиялардың дамуына, цифрландыру мен процестерді автоматтандыруға байланысты кейбір функциялар мен бизнес-процестер өзгереді немесе өз өзектілігін жоғалтады. Компания басшылығы бос қалған орындарды қысқарту, функцияларды қайта бөлу және процестердің тиімділігін арттыру арқылы ұйымдастыру құрылымын үнемі жетілдіріп отырады.

«Қазатомөнеркәсіп»

Цифрландыру және өндірістік процестерді автоматтандыруға байланысты қызметкерлерді босату жоспарланбауда. Жасанды интеллект технологияларын қолдау құралы ретінде қарастырады.

KEGOC

Бұл компанияда қызметкерлерді қысқарту көзделмеген. Компания жұмысшылардың біліктілігін арттырып, заманауи технологиялық талаптарға бейімдеуде.

«Қазпошта»

Компания автоматтандыру саласында қосымша бастамаларды пысықтауда. Бұл бастамалар әлі бағалау сатысында, сондықтан персонал санына әсері туралы айту әзірге ерте. Портфельдік компаниялардың штатын оңтайландыру аясында әкімшілік-басқарушылық персонал қысқартылды. Қызметкерлер саны мен жалақылары туралы сұрақтарға компания жауап бермеді.

«Қазпошта» жасанды интеллект технологияларын басқару жүйесіне енгізуді цифрлық трансформация аясында қарастырады. SKAI жобасы аясында HR және техникалық мамандар қатысатын жұмыс тобы құрылды. Технологиялар тек көмекші құрал ретінде қарастырылады, ал кадрлық шешімдерді басшылық кешенді бағалау негізінде қабылдайды.

Новости

Реклама