Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Семейде жаңа асфальт тұрғындарды су астында қалдырды

Семей қаласындағы Комсомол кентінде тұрғын үйлерді су басуы тұрғындарды әбігерге салды. Янушкевич көшесі, 23/1 мекенжайындағы жағдайды көрсететін видеода аула ішін су жайлап, адамдардың үйден шығуы қиындағаны байқалады.

Бұл мәселе жолға жаңа асфальт төселгеннен кейін туындаған. Жолдың биіктеп кетуі салдарынан еріген қар мен жаңбыр суы тікелей үйлердің маңына ағып, арнайы арық немесе құбыр жүйесінің жоқтығынан жиналып қалады.

Тұрғындар жұмысқа немесе балаларын мектепке апару үшін суды кешіп өтуге мәжбүр. Олардың айтуынша, жолды бұзып, су ағызу жүйесін жасауға рұқсат берілмей отыр.

Жергілікті халық бұл жағдайға қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтердің салғырттығын айыптайды. Жол құрылысы кезінде су бұру жүйесі ескерілмегеніне шағымданғандарымен, мәселе әлі шешімін таппаған.

Тұрғындар әкімдіктен сапасыз жұмысты тексеріп, су ағызу жүйесін шұғыл түрде орнатуды талап етуде.

Новости

Реклама