Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Шалқан ертегісі. Ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» «Шығармашылық»
Оқу іс - әрекеті: «Көркем әдебиет» «Сурет салу» «Мүсіндеу»
Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі шалқан»
Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы көркем мағлұмат бере отырып диалогты сөйлеуін, әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру. Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, әртүрлі тапсырмалар орындату. Ақыл - ой, ес, зейін қабілеттерін, диалогты сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Шалқан ертегісінің макеттері (Ертегі кейіпкерлері бетпердесі, талдар, сиқырлы қорапша, бейне тақта, шартақ макеті.)
Әдіс - тәсілдер: Сөздік әдіс, көрнекілік көрсету, дамыта оқыту әдісі
Сабақ барысы:
Балалар қараңдаршы біздер ғажайып ертегілер еліне келдік,
Тәрбиеші: Балалар ертегілер елі қандай әдемі, мұнда бәрі бар екен, бізде күн салқын болғанмен бұл жерде жылырақ екен бірақ мұндада жапырақтар сарғайып түсіп қалыпты жапырақтар сарғайса, күн салқындаса қандай мезгіл болғаны?
Балалар: Күз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар ертегілер елінде де күз мезгілі екен қане олай болса біз тоңбау үшін бір - бірімізбен жүрек жылуын бөлісейік.
Жүрек жылуы:
«Сәлем, сәлем» музыклық шаттығу
(дыбыс) Сиқырлы қорап табылады.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мына әдемі қорапты, ішінде не бар екенін білгілерің келеме? (ой толғау)
Балалар жауабы.
Ой балалар мына қорап ашылмай жатыр ол үшін жатығу жасап берейік, мүмкін сол кезде ашылар.
«Жаңғақ» жаттығуы
«Жаңғақ» — ауызды жауып, оңға — солға тілдің ұшымен беттің бұлшық етін итеру.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Мұнда ертекші атайдың сендерге арнаған тапсырмалары мен сыйлығы бар екен (ертегілерден үзінді суреттер, түсті суретті фишкалар) Сұрақ - жауап әңгіме. Кім тапсырмаларды жақсы орындап, сұрақтарға жақсы жауап берсе сол балаларға сыйлықтар бар.
- Мына суретте қай ертегі бейнеленген?
- Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Тәрбиеші: Қане балалар осы ертегілер ішінен «Шалқан» орыс халқының ертегісін тамашалайық.
Сахналап беру.
Сергіту жаттығуы: массаж «Әжемізге салат жасайық»
Шығармашылық жұмыс топпен:
1 - ші топ шалқанды ермексазбен езіп жағу.
2 - ші топ немереге мокороннан моншақ жасау
3 - ші топ шалқанды бояумен бояу.
Тәрбиеші: Балалар ертегі әлемі сендерге ұнады ма?
- Біз тамашалаған ертегі қалай аталады?
- Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Балалар: Біз бұл ертегіден бір - бірімізге көмектесуді және қамқор болуды үйрендік.

You Might Also Like

Новости

Реклама