Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Үй жануарлары
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Коммуникация.»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Құрастыру
Тақырыбы: «Үй жануарлары және төлдері»
Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыру оларды атау және тану. Үй жануарларының төлдерін атау, жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру және сұрақ жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: үй жануарлары бейнеленген фетрден жасалған көрнекілік, ойыншықтар, үнтаспа, слайт.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, күтпеген сәт, ойын

Іс – әрекет кезеңдеріМұғалімнің іс – әрекетіБаланың іс әрекеті
Мотивациыялық - қозғаушылық
Ұйымдастыру - іздестіру
Сергіту сәті
Рефлексікті – түзетушілік
Балалар бүгін бізде ерекше күн. «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Сәлеметсіздер ме.
Ал енді шаттық шенбер өленін орындайық
Қайырлы таң көздерім
Қайырлы таң құлақтарым
Қайырлы таң қолдарым
  Қайырлы таң аяқтарым
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң қонақтарым
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көңіл күйлерін қалай?
- Ой балалар бізге ауылдағы Қасым атамыз қоңырау шалып жатыр(Телефон мен сөйлесу)
- Балалар бізді атамыз ауылға көмекке шақырып жатыр. Олай болса қазір бәріміз ауылға Қасым атаға қонаққа барайық!
Ауыл алыс, біз жаяу жете алмаймыз, қанекей автобусқа отырып, ауылға аттанайық.
(Балаларды ата қарсы алды.)
Ғажайып сәт:
Сәлеметсіз бе? Қасым ата сіз бізге қоңырау шалып шақырғанан кейін, сізге көмекке келдік.
Қасым Ата: Сәлеметсіңдер ме! Айналайындар, келдіңдер ме, құлындарым, ботақандарым.
- Қонаққа келгенде өзімізді қалай ұстаймыз?
- Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?
Бүгінгі ашық оқу іс – әрекетіміз тақырыбы үй жануарлар туралы және төлдері жайында айтамыз
Енді 3 тілде айтып көрейік.
Ендеше тіл жаттығуын қайталап алайық.
Тіл жаттығулары
мө ‑ мө ‑ мө - мөңірейді сиыр.
Кі - кі – кі - кісінейді жылқы
Қасым ата:- Балалар менің тапсырмамды орындауға көмектесіңдер ме? Күз келді, мына қораға үй жануарларын кіргізу керек. Мен кәрі болғанан кейін дұрыс естімеймін.
Тәрбиеші: Балалар қазір біз атаның тапсырмаларын орындайық. Ата сіз отырыңыз. Қазір біздің балалар қорадан малдарды шығаруға көмектеседі.
1. Дидактикалық ойын:
«Даусынан таны»
Шарты: Сиқырлы үнтаспаны тындату (жануарлардың дауысынан не екенің табады)
- Қане, мынау ненің дыбысы?
- Жарайсыңдар балалар,
Мынау – сиыр, мынау – ат, мынау – қой, мынау – түйе.
- Бұлар үй жануарлары себебі: олар үйдің жанында қорада тұрады, үйде өмір сүреді, қолға үйретілген. Оларға уақытылы жем шөбін беріп, қорасын тазалап, адамдар бағады, күтеді
2. Келесі ойын:«Кім не береді?»
Шарты: Үй жануарларының суреті ілініп тұрады, қасына қай жануар не береді, сол суретті жанына жабыстырып қояды.
Балалар, бәріміз тақтадағы суреттерге қарайық.
Жылқы --- қымыз
Қой ------- ет
Ешкі ------ жүн
  Сиыр ----- сүт, май береді.
- Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар.
Балалар міне үй жануарлардың адамдарға пайдасы көп. Адам денсаулығына ет пен сүттің пайдасы өте зор екен.
Сергіту сәті
Аяқ пенен топ - топ
Қол менен соқ соқ
Бір оңға, бір солға айналайық
кел мұнда.
Басымызды шайқаймыз.
Қолымызды көтеріп
Бір оңға, бір солға айналайық кел мұнда.
Қасым ата неге көңіліңіз түсіп кетті?
Қасым ата: Менің үй жануарларымның төлдері жоғалып кетіпті. Балалар маған көмектесесіңдер ме?
3. Дидактикалық ойын:
«Үй жануарлардың төлдерін тап»
Шарты: Карточка арқылы, үй жануарларының қасына төлдерін тауып құрастырады.
- Жарайсыңдар балалар
Балалар, біздің балабақшаға қайтатын уақыт келді. Қасым атамен қоштасайық!
Қасым Ата: Балалар сендерге көп рахмет! Мына кішкене азғантай сыйлығымды апайларыңа берейін, топтарыңа барғанда жейсіңдер! Және сыйқырлы кітап беремін, топқа барғанда апайларын көрсетеді.
Рахмет, сау болындар
Қане балалар автобусқа отырып тобымызға қайтайық.
4.«Жануарларды құрстыр»
Балалар, біздің бүгінгі күніміз мына сиқырлы кітапқа жазылып қалыпты. Қазір кітапты ашып отырып, бүгін не істегенімізді, нені білгенімізді, не үйренгенімізді еске түсірейік.
5.«Сиқырлы кітап»
Шарты: Сұрақ қою арқылы сабақты қортындылау.
- Бүгін біз қайда бардық?-
- Кімге көмектестік?
- Қандай үй жануарлармен таныстыңдар?
- Атаға үй жануарлардың қандай төлдерін тауып бердік?
Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың қалай дауыстайтының, олардың төлдері, пайдасын біліп үйрендік.
Енді біз мақсатымызға жеттік пе? Егер жетсендер күнге, ал жетпесендер бұлтқа жабыстырасыңдар!
Қонақтармен қоштасу. Сау болыңыздар. 
Сәлеметсіздер ме - здравсвуйте - Goodmoning
Балаларды сабаққа
ынталандыру
Көктем
Күз
Жақсы
Отырады
Ән айтады
Сәлеметсіздер ме! Ата
Жақсы, тыныш отырамыз,
шуламаймыз.
Үй жануарлардың дыбысы естіледі.
Қайталайды.
(балалар жауап береді, әрі қарай жалғастыру)
Сиыр, қой, ешкі
құлын, лақ, жылқы т. б
Сиыр – сүт береді. (Вика)
Жылқы – қымыз береді. (Вероника)
  Қой жүн береді.
(Артур)
  Ешкі сүт береді.(Лейла)
Балалар қайталайды.
Балалар төлдерді атап, олардың аналарын табуға талпынады.
Тыныш отырамыз,
шуламаймыз т. б
балалар ертегіні тамашалайды.
Сау болыңыз!
Автобусқа отырып, тобына қайтады. Музыка әуені


 
- Біз ауылға бардық.
Қасым атаға
Қой, сиыр, жылқы,
ешкі, түйе т. б
- бұзау, қозы, ешкі,
бота, құлын, лақ
Балалар жабыстырады.
Сау болыңыздар. Досвидания 
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Үй жануарларын аттарын біледі.
Материалды қалай игерді: үй жануарлары төлдерін бір - бірінен ажырата білуді үйренеді.
Меңгерген материалды қалай қолданады: Тақырыпқа сай ертегіні саханалай алады.

You Might Also Like

Новости

Реклама