СҚО Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің аппараты
- 19 мая 2026 11:00
- 24
Солтүстік Қазақстанда ауыл әкімі қайғылы жағдайда көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл әкімі қайғылы жағдайда көз жұмды. Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смаилов 18 мамыр күні қайтыс болды. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, оның өзіне қол салғандығы анықталды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа қызметке тағайындалғанына көп болмаған
Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы Май ауылдық округінде болған. Ерлан Смаилов бұл қызметке биылғы жылдың 17 ақпанында ғана тағайындалған екен. Оған дейін ол Майское-Агро серіктестігінде директордың орынбасары болып қызмет атқарған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себеп-салдары анықталып жатыр.