Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Тараздағы "ABAY MALL" жарнамасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

Тараз қаласындағы Абай даңғылында бой көтерген жаңа ғимараттың жарнамасы әлеуметтік желіде қызу талқыға айналды. "ABAY MALL" деген жазуы бар видеолар тарап, көпшіліктің назарын аударды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тілдік үйлесімсіздік

Желідегі талқылаулардың негізгі себебі – тілдік үйлесімсіздік. Ағылшын тіліндегі "mall" сөзі "сауда орталығы" деген мағынаны білдірсе, қазақ тіліндегі "мал" сөзімен дыбыстас. Бұл жағдай, әсіресе, ақын Абай Құнанбаевтың есімі берілген көшеде орналасқан ғимараттың атауы ретінде көпшілікке қолайсыз көрінді.

Қолданушылар Абай есімімен байланысты жерде мұндай атаудың қаншалықты орынды екенін сұрауда.

Новости

Реклама