Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Темекі тартатындар ораза ұстай ала ма? Нұрлан имам жауап берді

Ораза ұстаған кезде темекі шегуге бола ма? Бұл сұрақ көпшілікті толғандыратыны белгілі. Осыған орай, елге танымал Нұрлан имам "1001 түн" бағдарламасының тікелей эфирінде бұл мәселеге қатысты пікірін білдірді.

Студиядан тыс берген сұхбатында имам темекі шегушілердің ораза ұстауына қатысты сұраққа былайша жауап берді: "Ұстай береді. Тек темекіні күндіз емес, түнде тартса болғаны. Ал жаман сөздер айту, тіпті түнде де сауапты азайтады. Қарызы бар адамдар да ораза ұстай алады. Мүмкін, ораза ұстау арқылы адам өзін-өзі тәрбиелеп, жақсы жаққа өзгерер", - деді Нұрлан имам.

Ол сондай-ақ, адамдардың жаман әдеттеріне емес, өздеріне назар аудару керектігін айтты. "Басқалардың темекі шеккеніне немесе аузынан шыққан сөзіне емес, өзіміздің бойымыздағы кемшіліктерді түзеуге тырысайық. Жаман әдеттен арыла алмай жүрген адамға қолдау көрсетіп, оған себепкер болайық", - деп қорытындылады имам.

Новости

Реклама