Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 31 мая 2026 14:01
- 27
Тоқтар Серік бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті ерекше атап өтті
Белгілі әнші Тоқтар Серік бала тәрбиесіне қатысты ұстанымын айтып, қазіргі кезеңде ата-ананың жауапкершілігі бұрынғыдан да артқанын жеткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің айтуынша, ол балаларының жүріс-тұрысы мен күнделікті әдеттерін үнемі бақылауда ұстауға тырысады. Әнші мұны сенімсіздік емес, қауіптің алдын алу деп түсіндіреді.
Баланың қауіпсіздігі – ата-ананың басты міндеті
«Балаларымның қалтасын жиі тексеремін. Себебі қорқамын. Бір зиянды зат, темекі немесе басқа нәрсе шығып қалса ше? Қазір заман оңай емес. Баланы бақылау – әр ата-ананың басты міндеті», – деді Тоқтар Серік.
Сондай-ақ әнші балаларына бөтен адамдардан ештеңе алмауды, көшеде де, интернетте де сақ болуды үнемі ескертіп отыратынын айтты. Оның айтуынша, қазіргі заманда бала тәрбиесі тек ақыл айтумен шектелмей, тұрақты назар мен бақылауды қажет етеді.
Тоқтар Серіктің жары Бейбіт Сейдуалиева да жолдасының бұл ұстанымын қолдайтынын жеткізді.
-
Renowned Kazakh singer Toktar Serik highlights the increased responsibility of parents today, stressing the importance of constant vigilance and supervision for child safety.