Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 05 апр. 2026 14:30
- 43
Тұрсын Алагөзов жұбайымен бірге жатын бөлмесінің құпиясын ашып, жұртты таңғалдырды
Бизнесмен Тұрсын Алагөзов пен Баян Алагөзова Алматы маңындағы таулы аймақта орналасқан 4 гектар жердегі 2 мың шаршы метрден асатын зәулім үйлерін көрсетті. Көрермендердің ерекше назарын аударған кәсіпкердің жатын бөлмесі болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәнді интерьер мен қымбат бұйымдар
Үйдің ішкі дизайны жылтыр мәрмәрмен, дизайнерлік жиһаздармен және кең киім-кешек бөлмелерімен ерекшеленеді. Нән шкафтарда Louis Vuitton, Swarovski, Hermès – Birkin және Kelly сөмкелері, сондай-ақ сирек кездесетін шектеулі модельдері бар.
Баян Алагөзова 10 жыл бұрын алғашқы кездесуге Тұрсын Алагөзовтің гүлмен емес, тікелей қолтырауын терісінен жасалған Hermes сөмкесімен келгенін күліп еске алды.
Жатын бөлмедегі «жыныстық импульс»
Үйдің ерекше дизайнын видеоға түсіру кезінде, жатын бөлмеге кіргенде Тұрсын Алагөзов: «Бұл жерде біздің отбасымыздың жыныстық импульсі ұрып тұр», - деп айтты. Бұл сөздер көпшілікті таң қалдырды.
Оператор Бейбіт Әлібеков жатын бөлменің ауқымы мен безендірілуін көріп, «Сіз Динара Сатжанның рекордтарын жаңарттыңыз» деп таңданысын білдірді.