Последнее обновление

(Время обновление 6 часов назад)
"Ұрып жіберем, братан": Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық ММА жұлдызы Қуат «Найман» Хамитов тағы да көпшіліктің назарын өзіне аударды. Бұл жолы тәжірибелі спортшы танымал актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтармен жұдырықтасуға ниет білдіріп отыр. Бірақ шарт бойынша жекпе-жек ММА емес, кәсіпқой бокс ережесімен өтуі тиіс.

Хамитов өзінің Instagram парақшасында отандық промоушендерді сынға алып, нағыз шоудың жоқтығына қынжылды. Оның ойынша, жанкүйерлер күткен нағыз "блокбастер" — осы екі жұлдыздың кездесуі болмақ.

«Найманның» пікірінше, Қазақстандағы қазіргі турнирлер жанкүйерлердің талабына сай емес.

«Кешір, братан, бірақ...»

Қуат Хамитов жергілікті ұйымдастырушылардың деңгейіне көңілі толмайтынын ашық айтты. Ол қазіргі жекпе-жек кештерін «жасанды» деп бағалады.

«Қазақстандағы промоутерлердің турнир ұйымдастыру деңгейінен шынымен де көңілім қалды! Нағыз масштаб қайда, шоу қайда? Бәрі жасанды, бәрі өтірік қой… Жылдың ең айтулы жекпе-жегі – Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтар арасындағы кездесу! Бұдан асқан жекпе-жек отандық бокс алаңында болмайды!», – деп жазды спортшы.

Сонымен қатар, Хамитов өзінің жеңіске жететініне жүз пайыз сенімді. Ол қарсыласына деген құрметін сақтай отырып, рингте аямайтынын ескертті: «Мен кешірім сұраймын әрине, бірақ, бокстан ұрып жіберем, братан».

Тәжірибе мен жастық: Кім мықты?

Егер бұл жекпе-жек расымен өтсе, кімнің басым түсетіні қызық сұрақ.

  • Қуат Хамитов: Кәсіпқой бокста бір ғана кездесу өткізген. Былтыр қыркүйекте отандасы Нұрберген Шәріповті төрешілер шешімімен жеңген болатын.

  • Еркебұлан Тоқтар: Ол да осал қарсылас емес. Жақында ғана, 16 тамызда Қонаевта өткен Octagon 77 турнирінде ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұл оның ММА-дегі 11-ші жеңісі еді.

Әзірге Еркебұлан Тоқтар тарапынан ресми жауап болған жоқ.

You Might Also Like

Новости

Реклама