Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Үш жасар зағип баланың видеосы әлемдік желіде жұртты ерекше әсерге бөледі

Маңғыстау облысында тұратын үш жасар Айсұлтан есімді сәбидің тағдыры көпшілікті бейжай қалдырмады. Туа біткен көзі көрмейтін баланың анасымен бірге өмірге бейімделуге тырысып жатқан сәті бейнеленген видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, адамдардың ерекше ықыласына ие болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ананың махаббаты мен баланың үміті

Айсұлтан 34 апталық мерзімде, салмағы 2500 грамм болып туған. Туғаннан кейін 21 күн өткен соң дәрігерлер оның көзінің көрмейтінін анықтапты. Алайда, анасы баласын өмірге бейімдеу үшін бар күшін салып, оған таяқ ұстатып, жан-жағын сезінуді, баспалдақпен түсуді үйретіп жатыр. Осы сәттерді анасы жиі видеоға түсіріп, желіге жүктеп отырады.

Шетелдіктер де жылады

Желіде ерекше таралымға ие болған видеолардың бірінде Айсұлтан баспалдақтан түсіп келеді. Сол кезде сәбидің анасына: «Мені далаға тастап кетпейсің ғой?» деген сөзі көпшіліктің жүрегін қозғады. Бұл видео қазақстандықтарды ғана емес, шетелдіктерді де ерекше әсерге бөлеген. Оңтүстік Кореяда тұратын бір азаматша Айсұлтанға қамқорлық жасағысы келіп, оған тәттілер мен сыйлықтар жіберуге ниет білдірген.

Новости

Реклама