Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Тақырыбы: Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...

Өту барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе. Мұғалім сөзі: Биыл қазақтың ұлы ақыны, қазақ сахарасының данасы, ұлы ойшыл, үлкен имандылықты бойына жинаған тамаша суреткер Абай атамыздың 165 жылдығын тойламақпыз.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!- деп келер ұрпаққа үн қата отырып, өзі үстем тап өкілінен шықса да бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман - мұңын жырлады.
Көп адамдар өмірге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көпшалдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз шалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүкіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мен – дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Мұқағали ақын жырлағандай кешімізді жалғастырамыз.

3. Негізгі бөлім: «Абай жаққан бір сәуле...» сайыс
Сайыстың шарты:
1. Топтың аты, ұраны, әні (Екі топ таныстырып шығады).
2. «Кемедегінің жаны бір» сұрақ - жауап
І топ. 1. Абай балаларын медресеге не үшін берді?
(- Баламды медресеге біл деп бердім)
2. Шешендігі жөнінде өзін қалай бағалады?
(- Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазақта қара сөзге дес бермедім)
3. Абай сөз өрнегін өре алды ма?
(Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең өзің біл,
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.)

ІІ топ: 1. Ол жартасқа барда. Не істеді?
(- Күнде айғай салды.)
2. У ішкен күндері болды ма?
(- Мен ішпеген у бар ма?)
3. Ол жалғыз ба еді?
(Жоқ.. Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ)
3. «Мал жұтайды, өнер жұтамайды» (көрініс көрсету)
4. «Өлең – сөздің патшасы...» Мәнерлеп оқу. 1. поэзия
2. қарасөздер
5. «Қиыннан қиыстыр» (Абайдың ұлағат сөздерін құрастыру)
6. «Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе» (Абай өлеңдерінің жалғасын табу)
7. «Абай – табиғат жаршысы» (понтомимо көрсету)
8. Оқыған білер әр сөзді. (Бір – біріне сұрақ)
9. «Болмасаң да ұқсап бақ...» (шығармашылық жұмыс)
10. Абайды білесің бе? ( «Абай жолы» эпопеясының кейіпкерлерін атау)

4. Қорытынды:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің дайындығы кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың арқасында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама