Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Адамгершілік – ата мұра
Педагогика пәнінен сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – ата мұра
Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақ халқының бала тәрбиесіндегі тағылым сөздері мен өнегелерінің мазмұнын түсіндіру түрлерін игеру, білу, өмірде өз ісінде қолдану.
Тәрбиелік мақсаты: бала тәрбиесіндегі ұлағатты сөз, сыпайы қарым - қатынастарды, адамгершілік сананы жастар бойына дарыту;
Дамытушылық мақсаты: қазақ халқының ұлттық тәлім – тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақтың түрі: 1 бөлім – сайыс сабақ, 2 сабақ – концерт.
Сабақтың әдісі: баяндау, практикалық, көрнекілік, проблемалық.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру. Үш топқа бөліп, сабақтың бағытымен таныстыру
2. Өткен сабақты бекіту. Сайыс түрінде жүргізіледі.

А) Жәрмеңке өткізу. Адамгершілік тақырыбына байланысты, қандай кітаптар, кітапшалар кездестіргеніміз жайлы мәлімдеу. Ол кітаптарды кітап бұрышына қою.

Б) Көкпар ойыны. Дорбадан оюлы карточкалар алу арқылы әр топ тиісінше сұрақтарға жауап береді:
1. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз не?
2. Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
3. Адамгершілік сана - сезім дегеніміз не?
4. Ұлтжандылық, елжандылық дегеніміз не?
5. Адамгершілік мінез - құлық жайлы, әдеттер жайлы не білесіз?
6. Оқушыларды ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу қалай жүреді?
7. Адалдық, шыншылдық дегеніміз не?
8. Достыққа, халықтар достығына тәрбиелеу қалай жүреді?
9. Адамды құрметтеуге тәрбиелеу туралы не білесіз?
10. Салауатты өмір салтын орнықтыру дегеніміз не?
11. Елбасымыздың студент жастарына үндеуіне салауатты өмір салты туралы не деген?
12. Жалпы білім беретін орта мектептерде зиянды заттарды қолдануды болдырмау туралы оқу бағдарламасы қашан қабылданды?
13. Дене тәрбиесінің міндеттерін ата?
14. Дене тәрбиесінің құралдары.
15. Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары.
16. Жыныстық тәрбие дегеніміз не?
17. Отбасылық үйелмендік өмірге дайындық дегенді қалай түсінесіз?
18. Достық мұра, жанұя тәрбиесі туралы Абайдың өлеңдерінен мысал келтіру.
19. Жанұядағы ата - ананың рөлі қандай?
20. Достық мәселесін қалай түсінесіз?

В. Практикалық жұмыс. Үстелге қойылған оқулықтарды пайдалану
1. Ы. Алтынсариннің адамгершілік тақырыбына жазған әңгімесінен көрініс қою.
2. Мақал - мәтелді ым - ишарамен көрсету. Адамгершілік тақырыбы бойынша.
3. Жағдаят көрсету. Басқа топ шешімін айтады.
Ерлікке, батырлыққа, достыққа тәрбиелеу, адамды құрметтеу сезімін қалыптастыруға арналған материалдарды оқулықтан тауып дәлелдеу.
3 топтан 3 оқушы 5 минут дайындалып, айтып түсіндіреді.

Г. Мақал - айтыс. Ойын. Кім айтты?
Әр топтан асықтың түсі бойынша жұмыс ұйымдастырады:
1. сыныптан тыс жұмыс (3)
2. этикалық әңгіме (4)
3. ата - аналармен жұмыс (10)
(Оқушылар дайындалғанша, мәнерлер оқу сайысы, өлеңдер, тыйым сөздер айтылады)
3. Сайыс қорытындысы, жинақтау, бекіту, бағалау (бірін - бірі бағалау)
4. Сабақ - концерт.
Халықтың жазу - сызуды білмеген дәуірінің өзінде де өсер ұрпақты жан - жақты тәрбиелеу отбасының, бүкіл елдің бірлесе атқарған ісі болған. Міне, осы тәрбие жөніндегі халықтың ой - түйіннің, тәжірибесінің жиынтығын халық педагогикасы дейміз.
Қазақ халық ата - баба өнегесін пір тұтқан. Қазақта баланы отбасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелеген.
Қазіргі кезеңде оқу тәрбие процесінде халық педагогикасын пайдалану кең өріс алуда. Ол өзіміздің тәуелсіздік алуымызбен, салт дәстүрімізді, болысымыздың қайта тірілтуімен тығыз байланысты.
Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі, бала ұрпақ, жастар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама