Әлемдік брендтердің сәнді киімдері үшін былғарыны кім және қалай жасайды?
Хазарибагх — Бангладештегі Дакканың ежелгі былғары ауданы — әлемнің ең ірі былғары орталықтарының бірі. Human Rights Watch, әлем бойынша адам құқығын қорғау үкіметтік емес ұйымының репортерлері Хазарибагх жайлы репортаж түсірді.
Жұлдыздар киетін және біз сатып алатын танымал сәнді брендтердің былғары өнімдері қалай өндірілетіні жайлы Bilim-all.kz айтып береді.
Хазарибагх былғарылары әлемнің 70 еліндегі үздік брендтердің бұйымдарында пайдаланылады
© Andrew Biraj/reuters
Жыл сайын 16,5 млн дана тері былғарыға өңделеді. Сәнді былғары тауарлары жылына $ 1,5 млрд-тан астам табыс әкеледі. Былғары өңдеу өндірісінің 90%-ы Хазарибагхта шоғырланған — бұл 45 мыңға жуық адам тікелей және жанама жұмыс істейтін Бангладештің 200-ден астам былғары кәсіпорындары.
© businessinsider
Бұл елдегі негізгі жұмыс көзі. Батыстың былғары бұйымдарына жоғары сұранысы былғары кәсіпорындарының көп бөлігінің осы шағын аймаққа шоғырлануына әкелді. Және бұл өндіріс саласы онсыз да халқы аса тығыз қаланың сыртында тұратын ауыл мигрантарын көптеп тартып жатыр.
© daypic.ru
2002-ден 2012-ге дейін, 10 жылда, былғары экспортының жылдық көлемі жылына $ 41 млн-ға өсті және өсіп келеді. Бұл былғарылар 70 елге экспортталады: Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Жапонияға, Италияға, Германияға, Испанияға, США-ға және т.б.
Италия — ең ірі импорттаушы: жылына шамамен $ 85 млн-ға былғары сатып алады.
Өндірісте балалар жұмыс істейді
© businessinsider.com
Human Rights Watch үкіметтік емес ұйымының репортерлері балалардан сұхбат алды, олардың ең кішісінің жасы 11-де. Балалар қауіпті нысандарда еңбектенеді: терілерді химикаттарда шаяды, иленген терілерді жүзбен кеседі және қауіпті білдектерді пайдаланады, мысалы, былғарыны пресстеуге арналған ыстық плиталар.
Суретте — жас жұмысшылардың бірі
Өндіріс көлемі өсіп келеді, ал былғары өңдеудің адам өміріне қауіпті тәсілі 100 жылда өзгерген жоқ
© leatherpanel.org
Өндірістің көлемі айтарлықтай өсті, ал былғары өңдеу тәсілдері 100 жылда өзгерген жоқ — зауыттарда шикі терілерді өңдеу үшін металлдар мен қышқылдардың 40 түрлі қосындысы пайдаланылады. Илеу үшін алтывалентті хром ерітіндісі қолданылып келеді, ол обыр ауруын тудырады. Соның арқасында былғары ұзақ уақыт бүлінбейтін және ылғал мен күн сәулесінің әсеріне төтеп бере алатын берік материалға айналады.
Хром коллагенмен реакцияға түсіп көгілдір түске ие болады.
© thedailystar.net
Көптеген былғары кәсіпорындары алжапқыш та, қолғап та, қауіпсіздік құралдарын да ұсынбайды, тазартқыш құралдар жоқ, жұмысшыларға зиянды химиялық заттектермен жұмыс істеуді үйретпейді және ескірген құрал-жабдықтарды ауыстырмайды.
© daypic.ru
Қызметкерлер аяқ киім, сөмке, белдік, киім сияқты дайын бұйымдарды жасауға, бояуға және өңдеуге былғарыны жұмсарту үшін суға малады.
© leatherpanel.org © daypic.ru
Суланған және химиялық ерітінділермен өңделген былғарыны тегістеп, күн астында бірнеше күн кептіреді.
© HumanRightsWatch/Youtube
Кейін оны сұрыптап, кеседі, тегістейді және қабаттап салады.
© leatherpanel.org
Материал арнайы білдектерде «қосарлау» процесінен өтеді. Теріні бет жағын қаратып салады, ал материалдың қалыңдығын ұзындығы бойынша тегістеу үшін төменгі жағы кесіледі. Былғарыдан қалған қалдықтар күдері жасауға әрі қарай өңделеді.
© daypic.ru
Ер адам жануарлардың тағамы болатын өндіріс қалдықтарын қайнатып жатыр. Кейін бұл жануарлардың еті тағам болатынын естен шығармау керек.
Жұмысшылар айына $ 37 үшін аптасына 7 күн бойы еңбектенеді
© KM Asad/ZUMA Press/Corbis
Джахай 17 жаста, ол былғары өндірісінде 12 жасынан істеп келеді. Күніне 10 сағат аптасына 7 күн жұмыс істейді және еңбегі үшін айына $ 37 алады.
Ол бәрінен бұрын 4 шаршы метр шұңқырларда шикізатты жібітетін бокстарда жұмыс істегенді ұнатпайды. «Бокстардағы суда қышқыл бар, ол теріме тигенде жанып, ашиды. Бірақ қарным аш болса, қышқылға мән бермеймін — мен тамақ жеуім керек».
Қышу, жарылу, қышқылдық күю, бөрту, өңсізденген, ерте қартайған тері — шикізатпен жұмыс істеу кезіндегі уытты заттектердің әдеттегі зардабы.
© businessinsider.com © HumanRightsWatch/Youtube
Джахаймен түрлі қайғылы жағдайлар болған: бірде ол былғарыны кептіруге арналған төсеме тақтаның қағылып тұрған шегелерінің бірін басып кеткен, ауыр терілерді көтерем деп белі шойырылып қалған.
Бірде ол терілерді сақтауға арналған, айналып тұрған үлкен барабанның ішінде қақпанға түсіп қалған. Бұл барабандардың ішкі бетінде терілердің бір-біріне оратылып қалмауын қамтамасыз ететін қадалар бар. Екі минуттан кейін барабанды өшірген, бірақ денесі мен басында көптеген жарақаттар мен тіліктер болған.
Өндірістің ескірген әдістерінен және қалдықтарды дұрыс жоймаудан экология мен адамдар зардап шегуде
© Pascal Mannaerts/businessinsider
Былғары өндірісінің қалдықтарын көп жағдайда өртейтіндіктен адамдар түтін ортасында өмір сүреді, қалада ауа уланған. Сонымен қатар, барлық жерде жағымсыз күйген иіс мүңкіп тұрады. Ең қызығы, «Hazaribagh» сөзі «мың бақша қаласы» деп аударылады — міне, осындай фарс.
Суретте жұмысшы былғары өндірісінің қалдықтары салынған себетті өртеу үшін әкетіп барады.
© Andrew Biraj/reuters
© Pascal Mannaerts/businessinsider © HumanRightsWatch/Youtube
Жұмысшылар мен олардың отбасылары былғары өндірісі айналасындағы кішкентай бөлмелерде тұрады. Үйлері өнеркәсіп астауларының ағын су көздеріне өте жақын орналасқан. Уланған су көше бойымен, қала каналдары арқылы Буригангаға барып құйылады.
© HumanRightsWatch/Youtube © HumanRightsWatch/Youtube
Буриганга өзенінде жануарлардың шіріген етінің қалдықтары, күкірт қышқылы, құмырсқа қышқылы, хром, қорғасын, аммиак ағып жатыр — бұл тек былғары өндірісінен тасталатыны ғана. Бұған тағы зауыттар мен фабрикалардың қалдықтарын, ағын сулар, тұрмыстық қалдықтар мен мұнайды қосыңыз — барлығы 4 500 т күнделікті қатты қалдықтар, оның ішінде 21,6 мың литрі — улы.
Өзеннің өзі қою қара жабысқақ массадан тұрады. Биологиялық тұрғыда ол бұрыннан өлі деп саналады. 4 млн-ға жуық адам күнделікті ластанған судың ықпалына душар болып отыр.
© HumanRightsWatch/Youtube
Ашор есімді қалалық тұрғын: «Мен құбырдан су ішуге қорқамын. Горфирленген қалайы 6 айдың ішінде жеп қояды» деп ағынан жарылды.
© Pascal Mannaerts/businessinsider
Адамдар өте кедей, сол себепті сапалы медициналық көмек ала алмайды, ал мемлекет пен былғары кәсіпорындарының басшылары кәсіптері жақсы табыс әкеліп тұрғанда азаматтарының саулығына пысқырып қарамайды, сырқаттану қағазына және өндіріс кезінде жарақат алу зардабына материалдық өтемақы төлемейді.
Суретте — жұмысшылар отбасы тұратын бөлме. Таңғаларлық, мүшкіл жағдайларына қарамастан адамдар әлі де қуана алады.
Әрі қарай не болмақ?
© Pascal Mannaerts/businessinsider
2009 жылғы Жоғарғы соттың шешімімен үкімет Хазарибагхтың 155 былғары зауытына өндірісті Дакканың шекарасынан тыс аумаққа көшіру шығынын өтеп беруге көмектесуді ұсынды, бірақ олардың 43-і ғана талапты орындады. Кәсіпорындар өз өндірісін тері өңдеудің жаңа технологиясын ұстанатын Саварға көшіргенге дейін қоршаған ортаға келтіретін залалы үшін күніне 10 000 така (шамамен 120 америкалық доллар) айыппұл белгіленген.
Бірақ бұл айыппұлдарды нақты кім төлейді? Барлық жасалып жатқан шараларға қарамастан, өндіріс кең етек жайып келеді, ал қарапайым адамдар зардап шегуде.
Салыстыру үшін: Марракештегі былғары табиғи өндірісі
Жердің басқа бір бөлігінде, Марракеште — Солтүстік Африканың байырғы халқы — берберлердің дәстүрлі былғары өндірісі кең етек жайған. Адамдар мұнда да Бангладештегі сияқты ыстық күннің астында ауыр жұмыс істейді. Алайда химия қолданатын қауіпті өндіріспен салыстырғанда, мұнда тері өңдеу тәсілі толықтай табиғи. Бұл жайлы біз кәсіпкер және блогер Алексей Заболотныйдан білдік.
© z-alexey.ru
Материалды жұмсарту үшін терілерді 3-6 күнге құстың немесе иттің тезегі мен су қоспасына малып қояды. Кейін дененің қалдықтарын кетіру үшін және жүндерін алуды жеңілдету үшін 20-30 күнге әк пен судың ерітіндісіне салып қояды. Сасық иіс мүңкіп тұрады.
© z-alexey.ru
Әкпен тыңайтқан соң шебер көмекшілері теріден жүн қалдықтарын қолмен тазартады.
© z-alexey.ru
Илеу өсімдік заттектерінде — ағаш түрлерінің сығындысында жасалады. Тегіс сіңуі үшін сығындының концентрациясын біртіндеп көтереді. Содан кейін әктен кетіру процесі жүреді — теріні лайм қосылған таза сумен шаяды. Содан соң мұқият кептіреді, тегістейді, пресстейді.
© z-alexey.ru
Бояу үшін де кармин, куркума, бозғалдақ, қызыл бұрыш сияқты тек табиғи бояғыштарды пайдаланады. Және ең соңында, былғарыны су, жұмыртқаның ағы мен зығыр майының ерітіндісінде жалтыратады.
Дайын былғарыны әлем бойынша киім және аяқ киім шығаратынкөптеген танымал брендтер сатып алады және бұйымдар тігеді
© pierotucci.com
© tripadvisor.ru
Суретте — Флоренцияның Pierotucci былғары фабрикасының италиялық шеберлері былғарыдан дизайнерлік сөмкелер жасап жатыр.
«Егер Италия өндіретін барлық былғары өнімдері шынымен сонда жасалатын болса, онда көшелер сиырға толып, олар Треви субұрқағынан су ішетін еді», — деп қалжыңдайды Люси Сиэгл былғарысыз өмірге күресуші.
© Bobby Bank/WireImage
Forever 21 мен MichaelKorsсияқты кейбір аса танымал брендтер жеткізілім тізбегі жайлы ақпараттар үшін өз есептіліктерін жасыруға мәжбүр.
Киім брендтерінің ашықтығы жайлы ақпарат беретін есептілік бойынша Prada, Fendi, Hermes және Chanel сияқты ірі, қымбат киім компаниялары экологиялық өндіріс пен әлеуметтік нормалардың сақталмауымен жасалған материалдарды сатып алады.
Біз адам және табиғат ресурстарын өндірісте бейқам пайдалануды доғарып, былғары бұйымдарынан бас тарта аламыз ба? Бұл мақаланың авторы әдетте былғары етігін ұзақ уақыт қызмет ететіні үшін сатып алады және оған лайықты балама жоқ екенін айтады. Ал сіз қалай ойлайсыз? Пікірлеріңізді күтеміз.