Аңыз қиссалардың маңыздылығы мен шетелдік зерттеулер
Аңыз-қиссалар адам үшін соның ішінде қазақ қоғамында алатын орны үлкен. Исламға дейін де исламнан кейінгі кезең де түрлі дастандар мен қиссалар халық арасында таралып адамның қасиеті мен ниетін жақсы жаққа бой алдыру мен рух аларлық ой мен тәрбие жатыр. Аңыздың түбі адамның шығармашылық ойы десе кей ғалымдар қиссалар ауызша тарихты сөз етеді деп оның астарында шынайы тарихи тұлғалар мен оқиғалар бар екендігіне ой таластырады. Адамзат бастауынан алған кезеңдерге Карен Армстронгтың «Краткая история мифа» кітабында миф деген кезде ең алдымен адамға шындыққа жатпайтын зат елестейді деп пайымдайды. Ең құнды миф – тарихи шындылықты баяндайтын миф емес, адамға жаңа ойды, жаңа сезім мен өмірге деген шабыт беретін миф деп түсінік береді. Аңыздарды зерттеуде шетелдік ғалымдардың ішінде Леви Брюль, В.Я. Пропп, А.И. Кирпичников, Ф.М. Мюллер секілді ғалымдар аңыздарды зерттеуге деген үлкен еңбек сіңірген болатын. Пол Томпсон айтпақшы «тарих қашаннан бері бар болса, ауызша тарих та сол кезден бері жасап келеді. Бұл тарихтың алғашқы формасы».
Ауызша тарих демекші тұран даласында Шыңғыснаманы жазған Өтеміс қажының еңбегін В.П.Юдин үлкен құрмет көрсете отырып оның «далалың ауызша тарихнамасы» деп баға берген. Ортағасырлық үлкен тарихшылар өз кітаптарында ауызша тарих пен шежіреге үңілмей еңбегін жазбаған. Тарихи Рашиди еңбегін М.Х.Дулати басым бөлігін ауызша тарихнама негізінде жазған болатын. Оны ескермеске болмас. Яғни көшпелі қоғамның ой-санасында жазбаша тарихтан қарағанда ауызша айтылатын аңыз қиссалар мен оның мәні үлкен болды. Қарапайым әлі күнге дейін созылып келе жатқан ауызша дәстүр ол жеті ата жаттау. Шежіреге аса қатты мән беру, бұл бабалардан қалған үлкен мұраны көрсетеді. Шежірені адам атадан бастап қисса дастандар діни тұрғыда сипаттаса бірі тектіліктің нышаны ретінде көре аламыз. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 8 томында қазақ шежіресін зейінмен оқитын болсақ ол жердегі қазақ бастауы Әнес сахабаға апарып тірелетіндігін, ал Әнес ибн Мәлік болса қыпшақтың арғы бабаларымен салыстырарлық сегіз нұсқасын алып көрсетеді. Бірақ бұл аңыздар Қазақстанның оңтүстік аймақтарында фальклорлық дәстүрде қалғандығын көре аламыз.
Жалпы қазақ қоғамындағы аңыз-қиссаларды үш үлкен топқа бөліп қарастыра аламыз. Бірінші – діни қиссалар, оларға: Жұмжұма, Салсал, Зарқұм, Сейтбаттал сынды аңыздар. Екінші – көрші елдерден келген аңыздар, олар: Бозжігіт, Қасым Жомарт, Баһрам, Ілияс, Ескендір, Сейфулмәлік, Мың бір түн, Фархат-Шырын. Үшінші – шығыс сюжетінде құрылып, бірақ қазақ ауыз әдебиетінде ұштасқан қиссалар, олар: Бозжігіт, Мұңлық-Зарлық.
Шоқан Уәлиханов даланың ауызша тарихы, қазақтың тарихи санасы жөнінде былай дейді: «Қазақ өздерінің көне аңыздары мен наным-сенімдерін қайран қаларлық тазалықта сақтай білген. Одан да өткен ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы, әсіресе, өлең жырлар еш өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай қайталанатындығын қайтерсіз. Көшпелі сауатсыз ордадағы ауызша тараған осынау үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны адам айтса нанғысыз қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын шындық».
А.Хейли мен Я. Вансин адам жадындағы ақпарат ешбір өзгеріссіз бірнеше ұрпаққа дейін жазудың көмегенсіз сақталады деп дәлелдегенін айтуға болады. Бірақ барлық аңыз бен қисса жақсы тізбектен өтуі екі талай. Бір-біріне жалғастырар ұрпақ болмауы немесе сол аңыз бен қисса адам қазақ табуы сол аңыздың өмір сүруіне нұқсан келеді. Дәл осы жерде ислам тарихындағы құранның жазылу тарихына үңілсек. Бәрімізге мәлім құран Алла тағаладан Жәбрейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға түскен. Бірақ ол алдымен аят сүре болып әр оқиғаға немесе оқиғаға тәуелсіз жағдайларға тән түсіп отырды. Құранның өзін сүйекке жазу немесе пергаменттерге жазу үрдісі болғанымен барлық дерлік аяттар ретімен келмегенін ескеруі керек. Оны саңлақ сахабалардың жадына сақтап жүруі мәлім. Құранның кітап болып жазылуы атақты Ямама шайқасындағы 70қаридің шәхид кешуі болатын. Арабтар арасында да исламға дейін улкен дастандарды жаттау дәстүрі кең тарағанын айтуға болады. Олардың құранға дейін үлкен шығармалармен таныс болғандығы. Бірақ құранның қарапайым қиссадан айырмашылығы бұл оның киелілігі мен оның сокральды формада сақталуы.
Қиссаның адамға берер пайдасын айтар болсақ, үлкен әлемнің ішінде өзіне тән орнын табуына деген ойы. Бұл ертедегі адамға жанына азық болмаса қиянат болмайды. Ежелгі дүниені пайымдайтын аңыздарда тарихи тізбекті көп жағдайда шығару қиынға соғады сол себепті бұл жерде адамның қиял ой санасына түсу ықтималдығы орасан зор. Адамның дұрыс қадам жасауына арғы дүние мен осы дүниенің қатынасын көрсетті. Дүниедегі барар жолын анықтауға көмектесетін орасан зор көмек-ті. Аңыздың күнделікті өмірдегі шаруасымен тікелей байланысты. Леви Брюль аңыздарды зерттеп оларға методологиясын жасаушы ретінде, «ежелгі адамдардың ақыл-ой жүйесі мүлдем басқа. Қазіргі қоғамның ойлау жүйесімен салыстыруға болмайтындығын» айтады.
Қорытындылай келе адам өмірінде аңыз азда болса орын алып өзінің таңғажайыптығы мен ойға қонымсыз болса да қызықты оқиғаларымен тамсандырарлық, Кей аңыздар адамға тәрбиелік мән берер болса кей аңыздар тарихи тұлғаларының жаңа қырын ашарлықтай. Аңыздың барлығында шындық болмағанымен оны ішінде ой түйерлік жақсы оқиғалар барына күмән жоқ.
Куан Асылхан
Жетекші: ҚазҰУ аға оқытушысы Кантарбаева Ж.У