Әр түрлі торсықтарды түстеріне қарай орналастыру
Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы, Солоновка ауылы
«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Захарьянова Гульбаршын Какановна
«Әр түрлі торсықтарды түстеріне қарай орналастыру».
Білім беру саласы: таным
Оқу іс - әрекеті : сенсорика
Мақсаты: Әр түрлі торсықтарды түстеріне қарай орналастыра білуді үйрету, түстерді ажырата білуді, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйретуді жалғастыру, ұлттық ыдыс – торсыққа деген қызығушылықтарын ояту.
Сөздік жұмыс – торсық, сусын.
Билингвалды компонент: сусын - напиток
Қолданылатын құрал – жабдықтар: магнитті тақта, алты түсті қағаздан қиылған жолақшалар, осындай алты түрлі, қатты қағаздан қиылып жасалған, әшекейленген торсықтар, көлемі әртүрлі алты түсті сандықшалар, торсық (ішінде айран құйылған), әртүрлі гүлдер, көбелектер
1. Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Кіп - кішкентай баламыз
Өсіп - өніп толамыз
Күнге қарай талпынып
Көкке қанат қағамыз
Әлемдегі бар адамға
Жақсылық біз тілейміз
Сәлеметсіз бе, апайлар!
Сәлем, достар, дейміз!
2. Ұйымдастырушылық - ізденушілік.
Балаларды отырғызу.
Түстерді қайталату – қандай түстерді білеміз?
(алты түсті карточканы көрсету - балалар түстерін айтады)
Бүгінгі ұйымдастырылып отырған оқу іс - әрекетінің тақырыбымен таныстырып өту.
Торсық туралы түсіндіру. Торсық – сусын құятын ыдыс.
Торсық (суреті)
Сусын дегеніміз - сүт, айран, қымыз, шұбат.
Бұрын торсықты ешкінің терісінен жасаған екен. Торсыққа құйылған сусындар жаздың ыстығында да салқын болып тұрады екен.
«Торсық» деген сөзді бірге дауыстап айтқызу.
Билингвалды компонент: сусын – напиток
Алдарына түстері әртүрлі торсық суреттерін қою.
әртүрлі торсықтар
Балалар суреттерді бір – бірлеп алып магнитті тақтадағы ілінген сол түстес жолақшаға орналастырады, түстерін айтады (жауапты толық қайтаруларын қадағалау, мысалы: мынау қызыл түсті торсық, т. с. с.)
жолақшаларға торсықтарды орналастыру
Балалардан кімнің үйінде торсық барын сұрау.
Қазіргі кезде торсықты қолданбайтынын, тек үлкен әжелердің үйінен көруге болатынын және сондай бір әженің үйіне қонаққа баратынымызды айту.
Балаларды ертіп бөлменің ортасындағы «гүлдер, саңырауқұлақтар өскен алаңқайға» келу, алаңқайдың ортасында жіңішке жол жатыр
Балалардан сұрау:
- Гүлдер мен саңырауқұлақтарды басып өтеміз бе, әлде жолмен жүреміз бе?
Балалар өз түсініктеріне қарай жауап қайтарады.
Балалардың назарын жол шетіндегі гүлдерге аудару және гүлдердің өте әдемі екенін, олардың хош иістері бар екенін айту, иіскету.
Жолда үлкен ағаш кездеседі, балалар демалуға отырады, көздерін жұмғызып құстардың, аңдардың дауыстарын тыңдату.
Көздерін ашқан кезде ағаш түбінен «сиқырлы сандықты» тауып алады.
Сандық түсін дұрыс айтқан кезде ғана ашылады, ішінен тағы бір сандық шығады. Сөйтіп, бір сандықтан түстері, көлемдері әртүрлі тағы бес сандық шығады. Сандықтың түсін дәл тапқан бала сандықтың ішіндегі көбелекті алады.
Балалар сандықтардың көлемін де бір - бірімен салыстырады.
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Шарты: «Күн» дегенде балалар көбелектер секілді «ұшып» жүреді, «жаңбыр» дегенде тәрбиешінің дайындап қойған сол түсті гүлдерге «қона» қалады.
Балалар, біз демалдық, енді әжеміз күтіп қалған шығар соған барайық.
Әженің үйіне келеді. Әже:
- Қарындарың ашқан болар, алыс жолдан келдіңдер ғой,- деп үстелге отырғызып, торсықтан балаларға айран құйып береді. Балалар айранды ішіп, торсықты қолдарына ұстап көреді. Әжейге рахметтерін айтып, қоштасып, балабақшаға қайтады.
3. Рефлексивтік - түзетушілік.
Балалардан сұрау:
- Әже бізге қандай ыдыстан айран құйды? (торсықтан)
- Торсық не үшін керек екен? (сусын құю үшін)
Түстер жөнінде білімдерін тексеру:
- Аспанның түсі қандай болады? (көк)
- Шөптің түсі қандай болады? (жасыл)
- Алманың түсі қандай болады? (қызыл)
- Күннің түсі қандай болады? (сары)
- Топырақтың түсі қандай болады? (қара)
- Айранның түсі қандай болады? (ақ)
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде балалардың жақсы жұмыс жасағандарын, сұрақтарға толық жауап бергендерін айтып балаларды мадақтау.
Сабаққа қатысып отырған апайлармен қоштастыру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: алты түрлі түсті, заттардың көлемін;
Игереді: Әр түрлі торсықтарды түстеріне қарай тақтайшаға орналастыра білуді;
Меңгереді: ұлттық ыдыс – торсыққа деген қызығушылықты.