- 29 қар. 2022 00:00
- 308
Ата-ана мен бала арасындағы байланысты сақтаудың 5 жолы
Балаңызбен әңгіме соңы ұрыспен аяқтала ма? Араларыңызда түсініспеушілік жиі кездесе ме? Кішкентайынан дұрыс тәрбие берудің маңызын білесіз бе? Олай болса балаңызбен аралаңыздағы байланысты біз ұсынған 5 жолдың көмегімен сақтаңыз.
Ата-ана мен бала арасындағы эмоционалды байланыс — отбасындағы жақсы қарым-қатынастың іргетасы.
Кей кездері өзіміздікін дұрыс деп санап баламыздың ойымен санасқымыз келмейді. Осындай сәттерде ата-ана мен бала арасындағы байланыс жоғалуы мүмкін.
Баланың тек қателіктерін көруді қойыңыз
Неліктен баланың бір затты құлатып, сындырғанын байқаймыз да, ал кішкентай қолдарында затты ұқыпты ұстағанына көңіл аудармаймыз? Балаңызға тек бір нәрсе дұрыс жасал маған да ғана көңіл аударатыныңызды көрген бала, келесі жолы да жағымсыз қылығымен көңіліңізді өзіне аударуға тырысатын болады. Сондықтан баланыңыздың жасағандарын оның міндеті емес кішкене ғана жетістіктері деп қабылдаңыз.
Әр ісі үшін мақтаңыз
Бәлкім кей ата ана: “Жоқ, мен баламды әр кезде мақтаймын” деп ойлайтын шығар. Бірақ біз сапалы мақтан тұту туралы айтып жатырмыз. Жай ғана “жарайсың” деген сөзді айтып қана қоймай, белгілі бір ісі үшін мақтаңыз. Мысалы сіздің балаңыз ойыншықтарын жинап қойса: “Балам, сенің өз заттарыңа ұқыпты қарағаның маған ұнайды. Мені әуре етпей, ойыншықтарыңды жинағаның үшін рақмет” деп айтыңыз.
Осы кезде балаңыз да өз ісінің жағымды нәтиже бергеніне көзі жететін болады.
“Сен әлі кішкентайсың, мені тыңда”
Шыныңызды айтыңызшы, балаңыздың таңдауымен қаншалықты жиі келісесіз? Балалар қай киімді киетінін, қайsp затымен бөлісетінін, кіммен ойнайтынын сізден жақсырақ біледі. Сондықтан өз ойыңызды балаға зорлап міндеттеуден аулақ болыңыз. Балаға таңдау құқын беру оның жауапкершілігін арттыру. Ең бастысы баланың дәл біз секілді қателік жасауы мүмкін екенін ұмытпаған жөн.
Соларқылы өз таңдауының салдарын көріп, келесі жолы мұқият болуды үйренді балаңыз.
Ұрып-соғу тәрбие беру әдісі емес
Әрине, кейде қатты шаршап, ашуланған сәтте не айтып, не істегенімізді аңғармаймыз. Алайда баланы ұру арқылы сіз оған деген құрметсіздігіңізді көрсетесіз. Оған қоса өз ойын толық жеткізе алатын үлкен адам үшін балаға айқайлап, зорлық көрсету миға қонымсыз тәрбие беру түрі. Балаңыз қанша жерден кінәлі болсада оның денесіне зақым келтіруге сіздің құқыңыз жоқ.
Бірге көп уақыт өткізіңіз
Бала ойнап жатқанда қасында ұялы телефонға телміріп отыру — бірге уақыт өткізу емес. Керісінше ойын кезінде балаға жаңа нәрсені үйретуді көздңіз. Бірге сурет салыпнемесе пазл жинап көріңіз. Тек балаға емес сізгеде қызық болары әбден мүмкін.
Балаларымыз әрқашан біздің махаббатымызды қажет етеді. Олардың мінезі қалыптасу барысында бала кезіндегі естеліктері өте маңызды.
Сондықтан араларыңыздағы байланысты жоғалтпауға тырысыңыз.
Зарема Тұрсынбаева