Ауа және оны қорғау. Ауаның жер бетіне таралуы
Дүниетану 3 класс
Сабақ тақырыбы: Ауа және оны қорғау. Ауаның жер бетіне таралуы
Сабақ мақсаты:
Білімділік.
Ауа туралы білетін білімдерін одан әрі кеңейтіп, ауаның жер бетіне таралуы жайында ұғым беру. Ауаның тіршілік үшін маңызын, қасиеттерін оқып үйрену.
Дамытушылық.
Оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу мәнерін кеңейтіп, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылықтарын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру.
Тәрбиелігі.
Оқушыларды қоршаған орта мен табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Карта, слайдпен көрсету, тәжірибе құралдары
Сабақ әдістері: Сұрақ – жауап, сарамандық жұмыс, қорыту, салыстыру (СТО)
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс. Қазақ тілі, бейнелеу, еңбек
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Біз бақытты баламыз,
Күнде бестік аламыз.
Қуанады бізбен бірге
Үйде ата анамыз.
Ортақ ұран – бірге болу!
Мақсатымыз - білім алу.
Ұлтын сүйген ұрпақ болып
Болашаққа бірге бару!
Үй тапсырмасын тексеру. Географиялық карта
1. Картамен жұмыс істей отырып оқушы үй тапсырмасын айтады.
2. Сұлба мен картаны салыстыру
3. Тест жұмысын беріп үй тапсырмасы қорытындыланады.
1. Қазақстан Республикасы неше елмен шектеседі?
а) 4 ә) 3 б) 5
2. Ақтөбе облысы Республикамыздың қай бөлігінде орналасқан?
а) Батыс ә) Шығыс б) Солтүстік
3. Өзен, көл, және жер бедері қай картада бейнеленеді?
а) Әкімшілік ә) Физикалық б) Табиғат аймақтары картасы
Қызығушылықты ояту. Әңгіме: «Көрінбейтін сиқыршы»
Жер бетінде көрінбейтін сиқыршы бар. Онымен әркім күнделікті кездеседі. Сен оны көрмейсің, бірақ маңыңда екенін сезесің. Міне, ол сенің қасыңда. Көшеде жүріп бара жатсаң да, ұшақпен аспанға көтерілсең де оның қоршауынан босай алмайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Онсыз сен дем ала алмайсың, тіршілік болмайды. Сені сиқыршы үнемі қоршап тұрады.
Бұл не?
Ауа.
Жаңа сабақ.
Тірек білім арқылы ауа қасиеттерін еске түсіру
2 сыныпта ауаның кейбір қасиеттерімен таныстық. Кәне соны есімізге түсірейікші.
■ Мұрыныңды қысып, ауызыңды жап. Ішіңнен сана. Не байқадың? Тұншықтың саған не жетпеді? Ауа.
■ Қарның ашса шыдауға болады, шөлдесең шыдауға болады, ал ауасыз шыдай алар ма едіңдер?
■ Қағазбен беттеріңді желпіңдер, беттеріңе салқын жел соқты ма? Ол – ауа. Неге көрмейміз? Өйткені: ауа мөлдір, түссіз.
■ Допты қолмен қыссаң, қысылады, жерге жіберсең серпіледі
Ауа – серпіледі, сығылады. Бұл қасиетін машина дөңгелектеріне, велосипед дөңгелектеріне қолданады.
■ Жану үшін де ауа қажет.
■ Ауа орын алады.
■ Ауа – жеңіл, су бетінде жүзуге қолданады.
■ Ауа жылуды нашар өткізеді.
Ауа ---> дәмсіз ---> иіссіз ---> түссіз ---> көзге көрінбейді
Ауа – физикалық дене. Физикалық дене заттардан тұрады. Заттар жеке күйінде де кездеседі, қоспаның құрамына да кіреді. Ауа – газдардың қоспасы. Мұның себебі ауаның құрамына кіретін газдардың түсі және иісі болмайды. Көлемі бойынша ауада 78% азот, 21% оттек, 1 инертті және басқа газдар. Бұлар – ауаның ғасырлар бойы қалыптасқан тұрақты қоспасы. Ауаның құрамына кіретін газдар біртіндеп ашылды. Әдетте ауаны сезінбейтініміз тәрізді ғасырлар бойы адамдар оны біртекті деп түсінген. Ғалымдардың ұзақ зерттеулеулерінен кейін ғана, 18 ғасырдың соңында оттегі және азот ауадан жеке газдар күйінде алынды.
Ауаның құрамын алғашқы рет француз ғалымы А. Лавуазье 1774 жылы анықтады.
ХҮІІІ ғасырға дейін табиғат зерттеушілер реакция кезінде түзілетін газдардың бәрін «ауа» деп ойлаған. Тек ХҮІІІ ғасырдың аяғында ғана ауа – газдар қоспасы екендігі анықталған.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді бөлімге бөліп оқыту.
Жер шарын жан - жағынан ауа қабаты қоршап тұрады. Сендер далада жүрсеңдер де, үйге кірсеңдер де, тіпті ұшақпен аспанға көтерілсеңдер де ауа қоршауынан шыға алмайсыңдар. Ауа кез келген затта, топырақта, суда, тіпті біздің денеміз де бар.
Жан - жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз? Өйткені: ауа мөлдір және түссіз болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.