- 05 нау. 2024 02:08
- 166
Жылқы. Боз бие
Сабақтың тақырыбы: Жылқы. Боз бие
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға жаңа білімді меңгерту.
Білімділігі: Жылқы малы, оның ерекшеліктері туралы, сондай - ақ қымыздың жасалуы, түрлері, адам ағзасына пайдасы туралы мәлімет беру;
Дамытушылығы: Халықтық педагогика негіздерін пайдалана отырып, оқушының дүниетанымын кеңейтіп, танымдық қабілетін арттыру, дамыту.
Тәрбиелігі: Парасат - пайымы мол қазақ халқының ғасырлар таразысына салып, елеп - екшеп ұрпағына жеткізген ұлттық дәстүрін, салт - санасын, тұрмыс - тіршілігін оқушы бойына сіңірту; елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Талдау, түйіндеу, пайымдау
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, төрт - түлік суреттері, қымыз және оны құятын ыдыс түрлері.
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы, интегралды сабақ
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық тұрақтылық
Оқушылар орындарына жайғасқан соң, сабақтың қандай бағытта жүретінін таныту үшін бәрі хормен айтады.
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.
II. Өткенді қайталау
«Миға шабуыл»
Мултимедиядан төрт - түлік малдың суреті көрсетіледі. Олардың тұсына: «Түйе - салтанат, сиыр - қанағат, жылқы - мақтан, қой - қазына» деп жазылады. Оқушылар мал туралы өз білгендерін ортаға салады.
Тапсырма:
1. Жылқы атасы -
Сиыр атасы –
Түйе атасы –
Қой атасы –
2. Төлді қалай шақырады?
Жылқыны –
Сиырды –
Түйені –
Қойды -
III Жаңа сабақ
1)«Ой қозғау» мультимедиядан жылқы малының суреті мен өлең жолдары көрсетіледі.
Қоғалы көлді жайлаған
Қыраулап оны жылқышы
Қыл арқанмен байлаған.
«Ер қанаты - өзің» деп,
Ел қуанып айдаған
Жылқы деген жануар!
Ал балалар, енді жылқы туралы нақты үш сөйлемнен тұратын өз ойларыңды жаза қойыңдар немесе ауызша айтуға болады.
2) «Мағынаны ашу»
Түйіндеме
атауы: жылқы
түрі: бие, ат, сәурік, айғыр
пірі: Қамбар ата
тобы: үйір
төлі: құлын
жүрісі: аяң, жорға, жортақ, бүлкек, бөкен, желіс, сар желіс, текірек, шоқыту, шабыс
түсі: торы, күрең, жирен, шабдар, ақбоз, боз, көк, шұбар, теңбіл, құла
ауруы: жамандату:
жауы: бөгелек:
дыбысталуы: кісінейді:
байлау құралы: ноқта
таңдаулылары: жорға, сужорға, дүлдүл, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, арғымақ
өнімі: қымыз
Жылқының өсуі: (слайдпен көрсетіледі)
Құлын – жылқы төлі
Жабағы – бір жасқа дейінгі төл
Тай – екі жасар жылқы
Құнан – үш жасар жылқы
Дөнен – төрт жасар жылқы
Бесті – бес жастағы жылқы...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.