Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бастауыш білім беру деңгейінің 1 - 4 - сыныптары үшін «Математика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
Бастауыш білім беру деңгейінің 1 - 4 - сыныптары үшін «Математика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Бастауыш сыныптардағы (1 - 4 - сыныптар) математика пәні – «Математика» білім саласындағы кіріктірілген оқу пәні. Оны игеруде 1000000 - ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.
3. Оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі - бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
4. Оқытудың міндеттеріне:
1) тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі - бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
2) бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс - әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т. б.), өзін - өзі бақылау және өзін - өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
3) оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын - ала мақсатты дайындықты жүргізу;
4) оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысынқалыптастыру;
5) стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
6) баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
7) қарым - қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет - ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.
5. «Математика» пәні бойынша 1 - 4 - сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі: 1 - сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 132 сағат, 2 - сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағат, 3 - сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат, 4 - сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат.
6. Математиканы оқыту процесінде пәнаралық байланыс:
1) ана тілі пәнімен. Математикалық мазмұны бар тұжырымдарды, сөйлемдерді, қорытындылар мен жалпылауларды құру кезінде тілінің ережелерін қолдану, оқулықпен, дидактикалық материалдармен және т. б. жұмыс жасау кезінде оқушының оқу дағдысы мен сапасының қалыптасқан деңгейін ескеру;
2) дүниетану пәнімен. Математикалық мазмұны бар тапсырмаларды орындау барысында қоршаған ортадағы құбылыстар туралы білімдерін қолдану;
3) еңбекке баулу пәнімен. Математикадан жазбаша жұмыстарды орындау кезінде қол бармақтарының ұсақ бұлшық еттерінің даму деңгейін ескеру;
4) бейнелеу өнері пәнімен. Қағаз бетінде бейнелеу біліктігін қолдану, қағаз бетінде (жазықтықта) және кеңістікте заттардың орналасуын қабылдай білу біліктігін қолдану;
5) дене шынықтыру пәнімен. Кеңістікте бейімделу (солға, оңға және т. б сөздердің мағынасын түсіну) біліктігін қолдану арқылы жүргізіледі.
Оқу пәнінің 4 - сыныптағы базалық білім мазмұны
1) Қайталау (10 сағ):
1) 1000 - ға дейінгі сандар (оқу, жазу, салыстыру);
2) 1000 - ға дейінгі сандармен арифметикалық амалдарды орындау;
3) шамалар;
4) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы;
5) текшенің көлемі;
6) өрнек. Теңдеу;
7) есепті шығару;
8) геометриялық фигуралар;
9) кесінділерді қосу және азайту.
27. 1000 - нан 1 000 000 - ға дейінгі сандар. Шамалар арасындағы тәуелділік. Шеңбер және дөңгелек (50 сағ):
1) разрядтар және кластар кестесі;
2) миллионға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру;
3) сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу;
4) шамалар арасындағы тәуелділіктер: жылдамдық, арақашықтық (жүрілген жолдың ұзындығы), уақыт; өнімділік, жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс; егіннің түсімділігі, ауданы және массасы;
5) қозғалысқа берілген есептер. Бірігіп атқарылған жұмысқа берілген есептер. 3 - 4 амалдан тұратын есептер;
4) шеңбер және дөңгелек. Шеңбер мен дөңгелектің центрі, радиусы және диаметрі.
28. Миллионға дейінгі сандармен арифметикалық амалдарды орындау. Текше және тікбұрышты параллелепипед (70 сағ):
1) бөліндінің мәні көптаңбалы сан болғанданөлге аяқталатын сандарға бөлу;
2) 10, 100, 1000 сандарына қалдықпен бөлу. Санды көбейтіндіге бөлу;
3) бөліндінің мәні бір сан болғанда нөлге аяқталатын сандарға қалдықпен бөлу. Бөліндінің мәнінде нөлдер болғанда нөлге аяқталған сандарға бөлу. Нөлмен аяқталатын сандарға қалдықпен бөлу;
4) қосындыны санға және санды қосындыға көбейту. Санды қосындыға көбейту ережесін қолданып, екітаңбалы санға ауызша көбейту.
5) екітаңбалы санға жазбаша көбейту. Бөліндінің мәнінде бір цифр болғанда екітаңбалы санға жазбаша қалдықсыз бөлу. Бөліндінің мәнінде бір цифр болғанда екітаңбалы санға жазбаша қалдықпен бөлу;
6) бөліндінің мәнінде көптаңбалы сандар болғанда екітаңбалы санға жазбаша бөлу;
7) бөліндінің мәнінде нөлдер болғанда екітаңбалы санға жазбаша бөлу;
8) санды қосындыға көбейту ережесін қолданып, үштаңбалы санға ауызша көбейту;
9) үштаңбалы санға жазбаша көбейту;
10) бөліндінің мәнінде бір цифр болғанда үштаңбалы санға жазбаша қалдықсыз бөлу;
11) Бөліндінің мәнінде бір цифр болғанда үштаңбалы санға жазбаша қалдықпен бөлу;
12) бөліндінің мәнінде көптаңбалы сандар болғанда үштаңбалы санға жазбаша бөлу;
13) бөліндінің мәнінде нөлдер болғанда үштаңбалы санға жазбаша бөлу;
14) қарама - қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы;
15) қарама - қарсы бағыттағы қозғалыс. Қашықтық жылдамдығы;
16) бір бағыттағы жылдамдық;
17) белгісізді екі айырым бойынша табуға арналған есептер;
18) әріпті теңдіктердің (формулалардың) көмегімен қосу мен көбейтудің қасиеттерін жазу. Екі әрпі бар өрнектің мәнін табу;
19) геометриялық салу: циркульдің және сызғыштың көмегімен кесіндіні қақ бөлу;
20) ауданның бірлігі – гектар (1 га). Аудан бірліктері арасындағы қатынастар: 1 га = 10 000 м2;
21) тікбұрышты параллелепипед және оның өлшемдері (ұзындығы, ені, биіктігі). Тікбұрышты параллелепипедтің төбелері, қырлары және жақтары;
22) көлем. Тікбұрышты параллелепипедтің (текшенің) көлемі;
23) көлем бірліктері – кубтық миллиметр (1 мм3), кубтық сантиметр (1 см3), кубтық дециметр (1 дм3), кубтық метр (1 м3).
Бастауыш білім беру деңгейінің 1 - 4 - сыныптары үшін «Математика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы. жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама