Бастауыш сыныптарда функционалдық сауаттылықты дамыту
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Ермагамбетова Сауле
Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту
«Бар ғылымның бастауы – мектеп, сондықтан біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту»
Н.Ә.Назарбаев
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Қазіргі білім мен ғылымның дамыған заманда білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру ең өзекті мәселеге айналып отыр.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау бойынша нақты міндеттер Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленді.
Әлемнің дамыған елдер қатарына ену үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның шығармашылықпен ойлауы мен мәселелерді жаңаша шешім табу қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы ізденіп білім алуға дайындығы, яғни бүгінгі жаһндану заманының ағымына сай болу – оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандыру үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсетті.
Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз адамдардың сыртқы ортамен, әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, ілесіп отыруы, өз білімін үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым сауаттылығына қарағанда, жеке тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін біліктілік, икемділік пен дағдылар, яғни функционалдық сауаттылық болып
табылады. Функционалдық сауаттылықтың негізгі мәндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, өкез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың ролін айқындау және түсіне білу, математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін меңгеру.
Математикалық сауаттылықтың мақсаты бүгінгі күн талабына сай, жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, тұрақты қызығушылығы бар, алған білімді іс- әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлға.
Математика білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш сыныптарда жүзеге асатыны белгілі. Себебі, бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға деген талпыныс, ізденушілік, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар, осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дамиды. Осы жасқа сай келетін мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралап, талдау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту оңай мәселе емес.
Қазіргі сәтте дәстүрлі емес сабақтардың көбеюіне байланысты оларды жіктеу, яғни классификациялау қажет болды.
Классификациялау үлкен көлемді ақпараттан өзімізге қажетті және қызықты, бөлімдерді бөліп алуға көмектеседі. Қазірігі кезде мұғалімдердің нақты нұсқаулармен ғана жүре алатын, өзіндік пікірі, көзқарасы, ойлау қабілеті төмендеп кеткен, осының негізінде сабақ пен әдіс тәсілдердің бір-біріне сәйкес келмейді. Осыдан келіп өзіндік «мені»,өзіндік көзқарасы бар «ой-пікірі» қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру қиынгға соғады. Сондықтан бұл тұлғалық қасиеттер алдымен мұғалімнің бойынан табылуы тиіс.
Іскерлік, шығармашылық бірлесіп жасау, сабақ барысында жеке, жұптық, топтық түрде араласып жұмыс жүргізу –дәстүрлі емес сабақтың маңыздылығы болып табылады. Олай болса кез-келген оқу пәні оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралы бола алады.
Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытудың мақсаты – оқытуда инновациялық әдістерді, заманауи білімдік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын екі негізгі міндеттерді шешу арқылы қалыптастыру мүмкіндігі бар:
1. Оқушының әлеуетіне сәйкес, яғни баланың өзінің білімдік деңгейіне сай келетін және жеке тұлғаның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін, білім беруді іске асыру мүмкіндігіне, оның ішінде өзіндік білім алу жолымен жету.
2. АКТ құралдары мен өз қабілеттерін іске асыруда әр оқушыда шығармашылық әлеуметтік мәнді қызмет тәжірибесін қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда келесі пәндік және функционалдық сауаттылық қалыптасуы тиіс.
- ережелер мен үлгілерді және берілген алгоритмдерді математикалық материалда қолдану біліктігін;
- қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндерде математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын;
- ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын;
- математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;
- дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;
- математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;
- жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігін;
- өзін-өзі бақылау жүзеге асыруды;
- өз іс әрекетін бағалауды;
- оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі қажет
Қорыта айтқанда, тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын ескере отырып, функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатын тұлғаны тәрбиелеп оқыту – білім беру мамандарына артылған жауапты міндет екенін түсінгеніміз жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.
2. Назарбаев, Н. Ә.: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.
3. Назарбаев, Н. Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар.
Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесі
«Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту»
Дайындаған: Ермагамбетова С.М.
2016-2017 о.ж.