Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Басты ұстаным - Рухани жаңғыру
Тақырыбы: Басты ұстаным - Рухани жаңғыру
Ақын - жазушыларымыздың мақалаларымен, халқымыздың ұлттық салт - дәстүрлеріміз бен тіліміз, музыкамыз бен жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.
Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауы.

Ұлттық жаңғыру, рухани жаңғыру дегеннің өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Біріншіден ұлттық сана - сезімнің көкжиегін кеңейту болса, екіншіден ұлттық болмыстың өзегін сақтау. Рухани жаңғыру әркімнің ұлттық даму үлгісіне бәріне ортақ. Ұлттық салт - дәстүріміз, тіліміз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Ақын – жазушылардың даналығы, ғұламалары, күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Балаларға туған жердің тарихын біліп, оны мақтан еткен дұрыс.

Жас ұрпақтың бойына имандылық, бауырмалдық, ұлтжандылық және адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру маңызды. Ұрпақ тәрбиесіндегі парызымызды орындауда, ғасырлар бойы тағдырдың талқысынан өткен заманымыздың сыңына шыңдалып, жосығы жоғалып, асылы жеткен жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарланған қағидаларды жүзеге асыру. Жас жеткеншектерге ескіріп қалған дүниелерді жаңартып кезінде еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» барысында еліміз саяси мен экономикалық жаңғыруды қолға алып, күн санап өзгеріп жатқан, озық технологиялардың арқасында сана сезіміміз бұл дүниетанымымыздың өсуі негізінде заман ағымына икемделу. Жаңа жаңғырудың өзіндік тамыр мен тарихы тереңнен бастау алатын болады. Жаңа жаңғыртудың ең басты шарты ұлттық салтын сақтай білуі. Жаңғыру – бұрынғы тарихи тәжірибемен ұлттық дәстүрлерге шикілікпен қарамау. Рухани жаңғыру ұлттық сананың оң жақтарын тарихи тарландарымыздың еңбектері мирас болып, қанымызға сіңіп, сол еңбектерін қайта түлету.

Балабақшамызда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты бағдарламасы түсіндіріліп, қызметкерлерге баяндама оқылып, ауылымыздағы көнерген ғимараттарды еске түсіріп, сол ғимаратты жаңартуға жұмыстандық.

Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті»- деді Елбасымыз. Өскелен жас ұрпаққа жақсы тәрбие беру барысында жас ұрпаққа адамзаттық құндылықтар мен рухани мәдени мұраларды жаңғыртуды мектепке дейінгі ұйымдардан бастау керек. Өйткені балаларымыз бүгінгі мақтанышымыз, ертенгі келер ұрпақтың тәрбиесі. Сол келешек ұрпаққа тәрбие беру арқылы ақылды, парасаты мол, ақыл - ойын озық етіп тәрбиелеу - тәрбиешісінің міндеті. Ал қазіргі кезде ата - бабаларымыздың салт - дәстүрлері, әдет - ғұрпынан ажырап қалған. Сол нәрселерді балабақшамызда қайта жаңғыртуға жұмыстар жүргізуде.
Балаларға асық ату, хан талапай ойындарын күнделікті оқу қызметінде пайдаланып, балалардың ой - өрісін дамытып отырмыз.
Балаларға бейне материал арқылы аңыз әңгімелер тыңдатылып, бейне көріністер көрсетілді.
Сол арқылы балалардың ой - өрісін, талғампаздығын арттыра отырып, бүлдіршіндерімізді жан - жақты етіп тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, мейірімділікке, әсемдікке сүюге тәрбиелеу.
Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Кіндік каның тамған жеріңе, өскен ауылына, яғни туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті біздің балабақшамыз «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсындым. Балаларға біз әр адамның өз Отаны болатынын. Ол біздің туған жеріміз, тұратын жеріміз, отбасымыз. Балабақшамызда серуенге шыққанда балалармызға табиғатымыздың әдемілігін, топырағымыздың құнарлы екенін, теңізіміздің сылдырлаған суын, тау - тасымыздың қасиеттерін балаларымызға күнделікті оқу қызметінде айтып отырамын. Біздің еліміз өте бай, өте әдемі. Туған жерімізді мақтан тұтып, қадірлеп, құрметтейміз. Ол үшін жақсы оқып үлкен азамат болуға тырысамыз.
Балабақшамызда «Туған жер» бағдарламасы арқылы ауылымыздың киелі жерлерін жаңғырту, есімі ұмытылып бара жатырған ақын - жазушыларымыз бен еңбек қайраткерлерінің еңбектерін айтып, түсіндіріп жас ұрпаққа жеткізу
Сондықтан, Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек еліміздің көнерген ғимараттарын жаңартып, ақын - жазушыларымыздың еңбектерін жас бүлдіршіндерге жеткізіп, ұлықтай білейік.

Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы «Ақбота» балабақшасы
Тәрбиеші: Дощимова Жемисхан

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама