Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Біздің тұрмыс

(повесть)

АЩЫ-ТҰЩЫ

Аян хатты алып, екі-үш қайтара оқыды. Қабағын түйіп,ерсілі-қарсылы жүрді. Кең бөлме өзіне тар көрінді. 'Терезеге таяу келіп,алыстағы аспанның ұшығына қарап тұрды. Аспанның ұшығындағы көкала бұлтқа алтын күннің нұры шашылған. Алтын нұр шалған көктегі көкала бұлттың ақырын жылжып ыдырағаны Аянның аласұрған қиялдан аялдата алмады. Аянның көзі алыстағы бұлтта, көңілді қара жердің тұрмыс теңізінде еді.

— Жарайды, көрерміз! Жарайды, дұрыс-ақ! — деді Аян. Үйінде жаңадан жалғыз тқрып, қиял ойын өз-өзіне дыбыстап айтқаны Аянның өзіне жат көрінбейді.

Аян мамырдың төртінде ауданнан егіс науқанынан қайтып келіп, арада екі-үш күннен соң Айлақпен телефон арқылы сөйлескен еді.

— Қалай, бұрынғыдайсың ба жоқ, өзгердіңбе? — деп еді Аян.

Айлақ:

— Өзің қандайсың? — деді.

Aян:

— Бұрынғыдаймын!.. — деді.

Айлақ:

— Мені өзгерген шығар деп неліктен ойладың? — деді.

Айлақ:

— Е, қалай ойламайын, командировкеде жүргенде хат жазып жүрем деп кетіп едің, бір де хат жазбадың, сонан соң, енді ұмытқан шығар деп ойлап едім, — деді.

Аян оның мәнісін айтып, жуып-шайды.

— Мен неге ұмытайын!.. Өзің енді қалайсың? Бұрынғыдайсың ба? — деді.

Айлақ күліп:

— Ия, бұрынғыдаймын! — деді.

Міне, осындай сөздер болған еді. Жолығам деген күндерінде Айлақ жолыға алмай жүрді. Айлақпен жолыға алмағандықтан Аян көңілсіздеу еді...

Одан кейін, мамырдың 20-күні телефонмен сөйлескенде Айлақ Аянға:

— Енді қоялық!.. Қазір арамыз бұрынғыдай болмай кетті. Енді қою керек! — деді.

Аян бұған қапаланып қалған еді. Бүгін мамырдың 23-інде Аян Айлаққа хат жазған еді. 20-мамырдан үндемей жүріп, мамырдың 23-інде шыдамай хат жазып, міне Айлақтан жауап алып, соны енді қайта-қайта оқып тұрды.

Үстелде жатқан хатқа тағы да қарады. Хат мынау еді:

(Айлақ жазу жүйесін,сөз жүйесін жөнді білмейді. Хат мүсінін өзінікіндей қылып көшіруге тырыстық.)

Аян.

«Жазған хатыңды алдым.

Алып, қуанып қалдым. Кеше біздің үй лагерьге кетті. Мен кәзір үйде өзім қалдым. Бірақ кешеден бері Әмиляш келіп отыр. Бүгін де қонады. Ертең күн жақсы болса, мен көршінің телефонымен сөйлесермін, сағат он екі-бір кездерінде. Мүмкін сіз келерсіз, я болмаса бақшаға барармыз. Мен бірде колхозға жүрейін деп отырмын. Соған дейін сізбен менің де сөйлескім келіп жүр. Ертең хабар берем телефон арқылы.

Қапаланба, жаным, көргенше қош бол!

Рахила 23/ V — 32 жыл».

Аян хатқа тағы да бір қарап оқыды да:

— Әлі де атын «Рахила» деп жасырып қояды-ау... Бұл менің ақылым еді... Енді мұндай нашарлау хатқа өзінің шын атын-ақ жазсайшы! — деді ішінен.

Айлақтың бұрынғы хаттарын ойлады.

Бұрын ұлықтау қылып жазатын хаттарында өліп-өшіп жазушы еді. Өлең, жырлармен де жазушы еді. Наз қылып жазған бір затында: «Таһир мен Зухрадай едік... Бүгін көзіме бір көрініп, бір сүйгізіп кетсең , арманым болмас еді...» деп жазғандарын ойлады. Айлақтың сол хаттарын алып оқып, бір күрсінді...

Мамырдың 24-нен 25-іне шейін аян Айлақты күтіп жүрді. Айлақтан хабар болмады. Оның үйлеріндегі телефондарын мамырдың 21-22 кезінде көшіріп алып кеткендіктен, телефон да соға алмады.

Мамырдың 25-күні бір жігіттен хат жазып жіберіп еді, ол таба алмай қайтып келді.

— Лагерге кетіп қалыпты, — деді. Енді Аян оны ұмытпақ болды. Қасқырбай деген жолдасына телефон соқты.

— Кел, көшеге шығайық!.. Жүріп қайтарамыз!.. Күн тәуір көрінеді ғой. Алматы өзенінің ар жағындағы бақшаға барып қайтармыз... Жарайды, жарайды!.. Күтіп отырам!... — деді.

Күн ауып еңкейген кезде Қасқырбай мен Аян киініп тысқа шықты. Театрға баратын кісіше киінген еді екеуі де. Алматыда бұл екеуі ең таза киінетіндер еді. Екеуінің де үстінде әдемі қара бешпент, етек қыры сынбаған ақ шалбар. Аяқтарында «жемми» туфли. — Аянның аяғында жұлықтарын лактаған теріден істеген карадэ сарала туфли, Қасқырбайдың аяғында замыштан жұлықталған туфли. Қасқырбайдың басында кепке, Аянның басында қара жазық ленталы ши шляпа. Екеуінің де қолдарында Қырымнан жолдастары ескерткішке әкеп берген әдемі шомбал шұбар таяқ... Екеуінің де көйлектері кіршіксіз ақ, қайырма жаға, галстук. Аянның жаңа көршілерінің есіктерінің алдынан өтіп баратып, Араш есімді әдемі қызды көріп, Аян амандасты. Араш бұлардың қастарына келіп, бірсыпыра сөйлесіп тұрды.

Аян Қасқырбаймен сөйлесіп келе жатып, «Әлгі қыз Айлақтан көп сұлу-ақ», — деді ішінен. Содан Аян мен Қасқырбай Алматы өзенінің ар жағындағы бақшаға барып, едәуір жүріп, аралап қайтты. Жасарған, көк жібекке оралған ағаштардың балбыраған жасыл жапырақтарының арасында жүрді. Тозаңсыз таза ауада дем алып, жапырақ жамылған бұлбұлдардың шаттық күйлерін тыңдап, Аян көкірегін керді. Бұл бақша бұған сондай таныс еді. Әрбір таныс жерлері, әрбір үйренген орындары мұның жүрегіне сондай ыстық көрінді. Былтыр жаздай Айлақ екеуі талай қызықты күндерді осы бақшада өткізген еді... Айлақ екеуінің талай отырған, талай жүрген үйреншікті орындарын аралап көрді.

Күн батуға таянғанда екеуі «Редсап» көшесімен қайтты. Сол көшеде Айлақтың былтырғы тұрған пәтері бар еді. Сол пәтердің тұсына келіп, Аян Қасқырбайды тоқтатып, терезеге қарады. Ашық терезеден бір әйел басын шығарып күліп, бұлармен амандасты:

— Қайдан келесіңдер? — деді.

Аян:

— Мына бақша жақтан келеміз, — деді.

Әйел:

— Ә-ә, бақша жақсы шығар... Бұл бақшаға барғаныңыз осы шығар, — деді қуанып күліп.

Аян:

— Ия, солайлау еді, — деді күліп.

— Енді үйге неге кірмейсіздер? Үйге кіріңіздер!.. — деді әйел.

Аян Қасқырбайды ертіп үйге кірді.

Бүл пәтерде Айлақтың былтырғы көршілері тұратын еді. Бұл әйел Пияшов деген доктордың әйелі, Айлақпен өте араласып тұратын көршісі — Әсия деген еді. Аян мен Айлақтың сырлары бұл әйелге ортақ сияқты еді.

Біраз күлісіп, сөйлесіп отырып, Аян мен Қасқырбай жүрмек болып түрегелді... Сол арада Әсия Айлақты әңгіме қылды.

— Балалар онда барып келіп еді. Ол әлі бүгін мұнда екен... Лагерьге әлі жүрген жоқ, лагерьге ертең барып, үш-төрт күн жатып келіп, өзімен бірге оқитын оқушылармен колхозға жүреді екен. Бүгін мұнда біздің Әмиляш пен екеуі әлгі мешіттегі нацмен клубында өздерінің оқушылары жасаған ойында болмақ. Бүгін Әмиляш сол Айлақтың қасында қонады... — деді Әсия.

Аян күмілжіп бірдеме деді.

Әсия:

— Соңыра мен сіздің пәтеріңізге барайын, сонан соң екеуіміз нацмен клубына бірге барып, мен Айлақты ертіп шытайын... Қазір мына Әмиляштан Айлаққа айтып жіберейін! — деді.

Уақытша қош айтысып шықты.

Былай шыққан соң Қасқырбай күліп:

— Е-е, неге сонша жақын болып кетті деп, былтырдан бері түсіне алмай қойып едім. Әңгіме осындай екен ғой...

Апырым-ай, маған айтпаушы едіңдер, ә?!. — деді.

Кешке айтқан мезгілінде, әлгі Әсия Аянның, пәтеріне келіп, Аянды ертіп әкетті. Екеуі нацмен клубына барды. Әйел клубқа еніп кетті. Аян тыста тосып қалды. Ерсілі-қарсылы жүрген, топырлаған халыққа елеусіздеу болу үшін, Аян бір көлеңкелеу жерде тұрды. Едәуір күтті. Әлден уақытта Әсия мен Айлақ екеуі шығып. Аянмен ұшырасты. Аян Айлақпен амандасып, үшеуі қосылып жүріп кетті.

Ақшам батып, қас қарайған кез... Үшеуі Аянның пәтеріне келді. Аянның пәтеріндегі Аянның жақындары — үш жас жігіт қалбалақтап қалды. Шай дайындады, Айлақ пен Аян шай ішті. Доктор қатыны бір стақан шай ішіп, үйіне қайтпақ болды. Оны апарып салуға екі жас жігіт еріп кетті. Айлақпен Аян оңаша қалды. Сөйлесіп отырды. Бірақ аралары бұрынғыдай емес, салқындау, Айлақтың үстінде етегіне бір елідей ғып ескілеу қоңыр құндыз ұстаған қара-көкшіл көйлегі... Аянға бұл көйлек тым таныс еді... қоңыр құндызды көйлек Аянның көзіне ыстық көрінді...Қаракөк көйлектің етегін сипап отырды... Аян Айлаққа ойлана қарап қапты... Жүрегіне бір жаман күдік кіргендей. Үйткені Айлақ бетін, қасын, еріндерін бояйтын болған екен... Айлақ:

Мен сағат үш кездерінде қайтам ғой? — деді.

Аян:

— Қой, ол уақытта қараңғы көшеде жүру киын болар, таң атқан соң кайтарсың!.. — деді. Айлақ:

— Үйдегі бірге қонатын екі қыз мені қайда кетті дейді ғой, ұят болады ғой, — деді.

Аян:

— Өзің біл, мен түнде жүруден қорықпаймын ғой, бәрібір апарып салам ғой... Бірақ түн ішінде кайту сатан қауіптірек болады ғой, — деді.

Айлақ:

Жарайды, ендеше таңертең кетермін! — деді. Ол күні Айлақ Аяндікіне қонды... Көзге ұйқы тығылғанша екеуі айқаса құшақтасып әңгімелесіп жатты. Қанша айқасып,қанша құшақтасып жатып әңгімелессе де, Айлаққа бір суық сыр бар сияқты көрінді.

Айлақ ертеңінде кетті...

Содан лагерьге барып, колхозға жүрмек болды, жүре алмай, Айлақ қайтадан оралды. Аянға ешбір хабар берген жоқ, өйткені соңғы келіп қонып кеткенінде «Енді қояйық!» — деген сөзді айтқан еді.

— Қойшы енді, осыны ұмытайын!.. Осының оншалық не артықшылығы бар еді?.. Білімі, ақылы белгілі... Ал түрінде не бар?.. Аласалау бойлы, борпастау, мыртықтау келген бітімі бар. Семірсе суыр тәрізденіп, тіпті нағыз мегежін, мыртық болып кетуі де мүмкін. Өзі тершең де. Жүрген жүрісінде де бір кемшілік бар сияқты деп ойлаушы ма едім?.. Жүрісінде, дене қимылында да бір қолапайсыздық, бір кібіртік топастық бар емес пе еді?.. Беті боржықтау, біраздан соң көзінің алдын май басып, беті бұдан да жаман боржық бет болуы мүмкін. Саусақтары да суырдың аяғындай мыртықтау еді той. Өзінің денесінің, аяқ-қолдарының ревматизм! бар... Сол жақ қолының білезік тұратын буынының үстіңгі сіңірінің бірі жұмыс істегенінде, ширатылып шапшыған қыл шылбырдай түйіншек-түйіншек болып кететін еді. Бұл ревматизмнің жаман түрінің белгісі... Және беті секпілдеу. Ол секпілі өршіп көбейетін сияқты. Тістері де әдемі берік тіс емес, түзу де емес, жарқырйған ақ тіс те емес. Үстіңгі тісінің бірі алтын. Иә, алтын... Тіпті гәуһәр болса да,тізілген Меруерттей аппақ тіс болса, — әдемі болар еді той... Тістері көгілдірлеу. Тегіс,түзу де емес. Сұйық қана селдір қасы бар... Ол да әдемі емес. Қол-аяғы бақалдау, мыртықтау. Осындай әйел екінің. бірінде бар емес пе? Қойшы, осыны ұмытайын! — деді Аян ішінен.Аянның қиялында Айлақ туралы екі пікір айтысып таласатын болды енді. Айлақты ұмыт, таста енді деуші пікір Айлақтың жаңағы түрлерін айтты...

Ал бір пікір отан көнбеді. Тоқтамады.

Ол пікір: «Қой олай емес!.. Оның бәрі әшейін жай тана емес пе? Бетінің азырақ секпілі білінетін бе еді?.. Аппақ бет, жай аппақ емес, азырақ сәл тана қоңыр күңгірттеу ақ емес пе?.. Сонысы біртүрлі жақсы емес пе? Еріндерін томпитып қарап отырғандағы көзі гәуһардай, еріндері алқызыл гүлдің қаттасқан жапырақтарындай емес пе?.. Дауысы аққудың, даусындай емес пе еді?..» — деді.

Және пәлендей қылықтарын, түлендей қылықтарын қайтесің деп, таты да бірсыпыра мақтайтын «нәзік» деген сипаттарын айтты. Жамандаушы пікір де өз бағаларын айтып қоймады.

«Бұрын желкесінен жоғары қырыққан шаштары құлақтарын жауып, көрсетпей тұратын еді. Қазір шаштарын одан өсіріп,желкесінің сыртын жаптырып, құлақтарының сыртына қайыратын бопты. Енді құлақтарын көрдің бе? Құлақтары бүріскен,тіпті өңсіз бос құлақ екен. Бүріскен құлақтары жаман ұннан істеген пельмен сияқты. Онан соң ерні жақсы дейсің, еріндері жақсы ма? Екі ерні бірі біріне түзу де қабысып тұрмайды. Аузы күлгенде ыржиып, үлкейіп кетеді. Соны әлі байқамай жүрсің бе? Және еріндерін , өзі соңғы уақытта білдірмей бояйтын бопты. Кеше сүйіскенде оны байқаған жоқсың ба? Оның еріндерінен аузыңа азырақ бір бөтендеу дәм келген жоқ па? Кеше кешке келгенде еріндері алқызылдау емес пе еді? Таңертең кеткенінде еріндері сондай ма еді? Онан соң қылықтары жақсы дейсің? Мінездерінде не сорақы бейшаралық бар емес пе?.. Ақылы датым шамалы емес пе? Осының ақыл білім, өнер дегеннің не екенін біле ме? Ақыл, білім, өнердің қадірін біле ме? Бұл өзі кісі бағасын білеме? Бұған сырты ғана жөндем еркек болса болмай ма? Сырты ғана еркек болса, бұған да керек, ақымақ, мейлі сотқар, мейлі ешбір мағынасыз, маңыздысы адам болса да, бұл оны парық қыла біле ме? Қой мұны,ақымақтанба! Сен тек жай қиялға беріліп жүрсің. Тек өзің жоқты бар қылып, қиялыңмен сұлу жасап жүрсің.Сен ақынсың,Айлақ сұлу да әйел емес, ақылды да әйел емес, тек сенің қиялың оны сұлу Қойшыбаевты сүйіп,тиіп, шыққан әйелде тұрлаулы ақыл болар ма? Мұндай әйел әлі талай сойқанды істеуі мүмкін... Маған сен тағы да мұның ақылсыз, былық әйел екендігін айтқызба! Қой енді, таста мұны! Ақылды әйел Қажыбай сияқты маскүнем, надан, ақымақ, сотқарды бойына жуытар ма еді? Неге сен оны да ойлаймысың? Доғар енді!» — деді.

Аянды екі пікірдің таласы едәуір қинады. Аян күрсініп түрегеліп, киінді де қызметіне кетті.

Біраз күн өтті...

Аян Айлақты бір жағынан ұмыта алмаса, екінші жағынан, оның сонша ойын алаң қылғанына, өзінің кызметіне зиян келтіретіндей болғандығына қатты ыза болып жүрді.

Қызметтен қайтып келіп отырып қапаланды.

— Япыр-ай, тұрмыс деген осы ма?.. Шынымен біздің тұрмыс осындай бола ма? Қиярқовтың тұрмысы анадай болды... Тижамның тұрмысы мынадай... Бұл тұрмыс неге бір қалыпта жақсы болмайды екен? деді.

Аян өзінше ақын ғой...

Аян жақын жүрген жолдастарының, әйел-еркегінің бәрінің есімдерін өзгертіп қойып алатын. Әлгі «Қиярқов» деген, «Тижам» деген жолдастарының аттары. Аянның өзгертіп қойып алған аттары. «Айлақ» деген есім де Аянның өзгертіп қойып алған аты...

Аян таты да ойланып:

— Қара басының тұрмысында азып-тозып, тура жолдан тайды деген осы-ay!.. Қаладағы, даладағы «мещан санасының, дұшпан сананың бұл бір үлкен кеселі-ау! Қу физиологияның кесірі-ау бүл! Қайда барсаң да, талай адамның осындай бір пәлеге ұшыратанын көресің! Енді тезірек тура жолға түсу керек», — деді.

— Мен осы, әбден нервный, күйгелек болып алдым-ау. Не болса соның бәрін «жүрекке жақын ұстамай!.. Қой енді», — деді.

Аян енді таты да бір роман жазбақ болды.

Аян бұрын да романдар жазатын еді. Бұрын да өлеңдер жазатын еді. Біраз өлеңдері баспаға шытып жүрді. Ал жазған романдарын, жазған бірнеше өлеңдерін тек мен тана білетін едім. Маған ғана оқитын еді. «Айлақ» деген жұмбақ атты маған сол айтып беріп еді. Дәптерін алып, Аян бірсыпыра өлеңдер жазды. Өлеңдері өзін-өзі кекетіп жазған өлең болды. Бұл оқиғаны өлең, жырмен жазбақ болды. Осындай мағынасыз іске уақыт өткізгеніне өзі қатты қорланып, ыза болды. Бұл өлеңде өзін де, Айлақты да мазақтап, қатты қорлап жазды. Онысын қайтадан оқыды да:

— Қой, жақсы-жаман болсын, бір жылдай бірге болып, қызықты уақыт өткізіп келдік қой... Бұлай жазғаным дұрыс болмас, — деді.

Сүйтіп, әлгі жырды жұмсартып, қайтадан жазды. Жұмсартып жазған жырларының мынадай жолдарын оқыды:

Құшақ жайған қиялды жан
Көктегі алтын сәулеге.
Аққу сынды сұлу іздеп,
Түскен қасірет, әуреге...
Бұл әурені «Кім» десеңіз,
Жоқ іздеген бұл бір жан,
Бұл «бір ақын»— бірде ақ болат,
Бірде жібек үлбір жан.
Кез келгенді көпшілікше
Бұл тәкаппар сүймейтін,
Көңілі шын сүймегенге,
Менмен басты имейтін...
Көкте жұлдыз, жерде құндыз
Бұл әуренің сүйері.
Аққу сынды ақ періште
Сүйіп басты иері.
Сүйтіп жүріп, сұлу іздеп,
Өзім әуре алдады:
«Міне аққу» деп көп ішінен
Бір боз құсты таңдады...
Бір моншақты жердей тауып,
«Осы, — деді, — жұлдызым.
Міне, — деді, — іздегенім,
Осы, — деді, — құндызым...»
Амал нешік, қиялшыл жан
Жұрттың сөзін алмады,
«Мұның жұлдыз емес», — деген
Сөзге құлақ салмады.
«Мұнымен тек ойна да ғой»
Дегендерге қоймады:
Аққу құс деп құшты әлгіні,
Қиялшыл жан тоймайды.
Әлгі құс та әуре ақынға,
Жан-тәнімен берілді,
Құшақ жайып еркеледі,
Манаурады, керілді.
«Бұл кім?» — десең, бұл — бір әйел,
Болмай жүрген байы нақ,
Әуре ақынның оны сүйіп,
Қойған аты «Айлақ»...
Құшақ сайын «жаным сен», — деп,
Ақынды бұл сендірді.
Қиялшылды диуана ғып,
Бір мұнарға ендірді.
Тәтті өмірді қосты екеуі
Жазғы орманның сәнінде,
Мас махаббат маужырады,
Бұлбұлдың шатты әніне,
Сүйісудің лебін қосты
Жаздың сиқыр сырына,
Махаббаттың күйін қосты
Бұлбұлдың шат жырына.
Неше түрлі сыр айтысты,
Жаздың жібек түніне.
Бақытты үнді, сыбыр қосты
Судың сылдыр үніне.
Сүйтіп қызықты айлар өтті,
Жылжып тәтті жыл өтті.
Бір күні бүл екеуіне,
«Қасақы сұм тіл өтті».
Бұл күндерде Айлақтың
Суық сөзі білінді.
Әуре жанның жүрегі енді,
Уланды да тілінді.
Сүйтіп енді бұл оқиға,
Міні осындай сөз болды.
Әуре басқа іздегі алған
Ауыр күйік кез келді...
Сүйгенінен бір күн ақын
Мұздай суық сөз алды.
Маңдайына сөз тигендей,
Отқа толды көз алды.
«Бақытсыз жан» «алтын сәуле»
«Ғашығынан» айырылды.
Астам тілек, «қос канаты»,
Морт үзілді, қайрылды.
Барлық тілек, бар махаббат,
Жүрекке кеп тығылды.
Қолынан хат түсіп жерге,
Сылқ етті ақын, жығылды...

Осыны жазып болып, Аян өлендерін басынан оқыды. Өзі мен Айлақты қорлаған сөздерін сызып, өзгертіп жазғандағылары осы еді. Сызып тастаған, өзі мен Айлақты қорлаған жырларды да қайтадан оқып шықты. Үндемей басын шайқап, өз-өзін кемітіп, ұлы мазақты шыраймен күлді.

«Қолынан хат түсіп жерге
Сылқ етті ақын, жығылды...» —

деген сөздерді оқып, тағы да өзін-өзі кемітіп, ащылы шыраймен күліп басын шайқады:

— Дәл Пушкиннің сөзі сияқты болды-ау, осы бір сөздері... Бірақ ондағы ақынның қолынан жерге түсіп кетті дегені қағаз емес, пистолет еді ғой!.. — деді.

Аян тағы да мынаны жазды:

Сәулетайым, сені ақ үлдір
Ақ құралай нақ деуші ем,
Кіршіксіз жан, сұлу мінез,
«Періштеден» ақ деуші ем...
Ақ мамығым, аққуым деп,
Сүймеуші ме ем, қалқашым!
Ақ үлдірім, жәнікейім деп,
Құшпаушы ма ем, қалқашым!..

Осыларым енді нағыз мещанствоның өлеңіндей болды-ау! Әй, мещанство-ай, сволочь, сен ит-ақ қалмадың-ау тіпті.

Аян мынаны жазды:

Жүрек шіркін, бекер сонша
Ойран болып туладың.
Көңіл шіркін, ұрынбасқа
Текке ұрынып уладың!
Шіркін жүрек, болмап едің
Достық айтқан сөзіне.
Тек бір құсты аққу деген, —
Өз обалың өзіңе.
Қиялшыл жан, неге салдың,
Текке әуреге басынды
Кірсіз сұлу таба алмадың.
Мейлің ағыз жасынды.
Ақын шіркін, сен диуана,
Не көрінген көзіңе?
Боз моншақты жұлдыз деген, —
Өз обалың өзіңе!..

Осы жырларды Аян бір табақ ақ қағазға жазып алып, бүктеп , үстелінің жәшігіне тығып қойды... Бір-екі күн өтті...

Алматы қаласында Алатауға қарай тас төселген жол бар. Жол тау ішіне барып кіреді. Жолдың тоқтаған жерінде, тау ішінде Медеу» деген кішкене курорт сымақ бар. «Медеу» — Алатаудың терең бір тарлау шатқалында... «Медеуден» төмен бір-екі жерлерде демалыс үйлері деген үйлер бар. Наркомземнің қарамағындағы, Г.П.У-дың қарамағындағы хуторлар бар. Ағаш араларында лагерьлер бар. Қысқасы, сол таудың қолтықтары, таудың етегі, — ағашты, бақшалы, таудан ағып жатқан суды, қалың шепті, көлеңкелі, саялы, шаңсыз, тозаңсыз тәуір жайлар екені белгілі. Демалыс күні, тіпті жай күндерде де, күн сайын автомобильдер таудың етек саясына қарай, тасты жолмен ерсілі-қарсылы жүріп тұратын. Автомобильге қолы жеткендер тау етегінің саясына бармай тұрмайтын. Әйелдер де аз бармайтын... Әсіресе семірген әйелдер.

6-маусым. Күн ашық еді... Сол күні бір автомобиль екі адамды тауға қарай тасты жолмен алып бара жатты. Екі адамның бірі шопырдың қасында, бірі автомобильдің төрінде. Жалғыз Аян күндегідей таза киінген. Автомобильдің төріндегі жалғыз сол еді, шопырдың қасындағы — Салекеңнің өзі. Автомобиль сол Салекеңнің кеңсесінікі.

Сол күні бұлар «Медеуге» барып, автомобильдерін сол арата тастап, жаяу тауға шыкты. Салекең фотоаппаратымен таудың көріністерін қабаттап, Аян мен шопырды суретке түсірді...

Бесін кезінде автомобиль тау арасынан шығып, сол жақтағы лагерьге беттеді. Бір қызыл әскерлерден жөн сұрап, сол жақтағы бақшаға қарай тартты. Бақша ішіндегі көрініп тұрған биіктеу үйге бұрылды. Автомобильдегілер іздеген Виляның үйі онда тұрмайды екен, әрірек бір үйде екен. Бірақ былтыр сол биіктеу үйде тұрған еді. Аянға бүл үй таныс еді. «Виля» деген атты да Аян қойған еді. Виляның шын аты басқалау еді... Бақшаның ішіндегі Виляның пәтерінің есігінің алдына автомобиль тоқтай қалғанда, Виля есік алдында верандыда отыр екен. Күліп қарсы алып, Салекенмен амандасып, бұларды үйге енгізді. Есік алдында Виляның зайыбы мен бір әйел тұр екен, олармен амандасып, бұлар үйге кірді... Амандасып, күлісіп, Виля қонақтарына бірдеме дайындатуға есік алдына шығып әйелімен сөйлесті. Аянның екі көзі — терезе мен есікте, құлағы — Виля мен әйелінің сөздерінде.

«Айлақ қайда?» — деген Виляның сөзі естілгендей болды. Айлақ көрінбегенге Аян да көңілсіздеу болып отыр еді. Виля үйге кірді. Аян есік жаққа, терезелерге қарап отырды. Терезелердің оңтүстікке қараған жағындағылардың перделері екі қабат еді, бірі терезенің бойымен бірдей жұқа, селдір перде, бірі терезенің жартысынан төмен құрылған ақ шүберек. Ал, күншығыс жақ терезедегі перде жұқа, селдір.Селдір пердеден сырт көрініп тұратын еді.

Аян:

— Апырмай, мына жер не деген жақсы?.. Бақшаның іші... Шаң, тозаң жоқ, таза aya... — деп, тұсындағы екі қабат пердені ашып, терезеден сырттағы бақшаға қарады. Бақша жақтан терезенің тұсында, үйіне келе жатқан Айлақты керді. Үстінде көкала шыт көйлегі бар. Көкала келте көйлек көзіне ыстық көрінді. Аянға өте таныс көйлек еді. Келте қылып қырқатын шашы өсіңкіреп, желкесінен асыңқыраған. Аян пердені жауып жіберді. Күншығыс жақтағы селдір перделі терезеге қарады... Айлақ сол терезенің тұсында келгенде, есік жақтан қарсы шешесі Айлаққа ұшырасты. Айлаққа күліп «бір хабар» айтты. Аян «біздің келгенімізді айтып тұр-ау» деп ойлады. Сонан соң шешесі мен Айлақ екеуі оң жақтағы ас үйлеріне қарай айналды...

Тысқа, терезелерінің тұсындағы бақшаның көлеңкесіне құрылған үстел үстіне шай дайындады...

Виля қонақтарын бақша ішіне дайындаған үстел жанына апарды. Ашық, шуақ күн... Тау етегі, аташ арасы онша ыстық емес. Ауа мөп-мөлдір таза. Тозаң деген ойға да кірмейді. Жасыл жапырақ, жасыл шептердің, кесте тәрізді гүлдердің әдемі иістері көкіректі көтеріп, көңілді шат қылады.

Бақша ішінде, ағаш көлеңкесінде шай ішіп, жидек жеп отырды. Шайға тек Айлақ келген жоқ еді. Салекең шай ішіп отырғандардың суреттерін басып алды. Аян Виляға қарсы үстел шетінде еді. Самауыр жақта Виляның әйелі мен және бір әйел, Аяннан төмен шопыр отыр еді.

— Салеке, енді екінші түрде салыңыз. Екінші вариантын салыңыз!.. Енді бәрімізді жерге отырғызып салыңыз!.. Қазір жерге кілем, көрпе жайғызайық!.. — деді Виля.

Біраздан соң көк шөп үстіне кілем, көрпе жайылып, жастықтар әкеп салғызды.

Виля:

Көрпенің үстіне қисайып біраз тынығыңыздар! — деді. Салекең, Виля, Аян үшеуі жерде, көрпе үстінде әңгімелесіп отырды.

Әлден уақытта Вилянікіне бір таныс қызметкер келді. Ол бәрімен таныс еді. Әңгімелесіп отырды. Енді кілем үстіне бәрін отырғызып Салекең тағы да суреттерін басып алмақ болды. Виля жұртты жинап отырғызды. Енді Айлақта келді. Манағы көкала келте көйлекті тастап, басқа бір тәуірлеу көйлек киген. Айлақ шынымен көрінбей қала ма деп Аян көңілсіз отырған еді. Айлақты суретке түсіруге Виля зорлап шығарған сияқты. Айлақ бұлар отырған жерге, әлгі бейтаныс әйелмен бірге келді. Отырған қонақтармен о да амандасқан жоқ. Қонақтар да амандасуға ыңғайланған жоқ. Аян Салекеңе қарады. Салекең амандасса, сонымен бірге амандаспақ еді, Салекең елемеген соң Аян жалғыз амандасуды ыңғайсыз көрді.

Садекең бәрін жерге, кілем үстіне отырғызып, суреттерін түсіруге аппаратын кұрды. Аян Виляның әйелінің қасына отырды. Виля әйелінің аржағында Айлақ отырды... Аян тым таяу отыруға ұялып, сәл қашықтау отырған еді.

Салекең аппаратты жөндеп, сығалап:

— Аян, сен ана келінге қарай таяуырақ отыршы! — деді. Аян азырақ сырғыды. Айлақтың бетіне, басына, желкесіне көлденеңнен көзінің астымен қарап отырды... Аянның көзінің көбірек тоқтағаны Айлақтың құлағы болды. Аян ішінен:

«Рас, құлағы әдемі емес екен-ау!.. Бұрын құлағын шаштары жауып жүргені жақсы екен той. Қазір шаштарын күзеп тастаған соң құлағы көрінетін бопты. Шынында құлағы бүріскен боз құлақ екен... Өңсіздеу екені рас екен ғой», — деді.

Одан кейін тағы да шай ішті... Шайдың ақырғы кезінде шешесі Айлақты шайға шақырды. О да келіп отырды. Бірақ онымен Аян сөйлесе алмайтын болды. Қалтасындағы өлеңді де бере алмайтын болды. Виляның кішкене қызынан берейін деп байқап еді, одан беруге де ыңғайы келмеді. Салекең мен Виляны сөйлестіріп тастап, Аян қасындағы ағаштарға қарап, қасындағы жидек егілген жерге барып, піскен жидектерді үзіп аузына салып жүрді. Тағы ағаштарға қарап, шоп араларындағы кейбір шашақтарды үзіп жүрді...

Күн әбден еңкейгенде бір-бір стакан шай ішіп, кайтуға тұрысты. Күн кешкірген еді. Салекең таты да Виляның әйелімен қол алысып қоштасты да, Айлақпен қол алыспады. Аян да Салекеңнің істегенін істеп жүріп кетті. Виля мен әлгі келген таныс қызметкер бұларды есік алдында тұрған автомобильге қарай ертіп жүрді.

Шай ішкен үстел мен автомобильдің екі арасы он бес-жиырма қадамдай-ақ... Үстелдің басынан кете беріп, Аян жолда тұрған алма аташының бір жапыратын үзіп алып, жыртып жерге тастады. Және бір шөпті үзіп алып лақтырып жіберді. Автомобильдің қасына келген соң Аян:

— Қалпағым мен таяғымды алып шығайын, — деп, жылдам үйге кipді.Үйге кіре бергенде Виляның бір кішкене баласы арсалақтап жүгіріп келіп, Аянға қолын созды. Аян күліп баланың қолын алып тастады. Бала сөйлемейтін еді. Бірақ Аянды танитын. Бұрын Аян оңашсында Айлаққа келіп жүргенде бүл бала да Айлақтың қасында болатын. Аянмен таныс болып, үйір болған еді. Мына кісілердің көзінше Аянның қасына келмей,тек шешесінің жанында тұрып, Аянға қарап жымыңдап бас изеген еді. Енді оңашада келіп арсалақтай күліп Аянмен қоштасты. Аян үйге кіріп қалпақ пен таяғын алды. Үйде адам жоқ. Хатты тастап кетсем деп ойланып тұрды — жан-жаққа алаңдап қарады. Айлақтың кереуетіндегі жалғыз жатқан бір кішкене жастықтың астына тастайын ба деп жастықты көтерді. «Қой, бұған тастап болмас, басқа біреудің қолына түссе, ұят болар!» — деп жан-жаққа қарады. Кереуеттің бас жағында ілулі тұрған кестелі қалта көзіне түсті. Бүктелген қағазды соған тастай беріп, Аян тысқа шықты.

Вилямен және оның жолдасымен қош айтысты. Әлгі таныс қызметкер Аянның жаңа пәтерінің нөмірін,көшесін сұрады. Аян басқа ойда тұрып, байқамай бұрынғы пәтерінің көшесін атап еді, Виля жөндеп жіберді.

Аян: «Бізге де келіңіздер!» — деп автомобильге мінді.

Влиның Аянмен сөйлесуі бұл жолы сәл солғындау көрінді.

Аян ішінен «Бұл қалай?» — деп ойланған еді. Бірақ жүрердің алдында шай ішерде, Салекеңмен Виля үстел басына отырғанда, Аян алма ағашының жапырағын үзіп,төрт-бес қадам жерде түрегеп тұр еді. Виля Аянға қарап, өте бір жылы жақындық дауыспен:

Кел, отыр, Аян! — дегені Аянның сезіміне тым жылы тиіп

Бірақ Виляға Аян:

— Қалаға келгеніңізде бізге келіңіз! — деп айтуға бұл сапарда бата алмадым...

9-маусым күні бір баладан Айлаққа хат жіберді. Жазған сөзінде, әнеугі 6-маусым күні барғанда кереует тұсында ілулі тұрған қалтаға салып кеткен хатты айтты. Және сол 6-маусым күні тауға барғанда ойында жазылып келген өлеңді хатқа салып жіберді. Бұл өлеңді жазылар романның геройы айтқан өлеңі болады деп шығарған еді Аян.

Бұл өлең «Қараторғай» әніне салынып, Аянның көңілінде айтылатын болған еді. Өлеңі міне:

МҰЗДЫ ТАУҒА

Мұзды тау, мұнарлы ойға шомып батқан,
Зәрлі алған көкірегінде мұз боп жатқан.
Кеудең мен жүрегіңді сұп-суық қып,
Суық мұз жібіместей мәңгі жатқан.
Қарлы биік
Мұзды тұйық.
Көкіректе суыр ма екен жанған күйік!..
Маңиып тұнжырайсың көкке бойлап,
Түсінді жылытпайсың, айналаңда
Қатқандай таусылмайтын бір ой ойлан,
Қарлы биік
Мұзды тұйық.
Іші неге жібімейді, бетін суық,
Тек қана мұнар мен бұлт саған жуық.
Қиырға қалша қарап, тебіренбейсің,
Сұм қиял қатырғандай мәңгі буып...
Қарлы биік...
Мұз жүрек, суық көкірек, кеудең биік,
Өмірге тебіренбейсің басынды иіп, —
Өмірге жібіместей мұз боп қатқан, —
Бар ма әлде көкірегіңде арман, күйік?..
Талақ қып тіршілігін қара жердің,
Ұсынып суық мұзға бойың бердің.
Жердегі тіршіліктен қашарлықтай,
Айтшы, тау, жерден қандай жәбір көрдің?
Мұзды шын, білесін бе жердің сырын?
Білемісің жердің гүлді ой мен қырын?
Беріліп махаббатқа дуана боп
Жырлаған үзіліп-үзіліп бұлбұл жырын?
Мұз биік, көріп пе едің аппақ гүлді
Құшақтап жыр жырлаған жас бұлбұлды?
Ақ уылдыр, аппақ гүлге ғашық болып,
Жылаған үзіліп жырлап бұлбұл жынды.
Ғашық боп аппақ гүлге бұлбұл жынды
Тербеткен жырмен талай торғын түнді.
Тоғайда жапыраққа жасырынып,
Гүл құшқан түрлі күй мен көркем үнді.
Mұзды тау, мен де сендей болсам биік,
Алтын ай шақырса да көктен сүйіп, -
«Жерді қой, ақын бұлбұл, кел!» - десе де,
Жердегі сүйгенімді кетпен қиып...

Aян өлеңді көшіріп, ақ қағазға жазып отырды да, бір-екі ауыз өлеңді көшірмеді. Ащы шыраймен езу тартып күлді...

— Қойшы мұны, жазбай-ақ қояйын!Тағы да нағыз көңілсіз өлең болып шықты ғой!.. Не болса, соған қор болған өлеңім, — деді.

Баладан Айлақ қысқаша жауап жазып жіберіпті. «Айналайын, арамыз осылай болды ғой, қайтейін енді, амал бар ма?.. Үш-төрт күнде өзім қалаға барам, сонда және сөйлесерміз. Көргенше қош бол» деген.

Аян хатты оқып, қабағын түйді де:

— Қойшы енді осыны, дурак!.. — деді. Хатты үстел жәшігіне тастай берді.

Бір-екі күннен соң, маусымның 11-інде, қағаз жазып отырды. Сол үні Қалайы деген әйел мен Виля Аянның пәтеріне келіп қонақ болып отырып қайтты... Вилянық келгеніне Аян қатты қуанып қалды. Үшеуі аздап жүзім шарабын ішті... Күліп, әңгімелесіп отырып Қалайы Аянға:

— Ертең лагерьге барып мыналарға, Әминеге қонақ болып қайтайық!» — деді.

Аян:

— Жарйды, жарайды! — деді.

Виля:

— Обязетельнo келіңдер... — деді.

Сүйтіп Қалайы мен Аянға «Ертең келесіңдер!.. Сөзді соған байлаңдар!» — деді қатты бекітті.

Бірақ ертеңінде Аян лагерьге бара алмады. Үйткені Виля мен Қалайы Аяндыкіне қайтып Қалайынікіне барса, Виляның қатыны келіп отыр екен. Виляның қатыны сол күні Қалайыны лагерьге ертіп алып кетті. Қалайының үйінен бұл хабарды естіген соң, аян өзіне-өзі күліп:

— Е, е солай болған-дұр! — деді. — Виля мен Қалайының бір сұмдығы бар-ау осы... Қызық!.. Шорт!.. — деді.

Ертеңінде Қалайы лагерьден қайтып келіп, Аянның пәтеріне кіріп, кешегі уәдесін орындай алмай кеткенін жуып-шайып кетті.

Өзі енді әдемі киінген. Модный көйлек. Шұбалаң етек. Жалбыр шаш.

Аян ішінен: «Бұл да қызық. Сенің де талай қызық істеріңді еститін едім... Кеше ақылдымсынып отырдың-ау!..» — деді. — «Әй, шіркіндер-ай, көбің осындайсың-ау» — деді тағы да.

Содан кейін маусымның 13-де Аян бір жиылыстан шығып Қалайынікіне кірді. Лагерьден Айлақ келіп отыр екен. Амандасып отырды. Біраздан соң және бір екі-үш жігіт келді. Бірі сол Қалайынікінде жататын жігіт екен. Қалайынікіне Аян барып жүрмейтін еді. Тек түнеугүні Виляларда ғана бір-ақ кірген еді. Енді барып отырғаны өзіне жайсыз көрінді. Бірақ барысымен шығып кетуді лайық көрмей, көбірек отырып қалды. Қалайы шай жасап, бәрі шайға отырғанда Айлақ Аянның қарсысына отырған еді. Жарыққа қарсы отырған соң Айлақтың ептеп бетін, ернін бояғандығы көрінді. Оның бетін, ернін бояйтын болғандығы Аянның көңіліне жаман ой салды. Әртүрлі сөз қатысып отырғанда, Айлақтың мінезі бұрынғыдан гөрі жеңілтектеу болып отырды... Қырқып желкесіне түсірген шашын, орынсыз жерге басын қылжақтатып шайқап қоюы, соз қатқанда орынсыз жерде үстіңгі ернін мөлшерсіз көтеріп, алтын тісін көрсетуі, таты да осындай орынсыз жеңілтек мінездері тым маңызсыздықты көрсетіп отырды... Сағат 12 шамасында Аян үйіне қайтты.

Түн қараңғы еді. Қалайы Аянға:

— Апыр-ай, түн тіпті қараңғы екен, қорықпайсың ба? — деді. Аян күліп:

— Мен қорықпайым той, — деді.

Тура көшемен жүріп отырып, Аян ыңырсып ән салып келе жатты. Бір кезде радиостудия үйінің терезесінің тұсына келді. Көшеге қараған бір терезесі ашық екен. Электр шамы өте жарық жағылған, терезеге қарсы отырған бір әйелді көріп Аян тұра қалды. «Белгілі» әйел... бетін жаман қуыршақша бояңқыраған, өзі терезе жақтағы қабырғаға жабыса отырған біреумен шапшаң сөйлесіп отыр. Бірдемені жеп, аузы ешкінің аузындай жампаңдайды. Көздерін төңкеріп қояды.

— Бұл сайтанның сөйлесіп отырғаны кім екен? — деп Аян шегініп ана кісіге қарады. Ол ана әйелмен бір мекемеде қызмет қылатын әйел екен. Аян ішінен күлді: «Ым-м-м, мына сайқалдың қасында бұл не қылып отыр?.. Бұл уақытта бұлар неғып отыр екен мұнда?» — деді.

Аянның тықырын сезіп қалып, көзін сүзген, бояныңкыраған әйел терезеден басын шығарып қарап Аянды көрді.

— Бұл кім, әй! — деді.

Аянды таныды, Аян күле сөйлесті:

— Ей, неғып мұнда? — деді.

Көзін төңкеріп әйел:

— Ертең Тәшкенге бip жарым айға жүрейін деп отырмын, — деді Аян күліп.

— Е, не болып қалды саған, — деді. Бір-екі ауыз сөйлескен соң, көзін төңкерген әйел Аяннан арақ сұрады...

— Е, мені хулиган дейсің бе, сатан, сендейлерге арақ алып жүретін!.. — деді Аяп. Көзімен сұраған әйел:

— Үйіңе барайық,арақ берсең! — деді. Аян ішінен: «Ту,мына ит әбден керден кеткен екен», — деді де, әйелдердің сөзіне:

— Е, түн ішінде үйге апарып екеуіңді қайтем! — деді. Жабысқан әйел.

— Екеуімізден жалғыз өзің қорықсаң, телефонмен бір жолдасыңды шақырып ал! — деді. Аян:

— Менің жолдастарым түн ішінде келіп «жақсы» әйелдермен арақ ішпейтін шығар! — деді. Еркек іздеген әйел:

— Ендеше үшеуіміз ішерміз, — деді.

Аян:

— Түн ішінде сендерді мен ертіп жүрем бе? — деді.

Еркекке көзін сүзген әйел:

— Оған қайғырмай-ақ қой, өзіміз барып, өзіміз қайтайық.

Аян:

Жоқ! деді.

Ертеңіне Аяндікіне бір қонақтар келіп отырды. Түс кезінде сол қонақтар отырғанда Айлақ пен Әсия келіп, қонақтар отырған соң кіре алмай кетті.

Оның ертеңіне түске тағы да келді екеуі... Аян үйде оңаша еді. Үйде тек қалада оқуда жүрген өзінің жақындары, бір-екі ауыл жігіттер бар еді.

Әсия біраздан соң кетіп қалды да, Айлақпен Аян оңаша қалды... Екеуі ойнап, әңгімелесіп отырғанда Аян Айлақтың бетіне, қимылдарына, мінездеріне, сөздерінің түрлеріне қарап:

- Апыр-ай, осының соншалық несі бар кісі қызықтырарлық?» - деп отырды.

Ол күні Айлақ Аяндікінен кешке жақын кетті. 17-маусым күні лагерь жақтағы Әминенікіне барды. Қаладан шығысымен Аянға қарсы жаңбыр жауған еді. Аян қарсы жауған жауынды елемеді. Аян барып түскенде күн батқан кез еді.

Лагерьде жүрген үш-төрт қызметкер Аянмен амандасып, сөйлесіп, біреуі Аянның жазу мәселелерін сұрап тұрды. Аянның ойы басқада, тек көзі сөз айтып тұрған жігіттерде еді.

Әминенің пәтері лагерьдің сыртындағы бір биік жотаның үстіндегі крестьян земленкесі еді. Әминенің күйеуі сонда кызмет қылатын. Іңірде ас ішіп болып, Аян мен Байсейітов екеуі земленкенің алдына шығып тұрды. Бұлардың тұрған жері таудың етегіндегі бір биіктеу жотаның үсті. Лагерьдің бәрі аяқ астындағы аташ арасында. К,ала одан төмен ойда, ал қаладан темен вокзал. Аян кеудесін салқын ауаға төсеп, біресе кектегі бырдай алтын жұлдыздарға қарап, біресе аяқ астындағы аташ арасындағы лагерьлердің етектегі аташ арасындағы қаланың, одан арғы вокзалдың жұлдыздай электр шамдарына қарап тұрды. Біресе аспанның кек күмбезіне сұғылған карлы таудың бойларына қарап тұрды. Аянның қиялы шарықтай кезіп, дәйек қылмады. Тау етегіндегі жаратылыстың қоңыр жібектей ауасының демі денесін құшып, әдемі леппен еркелетсе де, Аянның көңіл түкпіріндегі бір сыры қозғала берді. Аяқ астындағы лагерьлердің, етектегі қала мен вокзалдың электр шамдары кектегі бырдай болған алтын жұлдыздармен жымыңдасып, ым қағысқандай құлпырып ойнаулары Аянның шарқ ұрған ұшқыр қиялын дерексіз, түпсіз жыраққа шақырғандай болды.

Аян күрсініп айнала қарап, аяқ астындағы лагерьдің жоғарғы ұшығына көз жіберді. Тау мұнарының күңгірт торғынына оралған ағаш арасындағы әр жерде әлсіреп жылтылдаған ұшқын сияқты от араларынан Айлақтың үйін іздеді.

Байсейітовке қарап, дауысын соза сөйлеп:

— Жа-рай-ды!.. Не деген жақсы кеш... Ылғи осындай жерде тұрып әңгімелер,өлеңдер, кітаптар жазып жатар ма еді? — деді.

Байсейітов Аянға:

— Несі бар!.. Осында келіп жатып жазуға болады той! — деді.

Ертеңінде Әмине, Байсейітов, Аян үшеуі Вилянікіне барды.

Үйлерінің сыртында олар шай ішіп отыр екен. Шай ішіп отырған Виляның үй ішінің адамдарының ішінде бір-екі қонақтары көрінді. Бірі түнеугүні Салекең мен Аян келіп кеткенде Вилянікіне келіп отырған Виляның жақсы танысы және Аянның да танысы Сақас жолдас екен. Бірі татар қызы. Виля мен Сақас тұрып амандасты:

Виля күліп Аянға:

— Міне, танысаңыз мынау қыздарым!.. Мынау біздің әйел — деп, Айлақ пен қасындағы қызы мен әйелін көрсетті. Аян ішінен: «Мынау қызымен жаңа ғана таныстырғаны ма?» — деп күлімсіреп, қыздармен амандасты. Онан соң Виляның әйелімен амандасты. Самауырдың тасасында тұрған кішкене қызымен амандасуға қолын созып еді, Виля күліп:

— Бұл біздің первый сорт! — деді.

Аянға Сақас пен Виля арасынан орын берді. Аян басындағы кепкесін алып еді, Виля кішкене қызына Аянның кепкесін үйіне апартып қойғызды.

— Шай құй!.. Шай құй Аянға! — деді Виля.

Айлақ, Әмине және қонақ қыз тұрып үйге қарай кетті.

Шай құйып беріп, Вилянын, әйелі Аянға күліп:

— Анау күні неге келмедіңіз? — деді. Аян не айтарын білмей, Виляға қарап:

— Мені ертпей кетті той әлгі Қалайы, — деді.

Виля Аянға:

— Мына қатындар оны істеген... — деді.

Әминe Виляны үй ішімен және Сақасты түскі асқа шақырды.

Виля мен Сакасты ертіп үйіне енгізді. Біраз сөйлесіп отырды. Әмине мен Байсейітов үйлеріне даярлық жасауға кетті. Біраздан соң бәрі Әмине мен Байсейітовтікіне жүрді.

Виля, Сақас, Аян үшеуі үйден шыға бергенде, Айлақ қарсы жолықты Аян жайлау қарап еді, Айлақ күлімдеп, жеңілтек шыраймен қарады. Аян да тесіле қарап өттi.

Бақшаның жолымен еркектер алда, әйелдер олардың соңында келе жатты. Аян кепкі мен күміс портсигарын оң қолына ұстап, жалаңбас келе жатты.

Әйелдер тәуір көйлектерін киген.

Айлақ сұр ала сәтен көйлегін киген. Белін қынаған, делдек етек сұр ала сәтен көйлегін Айлақ сирек киетін еді... Виля ақ киім киген, Сақақ белбеусіз ақ көйлекті, жалаңбас. Аянның үстінде белі қилыңқыраған қара бешпент, қара шалбар, бешпенттің ішінде қалың сарғылт көйлек,жағасын,жеңдерінің үстерін,етегін жібекпен кестелеген. Көйлегінің жоғарғы түймелерін ағытып, жағасының екі ұшын қайырған. Аятында жібек ұйық, әдемі туфли.

Аян кепкісі мен күміс портсигарын оң жақ қолына ұстаған күйі сол жақ қолымен жолдың жағасындағы ұзын шөптердің гүлдерін жұлып алып иіскеп, тастап келе жатты.

Бірақ ойы арттағы Айлақта еді.

Кейбір шөптің сабағы мен шашағын жұлып алып иіскеп, біраз бұлаңдатып отырып, тастап тағы да бір шөптің гүл шашағын жұлып, иіскеп тастап келе жатты. Біраздан соң неге бүйтіп келе жатқанын ойлады. Ішінен: «Менің осылай келе жатқанымды артта келе жатқан әйелдер көріп келеді-ау?» — деп, Виля мен Сақасқа қарап соз қатты.

Әминенің земленке пәтерінің терезе түбінде шырмауық жапырақтары қаптаған үйшік бар еді. Көрпелер төселіп, қонақтар сонда отырды. Айлақ және оның қонақ қызы, Әмине үшеуі земленкеде жүрді. Айлақтың күлген даусы Аянға естіліп отырды. Үйшікте еркектермен бірге Виляның әйелі де отырды.

«Виляның әйелі соңғы кездерде мені ұнатпайтын сияқты-ау», — деп ойлап еді Аян. Бүл ой Аянға соңғы кездерде түскен еді. Бүгін бұл әйелдің қабағы Аянға теріс тәрізді көрінбеді.

Таудың тозаңсыз, жұмсақ ауасынан дем алып, үйшік ішінде бәрі күліп, сөйлесіп отыр. Азырақ жаңбыр сіркіреген соң бәрі земленкеге келіп отырды.

Дастарканға сыра келтірді. Айлақ пен қонақ қыз ішпеп еді, Виля ішкізді. «Жүзім шарабы» қызыл арақтан да оларға бір-бір ішкізді. Аян Айлақ пен қонақ қызға қарап отырып, ішінен: Айлақтан ана қыздың көзі мен бет ажары тәуір екен-ау», — деді.

Еркектер қызыңқырап отырды. Бұрын шылым тартпайтын Аян бүгін шылымды көбірек тартты. Бір нәрсеге көңілі алабұртқанда Аянның шылым тартатын да бір әдеті бар еді. Қалың үлкен күміс портсигардан шылым алып, піл сүйегінен істелген, алтындаған әдемі ақ мүштікпен шылымды тарта түсіп отырды. Шылым тартқанда, не сыра, не қызыл шарап ішкенде, Аянның көзі Айлақтың көзіне түсіп, қарасып қалып отырды. Айлақ жымыңдап күліп қояды. Әмине қасына келгенде, сыбырлай күңкілдеп Аян туралы бірдемені айтып күліп еді. Айлақ пен қонақ қыз ас ішісімен кайтты.

Біраздан соң Вилялар кайтты. Кайтарда Аянды ертіп кетпек болды. Аянның кепкесін алып, қолына ұстатып, Виля:

— Жүр, әйде, біздікіне барамыз! — деді. Аян олардікіне қазір баруды ыңғайсыз көріп:

— Кейінірек барармыз, кейінірек барайық! — деді.

Виля:

— Жарайды, ендеше, келесіңдер ғой?.. Келіңдер! — деп кетті.

Үйтсе де, ол күні Аяндар Вилянікіне баруды ыңғайсыздау көрді. «Қайта-қайта келді дейді той», — деді ішінен Аян.

Ертеңінде, 19-маусымда Аян қалаға қайтты. Қайтардың алғанда біраз ғана өлең жазды. Өлеңді бір жазып оқып, өзгертіп жазды... Өлеңнің ішінде, енді Айлақты «тез ұмытсам екен» деген тілегін айтты. Айлақ қаладағы Аяндікіне келіп кеткенде «ертең тағы да келем» деп уәде қылып, бірақ келмей, тек телефонмен сөйлесіп қана кеткенін айтты. Аянның кейпі бір түрлі солғындау, мұңайғандау еді. Өлеңі де дәл сол сарынмен жазылды... Соңғы өзгертіп жазған өлеңі мынадай еді:

Жар жүректің жарасы.
Қиын қасірет табылуы,
Дерттің біту шарасы...

Бұл өлеңді жазып алып оқып, Аян ащы шыраймен езу тартып өзіне-өзі күлді:

Махаббат сезімін мазақтап жазған өлең болды-ау! Вот дурак , — деп қарындашты жерге тастай берді. Біраз ойлап таты да жазды:

...Бұл дүниеде шын махаббат —
Іздеудей дерт бар ма екен?
Сол дертті тез бітіруге
Дәрмен іздеу ар ма екен?
Ондай дертті жазатын жан,
Жер түбінде болса да,
Аян соны іздеп еді,
Жолы— «жауға» толса да.
Соған барып жалынар ед,
Мазақ қылып күлсе де,
Жазам десе шыдар еді,
Көкірек-баурын тілсе де.
Дер еді Аян: «Тез сендірсең
Жүректегі өртімді,
Не бол десең, сол болайын —
Тек ұмыттыр дертімді...
Тағы жазды:
«Келемін» деп келмей кеттің, —
Өзің сүйген Аянды...
Талай сертті ыстық сөзің
Болмады ма баянды...

Бұл хатты алып кеткен жігіт тез қайтып келді. Айлақтың қайыра жазған хатын Аянға берді. Аян оқыды. Айлақ жазу емлесін жақсы білмейді дегеміз. Өзінікіндей қылып кешіруге тырыстық.

«Аян.

Сенің жазған хатыңды алып оқыдым. Мен қайтейін, бірақ саған жолығып кетуге уақытым болмады ғой. Кеше Әмине айтқан сені осында келіп турады деп, мүмкін соған дейін сөйлесе алмаспын, көргенше хош бол. Өзің келіп жүр бізге. Асықпа, тағы бір жайлап сөйлесерміз-дағы, жарай ма ? Осында кел кітап жазуға. Басқа сөз жоқ. Айлақ.

Жазған хатының дәмі жоқ деп мұңайма, жаным. Сабыр ет.

Айлақ, 19/ VI — 32 жыя.»

Аян езу тартып ащылау күліп:

— Жарайды! — деді. — «Кітап жазу» дегеніміз бұрын басқа мағынада болушы еді. Мынаны қай мағынада жазды екен шайтан? Мұнысы — сол бұрынғы өзіміздің мағынада ғой!.. Жарайды... «Кітап жазуға келуге болады...» — деді.

Хат апарып келген Хамитқа Аян:

— Хатты қалай бердің? — деді.

Жігіт қалай бергенін айтты:

— Жолдағы қарауыл мені арман өткізбеді... Сонан соң түр едім, Виляның қатыны лагерь жақтан келеді екен...

— Не тып тұрсың? — деді.

— Сіздікіне бара жатыр едім. Үйлеріңді көрейін деп едім! — дедім.

Сонан соң Виляның әйелі:

— Бұл бізге баратын кісі, жіберіңіз! — деп үйіне ертіп барды.

— Неге келіп едің деп сұраған жоқ па? — деді Аян.

— Сұраған жоқ. Тек күледі, біледі ғой деймін! — деді Хамит. — Ноғай қызынан жасырмайтын көрінеді той, хатты сол екеуі оқыды, — деді.

Сүйтті ме?, Ым-м-м... Жасырмайтын болған ғой! — деді

Aян:

Қалаға жүрерінде Аян Әминенің дәптеріне екі ауыз өлең жазды. Ол өлеңді Айлақ келіп оқиды дегі жазды. Өлеңді Әминенің дәптеріне жазып болып езу тартып күліп басын шайқады:

— Осындай өлеңдерді соңыра романға кіргіземін-ау!.. Неғып ылғи бір жексұрын өлеңдерді жазатын әдетке ұшырадым? Апырмау «Біздің тұрмыстың» осындай шірік түрлері мені шынымен жеңіп кетіп жүрмес пе екен осы?.. Тұрмыстың мұндай соқпағына қайдан ұшырадым осы? — деді.

Өлеңді қайтадан оқыды.

Әминенің дәптеріне...

А. - Қ-ҒА.

«Тілегіңді ал, дүниеден» деп,
Сүйгенімді таңдатса,
Бір-ақ қана сүйгеніңді
Береміз деп андатса.
Көк «ұжмағын» талақ қылып,
Бір-ақ тілек қылар ем,
Еш нәрсеге мойын бұрмай,
«Аққуымды» алар ем.

1932 жыл. 19-маусым. Лагерь.

Аян қалаға келіп қызметін істеп жүрді.

23 маусымда Аян лагерьдегі Әминенікіне тағы да барды. Тағы да кешке барып еді.

Земленкелерінде кәресін шамның жарығымен Әмине мен Бейсейітов Аян үшеуі сөйлесіп, шай ішіп болған соң, Аян Әминеннің дәптерін қарады. Әмине күліп:

— Абзи, әнеугі сіздің жазғаныңызды Айлақ тартып алып кетті... Және өзі де бірдеме жазып кетті! — деді.

Аян күліп:

— Е, неге бердің?.. Сенін дәптеріңе жазылған соз емес пе еді? — деді.

Айттым мен, тек оқыңыз да қойыңыз деп, болмай алып кетті, маған жазған өлең дейді. Әлгі, тігі ногай қызымен екісі келген еді. Келіп дәптерді қарап, өлеңді оқып, жыртып алды... Өзі көп отырып сол дәптерге бірдемелер жазған, — деді Әмине.

Аян қарап жүріп, Айлақтың жазып кеткен өлеңін тауып алды. Өлеңі мынау екен:

«А...

30/VI — 32 — жыл лагерь

I — хат жаздым қалам алып, жаным, саған.
Хат жазбақ парыз болды енді маған.
Парыздан құтылуға жаза салғаным жоқ.
Жазамын сағынғаннан, амалым жоқ.
II — Ақ көлмектің соқтым алмен
Мен сені тең көрмеймін ешбір жанға.
III — Жарасқан күміс білезік білегіме,
Қашан мен жетемін ойлаған тілегіме.

Жазған Айлақ»

Жазылды Әмине жанымның үйінде әм Байсейітов күйеу баламның үйі болады екен той...»

Айлақтың өлең хатын оқып Аян әуелі кеудесін керіп, күлімдеген түрмен езу тартты. Сонан соң, біраздан соң езу тартып ащылау шыраймен күлді. Демін ішіне тартып:

— Ие, бұ да өлең!.. Жарайды, бәрін де болашақ романға кіргіземіз той! — деді. «Біздің тұрмыстың» алуан түрлерін де жұрт көрсін, «үлгі болар!» — деді.

Ертеңінде Әмине, Байсейітов, Аян үшеуі Вилянікіне барып бірсыпыра отырып қайтты. Екі рет шай жасады, бақша ішіне және палау даярлап оны жеді, Виля үйде жоқ екен...

Біраз кісі ертемен тауға шытып кеткен екен. Бұларға кешеден доктор қатыны келіп жатыр екен. Бақша ішінде үстел жанында Аян отырып оңаша қалтаңда Айлақпен сөйлесті. Аяндар келгенде Айлақтың үстінде қоңыр барқыт келте көйлек еді. Бұл көйлек те Аянға тым жақсы таныс еді...

Айлақ оны тастап таза көйлек киіп шықты.

— Әнеугі қызға менің хаттарымды көрсетіп оқыпсың той? — деді Аян.

— Жоқ, ол қызға көрсеткем жоқ... Тек мамам ғана көрген, — деді Айлақ.

Аян ішінен:

«Жасырды той антұрған... Жарайды, оны түптерміз», — деді. Қыздың жөнін, адресін сұрап еді, бір көшенің атын айтты да, қыздың атын айтпады.

Доктор әйелмен де сөйлесті Аян. Аян бүгін көңілденіп отырды.Доктор әйел Айлақты жақсылап сөйлеп еді, ол да Аянның көңілін көтере берді. Айлақтың шешесінің қабағы да, үстел басындағы сөздері де Аянға тым жылы, тым жақын көрінді.

25-маусымда Аян қалаға қайтты. Айлақтікіне барған татар қызын іздеді. Айлақтың айтқан көшесінен оны таба алмады...

— Е, сайтан бұл қызды білмесін деген ғой... Оны таппай қоймаспын, — деді.

Доктор қатыны да сол күні қайтқан екен.

Айлақ туралы таныстары Аянға едәуір әңгімелер айтты...

Аянның көңіліне бүл әңгімелер өте жаман тиді. Аян үйіне қайтып келе жатып өкінді.

«Әттегене-ай, осындай әңгімелерін бұрын айтпады-ау! Бірақ қазір айтқаны да теріс емес қой, енді...» — деді.

28-маусымда Айлақ Аянға телефон соқты. Үйлеріне телефон құрылғанын айтты. Телефонмен қалай сөйлесу тәртібін айтты.

Күле сөйлеп:

— Не ғып отырсыз?.. Жазуға кірістің бе? — деді.

Сол өзіміздің романды аздап жазып жүрмін! — деді Аян.

30-маусымда Айлақтағы да телефон соқты:

— Неге звонит етпедің?.. — деді.

— Сендердің телефондарыңды сұрап алу тіпті қиын екен той.

Екі-үш рет сұрап ала алмадым! — деді Аян.

— Қалаға барам деп едім. Бара алмай қалдым... Жығылып, аяғымның терісі жыртылып, қазір байлап алып жүрмін. Жазылған соң барам қалата, — деді Айлақ.

— Аяғы жарақаттанды деп Әмине айтып еді, — деді Аян.

— Өзім айтпасам сұрамайсың-ау? — деді Айлақ.

— Әминенің айтуына қарағанда, ондай жанға бататын жара деген жоқ еді, — деді Аян.

— Ей, маған он шақты конверт алып жіберші. Осы конверт табылмай қойды. Төрт-бес хат жазып едім, төрт-бес кісіге, соларды жібере алмай жатырмын, — деді Айлақ.

— Жарайды алып жіберейін!.. Өзің қалата қашан келесің? — деді Аян күліп.

— Шілденің сегізінде барам... Әминелермен бірге бармақ болып едім, шілденің жетісінде барамыз деп уәделесіп ек. Бірақ біздің үйдегі қызмет істейтін әйел жетісінде демалатын еді... Ол күні мен бара алмаймын, сегізінде — барам, — деді Айлақ.

Шілденің жетісінде Әмине мен Байсейітов екеуі қалаға, Аяндікіне келді.

Ертеңінде сағат он-он бір шамасында Айлақ телефон соқты.

— Мен қалата келіп едім... Пәлен жерде отырмын, Әминеге айт, келіп мені ертіп кетсін! — деді.

— Жарайды, жарайды! — деді Аян. Кеудесін керіп, жылы шыраймен езу тартып күлді.

Әмине Айлақты ертіп келді.

Ол күні Әмине, Байсейітов, Айлақ бәрі Аяндікінде болды. Аян мен Айлақ көбінесе оңаша қалып сөйлесіп, күлісіп ойнап отырды. Анаугүнгі түнде Аяннан арақ сұрайтын Далия соққанның соңғы былықтарын Айлақ қайта-қайта сұрай берді.

Тамақ жеп, азырақ жүзім шарабын ішіп, күн еңкейген кезде Әмине мен Байсейітов кайтты. Айлақта кайтпақ болып еді, «Біраз отырып кет, сен ертең қайтасың той», — деп Аян Айлақты жібермей қалды.

Аян мен Айлақ оңашада біресе ашуланысты, біресе қайта күлісіп әңгімелесті.

Бүгінгі Айлақтың мінезіне қарағанда, бір нәрсеге өте жайсызданып жүрген сияқты... Аян «Бұл қалай? Мұнда не гәп бар?» — деп ойланып отырды.

Айлақ Аянға:

— Қалай, таныстарың мені саған жамандайтын шығар, ә? — деді.

— Онша орасан жамандайтын ешкім жоқ, бұрын өзіңе белгілі адамдар, сені әрине мақтамайды. Оны өзін де білетінсің, — деді Аян.

— Мен бір хаттар алып жүрмін. Біреу мені айтпағанды айтып жамандайды... — деді Айлақ.

— Кім?.. Қандай хат? Біреуден хат алып жүрмін дейсің бе?.. Кім жазады? Не деп жазады? Қашаннан бері алып жүрсің ол хатты? — деді Аян.

— Екі хат алдым. Әуелгісін жыртып тастап едім, екінші хат жазыпты. Жауап қайыр, әйтпесе сатан жаза береміз дейді. Не деген иттің баласы екенін білмеймін, аузына түскенін айтып жамандайды ! — деді Айлақ.

— Хаттың астына қол қоя ма? — деді Аян.

— Қол қояды. Жазған адамдардың өз аттары емес қой деймін. Өзі ылғи «біз» деп жазады. Бірінші хаты тіпті жаман еді. Екінші хаты одан гөрі жұмсақтау... Жауап жаз дейді. До востребования қылып жаз дейді. Юнусов дегеннің атына, — дейді, — деді Айлақ.

Онан соң әлгі Далия, Күлия, — үшеуің қазір бір қалыптағы адам дейді.

Аян мен Айлақ бүл туралы едәуір сөйлесіп отырды. Аян ішінен:

«Е, e, мұның әлгі құбылжып кейімпазданып отырғаны осы екен ғой. Апырай,бұл шынымен Далия мен оның жолдастарындай болып кеткені ме?.. Жұрт солай бағалай ма екен? Олай болса, мына не болды енді?» — деп қапа болды.

Айлақты шығарып салғаннан кейін Аян да дәптеріне бір сөздер жазып ішінен күліп:

— Жазылмақ романға керек болар! — деді.

Ертеңінде Аян да бір местный хат алды. Ашып қарап, түсі суып кетті: Айлақты жамандап жазған хат екен. Аянға жазыпты:

«Сен Далия мен оның жолдастарын білсең керек. Олардың, былғаныш бұзықтығы Алматыға мәлім. Ал сенің мына Айлағың да олардан кем емес. Сен қоюың керек мұны...» — деген.

Ертеңінде Айлақ телефон арқылы сөйлесті.

— Ей, кеше келіп кетемін деп уәде қылып едің той, неге келмедің? — деді Аян.

— Е, уақытым болмаса мен қайтейін енді және таты да сатан барған соң кешке шейін жібермей ұстайсың! — деді Айлақ.

Аян хат алғанын айтты. Айлақ өте сасқалақтап, хатты қайта-қайта сұрады. «Маған жібер», — деді. Аян «жарайды», — деді. Аян дал болды және Айлақ қайтарында соғып кетпеген соң, Аян тағы да ренжіді.

— Қойшы, осымен енді әуре болмаймын. Мына хаттағы сөздер, тым былғаныш сөз ғой. Бұл не болды енді? Осымен әуре болып не қылам енді?.. Осыны несіне қызғанам сонша? Не білім жоқ, не түрі жұрттан асқан емес?.. Әсіресе білім, ақыл дегеннен дым жоқ екені енді әбден білініп болған жоқ па, осы? Қой, осыны енді тастайын! Мұның осы шатастырғаны да жетер! Мына хат не сұмдық, тәңір-ау? — деді.

Аян Айлақты білетін өзінің жақын таныстарымен сөйлесті. Алған хатты тексерді. Бірақ хаттың сөздерінің көбі Аянға белгілі де еді... Айлақ туралы жақын таныстарының пікірлерін қорытпақ болды. Олармен Айлақ туралы сөйлескен сайын Аянның көңілі сәл болып, ойы дал болып, ақырындап басылайын деді. Аян жалғыз келе жатып ішінен: «Әттеген-ай, осымен шатасып текке адастым-ау! Бұл туралы достарымның сөздерін тыңдадым ғой! Осындай адамға уақытымды қор қылдым-ау! Адам соқыр болайын десе, мылқау, меңіреу болайын десе, бола береді ғой! Ах, та шорт! — деп Аян өзіне-өзі ыза болды.

Айлақты жамандап жазғандар Аянға ақыл айтады: «Мұндай жаман, лас, бұзық адаммен шатаспа. Саған бұл лайық емес», — дегенді айтады.

Олардың көрсеткен адресі бойынша Аян оларға кейіп жауап жазды. Сонан соң, Аян тағы да әлгілерден хат алды. Тағы да жаман хат.

13-шілдедеАян Айлақпен телефон арқылы сөйлесті.

— Ертең қалаға барам, — деді Айлақ.

— Бізге кіресің бе? — деді Аян.

— Кірмеймін! — деді Айлақ.

14-шілдеде, сағат 9-да киініп тысқа шығып, Аян Айлақтың келіп түсетін Қалайының үйіне қарай жүрді. Жолай дүкен алдынан Әсия кездесіп, екеуі сөйлесіп тұрды. Сонан соң Әсия Айлақтың түсетін пәтеріне қарай кетті. Аян сол арада күтіп жүрді. Едәуір уақыт өтті.

«Осы мен не тып тұрмын?.. Анау күні қоям дегенім қайда еді? Қой, енді осы ақырғы іздегенім болсын!.. Қайтем мұны?.. Ай, итсің ғой өзің!» — деді Аян өзіне.

Айлақ пен Әсия келе жатыр екен. «Үйіңе бара бер!» дегендей ым қақты. Аян үйіне келді. Қараса жазу үстелінің үстінде Айлақтың жазған хаты жатыр екен. Бүгін, жаңа жазған хат.

— Ей, мына хатты кім әкелді? — деді үйдегі балаларға.

— Қайдам, бағана Қалайының қызы келіп отырып кеткен, — десті.

Аян түсінді. Хатты оқыды. Айлақ хатқа Аянның шын атын жазыпты. Өзінің шын атын жазыпты. Бірақ біз шын аттарын жазбай-ақ хатты көшірейік. Емлесі Айлақтікі:

«Аян:

Мен келдім таңертең. Бірақ ауырып отырмын келгеніме өкініп.

Және туфлиіме келген едім, даяр болған екі пар, мамам мен менікі. Оған ақша сұрап жатыр. Бұрын айлықтан ұстап қалатын, енді ақша әкелмесең бермеймін деп отыр. Мүмкін болса маған 44 сомдай ақша беріп жібер. Өзім барармын, сағат бірлер шамасында. Ертең сағат 4-те кетем. Сәлеммен хат жазып қалған

Айлақ. 14/ VI 1-32 жыл ».

Кешікпей алған жексұрын хаттары туралы сөйлесті. Айлақ Аян алған екі хатты сұрады.

— Оқиық, көрсетші! — деді.

— Кейін көрсетем... Сен алған хатыңды ала келдің бе? — деді

Аян:

— Жоқ, үйде кісілер болып ала алмадым. Қиынға тығып тастаған едім, — деді Айлақ.

— Және иттер жазған хатында мені әлгі Далия мен Күлиялармен бірдейсің дейді. Әлгі Далияны алып айрылған ит кім еді, сонымен де... дейді. Бұл не деген иттің балалары, ей!? — деді.

— Маған да сүйдеп жазады... Ол кім еді өзі, сен сонымен де танысып жатты. Алдының бір-екі жеріне кесте төккен ақ кенеп көйлегін ақ керуеттің басына асып қойды. Айлақтың қасына келіп, екеуі ойнап сөйлесіп жатты.

Бір кезде Аян соңғы жазған өлеңдерінен бір-екі аузын жатқа оқыды. Айлақтың көзінен мөлтілдеп жас шықты. Оны көріп Аян сасыңқырап:

— Көзіңнен жас шыққан ғой?.. Неге бүйттің, жаным? — деді. Айлақ жастыққа бетін тығып тағы да жылады. Аян Айлақты құшақтап жұбатты. Кешпен отырып Аян романға кірісті.Түнімен жазды өзін-өзі ұмытқандай болып жазумен шұғылданды. Неше түрлі адамдардың құлықтарын, сырларын тексерді. Жиналған барлық ой, сезім тұздықтарын қалам арқылы қағазға төкті. Жазған «романы» көбінесе өлеңмен жазылған әңгіме еді. Аянның ішкі сезім-сырлары романдағы көрнекті орын алатын адамның құлық, мінез, сырларына құйылды. Романдағы бас кейіпкердің мінез-құлық, сырлары өзінің мінез-құлық сырларындай болып жазылды. Романдағы бас кейіпкердің тұрмысын жазып келіп, жазған сөздерін қайтадан оқып, Аян ащы түрмен езу тартып күлді.

— Ым-м, осы болғаны ма біздің тұрмыс? — деді. — Қандай «үлгілі тұрмыс, қандай «үлгі» боларлық әйел, қандай «үлгі» боларлық «ер»!.. Өзіңе де болайын, тапқан әйеліңе де болайын... — деді.

Аян жатуға дайындалып тысқа шыққанда таң білініп келе жатыр еді. Қызған денесін таң салқынына төсеп, Аян зеңгір аспандағы жылтылдаған алтын жұлдыздарға нұрын шашып келе жатқан таңға қарап тұрды. Қиырсыз аспанның шексіз теңізіне қарап тұрып, Аян романдағы жазылған өлеңдерінің бір-екі ауызын дыбыстап айтты. Айтқан өлеңі өзінің адасқандығын, жарқыраған алтын таңға шатып айтқан сөздей болды.

Не қылдым, есті осынша алдырғандай?
Өкінтіп ақырында налдырғандай?
«Жұлдызын іздеп жүрген нақ осы?» деп
Тұрақсыз ұшқынға көз салдырғандай?
Не кегің бар жолдан мені тайдырғанын?
Мені арзан ұшқынға қол жайдырғаның?..
Алдантып былғанышқа былғандырып,
Шындық пен иман нұрын шайдырғаның?..—

деді. Зеңгір аспанның қиыр шегіндегі қоңыр ала бұлттарға нұрлы таң қызыл ала, сары ала, ақ ала қылып жарқыратып алтын сәулесін шашты.

Түнеріп қамаған тау мен түнеріп құрсаған қара орманнан асыра алтын сәулесін шашқан таң Аянның шағым тәрізденіп айтқан сөзіне жауап беріп, көңілін көтергендей болды.

«Лас адамдармен былғанып, теріс, жаман жолға түсіп кеттің. Сенің жолың ол емес, түзу жолыңа түс. Алтын таңның сәулесін маңдайыңа ұста!..» — дегендей болды.

Аян кеудесін керіп дем алды.

БАШҚҰРТСТАН - АЙСҰЛУ

Сауда көшесі мен Фонтан көшесінің түйіскен бұрышы күндегідей қыбыры көптеу еді. Жан-жақтағы көшелерден келіп түйісіп, ерсілі-қарсылы өтіп жатқан халық бұл бұрышта қалыңдау болатын еді.

Бұрыштағы газет-кітап сататын үйшіктен Айназар бір кітап алды. Алған кітабын ашып қарады да, көзін көп тоқтатпай көкке қарады. Бұлтсыз торғындай көкте шырқ айналып гүрілдеп аэроплан қалықтап бара жатыр еді. Аэроплан орағытып, дөңгеленіп, төмен құдиып, жалт беріп, қайқайып жоғары шықты. Айназар қарап тұрып езу тартып күлді.

Дыбыстап: «Уа, шіркін!..» — деді.

Ерсілі-қарсылы өтіп жатқан жұрттың да талайы аэропланға қарап кетіп жатты. Айназар іздеп жүріп тауып алған кітабын ұмытып, көкте қалқып қаланың төбесінен қарап жүрген аэропланнан көзін алмады.

«Өзге аэропландардікіндей емес, мұның қанаттарының ұштары сүйір екен-ау!.. Мұнысы әдемілеу екен!» — деді ішінен

— Немене көкке қадалып тұрғаның? — деп, біреу күліп Айназардың иығына қолын салды.

Айназар жалт қарады.

— Е-е, сен екенсің,ғой! Не хал? — деді езу тартып. Әшір күлді.

— Аэропланды жаңа көргендей қарап тұрсын ғой... Ақындығың ұстап тұр-ау, a, a? — деді.

Айназар да күліп.

— Жоқ, сен қарашы өзің, бұл не деген керемет, не деген әдемі сурет?.. Көк теңізінде шырқап қалықтаған көк темір денелі жел қайық! — деді.

Әшір ойнап:

— Бәce, бірдемені ұшқыр қиялға салып ойлап тұр ғой деп едім. Қой жүр, айда бізге, сөйлесейік, — деп, Айназардың қолтығынан алып Кзкрайсоюзге қарай алып жүрді.

Казкрайсоюзге кірген соң, Әшір өзінің отыратын бөлмесіне енгізіп Айназармен әңгімеге кірісті.

Айназарға: «Мәскеуден келген бір ноғай қызына айтып едім, сені бір ақын, жазушымен таныстырайын», — деп, ол «жарайды, таныстыр», — деп еді. Сонымен танысасың ба? — деді. Айназар:

— Қандай ноғай қызы?.. Мұнда неменеге келген қыз? — деді.

Әшір:

Өзі ногай емес, башқұрт қызы. Центрсоюздан осында командировкамен келген еді. Енді осында, облпотребсоюзда қызметке қалатын болып жүр!..

Айназар күліп: «Оқыған қыз ғой өзі?..»

Әшір: «Оқыған, ВУЗ-ды бітірген қыз!..»

Айназар: «Жарайды, таныстыр!» — деді.

Әшір күліп: «Мен қазір осында, шақырайын оны», — деді.

Айназар күліп: «Шақырғанда менің кім екенімді әуелі айтпай таныстыр. Жай ғана, кез болған адам сияқты қылып таныстыр. Мен әуелі қызды көрейін, ұнамайтын болса таныс болмаймын!..» — деді.

Әшір күліп, басын изеп: «Жарайды!» — деді.

Жанындағы телефон тұтқасын алды:

— «2-03» — деді.

— Облпотребсоюз ба?.. Сұлтанованы телефонға шақырыңызшы... Рақшаев... — деді.

Телефон тұтқасының құндақшасын құлағына ұстап отырған бойымен Әшір Айназарға қарап күлді! «Қазір шақырады», — деді.

— Әлло! Бұл кім? Ә-а, Айсұлу!.. Мұнда келіп кет әлі!.. Жарайды, — деді. Телефонный тұтқасын орнына іліп қойып, Айназарға: — Қазір.

Айназар күліп, қозғалып қойып, үстіндегі өңінен жуылмаған ақ жібек көйлегінің ағытулы жағасын түзеді. Астары сұр жібек замшы белбеуін жөндеп, Әшірге тағы да:

— Сен таныстырғанда менің кім екенімді айтпа, егер де таныс болып кеткендей болсақ, біле жатар! — деді.

Әшір күліп: «Жарайды айтпайын кім екеніңді», — деді.

Кешікпей бұлар отырған бөлмеге ұзынша бойлы, сидалау аққұба жас әйел кіріп келді. Жалаң бас. Қою қалың шашын желкесінен жоғары түйген. Үстіне кигені жабайы шыт көйлек. Кіріп келген аққұба әйелге Әшірдің қарауынан, күтіп отырған башқұрт қызы Айсұлудың сол екенін білді Айназар. Башқұрт қызының бет шырайы Айназарға ұяң көрінді. «Ұялшақтау қыз-ау өзі!» — деді ішінен.

Қыз келіп жай сыпайы жымиып Әшірмен қол алысып амандасты. Әшір: «Танысыңыздар!» — деп әйел мен Айназарды таныстырды. Айсұлу Әшірдің қасына отырып жай тана сөйлесіп отырды. Айназар жай аңқау отырған адам сияқтанып, әрбір қимылын батып отырды. Башқұрт қызы Әшірдің алдында жатқан қызмет қағаздарына қарап бір қағазды қолына алып қарады да, Әшірге:

— Мынау сізге қалай ұнайды? — деді.

Әшір бірдеме деді. Айназар Әшірдің сөзін тыңдамады. Оның назары, барлық көңілі башқұрт қызының әрбір қимылын, әрбір сөзін андып бақылауда еді. Сүйтіп отырып Айназар ішінен мынаны ойлап отырды:

«Есімі Айсұлу. Жақсы, көркем есім екен... Қазақтардың таза ескі, сұлу есімдері де осындай болған. Мысалы: «Айман, Шолпан, Жібек, Қарлығаш... башқұрт пен қазақ тұрмысының, тілінің, тұқымының жақындығы осы той. Бұлардың бір көркем өлеңі бар еді, әні де сұлу еді. Өлеңін ұмытып қалыппын, талай есіме түсірейін деп сол өлеңді есіме түсіре алмай жүрмін. Өлеңнің қайырмасында мынадай сөздері бар еді:

...Оң қолында қос білезік
Бик көп жүзік, —
Белкей нәзік!..

деп жырлаушы еді. Мен осы өлеңді тамаша жақсы көріп едім. Бұл өлеңді айтқан осындай бір жас әйел еді. Мынау одан сүйкімді екен. Бұл біле ме екен оны? Әбден таныссам сұраймын ғой. Күлгенде барлық үстіңгі тістері жарқырап көрінеді екен. Тістері не деген ірі, аппақ, қандай жақсы тіс. Жанияның тістерінен мұныкі әдемі екен!..» — деді.

Айназао ішінен осылай деп отырғанда Айсұлу Әшірмен қызмет жұмыстарын сөйлесіп отырды. Айназарға Айсұлудың шырайы ұяң тәрізді болып көрінсе де, Айсұлу ақырындап Әшірмен іс туралы сөйлесе берді.

«Қалай екен?» дегендей Әшір Айназарға қарап қойды. Онысын башқұрт қызы сезген секілді болды.

Сондықтан Айназар Әшірдің онысына еш белгі бермеді. Жай сұлық бейғам адамша отыра берді. Тек сәнденіңкіреп, сол жақ қасын қиғаш көтеріп қойды.

Айсұлу бір жұмысты Әшірден сұрап, Әшірдің нұсқауымен ол жұмыстың мағлұматын Айназардың арт жағындағы үстелде отырған орыстан алуға соның жанына барды. Қимылы, жүрісі, сөзі сыпайы, салмақты, бәсең екендігі Айназарға айқын көрінді. Айназар ішінен: «...Қой, мұнымен жөндеп танысу керек екен, я сүйкімді қыз екен. Жаман емес. Жаниядан артық сияқты... Өзі ақылсыз да болмас... Қой, енді кетейін, әзірге осы да болар», — деді.

Тұрып, Айназар қош айтысты...

Бірнеше күннен соң Әшір Айназарды Айсұлудың пәтеріне алып барды. Айсұлу бір орыс әйелімен бірге тұрады екен. Орыс әйелі сол Айсұлумен бірге облпотребсоюзда бір сектордың бастығы екен.

Әшір Айназарды ертіп барғанда кешкі сағат 9 кезі еді. Орыс әйелі жоқ, үйде Айсұлу жалғыз, шай ішіп, патефон тыңдап отырды. Айсұлу Айназарға балғындау, бойшаңдау көрінді.

Үшеуі амандасысымен, Айназар Айсұлумен патефон пластикасын қарасып, таңдағандарын ойнатуға қойып, шүйіркелесіп кетті. Айназардың үстіндегі белі қиылған қара бешпенті, сымдай қара шалбары, кіршіксіз ақ жағасы, — оны ұзынша бойлы жалпақтау жауырынды, ақ мойнақ қара лашынға ұқсатты... Әшір біресе патефонның қасына келіп, біресе бұрыштағы үстел үстіндегі кітаптарға қарап:

— Рада Павловна тез келе ме? — деді Айсұлуға.

— Кешікмиша келер енді! — деді Айсұлу. Айназар ішінен:

«Мұнысы Радасы қандай әйел екен», — деді.

Кешікпей есікті ашып, ашаң сарылау, жастау әйел күле сөйлеп тұра қалды. Шолақ шашты. Ұзынша бойлы, жіңішке, ашаңдау, көтеріңкі мұрын, үлкендеу зеңгір көзді әйелдің ашық, ақжарқын екені есіктен кіріп келгеннен-ақ Айназарға айқын болғандай.

Әйел есікті ашып кіріп келіп Әшірге қарап:

— Кім шақырды сіздерді? — деді күліп. Әшір күліп:

— Біз сіздерге қонаққа келіп отырмыз. Жалғыз емес, мына жолдасыммен келіп отырмын! — деді.

Әйелмен қол ұстасып амандасып, Айназарды мезгеп:

— Танысыңдар, — деді.

Уақ-түйек әрнемені сөйлесіп отырысты. Айназар патефон тұрған ортадағы үстел жанында түрегеліп, сол бойымен пластинкаларды қарап тұрды. Сымдай қара бешпент шалбарлы, аппақ жағалы Айназар қарала мойнақ лашын секілді еді.

Әшір екі әйелге:

— Жүріңдер, бір жерге барайық! — деді.

Екі әйел:

— Қайда барамыз? Және, қазір кеш емес пе? — деді.

Әшір:

— Кеш емес... Бір ресторанға барайық. Бір-бір шұңқыр сыра ішерміз, — деді.

Екі әйел тартпақтаңқырады. Рада Павловна Айназарды тосырқаныңқырап отырған сияқты болды.

Айназар сезіп, ішінен: «Бұлардың менен тосырқаныңқырап отырғаны, әсіресе ана Раданікі, менімен таныс еместіктері- ау», — деді.

Кушеткада отырған Әшірдің жанына Рада Павловна барып отырды. Жай отырған болып, күбірлеп Әшірмен сөйлесті. «Мына жолдасың кім?» — дегендей болды.

Әшір Айназардың кім екенін айтқандай болды.

Сүйтіп Әшір:

— Жүріңдер, жүріп келейік. Мына жолдастікіне барып отырып қайтармыз? — деді.

Ақыры екі әйелді ертіп, бұлар тысқа шықты.

Кеш қараңғы еді. Қалада электр жанбайды. Көшелерді жағалай өскен биік қалың аташтардың қою жапырақтары қала үйлерім бүркеп, көше бойларын тым қараңғы қылады. Тек кейбір үйлердің терезелерінен жылтырап көрінген от, кейбір қақпалардың босағандары сығырайып жылтыраған кішкене лампалардың оттары көзіндей жылтырайды. Көше жиектеріне тіктеген түйіртпек тастарға аяқтары соқтығып,сүрініп, малтығып, тобықтары бұлтылдап төртеуі бірін-бірі қолтықтап, Фонтан көшесімен жүрді. Раданы Әшір қолтықтап, Айназар Айсұлуды қолтықтады. Айназар қолтықтаған қолымен Айсұлудың жалаңаш білегін ұстап келе жатты. Айназар әйелмен қолтықтаспайтын еді. Анда-санда, кейде бір жақын әйелді қолтықтаған болса, сыпайылап білегінен ұстап отыру Айназардың әдеті еді.

Айсұлу қолтықтап алысымен,ақырын еппен білегін ұстап Айназар ішінен ойлады:

«Білегі балғын екен-ау, дене бітісі жетік қыз той. Шашы қалың ірі, мықты, кемі жоқ бір тегіс. Тістері ақ, егерде жүрсе бұдан да аппақ болар еді.Бірақ өзі әдеміленіп жүрмейтін әйел сияқты. Ым... Онысы салақтық емес, сәнденуді жаратпайтындығы болар. Өзі қай жағынан қарасаң да Жаниядан артық қой»-, деді.

Айсұлу:

— Менің қараңғыда көзім еш нәрсені көрмейді. Тауық соқырлығы сияқты! — деді күліп. Әшір:

— Айназар, Айсұлуды мықтап қолтықтап ал. Жығып алма, — деді.

Айназар:

— Жығылсақ бірге жығылармыз! — деді күле сөйлеп.

Көше жиегінің бұдырмақ тастарына аяқтары қақтыға берген соң, тегістеу жер іздеп жолдан шыға жүрді.

— Аматының көшесінде жүру біртүрлі қиын!.. Әсіресе кешке жүріп болмайды! — деді Айсұлу.

— Я, солай, мұның көшесі біртүрлі жексұрын! — деді Айназар.

— Ештеме етпейді! Мен әбден үйреніп алдым Алматы көшесімен жүруге! — деді Рада.

Бір тасқа аяғы соғылып, малтығып қалып түзеле басып:

— Ту!.. А-ай, Алматының көшесі-ай!.. Бұл электрді де жөндеп жақпай қойды ғой! — деді Айназар.

Aйназардың пәтеріне келіп отырысты. Кәресін шамы жарық қыла алмады. Екі әйел жай ғана Айназардың пәтерін айналдыра қарап қойды.

— Пәтеріңіз кең екен... Бөлмеңізде сізден басқа тағы кім тұрады? — деді Рада.

Айназар:

— Өзім ғана тұрып жатырмын... тар бөлме емес! — деді.

— Я, үлкен бөлме екен, — деді Айсұлу. Айназар үйге кірген бойымен:

— Я, ал, жолдастар!.. Немен сыйлайын сіздерді!.. Не ішесіздер? Менде вино бар, — соны ішейік, закускаға консерв болар? — деді.

Рада мен Айсұлу:

— Біз үшін әуреленбей-ақ қойыңыз! Бізге ешнәрсенің керегі жоқ! — деді.

Айназар:

— Жо-оқ!.. Үйге келген соң бірдеме ішіп-жемей болмайды ғой! — деді.

Шкафты ашып шараптарды алып қоя бастады.

— Как же! Біздің рәсім бойынша қонақ құр шықпауы керек. Үй иесі не берсе соны қабыл қылып, жеп-іше беруге тиіссіздер! — деді күліп Әшір.

Шарап пен консервілерді үстел үстіне дайындап жүріп, Айназар өзінің жазу үстеліне келіп, аударма календарьдың сол күнгі бетіне қызыл қарындашпен бірдемені жазып кетті. Онысы мынау еді:

«1932 жыл.

3-қыркүйек.

Айсұлу Сұлтанова».

Сол үш-төрт сөздерді жазып, «Сұлтанова» деген фамилияның астына плюс қойды. Мұндай плюс таңбаны «жақсы», «дұрыс» деген маңынада қоятын еді. Енді Айназар сол белгіні Айсұлуға қойды. Аударма календарьдың 1932 жыл, 3-кыркүйек күнгі бетіне бұл белгіні қойып, «Айсұлу Сұлтанова» деп жазып, қызыл қарындашты үстел үстіне тастай беріп, Айназар қонақтарының қасына келіп шарапты құйды.

«Айсұлумен әнеугүні таныссам да, соз қатысқаным осы бүгінгі 3-қыркүйек қой», — деді ішінен.

Қымбат шараптарды көрген соң Әшір көтеріле күлді:

— Мынау жазушы, ақын... Ақшасының көптігінің белгісі осы... Бұлар тек қымбат виноларды ғана сақтайды той! — деді.

Айназар ыңғайсызданыңқырап күлді:

— Жо оқ, ақшаның көптігі емес, мен өзім вино ішсем, тек тәуірлерін ғана ішетін әдетім, сондықтан тана осындай виноларды сақтаймын...

Солай деді де, ішінен «Антұрғанның, мыналарға мені мақтағандағысысы ғой», — деді. Бірақ Әшірдің үйдеп мақтағанын ішінен теріс көрген, жоқ. Өзінің онысын өзі сезді де,өз ұрлығын өзі ұстағандай, өзінің мінезіне өзі ұялыңқырады.

«...Япырым-ай мақтанды жақсы көрмейтін адам болар маекен. Біреу мақтанса қандай сөкет көріп, мазақ қылар едім. Енді, міне, өзім де мақтануды тәуір көріп отырмын. Шорт!» — деді. Айназар дыбыстап:

— Кәне, жолдастар, алыңыздар! Жем жайсыздау болды, бірақ енді амал жоқ! Қазір бары осы! — деді.

Рада:

— Но, сіз неге үйдейсіз! Бұдан артық жемнің не керегі бар? Меніңше мұныңыз тіпті жаман жем емес! — деді.

Айсұлу:

— Әрине, бұдан артықтың не керегі бар?.. Біз бит сізге тек ішіп-жеу үшін келмедік, сіз бекерге әуре болдыңыз! — деді.

Әшір:

— Жарайды, әлі таты да бас қосармыз, Айназардың сіздер келді деп дайындалмағанының өзі осы! — деді. Айназар ішінен:

«Вот антұрған, тағы да көтермеледі-ау!» — деді. Шарапты ішіп, кейіптене сөйлесіп отырды. Рада Айназарға:

— Сіздің өз есіміңіз, әкеңіздің есімі қалай ед? Мен қалай айтуға білмеймін, — деді.

Айназар күліп:

— Менің есімім — Айназар, фамилиям — Самигуллин. Орысша «отчество» бізде болмайды! — деді. Рада:

— Қалайша олай?.. Отчествосыз бола ма екен?.. Қазақта «отчество» айту әдет болмаған ба? — деді.

Айназар:

— Жалпы түрік нәсілді елдердің бәрінде де өз есімі мен әкесінің есімін қосып атайтын ресім жоқ... тек өз есімдерін тана айтады... Мысалы, менің есімім Айназар.

Мынаның есімі — Әшір. Сіздің есіміңіз — Рада. Мына кісінің есімі - Айсұлу. Кім атаса да осылай атай береді. Барлық түрік нәсілді елдердің бәрінде де солай. Мысалы: татар, башқұрт, өзбек, ноғай, қазақ, қырғыз — бәрінде де солай! — деді.

— А-а, солай ма! Мен білмейтін едім. А-а, мынаны неге «Әшір Сүлейменович» деп атайды?.. Жана мына Айсұлу башқұрт қызы, — бұл да анкета жазғанда «Айсұлу Шапигуловна Сұлтанова» деп жазады! — деді. Айсұлу: «анкеттерде«әкең аты,есімің кім» деген сұрауға жазып, мен дағдыланып кетіппін, — деді.

Рада:

— Мен де кейде мұны шақырғанда: «Айсұлу Шапигуловна» деп шақырам, — бұл қалай? — деді.

Айназар:

— Бұл әшейін орысқа еліктегендік. Орыстарда солай атау болған соң, біз де солай қылайық деп кейбіреулер әкесінің атын орысша атаған болып жүреді! — деді.

Рада:

— А-а, солай екен той! Мен білмеуші едім. Олай болғанда, сіздерді, бір керген кісілерге бірінің-бірі тек есімін атай берсе, сөкеттігі жоқ қой? — деді.

— Әрине, сөкеттігі жоқ. Мысалы біздің оз есімдерімізді тана атай беріңіз. Соның өзі дұрыс емес пе? — деп Айназар Айсұлуға қарады.

Айсұлу жымиып:

— Менімше солай, оз есімін тана атаудың өзі дұрысырақ деймін! — деді.

Рада күліп Әшірге, Айсұлуға:

— А-а, енді осының өзі жақсы болды, мен енді сені тек «Әшір» деп қана атаймын, сені «Айсұлу» деп қана атаймын. Осының өзі женіл. Үйренбеген тілге өз есімін және әкесінің есімін шұбалтып айтып жату тіпті қиын болады. «Әшір Сүлейменович», «Айсұлу Шапигуловна» деп жатқанша, қысқа ғана: «Әшір», «Айсұлу» деп қана айтқан оңай емес пе? Ал сізді сүйтіп, қалай деп атайды, мен ғапу өтінемін, жана айтқан есіміңізді мен ұмытып қалдым, — деді.

Әшір күліп:

— А-ай, ұялмай сол екі арада ұмыта қалдыңыз ба? «Айназар» де.

Рада:

— Енді қайтейін? Бұрын үйренбеген есім болған соң ұмытып қалдым. Енді ұмытпасқа тырысам: «Ай-на-зар-р», «Ай-на-зар-р», — деді.

Айсұлу күлді:

— Балаларға ұқсап жаттап ал! — Жымиып күлгенде Айсұлудың теп-тегіс ақ тістері тізіліп көрінді.

Айназаp Айсұлудың тісіне қарап, ішінен: «Тістері не деген тегім! Сүйтіп күліп суретке түссе, қандай келісті болып шығар еді!» деді.

Тістерін көріп Айназардың олай деп ойлағанын сезгендей, Айсұлу тістерін жасырып, еріндерін жауып, ақырын қысып, екі ернін ашылмаған қызғалдақша бүріп томпитты.

Айсұлудың тістерін жасырып, екі ернін ашылмаған қызғалдақша томпайтқанына қарап Айназар ішінен: еріндері де жақсы екен-ау!.. Қалың да емес, жұқа да емес. Аузы, еріндері әдемі деуге болатын екен. Қазақтың «оймақ ауыз» дегені осыдан артық болмайтын шығар. Еріндері сүюге қандай сүйкімді. «Сүюді» бұлар, - башқұрт «убу» дейтін болар. Қазақтарда «өбу» деп те атайды ғой деген сөздерді ішінен айтып отырды.

Бұл сөзді ішінен айтып отырған Айназардың көзіне көзі түсіп Айсұлу ұялыңқырағандай болып төмен қарады. Айназардың ішінен ойланған әлгі сөздерін Айсұлу сезгендей.

«Әй, мынау, менің көзімнен үндемей айтқан сөзімді сезіңкіреп қалды ау!» — деп Айназар күліп жіберді. Төмен қараған көздерін көтеріп Айсұлуда күлді.

Ол екі арада Рада Павловна мен Әшір екеуі сөйлесіп, күлісіп отыр еді.

Айназар кейіптеніп: Ал ішейік, жолдастар! Тіпті ішпедіңіздер ғой. Алыңыздар! — деді. Әшір:

— Рада, Айсұлу, сіздер тіпті ішпей қойдыңыздар, бит бұл әйелдер ішетін вино! Мұның қуаты тіпті шамалы болады, қорықпаңдар, алыңыздар! — деді.

Екі әйел:

— Өздеріңіз ішіңіздер. Бізге осының өзі де ауыр болады! — деді. Айназар:

— Жоқ, оларыңыз жарамайды. Әйелге арнаған әлсіз виноны ішкепегендеріңіз орынсыз, кәні, алыңыздар! — деді.

Әшір:

— Я, Рада, Айсұлу! Сендер немене, бала болып кеттіңіздер ме? Ішіңдер? Үй иесі әйтпесе сендерге наразы болады! Шығыс елдерінің рәсімін білмейсіздер ме?.. Қонақ үй иесінің іш дегенін іше беруі керек, әйтпесе, үй иесі ырза болмай қалады... Алыңдар, — деді.

— Я, я, алыңыздар! — деді Айназар. Рада:

— Ой, болмадыңыздар ғой, кәні ендеше, Айсұлу, ішейік... Ал бірақ ішкенде не үшін ішеміз? Ә, не үшін ішеміз? — деді.

Әшір:

— Үй иесінің саулығына ішейік! — деді.

— Жоқ! Жақсы таныстыққа, жақсы достыққа ішейік! — деді Айназар.

Сызылып, сол жақ қасын сәндене қиғаштап күлген Айсұлуға Айназар жымиып қарап қойды.

— Үй қожасының саулығына ішейік, — деді Айсұлу.

Рада:

— Ал ендеше, үй қожасының саулығына ішеміз! — деп рөмкені көтерді. Бәрі рөмкелерін қағысып, түйістіріп ішті. Солай біраз қалжыңдасып, күліскеннен соң, Рада мен Әшір, Айсұлу мен Айназар сөйлесіп отырды.

— Сіз Мәскеуден мұнда қашан келдіңіз? — деді.

— Маусымның басында келіп едім, командировкамен келіп едім, қазір енді осында бір жыл қызмет істеуге алып қалып отыр.

— Башқұртстаннан Мәскеуге келіп тұрғаныңызға көп болды ма? — деді.

— Бірсыпыра уақыт болды. Әуелі Мәскеуге оқуға бір ВУЗ-ға келіп кірдім. Ол ВУЗ-ды бітірген соң сонда кызметке тұрып және институтке кірдім. Оны да бітірген соң, сонда қызметке кірдім. Қазір енді сіздің бұл Алматыға келіп кызмет істеуге тура келіп қалды.

— Қалай, Алматы сізге қалай көрініп жүр?.. Мүмкін ішіңіз пысатын болар. Бүл бұрынғы заманда бір жырақ шетте, оқшау жатқан мәдениетсіз қала болған. Бұл қала әлі де жетіспей жатқан қала: театр жоқ деуге болады. Кинолар нашар. Электр стансасы да әлі оңбай жатыр. Кеш болса көшелер қараңғы, пәтерлердің көбінде электр жоқ. Барып демалып кайтатын мәдени орындар аз. Өте киын мұнда. Онсоң қаланың тазалығы да,тәртібі де нашар. Көшелердің көбінде жатқан кедір-бұдыр тастар коп. Монша біреу-ақ, оның өзі де нашарлау, салынып жатқан екінші монша өте ұзақ істеліп бітпей жатыр. Пәтер мәселесі де киын. Қысқасы, қала мақтанарлық қала емес. Сізге Мәскеуден кейін бұл қала қайнаған тұрмыстан шет жатқан бір ауыл сияқты болып көрінетін шығар.

Айсұлу ойланып:

— Я... солай ғой... Бірақ маған Алматы бик ұнады. Мәскеудің қайнаған тұрмысы, Мәскеудің шуы мені біраз шаршатқан еді.

Демалу қиын еді Мәскеуде. Ә, мұнда бик тыныш, кызмет істеуге жайлы, қызмет істеп жүріп тынығуға да болады екен. Мұнда келгелі мен едәіуір тынығын қалдым. Онсоң бұл араның табиғат түрлері де бик жақсы. Қарлы тау,тоғай, миуалы бақшалар, көшелеінде ағаштары көп, көшелеріне арық бойларымен ағып жатқан сулы - біртүрлі ұнайды, сондықтан мен мұнда бір жыл қызмет етуге қалдым... Менің туған-өскен жерім таулы, орманды, бұтақты,өзенді жер. Маған мұндай жер бик ұнайды. Бит,сізге де табиғаттың көркем түрлері ұнауға тиіс, сіз бит ақын. Ақын адам көркем табиғатты сүюге тиіс.

— Я... Әрине,табиғаттың көркем түрлерін жақсы көреді ғой адам...

— Маған бұл араның ана биік қарлы тауы, бақшаларында өсетін гүлдер, жазғытұрымғы бақшаларында сайрайтын бұлбұлдары, онсоң арық бойларымен сылдырап ағатын сулары бик қатты ұнайды, мен ақын болсам бұларды жазған болар едім! — деді күліп Айсұлу.

Айназар:

— Сіздің табиғат түрлерін былайша жақсы көріп сөйлеуіңізге Қарағанда, сіз өзіңіз ақын екеніңізді білдіресіз... Сіз жазбайсыз ба? — деді.

Айсұлу күліп:

— Жо-о-оқ!.. Мен ақын емеспін! Көп жазып та көрмегенмін, тек табиғатты жақсы көрем. Бит орманды, таулы мекен еткен ауыл қызы, — деді.

Айназар:

— Башқұртша жаза білесіз ғой?

— Жақсы білмеймін!

Айназар қалжыңдап, басын шайқады:

— Ай-ай, мұныңыз ұяттау екен! Өз елінің жазуын жақсы білмеу ұяттырақ бит? — деді.

Айсұлу:

— Ия... Рас, солай, ұят-ақ, бірақ амал жоқ, тұрмыс солай болды. Бірақ башқұртша жазуды жақсы танимын, тек қолым жазулы жақсы білмейді. Енді башқұртша, қазақша кітаптар оқып, қазуға жаттығуды ойлап жүрмін. Бұл күнде уақыт болыңқырамай жүр, бірақ енді кешікпей қолға алам! — деді.

Айназар: «Сүйту керек...» — деген кезде, бұлардың сөзі бөлінді. Баланың даусындай еркелеген жіңішке үнмен:

— Айсұлу!.. Үйге қайтайық... — деді Рада. Айназар мен Әшір екеуі бұл сөзге қарсы болды:

— Но-у!.. Сіз немене! Әлі ерте.

— Біз үйлеріңізге ертіп апарып саламыз. Неге асығасыздар!

Айсұлу:

— Қайтсақ, қайтайық, — деп еді, Айназар:

— Жоқ, әлі біраз отыра тұрыңдар! — деді.

Әшір күліп:

— Үй иесі ұлықсат қылғанша отыруға тиіссіздер! — деді.

Айназар, әлі отырыңқырайсыздар деген түрмен Айсұлуға:

— Әрине, отыра тұрыңыздар... Да... Сізге башқұрт жазуын және қазақша сөйлеуді тез үйрену керек... Шындап қолға алсаңыз бір-екі айда жақсы төселіп кетесіз ғой! — деді.

— Әрине, мойынға алып кіріскен соң қиындығы жоқ қой... және дегенмен, мен өзім де, бит білемін ғой!

— Онан соң, жаңа сіз «кеп жазып та көрмегенмін» дедіңіз, бұл сөзіңізге қарағанда, кеп жазбасаңыз да, аз-маз жазған екенсіз ғой?

Айсұлу күлді.

— Жо-о-оқ, былай ғана... Бір журналға мақалалар жазғаным болды, басқа жазуды әдет қылмағанмын!

Айназар күле басын шайқап:

— Жо-о-оқ, сіздің әлгі, табиғат түрлерін әдемілеп айтқаныңызға қарағанда сіздің өзіңіз ақын болуға тиіссіз!

Айсұлу ұйтқыған желмен ойнаған шыбықша бұрала күлді:

— Жо-о-оқ, олай емес! Мен, тек табиғатты жарататынымды ғана айттым. Ондай ештеме жазған емеспін. Демек сіз, жырлар жазасыз ба, жоқ қарасөзбен, прозамен жазасыз ба?

Сол жақ қасын қарлығаштың қанатындай қиғаштап Айназар мойнын сәнденіңкіреп қисайтты.

— Көбінесе жырмен жазамын! — деді.

— Жазғандарыңыз, баспа жүзіне шыққандарыңыз кеп пе? — деді.

— Біраз бар!

Айсұлу:

— Жазғандарыңызды маған оқуға беріп тұрарсыз?

— Әрине берермін!

— Сіз, біздің башқұрт жазушыларынан білетіндеріңіз бар ма? Башқұрт әдебиетінен хабардарсыз ба?

Башқұрт әдебиетінен соңғы бір-екі жылда хабардар емеспмін! Бұрын башқұрт журналдарынан «Сесен»деген журналды алып тұрған едім. Онсоң Башқұртстанда ғылым шорасында істейтін Вали Хангелди деген менің досым бар еді, сонымен хат алысып тұратын едім. Ол маған башқұрт хрестоматиясын жіберген еді. Мен оған өз жазғандарымнан жіберген едім. Қазір онымен байланысымыз үзіліп кетті... Енді қайтадан сол Хангелдимен байланысты қалай жасауға білмей жүрмін. Сіз Хангелдиді білесіз бе?.. — деді.

— Білмеймін, мен башқұрт қызметкерлерінің көбін білсем керек еді. Ләкін, бұл Хангелдиді білмеймін, ол өзі башқұрт па? — деді.

— Жоқ, татар!

— А-а, бәсе, татар болғанға, мен оны білмеймін екен той. Башқұрттарды білетін едім, ол қайда істейтін еді дейсіз?

— Наркомпрос, инпрос маңында... Ғылым шорасында істейді — оқу құралдарын түзетіп жүрді.

— Да, бүл кісіні мен білмеймін!

— Онан соңмен Халиковты жақсы білем. Билдановты жақсы білем! Ибілти деген башқұрт ақынының жазғандарын оқыған едім.

— Ал бұлар башқұрт қызметкерлерінен, — деп Айсұлу бұлардың соңғы уақытта қайда істегендерін сөйледі.

Сол кезде Рада балаша еркелеген дауыспен:

— Айсұлу, үйге қайтайық! — деді таты да.

— Но, немене сіз асығып кеттіңіз, — деді.

— Қайтсақ, кайтайық, Радаша! — деді Айсұлу.

Бұлар көшеге шыққанда қала ұйқыда еді. Тек кейбір көшелерде, анда-санда тана бірді-екілі адамдардың қараңғыдан бойлары көрініп, сыртылдаған аяқтарының дыбыстары естілетін еді. Бұлар төртеуі екі-екіден қолтықтасып келе жатыр. Айназар мен Айсұлу ілгері, Әшір мен Рада кейін. Екі әйелдің пәтерлері қаланың тау жатында, ал Айназардың пәтері төменгі жақта болғандықтан, бұлар көше бойларымен жоғары өрлеп келе жатты. Көше бойларында электр шамдары жанбаған еді. Тек кейбір көшелердің әр жерінде сығырайған шамдар көрінеді. Аспан бұлтсыз, жартыланып туған ай мен жұлдыздардың ақ сәулесі көше бойларын, қаланы әдемілеп көрсетіп тұр. Айсұлу парк арқылы жүргісі келмесе де, өзгелерінің еркі бойынша бұлар парк арқылы жүрді. Парк ішінде де электр шамдар жанбаған. Жайылған көк торғындай аспандағы жартыланған алтын ай мен бырдай болып шашылған алтын жұлдыздардың жерге шашқан нұрлары ұйықтаған қаланы, парк ішіндегі қалқыған ағаштарды күміс мұнармен қаптағандай. Парк ішіндегі қалқыған ағаштардың көлеңкелері жасырған жол бойымен бұлар екі-екіден сөйлесіп келе жатты. Айназар Айсұлуға:

— Қараңызшы, қандай тыныштық!.. Қала түгелімен ұйқыға батқан!.. Мына ағаштар да қалғып, ұйқыға кеткен сияқты!.. Аз ғана желдің нәзік демі тисе де қозғалысып, сыбырласып тұратын жапырақтар да қазір тынып ұйқы мұнарына батқан! Қараңыз, анау суық қабақты қарлы тау да ақ торғын жамылып ұйқыға кірген сияқты, — деп Айназар оң қолымен қолтықтап келе жатқан Айсұлуға, сол қолымен қаланы, ағаштарды және қарсы алдарындағы тауды көрсетті. Айсұлу Айназардың сөзі мен қиян мұнарына кіргендей ойлы шыраймен дауысын созыңқырап:

— Да-а, тамаша жер Алматы! Мен айттым бағана сізге Мәскеу тұрмысынан кейін бұл арада бик жақсы тынысуға болады екен деп! Жаратылыс суреттері жақсы.

Айсұлу кейін қарап, артта келе жатқан Әшір мен Радага:

— Сіздер кейін қалдыңыздар той! Жүріңіздер! — деді. Олар:

— Жүре беріңіздер! Біз әңгімелесіп келеміз! Асығатын іштеме жоқ! Мұндай жақсы түнде таза ауамен біраз дем алу керек! — деді.

Айназар мен Айсұлу жүріп отырып, парктің жоғарғы жақ шетіндегі шытар аузындағы бір орындыққа келіп, кейін қалған Әшір мен Раданы тосып отырды.

Екеуі қатар сөйлесіп отырғанда, Айназар көкке қарады. Есіне Жания түсті. Айназардың жүрегі ақырын қозғалып ашығандай болды.

Алматы тауының, ағаштарының, қаласының түнгі түрлерін көріп отырып, бұраңдап аққан арық суының асыға жүгіріп, былдырлап сыңқылдап ойнаған үнін тыңдап Айсұлу алыстағы орман, тау ішіндегі башқұрт ауылын ойлады. Башқұртстаннан соңғы кетерде әниінің айналып-толғанып, қоштасып маңдайынан өпкені есіне түсті. Көптен көңілін билемеген балалық сезім жүрегін ақырын қозғалтқандай болды. «Әнилерімді, туғандарымды, туған ауылымды қазір көрер ме едім» деген оймен Айсұлудың көңіліне азырақ сағыныш кірді. Өзі бір елдің орталық қаласында отырса да шет жерде жалғыз отырғандай көрді.

«Аһ! Туған ауылдың біреуін қазір көрер ме еді», — деп, ішінен айтып қалды да, Айсұлу өзін-өзі ұстай алды. «Қой, менің мұным не?.. Мен бит бала емеспін. Мен кеңес қызметкерімін! Менің қайда қызмет етуім керек деп ұйғарса, мен сол қызметті істеуге тиіспін! Сол үшін мен оқып адам болдым бит! Башқұртстан не, Қазақстан не? Екеуі де бір кеңес республикасы. Мұндағы халық арасында да туғандарындай жаны жақын адамдар болуы мүмкін емес пе?» — деп Айсұлу Айназарға балаша сүйеніңкіреп, иығына басын таяңқырады. Әлгі ойлар Айсұлудың жүрегін, көңілін ілезде қозғап өтті.

Айназар «сенің кетпегеніңді мен тілеймін» деген ойын сездіргендей:

— Сіздің кетпегеніңіз жақсы болар еді, — деді. Бұл сөзді қалжың сияқтандырып айтса да, әлгідей мағыналы қылып айтты.

Сүйтіп тұрғанда, күңкілдей сөйлесіп Әшір мен Рада көше бұрышынан көрінді.

Айсұлу Алматы қаласының оңтүстік жағына биік қорған болып жатқан мұзды тауға қарады. Ұзыннан-ұзақ жатқан мұзды таудың шошақ-шошақ қарлы биіктері қасқырдың азу тістері сияқты көкті қауып жатқандай көрінді. Сұлу айлы, жұлдызды тынық түннің жеңіл мұнары тауға нәзік жібек торғын жапқан сияқты еді. Кедір-бұдыр шошақ тістерімен ырсиып көкті қапқан мұзды тау жеңіл жібек торғынға оранып, қалғып ұйқы мұнарына батқан еді. Жартыланған алтын аймен, алтын жұлдыздармен өрнектелген көк күмбез тәрізді аспанға таудың биік шыңдары тиіп тұрған сияқты болып көрінді. Таудың карлы биік шыңдарының күнбатыс жақ шеттегісіне бір алтын жұлдыз жарқ етіп ағып түсті. Тау биігіне қарай аққан жұлдыз көк шатырға, көк күмбезге алтын сызықша сызды.

Айсұлу Айназарға асыққан үнімен:

— Ана акқан жұлдызға қараңызшы, қандай матур болып түсті, — деді.

Айназар қарап тұрып, ойланған қабақпен:

— Дәл, көкке тартқан алтын сызықтай сызылды, — деді және ойланыңқырап. — Алтын сызық, алтын әріп. — Айсұлудың қолын ұстап: — Арапша «Айсұлу, Айназар» деп жазғандағы алтын әріп пе әлде? — деді жылы толғанған шыраймен.

Айсұлу ойланыңқыраған жылы шыраймен:

— А-а, солай ма? Да-а, қалай болғанда да бик матур сызылды. Әлде біреудің бақыт жұлдызы ма ағып түскен! — деді.

Айназар қалжың үнмен:

— Біреудің бақыт жұлдызы ағып түскен болса, екінші біреудің бақыт жұлдызы оның орнына туған болар! — деді.

Әшір мен Айназар әйелдермен қош айтысып қайтты. Әшір Айназарды қолтықтап келе жатып:

— Немене, еш нәрсе шытатын ба? — деп күлді. Айназар ішінен «Ай, мына шіркін, таныспай жатып бірдеме шығармақ-ау! Бұған не дермін енді! Әуелі танысу, білісу, сүйісу десем күледі той. Мұның өз ойына жақындатып айтпасам түсінбейді де той», — деді.

Әшірдің сөзіне дыбыстап:

— Бірден ондайға икемдеуге болмайды той! Өзі жаман әйел көрінбейді. Маған ұнаңқырайды. Әсіресе маған ұнаңқырайтыны, өзін-өзі әлдекім секілді көкиіп ұстайтын әйел емес, нағыз өзіміздің шын қызметкер — кеңес әйелі екендігі ұнайды. Кеңес школын бітірген. Кеңес тәрбиесін алған. Жылтыраған, еркек іздеген жылтыр бет әйел емес, білімді, оқыған, салмақты. Өзін-өзі ұстай білетін әйел секілді көрінеді, — -деді. Және ішінен: «Ә-әй, Жа-ния-ай! Сен неге осындай болмадың екен?» — деді. Әшір:

— Ия, жаман әйел емес, білімді әйел. Бірақ енді, қалай дегенмен сен оны жөндеп айналдыруын керек. Өзін не дедің? Ол не деді? Бірдеме болатын ба? — деді тағы да күліп.

Айназар күліп:

— Енді, ә дегенде не болушы еді? Тек әйтеуір біраз сөйлесіп таныстық қой! — деді.

— А-ай, сенің әйелге ебің жоқ-ау деймін! Әйелді ә дегеннен-ақ икемдеп алып кету керек қой? Бұларға батылырақ болмасаң болмайды. Неғұрлым нахальный болу керек. Ұятты тастау керек. Әйел сондай еркекті жақсы көреді. Әлгі сенің ақындық қиялыңмен жүрсең, ештеме бітіре алмайсың!

— Рас, мен әйелге үйте алмаймын. Әсіресе жақсы той деген, білімді деген әйелге ұятсыз бола алмаймын, өзі қыз ба, жоқ ері бар ма?

— Мәскеуде ері бар. Сенімен жақсылап табысса, ерін тастайды ғой.

Әшірден бөлініп Айназар пәтеріне кайтты. Көшеде келе жатып ыңырсып башқұрттың:

...Оң қолында қос білезік
Бик көп жүзік,
Белкей нәзік...

деген жырын әндетті.

Айназар үйіне келіп жатуға ыңғайланды. Шешініп, тек қана трусигімен тұрып айнаға қарады. Өзінің шойындай жұмыр, сұңғақты балғын денесіне қарап, айнаға қарсы тұрып, қырынан тұрып, жеңіл гимнастика істеді. Қолдарының, сандарының бұлшық еттерінің бұлтылдағандарына қарап, мойнының көк еттерінің бұрылғандағы сіресіп шерткендеріне қарап гимнастиканың і түрлі әрекеттерін істеді. Сонсоң үстел үстіндегі ыдыстарды жинап қойып, тысқа шығып келіп жатты. Айназардың көпке шейін ұйқысы келмеді. Айсұлуды ойлады. Айсұлудан бұрын бірсыпыра уақыт әуре болған әйелін ойлады. Екеуін салыстырды.

«Шіркін-ай, сондай әйелмен сонша әуре болған екенмін ғой! Мынамен екеуінің арасы едәуір-ау! Адасайын десе, шатасайын десе, адам шатаса береді екен ғой! Тұрмыстың сыры, түрі қиын-ау? Ым... анау анадай еді! Айсұлу әлдеқандай болып шығады? Мұның оқыған, білімді әйел екені, салмақты әйел екені рас. Ал құлқы, санасы да әзір жақсы көрінеді. Бірақ мұны әлі жете, жақсылап білгенім жоқ. Түбінде бұл қандай адам болып шығады?.. Бірақ не дегенмен мұның анадан білім ретінде жоғарылығы шексіз! Ананың жай ғана әйел екені алғашқы жолыққаннан-ақ білінген еді. Тек оған менің байлануымның себебі, оның сезімді аудара білетін, құмар қылатын әйелдігі еді ғой! Онымен шатасқаным адасқандық болды, ал мынау не болып шығар екен?» — деді тағы да.

Сүйтіп, екі әйелдің суреті Айназардың қиялына қатарласып келе берді.

Жания... Айсұлу... Жания... Айсұлу... Жания... Айсұлу... бірі — аласалау бойлы, дөңгелек аққұбалау, секпіл беттеу, қырыққан жалбыр толқын шаш, еркекке «мен әйелмін» деп монтия қарайтын Жания.

Екіншісі — ұзынша бойлы, сұрғыл қызыл шырайлы, қалың шашты, қою қара қасты, ірі біртегіс ақ тісті, өзін-өзі салмақты ұстайтын Айсұлу.

Жания... Айсұлу... Жания... Айсұлу... Айсұлу... «Аһ...» — деп Айназар аунап жатты. Солқылдақ кереуетте аунап түскені саяз суда қайраңдап, бұлқынып, терең су іздеген шортанның бұлқынып түскеніндей болды...

Тағы да: «Аһ!» — деп аунап түсті.

Айсұлу... Жания.., Ай... деген тынышсыз қиялы мұнарға батты.

Айсұлу күндегідей кызметіне келіп іске кірісіп отырды. Облпотебсоюздың кеңсесі бір үйдің астыңғы қабатында. Бұл астыңғы қабат үйдің базы, подвалы секілді. Кіргенде бір аласа баспалдақпен бір аттап коридорына кіріп, одан және кішкене баспалдақпен екі-үш аттап төмен түсесің. Сол ішкі баспалдақтан аяғыңды еденге салғанда облпотребсоюздың кеңсесінің ішіне кіріп тұрғаныңды көресің. Жаңа көшеден келіп, алғашқы сыртқы есіктегі аласа баспалдақпен коридорға кіргенде, облпотребсоюз кеңсесінің бірінші бөлмесінің ішінің бәрі корвдорға қараған терезелерден көрініп тұрады.

Сол коридорға қараған терезеден көрініп тұрған бірінші бөлмеде жыпырлаған үстелдердің орта кезіндегі бір үстелде Айсұлу қызмет істеп отырды.

Облпотребсоюз кеңсесінде халық астауға салған шабақ балықтар секілді қыбырлайды. Ығы-жығы. Әсіресе Айсұлудың үстіне шүпірлеген халық жемге үймелей жапырлаған тауықтар секілді. Халықтың көбі сырттан келген адамдар секілді. Казак, орыс және татарлары да көрінеді. Әйел, еркек, көбі оқу іздеген, қызмет іздегендер секілді. Айсұлудың кызметі, — солардың ішінен қызметкерлер шығару еді.

Алдына, үстеліне келіп, астауға созылған жылқыша жапырлаған адамдармен Айсұлу сөйлесіп, әрқайсысына тиісті жөн сілтеп отыр еді.

Сол кеңседе қызмет ететін әйелдің бірі келіп, «Жолдас Султанова! Сізді біреу телефонға шақырады», — деді.

Үстелге жапырлағандардың ортасында тұрған Айсұлу мойнын бұрып «Қайдан екен?» — деді.

Шақырады деген әйел:

— Түрксібтен! — деді. Айсұлу ішінен:

— ...Бұл кім болады екен? — деп тез түрегелді. Жөн айтып тұрған казак жігітіне:

— Курсқа бара беріңіз енді! Қолыңыздағыны сол курстың директорына көрсетіңіз, қай группаға лайық екеніңізді біліміңізге қарап айтар! Түсіндіңіз бе? Жарайды! Барыңыз!

Ал сіздер тұра тұрыңыздар, мен қазір телефонға барып келейін! — деді.

Тез жүріп, екінші бөлмеде, үйдің қабырғасында ілулі тұрған телефонға келді. Телефон тұтқасын алып: — Ал-ло! Мен. Я-я!.. А-а, Саламат!.. Қайдан сөйлеп тұрсыз?.. А, маған «Түрксібтен» деп еді!.. Он как! Қашан жүресіз? Бір-екі сағаттан соң? Қашан қайтасыз? Ертең?Тез екен? Жақындағы колхоз ба? Неше шақырым? 25 шақырымдай? Атпен барасыз ба? А-а, жақсы! Былайша ғана, жаман емес! Іс көп! Кеңсеге келгеннен бір қолымды босатпай жатыр, колхоздан кайтқан соң, өзіңіз телефон шылдыратарсыз? А ? Жарай ма? Қайыр! Қайыр!» — деп телефон тұтқасын іліп қойды.

Бет шырайы кейіптеніп жылып, Айсұлу үстелінің қасына келіп, тағы да іске кірісті.

Айсұлумен телефон арқылы сөйлескен Айназар еді. Айназар бір жақын колхозға барып қайтуға жүрейін деп тұрып Айсұлу телефон соғып еді. Облпотребсоюздағы телефон қасындағы бір әйел телефонный, тұтқасын алып тыңдап:

«Қай жерден сөйлесіп тұрсыз?» — дегенде, жөнін айтпай, Айназар: Түрксібтен,Сұлтанованы шақырып жіберіңіз!>> — деген еді.

Айсұлумен сөйлесіп болып, телефон тұтқасын іліп қойып, басына сұр кепкісін, үстіне көк сұр бешпетін киіп, Айназар шкаф қақпасындағы айнаға қарады. Өзінің кейіптенген, көңілденген көріп, аузын ашып бақытты шыраймен күлді. Балаша езуін і он ашып күлімдегенде, аппақ болып,тізіліп жалтыраған тістері мен ернінен асырмай қырыққан қара мұрты егесіп ойнағандай болды. Және қара көзінің жалтыраған қарашығы мен аппақ жалтыраған ағы еркелесіп ойнағандай болды.

«Да-а!» — деп, тез бұрылып Айназар тысқа шығып, арбаға мініп колхозға жөнелді.

Сол күнгі күн жаймашуақ жақсы еді. Жол бойы Айназардың көңілінде бір әдемі күй ойнап отырды. Колхозға таянған мезгілде, Айназар кұшағын жайғандай, кеудесін көтеріп, кең дем алып, екі қолын екі жаққа керіп, рақаттанып алдына, жан-жағына қаранды. Колхоздың қырмандарын, машиналарын, үйген егіндерін, кеңшілікке жайылған малдарын, қырмандардың, машиналардың қастарындағы істеп жүрген колхозшыларды және олардың өсірген ағаштарын көріп, Айназар аузын ашып қуанышты шыраймен күлді. Қырмандардың қасындағы екі киіз үйді көрген соң, киіз үйлердің сыртындағы әдемі ағашты бақшаны көрген соң әлгі Айсұлумен танысқаннан бері қайта-қайта айтқысы келе беретін башқұрт жыры есіне түсті.

...Көк шалғынды тоғай шын
Сіздің ауыл жайнаған...
Үй артында ақ қайыңға
Ақбоз атты байлаған...
Он. қолында қос білезік,
Бек кеп жүзік, — Белкей нәзік...

деп әндетті Айназар.

Қаланың тапсырған баяндамасын колхозшыларға әбден түсіндіріп, колхозшылар жұмысына тараған соң, Айназар оқу үйіне кірді. Жаңадан құрылған радионы және оқу үйін басқарушы Жанбикемен сөйлесіп отырды. Жанбике жаңа ғана сауатсыздығын жойған келіншек еді. Орта бойлы, дөңгелек бет, қара сұр әйел. Сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы, қимылы, бет шырайы есеппен құралған секілді еді. Тереңдеп қараған дөңгелек қара көзінен, шұғылданған бет шырайынан зерек ақыл көрініп тұратындай еді, Кәзір осы «Жаңа талап» колхозының шын екпінді іскерінің бірі еді.

Басына тартқан көкала орамалын қолымен жөндеп қойып, Жанбике Айназарға:

— Екінші келгеніңізде таты да жаңа шыққан бізге лайықты кітаптар болса ала келіңіз! Онан соң біраз қарындаш, қағаздар керек еді, — деді.

Айназар:

— Жарайды, әрине, сендерге пайдалы жаңа шыққан кітапшалар болса қарап жүреміз той. Қағаз-қарындаштарың таусылып қалды ма? Жарайды, ала келермін. Онан соң сауат ашу жайларың қалай, — деді.

— Сауат ашу жайы жаман емес. Бірақ кейбіреулер тіпті салақ қарайды. Оқуға келмей жүргендер де бар, әсіресе әйел жаты нашар. Сіз, үй хатшысы мен басқарма бастығына жақсылап айтып кетсеңіз екен?

Айназар:

— Ә-ә, әлі салақ қараушылар бар ма? Дұрыс, мен ұя хатшысы мен басқарма бастықтарымен сөйлесермін, — деді.

Жанбике:

— Онан соң мына радионың естілуі осы күні жаман болып түр... Анау күні мастер келіп жөндеп, түзеп беріп кеткеннен кейін жақсы болып еді. Қазір тағы да нашарлау естіледі, — деді.

— Ә, бұған не болып қалды екен тағы да?.. Қай қалалардан естіледі кәзір?..

Жанбике:

— Алматыдан, Тәшкеннен... Онсоң, әлгі, қай қала еді?.. Әлгі, бір қаладан таты да, — деді.

Айназар:

— Свердловтан ба? — деді.

Жанбике жымиып:

— Я, я, сол, Свердловтан... — деді.

Айназар:

— Мен кешке колхоз басқармасымен және мұнда болатын басқа мүшелермен сөйлесіп, кешірек кайтармын. Қайтпас бұрын мұны қарап тыңдап корейін, не болды екен тағы да, — деді.

Үйге аласа бойлы шұбар жігіт кірді.

— Жанбике, сенің бригаділерің біздің бригадіге жәрдемдесіп жібермесе болатын емес. Сен не деуші едің? — деді.

Жанбике шұбар жігітке қарап, одан Айназарға қарады.

Айназар:

— Бригадирлерің не істеп жатыр? — деді.

Шұбар жігіт:

— Әлгі тары қаузап жатыр еді! — деді. Айназар Жанбикеге қарап:

— Бұлар нешінші бригады еді? — деді.

Жанбике:

— 2-ші бригады. .

Айназар күліп:

— Ә-ә, түнеугүнгі ақ ешкінің құйрығын кесіп, көк есекке таласатын бригады екен той?

Жанбике:

— Я, солар! — деді жымиып. — Мен өзім бармасам болмайды ғой. Өзім барайын, — деді.

Айназар да тұрды:

— Мен де бригадыларды көріп қайтайын! — деді.

Соңыра, ай туа қалаға қайтпақ болып, «Жаңа талаптың» оқу үйінде Айназар радионы жөндеп отырды. Радио тыңдауға келген әйел-еркектің көбі тынытуға үйлеріне тарап кеткен еді. Үйде он шақты адам бар еді. Радионың батареясының күші азайған екен. Оқу үйіндегі сақтаулы артық батареяны алып, күші азайған батареясының орнына қойып, Айназар радионы сөйлеткен еді. Кәзір енді Жанбике, Сәрсен, Деңізбай үшеуіне Айназар радионың өзі білетін мәндерін,тетіктерін айтып, түсіндіріп отырды. Үйде өзге колхозшылар да радиоға қарап, Айназардың сөзін тыңдады.

Үйге орта бойлы, қарасұр қазақ кіріп келді. Отырғандар оған қарады. Қарасұр қазақтың сыртына, киімдеріне қарағанда шаруашылық мекемелерінің бірінде қызмет қылатын адам секілді. Үйге кіріп, шеттегі есікке таяу орындыққа отырды. Айназар радионың мәнін айта берді. Айназар радиоға жұмылған кезде әлгі қазақ тұрып шығып кетті. Ол шытып бара жатқанда оның артынан қарап қалған Жанбикеге Айназар:

— Бұл не тып жүр? — деді.

— Өзінің әдеті өстіп аралап жүретін. Екі кісі бас қосқан жер¬де сөз айтуды жақсы көретін еді, бұл жолы сіз отырған соң үндемей кетті! — деді.

Айназар:

— Өзі әлі «Май» артелін басқара ма? — деді.

— Я, я, ойбай, осы араның хатшысы сол! — деді.

Айназар:

— Басқа адамды қойдыра алмадыңдар ма, оны алғыздырып орынынан? — деді.

Отырғандар:

— Болмайды той. Мынаны маман дейді. Алыпсатардың баласын да, делдалдың баласын да маман дейді екен? — десті.

Жанбике күбірлеңкіреп:

— Сізге тапсыратын бір хат бар екен той. Жүреріңізде ұмытып кетпейінші! — деді.

Айназар:

— Ә-а... — деді де сататына қарады. — Жүру демекші, біз айдың тууын күтпей-ақ, жүрейік, — деп колхозшылардың алдында отырған көшірге қарады.

Айназар қалаға жүруге тысқа шығып, арбата мінуге дайындалғанда, Жанбике күбірлеп:

— Сізге оңаша айтатын бір сөз бар еді? — деді.

Екеуі оңаша шықты.

Жанбике:

— Банағы «Май» артелінің басқарушысы Удияровтың үйіне қаладан ылғи бір ыңғайсыз адамдар келіп жүреді. «Неге келіп жүр?» — деп сұрасаң, кейде «құс атуға келген екен», — дейді. Бірақ бұл арада ататын күс та жоқ. Ештеме айтпайды да. Кейде «Жәй әшейін, демалуға келіп жүр», — дейді. Көбінесе қонып кетеді. Келгенде өздері ерте жатпайды, ұзақ отырады, — деді.

Айназар:

— Қандай адамдар? Орыстар ма, қазақтар ма? — деді.

Жанбике:

— Орыстар. Тәуір киінген адамдар. Қызметкерлер сияқты.

Бірақ жүрістері сұйық адамдар секілді.

Айназар:

— Неше кісі болады? Жаибике:

— Кейде үшеу, кейде төртеу-бесеу!

Айназар азырақ ойлап тұрып:

— Енді келгенде, сен әбден бақылап біл. Кешке шам жарығымен отырғанда не істейді екен. Күндіз мына ағаш араларына шықса не істейді екен, бәрін білдірмей андып, бақылап біліп, маған сенімді адамнан жазып жіберерсің! — деді.

Қош айтысып Айназар жүріп кетті.

АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ

Пap атқа жеккен арба іңірдегі жұлдыз жарығымен, таныс жолдың сүрлеуімен дырылдап келе жатты. Айназар арбада ыңырсып ән салып отыр еді.

Көшір қазақ Айназарға:

Әлгі колхозға бір-екі аш қайыршы келді. Бірі жас жігіт, бірі әйел. Беттері ісіп кетіпті. Өлетін шығар, — деді шаршаған •' і ілді дауыспен.

Айназар ыңырсыған өлеңін қойып:

— Ә, а?.. Олар қайдан келген екен? — деді.

— Қайдан келді дерің бар ма!

— Бір сорлылар ғой, тұрмысқа икемделе алмаған, — деді. Көшір Айназардың сөзіне көңілі толмағандай қозғалып қойды.

Наразылау үнмен:

— Енді қайтсін тұрмысқа икемделгенде! — деді. Айназар қажырлы дауыспен:

— Нешауа, Мұқит! Мұндай, ескі тұрмыс жаңа тұрмысқа көшкен ұлы асуда қақтығып жығылғандар, мертіккендер болуға мүмкін! Бірақ алдағы тұрмыстың ертеңгі тұрмыстың рақаты бүгінгі кейбір қиыншылықтарды жауып кетеді әлі-ақ! — деді.

Көшір тағы да шаршаған үнмен:

— Қайдам, әйтеуір, — деді.

Мұқиттың сөздері Айназарды саяси ойларға батырды. Әрбір сөздерді,әр пікірлерді тексерді. Мұқит көшір де өзінің ой шырмауына оралғандай тым-тырыс отырып алды. Айназар да оз ойын екшеп келіп белгілі қорытындыға келді: Кеңес үкіметі орнағалы 15 жыл... Сол 15 жылдың ішінде тұрмыс 15 белден, іргелі асудан асқандай болған жоқ па? Мысал үшін әлгі Жанбике мен ана Айсұлуды алайық. Будан 15 жыл бұрын әлгі ауылда Жанбикедей кісі болған әйел болып па еді? Бұдан 15 жыл бұрын Башқұртстанда Мәскеуге барып екі ВУЗ-ды бітірген Айсұлудай башқұрт қызы болып па еді? Рас, қазір тұрмыста қиыншылықтар бар екені рас... Бірақ қиыншылықсыз рахат бола ма?

Айназар мардымсып, сол жақ қабағын көтерді. Көкке қарады... Көктегі бырдай болып жалтылдаған қалың жұлдыздардың көк күмбезге шашқан гауһарша ойнаулары Айназарды лезде көркем қиял теңізіне алып кетті.

Айназардың ұшқыр қиялы Айсұлуды алтын қанатына мінгізіп, көркем күймен бұралтып алдына алып келді. Айназардың шарықтап шалқыған ұшқыр қиялы Айсұлуға алтын сәулелі гауһар жұлдыз шашып ойнады. Өзінің Айлағын жұлдызға теңеген Аянның жырлары есіне тусті. Және өзінің Аянға айтқан ақылы ойына түсті.

«...Бірақ Айсұлуды жұлдызға теңеуге болады той!

...Айлаққа Қарағанда бұл жұлдыздай той», — деді Айназар жұлдыздан жұлдызға көз жіберіп, шығыстағы ақ алтын тәрізді бір жұлдызды Айсұлуға теңеді. Айсұлуға жазылған көңілі көктегі сансыз сәуле — алтын жұлдыздарға қарап күй шертті. Алтын жұлдыз секілденген Айсұлуға арналған күй жыр болып ұйқасып, дыңылдап Айназардың көкірегінде ойналып шертіле бастады... Сөйтіп келе жатып қалата кірді.

Айназар ыңырсып, жыр айтып келе жатыр.

«Бұл жырды үйге барған соң жазып, Айсұлуға көрсетем той. Таза қазақша күйде жазсам, Айсұлу түгел түсінер ме екен? Түгел түсіну үшін татаршалау қылып жазып корейін. Өзін татаршаға жанастырып айтып көрейінші!..» — деп ыңырсып жырын татаршалау қылып жырлады.

Татарша жырлау қазақшадан гөрі әдемілеу болады, сірә!

Ертеңінде Айназар колхоздан келе жатқанда көктегі алтын жұлдызға қарап, шығыстағы ақ алтын секілді бір жұлдызды Айсұлуға теңеп жырлаған жырларын енді бүгін пәтерінде отырып дәптеріне жазып отыр.

Әуелі, қай жылы, қай айдың нешесінде екені, қай қалада екенін жазды. Сонсоң дәптердің екінші жолына тырнақшаның ішіне екі әріп қойып, сол екі әріпке арнағандай қылып жазды. Онысы мынадай еді:

«М — К-че»

Сансыз юлдыз аспан көкте
Нурлары ойнап ялтыри,
Янған отлы өз юлдызын
Юрек ізлеп қалтыри.
Көк мухитта от юдцызлар
Ялт-юлт бштеп ойнилар,
Түрлі матур отлар шаша, —
Ойнаудан һиш тоймилар.
Мүмкнн, алар янган гауһар,
Мүмкин көкнің нурлары.
Сақ-сақ күліп иырлар айтұр,
Иштілми тик иырлары.
Иырық дүр, бит, алар бізге,
Тик ялтыри нурлары.
Аларны біз юлдыз дейміз,—
Мағлұм түгіл сырлары...
Юддыз санап мин киләмін,
Урманлардан узамын.
Алтын юддыз гәуһәр отлы,
Сиңа қолым созамын!..
Сині ойласам көкірегімнен
Иырлар шығар үзіліп,
Алтын юлдыз, сиңа көзім
Талми карим сүзіліп!..

Жазып болып қайтадан оқыды... Телефонный тұтқасын алды:

— 2 — 03 — деді.

— Облпотребсоюз? Телефонға Сұлтанованы шақырыңызшы... Крайсоюздан... Жарайды, — деді. Біраз тыңдап тұрып:

— Ә-а, Айсұлумысың? Аман ба? Саламат па? Ия, ия. Айназар... Түнде келдім. Ия, ия, жақсы! Жаман емес. Ия!.. Ал, кейпің нешік? Бәрін өзің істеп жатырсың? КазЦИК-те бір Саламат деген болған... «Бәрін өзім істеп жүрмін» дегендей көрінбек болып, портфелін томпайтып салақтатып, өтірік әбігер болып жүретін... Сен де сүйтіп, «бәрін өзің істеп» жүрме?.. Е-а! Қалжыңдаймын!

Молодец! Жақсы! Ия, Айсұлу! Кешке қызметтерің бар ма? Ия! А-а.. Комбинат? Бұл нағылған комбинат? Оқу комбинаты? Сен өзің оқытасың ба? Ту, демалу керек қой! Ия! Но, жарайды! Қашан телефон согайын? А-һа!.. Жарайды! Бірақ әлгі Саламатқа ұсап өтірік әбігер болып жүрме! Ә-а ha-ha!.. Ойнайым, ойнайым, — Саламаты құрысын! Жарайды! Тәк!.. Бес кезінде?.. Жарайды! Қайыр! — деп телефон тұтқасын ілді...

Айназардың ойнаған көңілі көтеріліп, бетінде, көзінде бақыт сәулесі құлпырып ойнады. Планермен ұшып асқар таудан асып келіп жерге түсіп тұрған ұшқышша, ол бақытты шыраймен терезеге қарап тұрды.

Бірақ оның ол кейпі ұзақ болмады. Енді бір минутте түсі суып қалды. Үйткені бір суық, жат ой келе қалған еді... Ол суық ой: Айсұлу мен өзінің жәйі, «Аян мен оның Айлағының масқара-шылықтарындай болып шықпаса игі еді?» — деген күдігі еді.

Айназар қабағын түйіп:

...Ә-ә? Татар арасынан қақтығып келген Айлақ секілді адаммен былғандың деп, Аянды сөгіп едім. Аянды «ез» деп едім. Ал енді мынау қандай болып шығар екен? Мен де «ез» болып кетпес пе екем? — деді ішінен. Бірақ тез қатуланып басын көтеріп алды:

«...Жоқ! Айсұлу Айлақтай ақымақ әйел емес. Айсұлу — шын қатардағы әйел!»

Кыркүйектің 10-күні Айназардың жазудан демалатын күні еді. Сол күні ол Айсұлу, Рада, Әшір үшеуін үйінде күтті. Кешкі сағат жетіге шейін жазу жазып, одан кейінгі, түнгі сағаттарын демалысқа қойып, әлгі жолдастарын күтіп отырды.

Сағат сегізде олар келді. Қалжыңдасып, күлісіп отырды. Төртеуі помидор, қияр, консервтеген балықпен миуа шарабын ішіп отырды: Айназар виноны «миуа шарабы» деп те айтатын еді. Әшір, Айұлу екеуі Айназардың өзі жазған өлең-жырларын сұрап алып оқысты. Рада «орысшаға аударыңдар», — деп қайта-қайта сұрап отырды. Айсұлу қазақ өлеңдеріне түгел түсінбейтін сияқты. Бірақ өзі «түсінемін» дейді.

Айназардікіне келе жатқанда Әшір Айсұлу мен Радаға Айназардың «Аққу құс» деген жырын мақтаған секілді. Келіп отырысымен:

— Айназар, сенің әлгі «Аққу құс» деген жырың бар ма? Соны тауып берші, мына Айсұлу оқысын! — деді Әшір. Сол жырды тапқызып алып Айсұлуға берді. Айсұлу оқып болып:

— Дa да, бик матур жазылған. Бикнәзік, мұңлы жазылған! — деді.

Айназар күліп ішінен:

— «Нәзік» деген сөз — сұлу сөз-ау! Башқұрт жырындағы әлгі "белкей нәзік» дегені де көркем сұлу айтылған сөз ғой, — деді. Тағы сол башқұрт жыры есіне түсті.

Кек шалғынды тоғай ішін
Сіздің ауыл жайлаған.
Үй артыңда ақ қайынға
Ақбоз атты байлаған...
Он қолында қос білезік,
Бек көп жүзік,
Белкей нәзік... —

деді ішінен.

Төртеуі «Аққу құс» жырындағы екі аққудың ғашықтығын сөз қылды. Аққу құстың ғашықтығы туралы Айназар біртүрлі дәмдендіріп, өзі сүйсініп әр түрлі әңгіме айтты.

— Мен оқу оқып жүргенімде, сол қалада бір Рақымжан деген белгілі адвокат бар еді. Қатыны татар, өзі қазақ еді.

Рақымжан оқымысты адам еді. Жаз уақытында бір күні оның үйіне барып отырғанымызда, үйіне келіп отырған біреулерге Рақымжан мен әйелі аққудың бір оқиғасын айтты: ол оқиғасы мынандай еді.

Рақымжан әйелімен екеуі жайлауда елде жүріп, бір күні ат жектіріп, шатыр алып, қымыз алып, ет алып, бір көл жағасына отырып, шатыр тіккізіп жатыпты. Рақымжанның мылтығы бар екен, қол жағалап жүріп, көлдегі екі аққудың бірін атыпты. Атқан аққуды бауыздап алып жатқанда, тірі қалған аққу ұшып, сыңқылдап, зарлап, су сабалап Рақымжанның қасына келіп, айналып жүріпті. Рақымжан атқан аққуын алып жүре бастаған екен, і ірі қалған аққу, Рақымжанды айнала ұшып жүріп, дәл сұлу әйелдің сұлу үніндей үнмен сыңсып әндетіп жылағандай сыңқылдайды. Айналып, сыңқылдап Рақымжанның алдына келіп қол суына бауырын төсеп жатыпты. Рақымжан енді оны атуға жүрегі дауаламай, қолы бармай, тірі қалған аққудың әлгідей қылған зарына шыдай алмай тез шатырына қайтыпты. Тірі қалған аққу әндетіп жылап Рақымжанмен бірге ере келіпті. Рақымжан сасыпты. Атылған аққуды көріп, тірі қалған аққудың қалмай сыңқылдап жылап келгенін көріп шатырда отырған Рақымжанның қатынының жүрегіне аяныш кіріпті. Аяп, көңілі босап о да жылапты. Тірі қалған аққу біртүрлі нәзік дауыспен сыңсып жылап шатырды айналып, біресе көкке шығып, біресе жерге түсіп, көк шалғынды қара жерге бауырын төсеп жатып, тағы да біресе ұшып көкке, ұшып жерге түсіпті. Сонсоң Рақымжан мен қатыны шыдай алмай, тез ауылға қайтыпты. Ал тірі қалған аққу Рақымжанның арбасының соңынан қалмапты.

Онсоң, аққудың дауысының, үнінің сұлулығын суреттеп сөйлейді. Және аққу балапанының (көгілдірінің) туып-өскен көлін қимайтындығын әңгімеледі...

Содан кейін екі әйел Айназардың сурет альбомын алып қарады. Айназардың таныстарының, ашыналарының, достарының суреттерін актарып көріп отырды.

Альбомның бірінші бетіндегі үш-төрт кісі бірігіп түскен бір суретке үңіліп, Айсұлу:

— Мыналар кім? — деді.

Айназар альбомға қарап:

— Мына алдында отырғандардың бірі Украинаның бір қызметкері, — деді. Және күліп, жымиып, — бірі — біздің Аян деген ақын, менің бір жақын досым, — деді.

Айсұлу жымиып, шыбықша бұраңдап қалжыңдады:

— А-а, солай ма? Ә-ә, «ақын» деген не? — деді.

Айназар:

— «Ақын» дегенді білмейсіз бе? Арапша, татарша — шағирды, орысша — поэтті қазақша — «ақын» дейді.

Сонда Айсұлу:

— А-а, алай екен! Бізде «шағир» дейді бит.

— А, мына түрегеп тұрған әйел мен еркек кім? Өзі қай жерде түскен сурет? — деді.

— Алма-Ата тауында шығар? — деді Рада.

— Бұл екеуі де Украина кызметкерлері. Қырымда түскен сурет қой. Мына сұлу кипаристі көрмейсіз бе? — деді Айназар. Айсұлу:

— Әйел интересный екен. Сіздің ашыңыз — симпатияңыз болар? — деді күліп. Айсұлудың күлімсірегені Айназарға қызғанған секілді болып көрінді.

Айназар сол жақ қабағын көтеріп, сәнденіңкірей қалжыңдап:

— Жәй, әншейін, таныс, — деді. Сонсоң бір әйел суретін ұстап, Айұслу:

— Мынау мен көрмеген адам, бұл кім? Бұл енді әлгі әйелдей емес екен, — деді.

Рида күліп:

— Сен енді Айназардың барлық романдарын айтқызарсың! — деді.

Айназар таныстырды. Онысы, шынында, бір орта бойлы, семізше, аққұба, мыртықтау, секпілдеу, суыр аяқ, сүйір қолдау, бақа тамақ, бақа бойлылау әйел еді.

Айназар күліп, таты да сол жақ қасын қиғаштап көтеріп, сәнденіңкірей мойнын қисайтыңқырады:

Бұл әйел туралы және басқалары да туралы мен қысқалап қана мінездемелер айтып отырайын. Сыпайылап айта алмасам, сіздер мені сөкпеңіздер және алдын ала айтып қояйын, менің сөзім әйелдерді тана жамандағандай көрініп жүрмесін: бұл тұрмыста әйел-еркек қарым-қатынасында, — еркектердің көпшілігі айуан секілді. Еркектің бірі біз. Ал енді мұндағы, кейбір әйелдің қылықтарын айтсам, сіздер маған ренжімеңіздер, — деді.

Үшеуі де күліп, не айтар екен дегендей турмен:

Айта бер, айта бер, — десті. Айназар күліп:

— Бұл, мыртық бойлы, бақа тамақ, бозша әйелдің күйеуі менің бір ашына жігітім еді. Бүл әйел біреудің ерке, үлкен қызы еді.Бұл қызды алған соң бір жылдан кейін әлгі жігіт өлді. Мына әйел оз шешесінің, әкесінің қолына қайтып барып отырды. Күйеуі өлген соң бір-екі айдан кейін мен бұл әйелмен ұшырастым. Әйел менімен сөйлескенде «күйеуім сенің ашынаң еді, күйеуім өлді, күйеуімді сүйіп тиіп едім», — деп мұңайды. Ал әйелдің семіздігіне қарасам, быртиғандау бетіне қарасам, қасірет тартатын кісінің түріндей емес. Әйел әлгідей деп маған мұңайғанда, мен күлдім. Мен күлген соң, әйел маған қатты ренжіді. Мен және күлдім. Әйел маған өкпеледі. Мен және күлдім. Ойыма бір өлең түсті. Сол өлеңді, маған күлдің деп ренжіген бүл әйелге айтып бердім.

Дүниеде ер жігіттің өлгені арман.
Сыз төсек қара жерге кемгені арман.
«Таһир мен Зуһрадай едік» деген
Бәрінен жалған жарды көрген арман.
Ер жігіт күні бітіп өлгенінде,
Сыз төсек қара жерге көмгенінде,
Аяныш еш адамнан таба алмаймын,
Ойға алып жақындарын тергенімде.
Аяныш емес ердің қара басы.
Аяныш емес деген «жан жолдасы».
Дүниеде ең аяныш бір сол ғана,
Сорлы ана, сел боп аққан кезден жасы.
Ұмытар жақын деген достын бәрі
Ұмытар «сүйдім» деген «ғашық» жары.
Дүниеде ұмытпайды сол бір ғана
Сорлы ана, — көкірек жарған, қайғы, зары!..» —

дедім. Әрине, мұны айтқанымда, бұл әйел ете қатты жәбірленіп өкпеледі.

— Қой, өкпелеме! Құдай біледі, енді бір-екі айдан соң тағы да байға тиесің, — дедім. Әйел өкпелеп, менімен қоштаспай кетті. Сонан, Айназар сызылып, сол жақ қасын көтеріп: — Біра-а-қ «Таһирдың Зуһрасы» содан кейін бір айдан соң, бір шала оқыған, беті жылтыр, іші сылдыр қазаққа байға шықты, — деді.

Әшір қа-қа-қалап күлді.

Айсұлу тамсанып, басын шайқады:

— Ия... Ондайлар болады, — деді.

Рада қалжыңдай, наразы боп аузын томпайтып:

— А, өздерің қайтер едіңдер? — деді Айназарға.

Айназар күліп:

— Мен айттым сіздерге: еркектердің көпшілігі айуан деп! Ал... Оның, әлгі әйелдің махаббаты аққу құстың махаббатынан гөрі басқалау секілді ғой деймін! «Ә-ә, аққу құс — айуан бит!..» — деді.

Содан кейін Айсұлу бір еркек, әйелдің бірігіп түскен суретін алып:

— Мыналар кім? — деді Айназарға. Айназар ыржиып күлді:

— Бұлармен де таныстырайын. Мына пенсне киген әдеміше аққұба жігіт — менің бір досым, есімі — Қасқырбай, ал мына жабыса отырған әйел — бір жакуттың қатыны... Осындай әңгімеге келгенде біздің Әбен деген бір жолдас: «Мұның қызығы бар!» дейтін. Сондай-ақ мұның да қызығы бар! Бұл әйелдің пішінін қараңыздар: көзін сүзе қараған, жұқа бетті, жұқа қабақ, жұқалау ерін, сиректеу шаш, — бүл сыпаттары еркекке құмарлықтың бір белгісі. Толықтау, семіздеу, мырықтау әйелдің бір түрлісі еркекке құмар болса, арықтау, жұқалау әйелдің де бір түрлісі еркекке құмаp болады бит! — деді.

Рада жәбірленіңкірей, қалжыңдай күліп:

— Жарайды!.. Жарайды!.. Алда ырза болсын, әйелдерді бүйтіп талдағаныңызға! — деді. Айсұлу күліп, басын шайқады:

— Сізбен таныс болу бик қорқынышты екен! Біздерді бүйтіп талдағаныңызға! — деді.

Әшір күліп:

— Ә-ә, қорқайын дедіңіздер ме? Как же, бұл ақын, жазушы, бұлар осындай болады! — деді.

Айназар қалжындаса да, өзінің күшін сездіргендей күлді:

— Қорықпай-ақ қойыңыздар! Сіздерге мін тағылмас. Сіздердің оншалық қорқарлық міндеріңіз көрінбейтін сияқты ғой, әзіргe! — деді.

Айсұлу балаша еріндерін томпайтып, шыбықша бұраңдады:

— А-а, солай ма?.. Онда жарайды!.. Ендеше, айта беріңіз мына суреттер туралы сөзіңізді, — деді.

Рада:

— Но айта беріңіз енді, тағы да! — деді.

Айназар ыржия, тізілген аппақ тістерін көрсете күліп:

— «Жарайды, — деді, — сонымен, бұл жұқа қабақ әйелдің Жакут республикасында «сүйіп» тиген ері өледі екен. Ері өлген и HI, жаңағы мыртықтау әйел секілді, бір-екі айдан соң, бір жакут жігітіне тиеді. Жакут жігіт бір комиссарсымақтау, аққұбаша, мақтаншақтау, тұзсыздау жігіт екен. Бүл әйел мұны да «өзі сүйіп» тиеді... Бұған тигеннен кейін, бір-екі айдан соң, мұнын тиген әлгі жақұт жігіті командировкамен біздің Қазақстанға Алматыға келеді. Келген жұмысы — кеңселерді жергіліктендіру ісімен таныспақ. Келгенде, мұнда осы қатынымен бірге келеді. Қайтсін енді? Сүйісіп қосылған әйелі. Жаңада ғана алған, ыстық-суығы басылмаған мезгілі. Суық қарлы Сібірден, түстіктегі жылы жақтағы Алматыға келіп, сұлушалау әйеліне Алматының мына тауларын, алмаларын көрсетіп, ойнап-күліп кайтпақ болған. Баяғыда біздің жақта бір бай Мекеге барғанда, бір қатыны алып кеткен екен. Жұт: «Мекеге қатын апармаңыз, не қыласыз!» дегенде, бай: «Е, қатын маған кеменің үстінде керек!» — деген екен... Сондай-ақ, мүмкін буған да қатын отарбаның ішінде керек болған да шығар... Әйтеуір алып келген... Мұнда келген соң мына менің пенснелі досыммен таныс болады. Таныс болғаннан кейін, бір-екі күннен соң, әйелдің мынаған көңілі ауады. Екеуі шындап табысады. Екеуі бірін-бірі «сүйдік» деседі. Бұлардың мұнысын жақұт жігіттің жүрегі сезеді. Жақұт жігіт қайтпақ болып жиналғанда әйел мына менің досыма келіп: «Мен енді ол жаққа барғым келмейді, мен осында қалам. Саған тием!» — дейді.

Біздің дос ойланып:

— Қой, мұнымыз қазір ыңғайсыз болады. Қой, ана жігітің Қазақстанға келіп әйелімнен айырылып қалдым деп жалпы бізге өкпелеп кетсе қалай болады. Сен кәзір мұнымен бірге бар. Барған соң кәдімгідей одан айырылып, сөйтіп, жайласып кел! — дейді.

Ақыры, әйел соған көнеді. Екеуі солай сөз байлап, әйел жақұт күйеуімен Алматыдан қайтады. Олар Алматыдан кайтқан соң екі күннен кейін мына менің жолдасыма мекемеде отырғанда біреу телефон соғады. Бұл тыңдайды. Тыңдаса, манағы әйел екен.

— Е, бұ қалай? Қайда отырсың? — дейді біздің жолдас.

Әйел:

— Вокзалда отырмын. Тез келіп мені алып қайт. Мен Шымкенттен кайтып келдім. Күйеуім еліне кетті! — дейді.

Біздің жолдас автомобильмен барады да бұл әйелді алып келеді.

Сонан соң екеуі ерлі-байлы кісі болып үш-төрт күн бірге тұрады. Бүл үш-төрт күннің ішінде біздің жолдас ойланып, мұның тым жылдамдығына күдіктеніп жүреді. Әйелге айтады:

— Мұнымыз әлде болса да ыңғайсыздау болған секілді. Сен әлде болса еліңе барып, жайласып, әбден айырылып кел! — дейді. Әйелді соған көндіреді. Әйел біздің досқа үш-төрт күн қатын болып тұрып, еліне қайтады. Сол үш-төрт күн екеуі ерлі-байлы кісі болып тұрғандағы түскен суреттері осы! — деді.

Рада:

— Сонымен екеуі айырылып кетті ме? — деді.

Айназар: «Жәй, әшейін...» — дегендей, күлімсірей бетін тыжырды.

— Солайлау! — деді.

Әшір таты да күлді: «Ха-ха-ха».

Айсұлу жай еріндерін томпайтып, басын шайқады:

— Ия, бұл да қызық екен, — деді.

Айназар ыржия күліп, Рада мен Айсұлуға:

— А-а? Қызық емес пе? Тамаша емес пе? — деді.

Рада қалжыңдай жәбірленіп, баланың дауысымен:

— — Но, Айназар, сен ылғи бір қайдағы соғылған жаман әйелдердің қылықтарын айтасың. Сенің қалжыңдарың бір түрлі улы жың секілді бүгін, — деді.

Айназар күліп:

— Жоқ, Рада, расы сол болған соң айтып отырмын. Тұрмыста мұндай екі күннің бірінде болып жатады бит! Солай бит? — деді Айсұлуға.

Айсұлу ойланыңқыраған түрмен жымиды. Ия, болады той, бірақ мынау тым мағынасыздау әйел екен! — деді. Солай деді де:

Жарайды!.. Бұл әйел өзімен кетсін, енді альбомды қарай беререйік... Мынау кім? — деп, бір жігіттің суретін көрсетті. Рада суретке қарап, үңіліп:

— Қандай әдемі жігіт? — деді.

Айназар суретке қарап күлді. Үңіліп қараған Әшірге:

— Мынау да әдемі көрінеді екен-ау әйелге? — деді.

Айсұлу:

— Ия, мұнда жаман шықпаған. Бұл өзі былай кейіпті адам емес пе еді? — деді.

Айназар күліп:

— Біздің жақта менің бір-екі жолдасым қысты күні түнде бір і аладан шығып келе жатып адасыпты. Тоңып, адасып жүріп бір ауылға кез болады. Бір үйге қонамыз деп терезесін қақса, үй адамдары есігін ашпапты. Сонан соң бұлар «милиция бастығымыз» деген соң, қазақтар есігін ашып үйіне кіргізіпті. Үйге енген соң бұлардың түрін көріп қазақтар күңкілдеседі. Сүйткен соң, жігіттердің бірі қазақтарға, сіздер есік ашпаған соң, біз «милиция бастығымыз» деп едік. Шынында біз милиция бастығы емеспіз, «қаржаубайлау едік», — депті. Сондай-ақ бүл жігіт шынында «қаржаубайлау» еді. Өзін көрсеңіздер де болар еді. Былайша кейіпті жігіт емес. Жапырайылған, таскене секілді, пұшықтау келген тышқан сұр жігіт, — деді.

Айсұлу күліп:

— Қандай суреттеп айтасыз! — деді.

Әшір күліп:

Расында оның түрі сондай, — деді.

Айназар қалжыңдаған түрмен: Амал жоқ, заттың шынын айтамыз, — деді. Айсұлу тағы да бір еркекке, бір әйелдің бірігіп түскен суретін көріп:

— Мыналар кім? Бұлар да жаңағылардай емес пе? — деді күлді.

Айназар суретке қарап күліп:

— Тамашаны қараңыз, бұлар да жаңағылардай! Таныстырайын ба бұлармен де? — деді.

Екі әйел балаларша қарасып:

— Таныстырыңыз, таныстырыңыз, қызық болсын! — деді.

Әшір суретке қарап:

— Ей, мынау әлгі доктор Шайман ба? Мұның мына әйелі кім? — деді күліп.

Айназар қалжыңдап бір зор оқиғаны баян қылмақ адамша сәнденіңкірей, түсін суытып:

— Ал енді мұны да айтайын! — деп қозғалып отырды. — Мынау еркек — Шайман дейтін доктор, менің өте жақсы көретін досым. Бір өте таза жігіт. Таза болғанда, құлқы, санасы, жүрегі таза жігіт. Қызыр ғалассәләмнен кем деп ойламайтын адам. Өзі нәзік, сұлу қиялды ақын — шаир адам. Оқып жүрген бала күндерінде өлеңдерді, дастандарды әдемі жазатын еді. Сонан соң қойып кетті. Қазір жазбайды, бірақ әлі де жаны — ақынның жаны... Қазір әйелі бар, екі-үш кішкене балалары да бар. Мұның келбетіне қараңыз мынау жоталы қабақ, шұңғылдау салқын тұрық көз, қомақты жоталы мұрын, салқалау кең езу, қансыз сұрғылт бет, ирек сызықты жұқа ерін, тебінгі кулак, шот маңдай, — міні, бұл сыпаттардың бәрі де мұның әлгі мен айтқандай таза жүректі, сұлу мінезді, сезгіш жанды, ақылды сабырлы адам екенін дәлелдеуге тиіс... Ал мынау, оның қасындағы жал-құйрығын керте күзеген байтал тәрізді әйел — оның тамыры... — деді Айсұлу мен Радаға қарап:

— Сіздер бұл әйелдерді ұрғашы жылқының әрбір сорттысына теңегенім үшін айыпқа бұйырмаңыздар. Сіздердің алдарыңыздан мен өтініп алдым той. Еркектердің көпшілігі айуан секілді дедім. Сондықтан әйелдерді әртүрлі ұрғашы жылқыға теңегеніме ренжіп қалмаңыздар. Жылқы — айуандардың ішіндегі ен жақсысы бит, — деді.

Әшір:

— Ха-ха-ха! — деп иегін көтере күлді.

Рада күліп:

— Сөйлей бер, сөйлей бер, сен сөзді өткірлеп айтуға шебер екендігіңді әбден көрсеттің енді! — деді.

Айсұлу жымиып басын шайқап:

— Сіз бүгін күлкіге араластырып, ащылау сөйлеп отырсыз, — деп. Айсұлу тамсанып, басын шайқап, жымиып, қолындағы шегірен ылғары тысты қалың альбомды Радаға берді:

Мә, Рада, мына альбомды енді сен қарашы. Менің қолым талды тым ауыр екен өзі, — деді.

Рада Айназарға:

— Ну, Айназар, қой енді. Бәрін өзің шығарып отырсың! — деді.

Айназар сол жақ қасын ерініңкірей көтеріп:

— Ойдан шығаратын емес, «факт», — деді. Рада: «әкел», — деп альбомды алып қарай бастады. Суреттерді ұстап қарап: Тағы қандайлар бар! — деді.

Ыржиып отырған Әшір де үңіліп Раданың қолындағы суретке қарады. Ол екеуі альбомға үңіліп шұғылданғанда, Айсұлу Aйназарға:

— Сіздің әңгімелеріңіз бүгін қалжың араласқан болса да ащылау болды, бүл неліктен? — деді.

Айназар, мұңайыңқыраған жұмсақ үнмен, езу тартып:

Жәй, әншейін! — деді. Айсұлу:

— Жоқ, айыңызшы! Мүмкін бір себебі бар шығар. Не себеп? Сол себебін айтыңызшы! — — Кейін айтармын!

— Жоқ, қазір айтыңызшы, қазір айтыңызшы? — деп қоймады Айсұлу.

— Қайыр, айтайын ендеше! Бірақ көңілсіз болар? - Не болса да айтыңыз? Айназар шираған үнмен:

— Жарайды!.. Оның мәнісін айтайын, — деді.

Айсұлу Рада мен Әшірге:

— Жолдастар, Айназар әңгіме айтады, тыңдаңыздар! — деді күлімдей ойнап.

Аналар:

— Ал, ал, тыңдайық!.. — деп бастарын көтерді. Айназар:

— Айсұлу маған «бүгінгі әңгімелерің қалжың араласқан болса да, ащылау шығып отыр, соның себебін айт!» — деп қоймады. Бүгін, әлгі суреттердегі әйелдердің мінездерін ащылау айтқан болсам, оған себеп болған бүгінгі бір-екі хабар болды. Ол екі хабар қысқаша мынау еді:

Бірі:

«Қарағанды зауытының бер жағында, мыс кенін шығаратын Нілді зауыты деген зауыт бар. Орысша: «Успен зауыт» деп айтады. Сол Нілді зауытында 30-шы жылдан бері жұмыс істейтін Алтыбай деген жұмыскер бар еді. Жас күнінен жалшы еді. Бізбен ауылдас, бала күнінен бірге өскен едік. 30-шы жылдан бері Алтыбай Нілді зауытында істеп жүргенде жас қатыны жұмыс істемей үйде отырады. Алтыбайдың тапқанын киеді, ішеді, жейді. Аяқта әдемі бәтинке, үсте көк көйлек, жуғаны ақ сабын. Жаны тыныш, жағасы бос. Жұмыс қылмай жеп-ішіп қана отырған жас қатын күйленіп семіре береді, ал Алтыбай қажып, арықтай береді. Алтыбайдың істеп жүрген жұмысы қысқарып, қырдағы, ауылдағы ағасына барыпты. Ағасының қатыны жаман қабағымен қарсы алған соң, қайтадан зауытқа барады. Зауытта, ерігіп отырған жас қатынына тамақ тауып беруге аласұрып жүріп, мойны ырғайдай болып өледі. Бүгін сол зауыттан хат жазған менің бір інім осы хабарды жазыпты.

«Алтыбай қатынын тойдырып, семіртіп жүріп, өзі арықтап титықтап өледі. Жас қатыны Алтыбайдың табан ет, маңдай терімен семіріп, Алтыбайды өлтіріп, күліп-ойнап екінші байға тиіп кетті» деп жазыпты. Бұл бір.

Ал екінші:

Бүгін осында, Украинаның бір жас жазушысы, ақыны келіп менімен әңгімелесіп отырып кетті. Өзін біздің Қазақстанға ықтиярсыз, мобилизациямен қызметке жіберген екен. Өзі қыстан бері осында кызметте екен. Украинада «сүйісіп қосылдық» деген жас қатыны бар екен. Бар жиған-терген мүлкі сол қатынның қолында қалған екен. Ақын мұнда келіп орныққан соң қатынына хат жазып шақырады. Қатыны келе қоймайды. Ақын қатынына киетін киімдерін сұрап, жинаған кітаптарын сұрап хат жазады. Оларды жіберудің орнына қатыны: «сағындым, сарғайдым», — деп, — «өзім барам, тез ақша жібер жолға» деп хат жазады. Ақын қарызданып, жинастырып едәуір ақша жібереді. Ол ақшаны алысымен ақынның «сүйген жары» басқа біреуге қатын болып, ақынның жіберген ақшасымен той жасайды. Ақын еріне кеше сені сағындым, сарғайдым» деп жазып, алдап ақшасын алып, қатын енді күліп хат жазады. Міні, осы екі әңгімені естігеннен кейін «Бүгін бұл сортты әйелдерді әнгімелеуге тілім қышыңқырап отыр еді», — деді.

Ана үшеуі ойланыңқырап:

— Да-да... Рас... Ондай адамдар бар ғой! — десті. Айназар ащылау шыраймен:

— Солай! — деді.

Айназар мен Айсұлу сөйлесіп отырғанда Рада киініп алды.

— Рада Петровна! Неге асығып кеттіңіз? Әлі ерте ғой! Біраз отыра тұрсаңызшы! — деді Айназар.

Әшір:

Біз Рада екеуіміз тысқа шығып, кішкене бой жазып келейік. Сендер екеуің әңгімелесіп отыра тұрыңдар! — деді.

Айсұлу қозғалып:

— Жо-о-оқ, бәріміз бірге шығайық, немене сіздер бөлініп шығасыздар? — деді.

Жоқ, біз біраз ғана жүріп келейік, сендер әңгімелесіп отыра тұрыңыздар. Жүр, Радалия! — деді Әшір.

Рада:

— Менің басым айналды. Мен тысқа шыға тұрайын, — деп шығып кетті.

Айсұлу да тұрып еді, Әшір мен Айназар болмай, оны отырғызды.

— Біз он бес минуттан соң келеміз, Айсұлу, сен отыра тұр асықпай, Айназар екеуің сөйлесіп отыра тұрыңдар! — деді Әшір.

— Но, бірақ кешікпей келіңіздер! Он бес минуттан артық

жүрмеңдер! — деді Айсұлу.

— Жарайды, кешікпейміз, — деп шытып кетті.

Олар кеткен соң Айназар Айсұлуға таянып отырып, жай бос сөзге кірісті. Ішкен миуа шарабының қызуы Айназардың сыпайылығын жеңіңкіреді. Сөйлесіп отырып Айназар Айсұлуды ақырын құшақтады. Айсұлу жұмсақ қимылдап, көк шыбықша бұралып Айназардың құшағынан босанбақ болды. Бірақ Айназардың күшті білегінен Айсұлу босай алмады. Айназар оң қолымен Айсұлудың тал белінен құшақтап, сол қолымен иегінен жұмсақ көтеріп, жаңа ашылған гүл жапырақ ашқаны секілді еріндерінен сүймек болды. Айсұлу күліп, басын шайқап,еріндерін, бетін Айназардың ұмсынған еріндерінен алып қашты. Бірақ Айназар қатты құшып, Айсұлудың еріндерінен ыстық құмарлықпен ұзақ қатты қысып сүйді. Айсұлудың әдемі қабысқан еріндерінен көктемдегі жаңа сауған уыз сүттің дәмі келді. Aйназар Айсұлудың тізілген меруерт тісті, гүл жапырақты әдемі аузынан тағы да уыз дәмін татқысы келді. Тағы да ұзақ қысып сүйді... Айсұлу ұшып түрегеліп, бетін басып ентігіңкіреп дем алып:

— Уһ!.. Тұншықтыра жаздадыңыз ғой! — деп айнаға қарады.

Айназар да ұшып түрегеліп, айнаға қарап тұрған Айсұлуды

ақырын құшақтап күлді:

— Тамаша қызарыпсың, қарашы! — деп Айсұлудың бетіне бетін тақап айнаға қарады. Айсұлу да айнаға қарап күліп, ұйтқыған жұмсақ желмен ойнаған көк шыбықша бұраңдап ойнады. Айназар Айсұлудың белінен құшақтап:

— Анау айнаға барып қарайықшы! Одан бір түрлі айқын көрінеді! — деді. Айсұлуды кереует жанындағы шкаф айнасының алдына алып барды. Тағы да Айназар Айсұлуды құшақтап сүйіп еді, Айсұлу көк өрімше бұралып ойнады. Айназар Айсұлудың белінен жылдам қатты құшақтап алды.

— Қой, енді қайту керек! Олар енді келмейтін болды... Қайту керек! — деп тұруға ыңғайланды.

Айназар Айсұлудың кек шыбықша солқылдаған ыстық денесін құшақтап, соған барлық сезім жүйелерін елітіп, мас секілді болды.

— Жоқ, кету керек! Мені шығарып салыңыз! Менің енді қайтатын уақытым болды! — деді.

Айсұлу үнінің беріктігін көріп, Айназар есін жиғандай ойға келді. Өзін-өзі билеп алды.

Бір жағы наразылау секілді, екінші жағы салқындай қалған секілді үнмен:

— Жарайды ендеше, шығарып салайын! — деп тұрды.

...Екеуі кешеге шыққанда қала тыныш ұйқыда еді. Салқындай қалған түрмен кете беруді ыңғайсыз көрді де, Айназар Айсұлуды жәй, сыпайы сұлықтау қолтықтады.

...Айсұлудың пәтеріне келгенше Айназар Айсұлуға ырза болмай, сұлықтау болып қалғандығын жасыра алмады. Қалжыңдап жылы сөздер де айтпады.

Екеуі келе жатқанда қала мұнарлы ұйқыда еді.

Айсұлудың пәтерінің терезесінің түбіне келіп, екеуі тоқтап, бір-біріне қарасты. Сол минутте екеуіне көктегі жұлдыздар да махаббатпен қараған секілді еді. Айназар ішінен: «Жәй сұлық қана, қош айтысып кетсем бе екен. Өйтсем, Ахметтің әйелдерге істегенін істегендей болып шыға ма? Өйтуге болмас, өзінің дегенін әйелге орынсыз өкпелегендей болып шығар! Бұған өкпелеу адамшылық емес қой. Айсұлудай әйелді таза, нәзік, сұлу махаббатпен қарату керек. Мұндай әйелге жалаң құмарлық көзімен қарау үлкен масқаралық», — деді.

Біртүрлі нәзік, жылы, назды қимылмен Айсұлудың қолынан ұстап, ақырын өзіне қарай тартты. Анау да осыны күткендей, жұмсақ қозғалып, Айназарға таянды. Құшырлана сүйіскеннен соң екеуі тез қош айтысты.

Айназар ұйықтаған, қалғыған көшелер бойымен қайтып келе жатып айналаға, одан көктегі жұлдыздарға қарады.

Шығыстағы алтын жұлдызға көзі тоқтады. Ішінен: «Айсұлуға теңеген алтын жұлдызым осы ғой! — деді. Аянның Айлағындай болмаса игі, — деді. Жоқ, мұны жұлдызға теңеуге болады, — деді. —

Айтпақшы кешегі жазған жырымды Айсұлуға көрсетуге ұмытып кеткен екем-ау! Енді ұшырасқанда айтып, көрсетейінші!» — деді.

Ыңырсып Айназар жырлады. Тағы да шығыстағы, әлгі ақ алтын секілді жұлдызға көз жіберді. Сонсоң, көк теңізіндегі бырдай жұлдыздардың бәріне көз жіберді. Қиялына екінші күй мен кешегі жырлар тізбектеле бастады. Көкке құшақ жайғандай күйдің сымы дыңылдап көкірегін кернеді. Айназар ыңырсып жырлйды:

Сансыз юлдыз аспан көкте,
Нұрлары ойнап ялтри.
Янған отлы өз юлдызын
Юрак ізләп қалтыри...

Бүл жырларды айтып болып, Айназар көкті, жерді құшақтамақ болғандай екі қолын көтеріп, құшағын жазып, бақытты шыраймен көкірегін кең көтеріп дем алды.

— ...Аһ! Алтын юлдыз!.. — деді.

Және күлімсіреп: Башқұртстан! — деді.

КЕШЕГІ, БҮГІНГІ ЖАНИЯ

АХМЕТ, АЙНАЗАР, АЙСҰЛУ

Кешкі ақшам батқан уақыт еді. Ұзындатып аласалау салынған стандарт үйдің терезелерінің түбінде біреу бәйгеге жаратқан жүйрік атша ерсілі-қарсылы аяндап жүр. Ақшам батқан уақыт болса да, толған ай кештің қара пердесін ашып, биік көктен қарап еді, Терезе түбінде жүрген адам зеңгір аспандағы алтын табақтай бетін ашып толықсыған айдың күміс сәулесінен бойын жасыра алмай жүрді. Тек оның көкшіл сұр, тарғыл бешпент-шалбары айдың күміс сәулесімен күңгірттеніп алыстан айқын көрінбейді. Бұл адамның көзіне түсіре киген етекті қоңыр қалпағы бетін көлеңкелеп, жалпақ жауырынына да көлеңке түсіріп жасырғандай. Өйткенмен ол кез жетер жерге берік қып қаққан ат байлайтын діңгектей болып көрініп жүрді. Бұл адамның көкшіл, сұрғылт тарғыл бешпент-шалбарының түсі көк тарғыл қаршығаның түсіндей еді. Және тек түсі ғана қаршығаның түсіндей емес еді. Стандарт үйдің терезелеріне сүзіле қарап, тықыр шығармай жұмсақ адымдап, ерсілі-қарсылы жүргенінде қамысқа үйрек қорғалатып, соны аңдыған қаршығаның жымып айналғаны секілді еді. Бірен-саран, өткен-кеткен адамдар байқап қараса, оның біреуді күтіп жүргенін сезер еді. Және басындағы етекті үлкен қоңыр қалпағы оның бетін қанша көлеңкелесе де, жанап еткен адамдар оның түзу қыр мұрынды, ернінен асырмай қырыққан қара мұртты, айқын пішінді сұрғылт торы бетін, ойлы алыстан қараған қара ала көзін анықтап көрер еді.

Ол қолындағы таяғын жерге тигізбей ақырын ойната шиырып, аяқтарын бәйге аттай шіреп басып, бір терезеге азырақ үңіліп қарады... Үйде телефон арқылы сөйлескен біреудің дыбысы естілді.

Кешікпей қорадан біреу шықты. Терезе түбінде жүргеннің қасына келіп, екеуі күңкілдесіп, сөйлесіп, қолтықтасып жүріп кетті. Екеуі Фонтан көшесіне бұрылып, жиырма қадамдай ғана жүріп, көше жиегіндегі жағалай қаз-қатар өскен биік ағаштардың арасындағы бір орындыққа отырды.

Әлгі терезе түптерінде жүрген Айназар еді, қорадан шыққан Әшір еді.

Айназар күбірлеп:

— Осы көшемен келемін деді ме? — деді.

— Осы көшемен келеді.

Әшір телефон арқылы Радамен, Айсұлумен сөйлескен еді. Олар облпотребсоюздың кеңсесінде кешкі бір мәжілісте еді. Әшірмен телефон арқылы сөйлесіп, Рада Айсұлуды тез пәтеріне қайырмақ болып еді. Әшір мен Айназар екеуі енді сол Айсұлуды Фонтан көшесінде тосып отырды.

Әшір:

Ертең демалыс күні, бұларды мына тау жаққа, тоғай арасына алып шығудың лажын істеу керек енді, әйтпесе, бұдан ештеме шығатын емес сияқты ғой өзі, сен батылырақ қимылдамасаң болмайды... — деді.

Айназар ыңғайсыздана күлді:

— Батыл қимылдағанда қайтеміз енді, жағдай солай ғой! Мына менікі бір берік адам көрінеді өзі, — деді. Айназардың «мына менікі» дегені Айсұлу еді.

Әшір күлді:

— Жо-оқ сен өзің тым сыпайысың! Мен айттым саған: әйелге неғұрлым батылырақ болсаң, солғұрлым олар сені жақсы көреді дедім. Нахальныйлау болу керек.

Айназар ішінен:

«А-ай, мынау ит ылғи хайуан әркетінен басқаны ойламайды-ау! Сыпайылық, сұлу, нәзік, сұлу қатын, сүйген достық дегендерді айтсам күледі-ау бұл да, солай... Жоқ күлсе де мен бұған бірде жақсылап тұрып осыны айтармын!» — деді ішінен. Соны айтып Айназар Жанияны ойлады. Жания есіне түскенде жүрегі аунап түскендей болды. Терең бір күрсінді. Жанияны ойламасқа тырысқандай, Жанияның суретін көз алдынан қуғандай басын шайқап, қабағын суыта түйді. Әшірге дыбыстап:

— Оның, әр түрлі әрекеттің езіне лайық адамы бар ғой, Әшір!.. Саған мен бірде бүл мәселе туралы бір толық әңгіме айтармын. Мен, көңіліме ұнаңқыраған әйелге сыпайылық шегінен аттай алмаймын! — деді.

Әшір сақылдап күлді. Айназардың аркасынан қақты:

— Әй, ақын қиялы-ай! — деді.

Айназар:

— Но, қалайша сен түсінбейсің? — деді. Асығып басып Айсүлу келеді екен.

Айназар мен Әшір танып, орындықтарынан тұрып қарсы жүрді.

— А-а, есенсиздар ма? Асығып жүгіріп келе жатыр едім. Айдәңізләр, бізге, Рада да қазір келеді. Ол бір мәжілістен шыға алмай қалды. Ода енді көп кешікпес... Жүріңіздер! — деді.

Әшір:

— Рада мәжілістің ақырына қарамай келе ме? — деді.

— Мәжілістеріңіз көп болады-ау деймін осы сіздердің, — деді Айназар.

Айсұлу: да, толған ай кештің қара пердесін ашып, биік көктен қарап еді. Терезе түбінде жүрген адам зеңгір аспандағы алтын табақтай бетін ашып толықсыған айдың күміс сәулесінен бойын жасыра алмай жүрді. Тек оның көкшіл сұр, тарғыл бешпент-шалбары айдың күміс сәулесімен күңгірттеніп алыстан айқын көрінбейді. Бүл адамның көзіне түсіре киген етекті қоңыр қалпағы бетін көлеңкелеп, жалпақ жауырынына да көлеңке түсіріп жасырғандай. Өйткенмен ол көз жетер жерге берік қып қаққан ат байлайтын діңгектей болып көрініп жүрді. Бүл адамның көкшіл, сұрғылт тарғыл бешпент-шалбарының түсі көк тарғыл қаршығаның түсіндей еді. Және тек түсі ғана қаршығаның түсіндей емес еді. Стандарт үйдің терезелеріне сүзіле қарап, тықыр шығармай жұмсақ адымдап, ерсілі-қарсылы жүргенінде қамысқа үйрек қорғалатып, соны андыған қаршығаның жымып айналғаны секілді еді. Бірен-саран, өткен-кеткен адамдар байқап қараса, оның біреуді күтіп жүргенін сезер еді. Және басындағы етекті үлкен қоңыр қалпағы оның бетін қанша көлеңкелесе де, жанап еткен адамдар оның түзу қыр мұрынды, ернінен асырмай қырыққан қара мұртты, айқын пішінді сұрғылт торы бетін, ойлы алыстан қараған қара ала көзін анықтап көрер еді.

Ол қолындағы таяғын жерге тигізбей ақырын ойната шиырып, аяқтарын бәйге аттай шіреп басып, бір терезеге азырақ үңіліп қарады... Үйде телефон арқылы сөйлескен біреудің дыбысы естілді.

Кешікпей қорадан біреу шықты. Терезе түбінде жүргеннің қасына келіп, екеуі күңкілдесіп, сөйлесіп, қолтықтасып жүріп кетті. Екеуі Фонтан көшесіне бұрылып, жиырма қадамдай ғана жүріп, кеше жиегіндегі жағалай қаз-қатар өскен биік ағаштардың арасындағы бір орындыққа отырды.

Әлгі терезе түптерінде жүрген Айназар еді, қорадан шыққан Әшір еді.

Айназар күбірлеп:

— Осы көшемен келемін деді ме? — деді.

— Осы көшемен келеді.

Әшір телефон арқылы Радамен, Айсұлумен сөйлескен еді. Олар облпотребсоюздың кеңсесінде кешкі бір мәжілісте еді. Әшірмен телефон арқылы сөйлесіп, Рада Айсұлуды тез пәтеріне қайырмақ болып еді. Әшір мен Айназар екеуі енді сол Айсұлуды Фонтан көшесінде тосып отырды.

Әшір:

— Ертең демалыс күні, бұларды мына тау жаққа, тоғай арасына алып шығудың лажын істеу керек енді, әйтпесе, бұдан ештеме шығатын емес сияқты ғой өзі, сен батылырақ қимылда масаң болмайды... — деді.

Айназар ыңғайсыздана күлді:

— Батыл қимылдағанда қайтеміз енді, жағдай солай ғой! Мына менікі бір берік адам көрінеді өзі, — деді. Айназардың «мына менікі» дегені Айсұлу еді.

Әшір күлді:

— Жо-оқ сен өзің тым сыпайысын! Мен айттым саған: әйелге неғұрлым батылырақ болсаң, солғұрлым олар сені жақсы көреді дедім. Нахальныйлау болу керек.

Айназар ішінен:

«А-ай, мынау ит ылғи хайуан әркетінен басқаны ойламайды- ау! Сыпайылық, сұлу, нәзік, сұлу қатын, сүйген достық дегендерді айтсам күледі-ау бүл да, солай... Жоқ, күлсе де мен бұған бірде жақсылап тұрып осыны айтармын!» — деді ішінен. Соны айтып Айназар Жанияны ойлады. Жания есіне түскенде жүрегі аунап түскендей болды. Терең бір күрсінді. Жанияны ойламасқа тырысқандай, Жанияның суретін көз алдынан қуғандай басын шайқап, қабағын суыта түйді. Әшірге дыбыстап:

— Оның, әртүрлі әрекеттің өзіне лайық адамы бар ғой, Әшір!.. Саған мен бірде бүл мәселе туралы бір толық әңгіме айтармын. Мен, көңіліме ұнаңқыраған әйелге сыпайылық шегінен аттай алмаймын! — деді.

Әшір сақылдап күлді. Айназардың арқасынан қақты:

— Әй, ақын қиялы-ай! — деді.

Айназар:

— Но, қалайша сен түсінбейсің? — деді. Асығып басып Айсұлу келеді екен.

Айназар мен Әшір танып, орындықтарынан тұрып қарсы жүрді.

— А-а, есенсиздар ма? Асығып жүгіріп келе жатыр едім. Айдәнізләр, бізге, Рада да қазір келеді. Ол бір мәжілістен шыға алмай қалды. О да енді көп кешікпес... Жүріңіздер! — деді.

Әшір:

— Рада мәжілістің ақырына қарамай келе ме? — деді.

— Мәжілістеріңіз кеп болады-ау деймін осы сіздердің, — деді Айназар.

Айсұлу:

— Ия, Рада мәжілістің ақырына қарамай шығып кетпек еді... Мәжіліс көп, береке жоқ! — деп Айназарға қарады.

Айназар Айсұлудың бетінің, көзінің құбылыстарын байқамақ болып қарады. Көшені жиектей өскен әдемі ақ қайыңның жалбыр көк бұйра жапырақтарының көлеңкесі, шұбар ала әдемі өрнек болып ай сәулесімен Айсұлудың бетіне түсті. Қайың жапырақтарының бетіне түскен теңбіл, теңгелі көлеңкелерімен ойнаған секілді және ай сәулесімен ойнағандай Айсұлудың көздері сиқырлы от шашып ойнайды. Айназар күлімдеп, көктегі айға қарап, одан Айсұлудың бетіне қарады:

— Неге олай қарадыңыз? — деді жымиып Айсұлу.

— Ана айдың ақ сәулесі, мына қайыңдардың бұйра жапырақтарының көлеңкелері сіздің бетіңізге ақшыл нұрмен әдемі ернек салды. Ал сіздің көздеріңіз ай сәулесімен ойнаған секілді болады, — деді.

Айсұлу:

— Да, бүгінгі кеш бір түрлі матур. Сіз бір нәрсе жазуға тиіссіз мұндай матур кешті суреттеп! — деді.

Әшір күліп:

— Байқа, Айсұлу, Айназар кешті суреттесе, ол суреттің ішіне өзің түсіп қалып жүрме! — деді.

Айсұлу күлді:

— Қалайша?.. Мен неге түсем ол суреттің ішіне? Меніңше, жолдас Самигуллин мұндай кешті суреттесе, оның ішіне бір героиня кіргізбек болса, Алматының өзі сүйген бір сұлу әйелін кіргізеді де!.. Бит, солай емес пе, сүйтпейсіз бе, жолдас Самигуллин? — деп Айназарға қарады күліп.

Әшір де күліп Айназарға қарады.

Айназар қолындағы таяғын мылтықша иығына көтере ұстап:

— Алматыда алтын айдың ақ сәулесіне қосып, сұлу ақ қайыңның көк бұйра жапырақтарының әдемі көлеңкесіне қосып мен суреттейтін сұлу әйел жоқ, — деді.

Соны айтқанда Айназардың кез алдына Жания келді. Бірақ оған өзі ызаланды.

Айсұлу наздана күліп, бұраңдады:

— А-а, бір де сұлу әйел жоқ па осында? Рас па? — деді.

Айназар еріндерін томпитып, бір түрлі мұңлы шыраймен сол жақ қасын сәнденіңкірей қиғаштап, Айсұлуға қарай мойнын қисайтыңқырады:

Ия, солай-ау! — деді.

Сүйтіп бұлар Айсұлудың пәтеріне келіп, шам жағып, патефон ойнауға кірісті. Айсұлу шай дайындады.

Үшеуі шай ішіп, патефон ойнатып бірсыпыра отырды. Әшір тықыршып үй ішінде жүре бастады.

— Апырмай, ертеңгі демалыс күнді қалай өткізу туралы сөйлесіп, сөз байқау керек еді, Рада кешікті-ау! — деді.

Айсұлу патефон табақтарын қарап отырып:

— Рада кешікпейді енді, асықпаңыз, — деді.

— Кешікті ғой! Ол тіпті сағат он екіге шейін отырып алар,тағы да телефонмен сөйлесуге мынау үйден ыңғайсыз болады-ау! — деді.

Айсұлу:

— Менімше сөйлесу қажет емес, енді Раданың өзі де келіп і алады қазір, — деді.

Әшір тысқа шығып кетті.

Әшір тысқа шығып кеткен соң Айназар Айсұлудың арт жағынан келіп, ойнап, иегінен ақырын ұстап, қолынан тартты.

Айсұлу:

— Қойыңыз... жарамайды, — деп Айназардың қолын босатты.

Айназар күліп, тағы да Айсұлудың қолынан ұстады.

— Айсұлу, бері қарашы!.. Маған қарашы! — деді. Айсұлу ұялғандай болып, көзін төмен қаратты:

— Қойыңыз, жарамайды! — деді тағы да. Айназар теріс қарап жүріп кетті. Үйдінбір бұрышынан екінші бұрышына шейін ерсілі-қарсылы жүрді. Айсұлу «қойыңыз, жарамайды.. ташлаңыз!» дегені Айназарға жақпай қалды. Айсұлудың мұның алдындағы бір күнгі мінезі де Айназарға ұнаңқырамаған еді.

Мұның алдында бір күні Айназар мен Айсұлу телефон арқылы сөйлескен еді. Сөйлескенде: «Сізді Рада шақырады. Бізге келсін дейді. Әдейі маған айт деп еді», — деп Айназарды Айсұлу пәтерлеріне шақырған. Айназар келіп, бір кештің жартысын бұлармен бірге өткізген. Бұлардікінде Айназардан басқа бірге екі жігіт болған. Олар да Айсұлулармен бір кеңседе қызмет істейтін жолдастар еді. Бірақ олар шай ішкен соң біраз әңгіме айтысып, ойнап отырып кеткен. Ал Айназар, Айсұлу, Рада үшеуі оңаша қалған. Сол онаша қалғандарында, Рада бір бес-алты минуттай тысқа шығып кеткенде, Айназар тағы да әлгідей ойнамақ болған. Айсұлу онда да: «Қойыңыз, жарамайды!» дегенді айтқан еді. Онда Айназар ішінен: «Апыр-ай, мынау ұялшақ, сабырлылық қылады-ау!» — деп қойған еді. Енді Айназар Айсұлудың: «Жарамайды, қойыңыз!» — дегеніне азырақ мұңайып қалды. «Осы мені ұнатпайтын шығар?.. Ал бұл мені ұнатпайтын болса, мен неге жабысам бұған!..» — деді ішінен. Соны ойлап Айназар өзіне-өзі ыза болды. «Көктегі жұлдыз болса да, мені ұнатпаса, мен мұны не қылам? Қой, осы текке етпеулеуді қояйын! Оқығандығы болмаса осының Жаниядан несі артық?» — деді ішінен.

Айназар диванға отырды. Айсұлуда тұрып келіп Айназардың жанына диванға отырып:

— Мені тағы да Мәскеуге шақырып жатыр, — деді.

Айназар жәй, салқын түспен Айсұлудың бетіне қарады:

— Енді жүретін шығарсыз? — деді.

Айсұлу жымиып, Айназардың салқын түсіне таңырқаныңқырай қарап:

— Неге олай дейсіз? Мен мұнда бір жылға қалмақ болдым, бит, шақырсалар да мен енді, қазір, Мәскеуге қайтпаймын, — деді.

Айназар салқын түрін жылытпады:

— Бекер бармайсыз! Не бар мұнда? Алматы секілді алыс түкпірде қызмет істеймін деп күн өткізіп, Мәскеуге бармау ақылға сыймайтын нәрсе! — деп Айназар Алматыны жамандады, Мәскеуді суреттеп мақтады.

— Мәскеу — тұрмыстың мыс қазанының қайнаған орталығы. Мәскеудің көшесінің өзі мектеп секілді емес пе? Одан күн сайын алған біліміңнің орнына мұнда білімнен артта қаласың. Онда неше түрлі театр, кітап, газет, мәдениет... Ғылым шамы жанған Мәскеуден қашып, Алматы тәрізді надандық қараңғысынан шыға алмай жатқан қалаға байлану менің миыма сыймайды! Әттең, мен қазақпын, мені жібермейді және мен қазақ болған соң, менің қазақ еңбекшілеріне істеген кызметім пайдалырақ болады. Сондықтан мен лажсыз Алматыда жүрмін, әйтпесе, мен алдақашан бұл арадан кеткен болар едім! — деді.

Айсұлу Айназардың сөздерінің сарынын өзінше түсінді. Айназар бұл сезді әдейі айтып отыр, наз қылып айтып отыр деп ұғынды. Көк шыбықша бұраңдай ойнап, Айназарға көзімен от атқылады:

— Жоқ, оныңыз қате, Алматы жақсы қала! Мен енді бүл қалада біраз қызмет істеуге тиіспін. Мен Мәскеуге енді қайтпаймын! — деді наздана күліп.

Әшір кірді үйге.

— Е, Айназар, менің пәтерім алыс қой! Енді кайтайын, сен Раданы күтіп отыра түр. Сөйтіп ертеңгі күннің планын мына Айсұлу үшеуің сөйлесіп, әбден бітіріңдер! Ертең сонсоң маған айтарсың.

Әшірдің бүл сөзіне Айсұлу бір түрлі қорқыңқыраған түрмен қарады:

— Жо-о-қ! Сіздің оныңыз жарамайды! Сіз қайда барасыз асығып! Раданы біржола тосып, сөйлесіп, сөзіңізді әбден бітіріп кетіңіз! — деді.

Әшір өз сезін айтып үлгіргенше тағы да Айсұлу:

— Сіздің жолдас Самигуллинмен екеуімізді оңаша тастап кетпек болуыңыз жарамайтын іс. Ертең өсек болуы мүмкін, — деді.

Әшір өрекпіп:

— Қой-ой, сен не айтасың, Айсұлу! Өсек болады дегенің не? Біреумен біреу бір үйде отырмай ма екен? — деді.

Айсұлу:

— Жоқ, оныңыз ыңғайсыз болады. Біздің қорамызда түрлі халық бар, бит! — деді.

Айназар да Әшірдің сөзін ұнатпағанын білдірді:

— Жоқ, Әшір, ертеңгі күнді сөйлеспек болсаң отыр, Раданы бірге күтейік! Ал асықсаң, жүр, бірге қайтайық! — деп түрегелді.

Әшір Айсұлуға бір қарап, Айназарға бір қарап:

— Жоқ,сен отыр. Менің пәтерім алыс, кайтайын деп тұрмын, — деді.

Айназар салқын түспен Әшірге қарап:

— Жоқ, мен де қайтам. Әйдә, жүр, ендеше? — деп жүруге ыңғайланды.

Айсұлу азырақ ыңғайсызданды.

— Ендеше, үшеуіміз де сол Радаға барсақ қайтеді? Облпотребсоюз оншалық қашық емес қой? — деді. Үшеуі тысқа шықты.

...Көктегі толған айдың күміс нұры қаланы әдемілеп жарқыратып еді. Қала жеңіл, нәзік, жұқа ақ торғынмен перделенген секілді еді. Бұлар Облпотребсоюзға Радаға бармаққа Фонтан көшесімен темен қарай жүрді. Айназар өзін жалқаулау, салқындау ұстап келе жатты.

— Айназар, Айсұлу екеуін Радаға барып әлгі сөзді байласаңдар. Мен қазір, осы арадан үйге тура қайтайын, пәтерім алыс қой! — деді Әшір.

Әшірдің бұл сөзіне Айназар қосылмады. Салқындау, жалқаулау үнмен:

— Жоқ, барсақ бірге барамыз, сонсоң мен ар жағынан үйге қайтам. Тіпті, Облпотребсоюзға барып та қажеті жоқ қой деймін, қазір Рада онда жоқ болар. Ол ендігі кеңседен кетіп қалған шығар. Және қазірге шейін мәжіліс созылушы ма еді! — деді.

— Менің ойымша да Раданы қазір одан біз табалмаймыз ғой деймін! — деді Айсұлу.

— Ендеше, осы арадан қайтайық! Мен үйге кайтайын, Айназар, сен Айсұлуды пәтеріне апарып сал! — деді Әшір.

— Жо-о-қ, сен өзің апарып сал Айсұлуды. Менің пәтерім алыс сенікінен! Мен енді осы арадан кайтайын! — деді Айназар.

Айсұлу ыңғайсызданды.

— Жоқ, сіздер машақаттанбаңыздар, мен өзім-ақ кайтармын! Сіздерге мені ертіп жүру қиын болар! — деді.

Әшір мен Айназар: «Сен апарып сал, сен апарып сал» деп, бір-біріне сілтеп тұрды.

— Құдай біледі, Айназар, егерде Айсұлуды пәтеріне апарып салмасаң өкпелеймін, ертең бетіңді кермеймін! Ал, қош болыңдар! — деп Әшір жылдам бұрылып, тез басып жүріп кетті.

Айсұлу ыңғайсызданыңқырады, «қайтер екен» дегендей, ұялыңқыраған шыраймен Айназарға қарап тұрды. Кетіп бара жатқан Әшірдің соңынан қарап тұрып Айназар ренжіңкіреді.

— Вот, нахал! Міне ұятсыз халық! Жүріңіз енді, пәтеріңізге апарып салайын, — деді Айсұлуға. Айназардың бұл сөзі амалсыз айтылғандай үнмен естілді.

Екеуі кейін бұрылып жүрді.

— Ана көшемен жүрейік! — деді Айсұлу.

— Жарайды, — деді Айназар.

Айсұлудың айтуы бойынша екеуі Карл Маркс кешесімен өрлеп жүрмекке, солай қарай бұрылды.

Катар жүріп келе жатты. Айназар Айсұлуды қолтықтаған жоқ. Үндемей, тек жанында келе жатты. Айсұлу әңгімелеспек болып, бір-екі сөз айтып еді, оған Айназар жалқау түрмен, бір ойға шұғылданған үнмен, қысқа-қысқа ғана жауап қатты. Айсұлу Айназар кейпінің мұндай болғандығына азырақ жайсызданғандай оның бетіне қадала қарады. Айназардың бет-шырайы — өз жөнімен басқа оймен шұғылданып келе жатқандай көрінді. Шынында Айназардың жүрегін Жания тырналап келе жатыр еді.

Айназар денесі қызбаған бәйге атша ырғала басып, кеудесін көтеріп, ақырын күрсінді. Біртүрлі жұмсақ дауыспен Айсұлу:

— Сіз бүгін неге күрсіне бересіз? — деді Айназарға. Айназар салқындау түрмен Айсұлуға солғындау ғана қарады:

— Ә, солай ма? Жәй, мен кейде сүйтіп күрсіне берем! — деді.

Айсұлу тағы да жұмсақ үнмен:

— Мүмкін, күрсінгенде, бірдемені ойлайтын боларсыз? Неге олай етесіз? — деді.

— Ешнәрсе емес! Ондайды елемесеңіз де болады! — деді Айназар. Басқа сөз қозғамады. Екеуі үндемей біраз жүрді. Айсұлу көзінің астымен Айназардың бетіне қарай берді. Қараған сайын Айназардың бетінің өз ойымен шұғылданып, салқын тартып солғынданып келе жатқанын байқады.

— Сіз білмейсіз ғой, менің мінезім сондай. Мен адаммен жарқылдап сөйлесіп отырудың тәсілдерін білмеймін. Мен сізбен жақсылап сөйлесіп отыра алмадым. Сізге мен бір нашар мінезді болып көрінген болармын... Сіз менен жәбірленген боларсыз? — деді. Айсұлу бұл сөздерді бір түрлі кешірім сұраған үнмен айтқандай болды.

— Жо-о-оқ, бекер олай дейсіз! Мен сіздің мінезіңізден кемшілік табуға қандай хақым бар? Менде ондай ой жоқ! — деді Айназар.

Тағы да үндемей жүрді. Бір көлденең арықтан аттағанда, Айназар сыпайы ғана Айсұлудың карынан ұстап, демеп жіберді. Арықтан аттап түскен соң тағы да үндемей жүре берді. Арықтағы асығып, сылдырлап, сумаңдап жүгірген су былдырлап ойнап сықақтап күлгендей болды. Айназар ішінен: «Не деген әдемі түн!» — деп, айналаға, көкке қарады. Аспан — қиырсыз, түпсіз зеңгер мұқиттай болып көрінді. Айсұлулардың кварталдарының бұрышына келген соң Айсұлу Айназарға жымиып, тура қарап тоқтады.

— Міне, енді біздің пәтер! Так, солай, сөйтіп қайтасыз енді пәтеріңізге? — деп Айсұлу Айназарға қарама-қарсы тұрып, жымиып қарап, тіпті жақын тиісе таянып тұрды. Айназар да Айсұлудың бет шырайына, көз құбылысына оқи қарады.

«Бұл қалай? Мұның енді менде несі бар? Бағанағы бетімен неге қала бермейді? Міне, бетін бетіме сонша жақын әкеп түр. Барлық денесін алдыма әкеп кұшағыма дөп қылып, көк шыбықша бұраңдап ойнап тұр! Бүл не ойын? Бұл мені ұнатпайтын болса, бағанағы бетпен неге кете бермейді? Әлде, мұнысының бәрі әйел-Әшірдің бұл сөзіне Айназар қосылмады. Салқындау, жалқаулау үнмен:

— Жоқ, барсақ бірге барамыз, сонсоң мен ар жағынан үйге қайтам. Тіпті, Облпотреб союзға барып та қажеті жоқ қой деймін, қазір Рада онда жоқ болар. Ол ендігі кеңседен кетіп калған шығар. Және қазірге шейін мәжіліс созылушы ма еді! — деді.

— Менің ойымша да Раданы қазір одан біз табалмаймыз ғой деймін! — деді Айсұлу.

— Ендеше, осы арадан қайтайық! Мен үйге кайтайын, Айназар, сен Айсұлуды пәтеріне апарып сал! — деді Әшір.

— Жо-о-қ, сен езің апарып сал Айсұлуды. Менің пәтерім алыс сенікінен! Мен енді осы арадан кайтайын! — деді Айназар.

Айсұлу ыңғайсызданды.

— Жоқ, сіздер машақаттанбаңыздар, мен өзім-ақ қайтармын! Сіздерге мені ертіп жүру қиын болар! — деді.

Әшір мен Айназар: «Сен апарып сал, сен апарып сал» деп, бір-біріне сілтеп тұрды.

— Құдай біледі, Айназар, егер де Айсұлуды пәтеріне апарып салмасаң өкпелеймін, ертең бетіңді кермеймін! Ал, қош болыңдар! — деп Әшір жылдам бұрылып, тез басып жүріп кетті.

Айсұлу ыңғайсызданыңқырады, «қайтер екен» дегендей, ұялыңқыраған шыраймен Айназарға қарап тұрды. Кетіп бара жатқан Әшірдің соңынан қарап тұрып Айназар ренжіңкіреді.

— Вот, нахал! Міне ұятсыз халық! Жүріңіз енді, пәтеріңізге апарып салайын, — деді Айсұлуға. Айназардың бүл сөзі амалсыз айтылғандай үнмен естілді.

Екеуі кейін бұрылып жүрді.

— Ана көшемен жүрейік! — деді Айсұлу.

— Жарайды, — деді Айназар.

Айсұлудың айтуы бойынша екеуі Карл Маркс көшесімен өрлеп жүрмекке, солай қарай бұрылды.

Қатар жүріп келе жатты. Айназар Айсұлуды қолтықтаған жоқ. Үндемей, тек жанында келе жатты. Айсұлу әңгімелеспек болып, бір-екі сөз айтып еді, оған Айназар жалқау түрмен, бір ойға шұғылданған үнмен, қысқа-қысқа ғана жауап қатты. Айсұлу Айназар кейпінің мұндай болғандығына азырақ жайсызданғандай оның бетіне қадала қарады. Айназардың бет-шырайы — өз жөнімен басқа оймен шұғылданып келе жатқандай көрінді. Шынында Айназардың жүрегін Жания тырналап келе жатыр еді.

Айназар денесі қызбаған бәйге атша ырғала басып, кеудесін көтеріп, ақырын күрсінді. Біртүрлі жұмсақ дауыспен Айсұлу:

— Сіз бүгін неге күрсіне бересіз? — деді Айназарға. Айназар салқындау түрмен Айсұлуға солғындау ғана қарады:

— Ә, солай ма? Жәй, мен кейде сүйтіп күрсіне берем! — деді.

Айсұлу тағы да жұмсақ үнмен:

— Мүмкін, күрсінгенде, бірдемені ойлайтын боларсыз? Неге олай етесіз? — деді.

— Ешнәрсе емес! Ондайды елемесеңіз де болады! — деді Айназар. Басқа сөз қозғамады. Екеуі үндемей біраз жүрді. Айсұлу көзінің астымен Айназардың бетіне қарай берді. Қараған сайын Айназардың бетінің өз ойымен шұғылданып, салқын тартып солғынданып келе жатқанын байқады.

— Сіз білмейсіз ғой, менің мінезім сондай. Мен адаммен жарқылдап сөйлесіп отырудың тәсілдерін білмеймін. Мен сізбен жақсылап сөйлесіп отыра алмадым. Сізге мен бір нашар мінезді болып көрінген болармын... Сіз менен жәбірленген боларсыз? — деді. Айсұлу бұл сөздерді бір түрлі кешірім сұраған үнмен айтқандай болды.

— Жо-о-оқ, бекер олай дейсіз! Мен сіздің мінезіңізден кемшілік табуға қандай хақым бар? Менде ондай ой жоқ! — деді Айназар.

Тағы да үндемей жүрді. Бір көлденең арықтан аттағанда, Айназар сыпайы ғана Айсұлудың қарынан ұстап, демеп жіберді. Арықтан аттап түскен соң, тағы да үндемей жүре берді. Арықтағы асығып, сылдырлап, сумаңдап жүгірген су былдырлап ойнап сықақтап күлгендей болды. Айназар ішінен: «Не деген әдемі түн!» — деп, айналаға, көкке қарады. Аспан — қиырсыз, түпсіз зеңгер мұқиттай болып көрінді. Айсұлулардың кварталдарының бұрышына келген соң Айсұлу Айназарға жымиып, тура қарап тоқтады.

— Міне, енді біздің пәтер! Так, солай, сөйтіп қайтасыз енді пәтеріңізге? — деп Айсұлу Айназарға қарама-қарсы тұрып, жымиып қарап, тіпті жақын тиісе таянып тұрды. Айназар да Айсұлудың бет шырайына, кез құбылысына оқи қарады.

«Бұл қалай? Мұның енді менде несі бар? Бағанағы бетімен неге қала бермейді? Міне, бетін бетіме сонша жақын әкеп тұр. Барлық денесін алдыма әкеп құшағыма дөп қылып, көк шыбықша бұраңдап ойнап тұр! Бұл не ойын? Бұл мені ұнатпайтын болса, бағанағы бетпен неге кете бермейді? Әлде, мұнысының бәрі әйелдің мың түрлі қулықтарының бір түрлері ме? Неге әуре болам осы!.. — деді ішінен.

Дыбыстап:

— Ия, енді қош айтысамыз! — деді Айназар.

— Ия? — деді жымиып, бұраңдап Айсұлу. Айсұлудың олай дегені «сол-ақ па бар айтқаның?..» — дегендей болды.

Айсұлу тағы да Айназарды билеп әкетті. Айназар ақырында қимылдап, Айсұлудың оң білегінен ұстап, өзіне тартты. Сол кезде бұрыштан бір еркек, бір әйел шыға келді.

— Мына кісілер қарайды ғой! — деді Айсұлу. Қарсы бұрыштағы биіктеу үйдің жанында бір биік қалың бұтақты ағаш бар еді. Сол биік ағаштың қалың жапырақтары мен жанындағы биіктеу үй көктегі толықсыған алтын айдың жарық сәулесінен бір жақ жандарын көлеңкелеп тұр еді.

Айназар Айсұлудың білегін қоя беріп, үндемей, әлгі ағаштың көлеңкесіне қарай жүрді. Айсұлуда, Айназардың ойына үндемей түсініп, Айназармен қатарласып жүрді.

Ағаш пен үйдің көлеңкесіне келіп Айназар бір қолымен Айсұлудың білегінен ұстап, екінші қолымен белінен құшақтап сүймек болды.

Айсұлу жымия ойнап, шыбықша бұраңдап Айназардың қолынан босанбақ болды. Ағаш жапырақтарының ай сәулесі мен теңге шұбар көлеңкелері Айсұлудың бетінде ойнады. Ағаштың теңге шұбар жапырақ көлеңкелерімен ойнағандай, Айсұлудың көзінен от жалтылдады.

— Тұра тұрыңыз, мен түсінбеймін. Неге сіз мені сүймек боласыз?.. А?.. Айтыңызшы! — деді.

Айназар Айсұлудың сөзіне түсінбегендей болды:

— Мәссаған!.. Сондай сұрау болады екен-ау? — деді.

— Жоқ, біреуді сүю үшін адам ол сүйетін кісіні жарату керек бит! — деді Айсұлу.

— А-а, сен мені жаратпайтын болған соң сүйгізбей түр екенсің ғой!.. Онда, дұрыс! — деді Айназар.

— Жо-о-қ, сіз мені жаратпайсыз, сондықтан, сіздің мені сүймек болуыңызға мен түсінбеймін! — деп жымиып Айсұлу Айназарға қадала қарады.

— Менің сізді жаратпайтынымды қайдан білдіңіз? — деді Айназар. Тағы да көз алдына Айсұлу мен Жанияның суреті қатарласып келді.

Айсұлу жұлып алғандай:

— А, бағана маған «Мәскеуге қайтқаның жақсы» деп неге айттыңыз? Мені жаратсаңыз, Мәскеуге қайтпа дер едіңіз! — деді.

Айсұлудың көзінен жұлдыз оты жалтырады. Айназар иегін көтеріп, дауысын созып толғанды:

— А-а, сол ма!.. Менің олай деуімнің мәні бар еді. Сіз оған түсінбеген екенсіз ғой! Менің сізге: «Мәскеуге қайтып кеткеніңіз жақсы» дегенімнің өзі сізді жарататын болған соң айтқан сөз еді, — деді.

— Онда, неге мені кет дейсіз? — деді Айсұлу. Айсұлудың үнінен бір түрлі нәзік, бір түрлі үлбірек сұлу наз естілді.

Айназар азырақ мұңайыңқыраған секілденді:

— Мені әуре қылма деген едім, — деді. Сол кезде Айназардың бет шырайы қиял мұқитына қалқып, көктегі алтын жұлдызға алыстан телміріп қараған адамдікіндей еді. Оның көз алдына елестеп, аппақ болып, аққуша үлбіреп Жания келді.

Айсұлу бір қымбатты сөз естігісі келген түрмен сөйледі:

— Жоқ, сіз мені жаратпайсыз.

Айназар кез алдынан Жанияның суретін қууға тырысты. Оны есіне түсірмеске тырысты. Екі қолын екі жаққа жайып дағдарған секілденді.

— Енді мен не дейін сізге!.. Қандай сөз нандыратын?.. Қазір һешбір сөз жоқ, бит нандыратын! Және мен жаратпайтын адамды сүймек түгіл, оның су ішкен тостағанын ерніме тигізуге жеркенем!.. — деді.

Солай деді де, тағы да Айсұлуды ақырын құшақтамақ болды. Айсұлу тағы да ойнап шыбықша бұраңдап Айназардың қолынан босанбақ болды. Айназар тағы да қоя берді.

Айсұлу:

— Алматыда ешкімге сүйгізбеске ант қылып едім. Ол антты анау күні сіз бұздырдыңыз! — деді күліп.

Айназар Айсұлуды тағы да құшақтады. Айсұлу тағы да кек шыбықша бұраңдап ойнады. Айназардан бетін алып қашты. Айназар жылдам қатты құшып, қатты сүйіп алды. Айсұлуды сүйіп алғанда, Айназардың еріндері Жанияны сүйгендей болды.

Айназар ішінен: «Осы, мен не болып кеттім? Жания неге қалмайды ойымнан? Қой, Айсұлу жақсы!» — деді. Мұнысы өзін-өзі зорлаған секілденді.

Айсұлу күліп:

— Міні, тағы да антымды бұздырдыңыз! — деді.

дің мың түрлі қулықтарының бір түрлері ме? Неге әуре болам осы!.. — деді ішінен.

Дыбыстап:

— Ия, енді қош айтысамыз! — деді Айназар.

— Ия? — деді жымиып, бұраңдап Айсұлу. Айсұлудың олай дегені «сол-ақ па бар айтқаның?..» — дегендей болды.

Айсұлу тағы да Айназарды билеп әкетті. Айназар ақырында қимылдап, Айсұлудың оң білегінен ұстап, өзіне тартты. Сол кезде бұрыштан бір еркек, бір әйел шыға келді.

— Мына кісілер қарайды ғой! — деді Айсұлу. Қарсы бұрыштағы биіктеу үйдің жанында бір биік қалың бұтақты ағаш бар еді. Сол биік ағаштың қалың жапырақтары мен жанындағы биіктеу үй көктегі толықсыған алтын айдың жарық сәулесінен бір жақ жандарын көлеңкелеп тұр еді.

Айназар Айсұлудың білегін қоя беріп, үндемей, әлгі ағаштың көлеңкесіне қарай жүрді. Айсұлуда, Айназардың ойына үндемей түсініп, Айназармен қатарласып жүрді.

Ағаш пен үйдің көлеңкесіне келіп Айназар бір қолымен Айсұлудың білегінен ұстап, екінші қолымен белінен құшақтап сүймек болды.

Айсұлу жымия ойнап, шыбықша бұраңдап Айназардың қолынан босанбақ болды. Ағаш жапырақтарының ай сәулесі мен теңге шұбар көлеңкелері Айсұлудың бетінде ойнады. Ағаштың теңге шұбар жапырақ көлеңкелерімен ойнағандай, Айсұлудың көзінен от жалтылдады.

— Тұра тұрыңыз, мен түсінбеймін. Неге сіз мені сүймек боласыз?.. А?.. Айтыңызшы! — деді.

Айназар Айсұлудың сезіне түсінбегендей болды:

— Мәссаған!.. Сондай сұрау болады екен-ау? — деді.

— Жоқ, біреуді сүю үшін адам ол сүйетін кісіні жарату керек бит! — деді Айсұлу.

— А-а, сен мені жаратпайтын болған соң, сүйгізбей түр екенсің ғой!.. Онда, дұрыс! — деді Айназар.

— Жо-о-қ, сіз мені жаратпайсыз, сондықтан, сіздің мені сүймек болуыңызға мен түсінбеймін! — деп жымиып Айсұлу Айназарға қадала қарады.

— Менің сізді жаратпайтынымды қайдан білдіңіз? — деді Айназар. Тағы да көз алдына Айсұлу мен Жанияның суреті қатарласып келді.

Айсұлу жұлып алғандай:

— А, бағана маған «Мәскеуге қайтқанын, жақсы» деп неге айттыңыз? Мені жаратсаңыз, Мәскеуге қайтпа дер едіңіз! — деді.

Айсұлудың көзінен жұлдыз оты жалтырады. Айназар иегін көтеріп, дауысын созып толғанды:

— А-а, сол ма!.. Менің олай деуімнің мәні бар еді. Сіз оған түсінбеген екенсіз ғой! Менің сізге: «Мәскеуге қайтып кеткеніңіз жақсы» дегенімнің өзі сізді жарататын болған соң айтқан сөз еді, — деді.

— Онда, неге мені кет дейсіз? — деді Айсұлу. Айсұлудың үнінен бір түрлі нәзік, бір түрлі үлбірек сұлу наз естілді.

Айназар азырақ мұңайыңқыраған секілденді:

— Мені әуре қылма деген едім, — деді. Сол кезде Айназардың бет шырайы қиял мұқитына қалқып, көктегі алтын жұлдызға алыстан телміріп қараған адамдікіндей еді. Оның көз алдына елестеп, аппақ болып, аққуша үлбіреп Жания келді.

Айсұлу бір қымбатты сез естігісі келген түрмен сөйледі:

— Жоқ, сіз мені жаратпайсыз.

Айназар кез алдынан Жанияның суретін қууға тырысты. Оны есіне түсірмеске тырысты. Екі қолын екі жаққа жайып дағдарған секілденді.

— Енді мен не дейін сізге!.. Қандай сөз нандыратын?.. Қазір ешбір сөз жоқ, бит нандыратын! Және мен жаратпайтын адамды сүймек түгіл, оның су ішкен тостағанын ерніме тигізуге жеркенем!.. — деді.

Солай деді де, тағы да Айсұлуды ақырын құшақтамақ болды. Айсұлу тағы да ойнап шыбықша бұраңдап Айназардың қолынан босанбақ болды. Айназар тағы да қоя берді.

Айсұлу:

— Алматыда ешкімге сүйгізбеске ант қылып едім. Ол антты анау күні сіз бұздырдыңыз! — деді күліп.

Айназар Айсұлуды тағы да құшақтады. Айсұлу тағы да көк шыбықша бұраңдап ойнады. Айназардан бетін алып қашты. Айназар жылдам қатты құшып, қатты сүйіп алды. Айсұлуды сүйіп алғанда, Айназардың еріндері Жанияны сүйгендей болды.

Айназар ішінен: «Осы, мен не болып кеттім? Жания неге қалмайды ойымнан? Қой, Айсұлу жақсы!» — деді. Мұнысы өзін-өзі зорлаған секілденді.

Айсұлу күліп:

— Міні, тағы да антымды бұздырдыңыз! — деді.

Сөйтіп Айсұлу Айназармен қош айтысты.

Айназар уыттанған күйіне келген бәйге атша сыпылдап, Карл Маркс көшесімен төмен қарай сарт-сұрт басып келе жатты. Көлденең көшенің бұрышынан саңқылдап күлген әйел дауысы естілді. Бір-біріне жабысып қолтықтасқан екі адам — еркек, әйел шыға келді. Қонақтайтын орнына асығып бара жатқан тұйғын секілді сыпылдай басып Айназар қастарынан өте шықты. Бір-біріне жабысып, «рақаттанып» бара жатқан жұрттың бірінің қолтығына бірі еніп күңкілдесіп күлісіп бара жатқанына қарап Айназар езу тартып күлді. Жаниямен жүрген әдемі кештері есіне түсті. Тағы да жүрегі ақырын аунап түскендей болды. Сылдырлап, суы бұраңдап ағып жатқан арықтан жеңіл басып, аттап түсіп артына қарады. Сумаңдап аққан арық суынын. асығып, жүгіріп былдырлап ойнағаны бір-біріне жабысып бұраңдаған жұрттың Күлісіп шүңкілдескен үні секілденбейді. Айназар Тағы да езу тартып күлді де ыңырсыды.

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай.
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердік топырағы —
Құлпырған жасыл жер жүзі...
Тау жаңғыртып ән қосып,
Үрген ит пен айтаққа,
Келмеп пе едің жол тосып,
Жолығуға аулақта.
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып.
Дем ала алмай дамыл ғып,
Елен қағып бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі...

«Қазірде осылай суреттеуге болар ма еді? — деді ішінен. — Соңғы айтылған суреттер казіргі заманға үйлеспейді-ау!» — деді.

Тау жаңғыртып ән қосып,
Үрген ит пен айтаққа...

Ақынның бұл сөзбен суреттегені тау етегіндегі терең сайдың сағасындағы ақбоз ордалы бай ауыл. Қотандағы ыңырсып жатқан қойды күзеткен итін айтақтаған күзетшілер. Немесе, ән салып мал күзеткен қыз-келіншектер. Қотан шетінде, қотанды айнала үріп, маңқылдап тау жаңғыртқан маң төбеттер. Маңқылдаған төбеттің дауысымен айтақтаған күзетшілердің дауысы мен таудан тасып құлап аққан өзеннің гүрілдеген дауысымен жаңғырып ән к,осып қалғыған тау...

Бұл ескі ауыл... Ескі ауыл болғанда, байдың ауылы. Қазір оның орнына колхоз, совхоздар... Мал күзеткен қыз-келіншектер қазір, мүмкін оқуда, мүмкін бригадаларда. Мал күзеткен бақташылар мүмкін трактор басында, мүмкін Жер-су комиссариатының басқармасында.., Дауысымен тау жаңғыртып маңқылдаған маң төбет қазір совхоз қотанында:

...Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалын ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі...

«Ия... бұл әдемі сурет! Бүгінгі кештей кеш қой ол!» — деді Айназар.

Командирдің атынша жалт-жұлт басып келе жатып, айналаға, аспанға қарады.

«Анау аспан, — қиырсыз, түпсіз, шексіз көк мұхит секілді... а, көк емес-ау, зеңгір мұхит секілді», — деді.

Расында, сол күнгі аспанның түсі көк емес, зеңгір еді.

«...Әні, қиырсыз, түпсіз зеңгір мұхиттағы бырдай болып шашылып жалтылдаған алтын жұлдыздар. Зеңгір мұхитта жалтылдап, құлпырып, неше түрлі от шашады. Әр жұлдыз жымыңдап күліп, жыпықтап бір-біріне ым қағып ойнаған секілді, шексіз зеңгір мұхитта алтын жұлдыздар қалқып жүзіп гауһар (бриллиант) секілді, әртүрлі от сәулесін шашады. Толықсып толған ай қиырсыз мұхит ортасында алтын шарадай болып, қара жерді ақ сәулесімен қарық қылады. Ұйқы мұнарына батып қалқыған қалын ағашты қала мынау. Көше бойларында сылдырлап сумаңдап ағып жатқан арық сулары мынау, зеңгір аспанды биік шындарымен қапқан қарлы мұзды тау анау. Міне, бұдан артық әдемі суретті кеш бола ма? Міне, мұндай кештерде, қазір Айсұлу... Жания секілді... қызды», — деді де, «Жанияны ұмыту керек» дегендей қабағын шытып қалды да бөгеліңкіреп: «...Көк бұйра жапырақты ақ қайынның көлеңкесінде көк шыбықша бұраңдатып құшақтап жүру, әдемі суреттердің ең сұлуы емес пе?» — деді. Жанияны ойламауға тырысып, дауысын созып: «Да-а, атын сенің Айсұлу... Башқұртстан!..» — деді Айназар.

Шынында Айназардың есіне кейде Жанияның суреті түсе беретін еді. Ал Айназар оны ұмытуға тырысатын. Тағы ыңырсып әндетті. Жарық айлы, жарық жұлдызды тынық кеш, биік ағаш жапырақтарының көлеңкеленіп қалғуы, жүрек күйінін нәзік күміс сымдарын таласа қозғаған Айсұлу мен Жания оны ұшқыр қиял қанатына мінгізді.

Ұйтқи шалқып, әуеленген көңіл әуе суреттерін жырлады.

Айназар пәтеріне келіп, шам жағып, дәптерін ашты. Қалам алып, асығып жаза бастады. Жаңағы, көшеде келе жатқанда көңіліне келіп тізілген өлеңді ұмытпай тұрып жазып алмаққа асықты. Бірақ, келе жатқанда көңіліне тізілген өлеңнің бәрін дәптеріне жазбай, үш ауызын жазғанда тоқталып қалды:

...Аспанда сансыз қалың жұлдыз бырдай,
Жалтылдап нұр шашады сиқыр сырдай.
Құбылтып бір-біріне күй қосады,
Өмірі таусылмайтын сұлу жырдай.
Сан сәуле көк теңізін алтындайды,
Құлпырып нұрлары ойнап қалтылдайды.
Ән қосып түрлі гауһар от боп күліп.
Би билеп көкте қалқып жалтылдайды.
Ойнаған сан сәуленің сиқыр сыры,
Жалтылдап қызықтырад сұлу жыры.
Гауһардай алтын жұлдыз коп болса да,
Тек қана қызықтырмақ жалғыз бірі...

Бұл үш ауыз өлеңді жазып болып Айназар қаламды ұстаған бойымен, алдына бір ноқатқа қарап қатып қалды. Жанияға жазған өлеңдері есіне түсті. Өз-өзіне ызаланды.

«Япырай, осы кейде мен де Аян секілді болып кетемін-ау. () іім Аянға ақыл айтқан болдым-ау түнеугүні. Сүйтемін де, мен ас бір әйелге байлансам Аянша, өз-өзімнен әуреге түсем! Ол өз к Айлағын жұлдызға теңеп еді, мен де міні, Айсұлуды жұлдызға теңеп отырмын. Түнеугүні Жаниямен әуреленіп жүргенде де, Жанияны да жұлдызға теңеп жаздым. Оның тіпті бұдан да ұят қой! «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген осы екен-ау!.. Аянды аздырған сасық лас кесел маған да жұққаны ма?» — деді ішінен. Айназар дәптерін ақтарды. Бұрын Жанияға жазған өлеңін оқыды. Өлең мынау еді:

...Көктегі сан сәулені санадым мен,
Әрқайсын сыпатына баладым мен.
От шашқан маңдайыма гауһарсың, — деп,
Біреуін тандап көктен қаладым мен.
Сол жұлдыз көкке өрлесе, қуанамын,
Кейісем, жадырап жан, уанамын.
Кейде егер, бетін оның тозаң шалса,
Күрсініп қапаланам, диуанамын.
Ол жарық жанса, — көңілім тасынады.
Шаттанып қас-қабағым ашылады.
Ішінен сансыз жұлдыз бір сол ғана,
Көзіме оттан ыстық басылады...

Бұл өлеңді оқыды да Айназар кермектеу шыраймен ақырын езуін тартты. Онысы өзі-өзін кемсітіп, қорлағқырап наразыланғаны еді.

«...Бұл әлгі, Айсұлуға жазғаннан да сорақылау емес пе?» — деді ішінен.

Тағы да ащы кермектеу езу тартты да, өзінің түнеугүні Аянды көлеңкелеп жазған өлеңін ойлады. Аян Айлақ секілді әйелді жұлдызға теңейді, құндызға, хор қызына теңейді деп, Аянның оз сөздерін қосып сықақ қылып, келеке қылып жазған өлеңін оқышы:

...һәркімнің қымбат көрген құндызы бар,
һәркімнің өліп-өшкен «хор қызы» бар,
һәркімнің маңдайына лайықты
Кез болған көп ішінен «жұлдызы» бар...

«Ия, бұл Аянның сөздерін мазақтаған елең еді. Ал енді менің өзім не болып барамын... а? Рас, Айсұлуды Аянның Айлағымен салыстырғанда, Айсұлу Айлақтың қасында жұлдыздай екені рас! Қой, сонда да бұл өлеңді Айсұлу көрмесін! Ешкім кермесін! Жанияға жазған әлгі еленді де Жанияның өзіне көрсеткен жоқ едім. Енді тіпті бүл өлеңдерді кұртайын!..» — деді. Қаламды қызыл сияға жылдам малып алды да, әлгі өлеңдерді айқыш-ұйқыш сызып өшіріп тастады. Қаламды тастай беріп, ұшып түрегелді.

«Да!.. Солай!..» — деді, әртісше сіресіп тұрып жігерлі дауыспен.

...Ұялам өліп-өшіп «сүйгеніңе»,
Орынсыз менмен басты игеніңе,
Кек темір, жаңа құрылыс заманында,
Күшіңді текке шашып күйгеніңе...
Құрады жұмыскер тап жаңа дәуір,
Күйреген мың-мық батпан болса да ауыр.
Сүюің іске кесел боп жүрмедің,—
Демеймін: «тасжүрек бол, мұзды бауыр!.. —

деді.

«Ия, «сүюдің» орны, мөлшері болу керек! Сүйгенде адамын тауып сүю керек! Сүйген әйелің, сүйген қызың — жаңа құрылыстың адамы болу керек! Сүюің іске зиян келтірмейтін болсын! Сүйген әйелің Аянның Айлағындай болмасын. Және ол әйелмен байланысың Аянның байланысындай болмасын! Күш-қуатың, асыл мұратың социалдық құрылыс майданына жұмсалуы керек!.. Ия, солай!..» — деді.

«Ия, солай» дегенде қарсы алдына тура қарап, басын жоғары көтеріп алды...

Айсұлудың қозғалып толқыған көңілі бой бермеді. Айназардың қатты қысқан күшті құшағынан босанып, жылдам басып пәтеріне кірді. Шапшаң, асыға қимылдап үстел үстіндегі кішкене айнаны алып, шамның қасына келіп, жымиған шыраймен үңіліп айнаға қарады. Дуылдап қызған бетін көрді. Айназардың қатты сүйген оң жақ беті мен еріндерін сипады. Жымиып басын шайқады. Өзіне-өзі наз қылғандай дауысын созып: «А-ай», — деді.

Айнаға қарап тұрып, лезде жүзіне бір түрлі нәзік көлеңке жүгіргендей, бет шырайы жымиюын қойып, неше рет құбылды. Санасында, қиялында екі түрлі ой араласып, күрескен секілденді. Айнаны қойып, қалың қара қасты қабағын сипап, лезде терең ойға кіргендей шұғылданып тұрды. Тез қимылдап шамаданын ашып, жылдам ақтарып, бір дәптер арасынан бір суретті суырып алып, терең телміріп қарап тұрды. Бұл сурет — Мәскеудегі ерінің суреті еді.

Суретке бірсыпыра қарап тұрып, ақырын нәзік аянышты шыраймен езу тартып, ащылау жымиып, суретті қайта орнына тықты. Ақырын нәзік қана күрсініп, тіпті жәй қимылдап, тіпті әлі кетіп әлсірегендей аяғын әрең басып барып сылқ етіп диванға отырды. Айсұлу ішінен: «Міні, мен де күрсіндім... Бағана Айназар да күрсінген еді. Әлде ол да мен сияқты екі оттың арасына түскендіктен күрсінді ме екен?.. а-а?.. Олай болса, бүл не деген хал? Осылай ма еді менің сөздерім? Маған не болды енді?.. Не болып шығар?» — деді. Тез қозғалып диванда түлкіше иіріліп шынтақтарын диванға тіреп, екі алақанымен иегін тіреп, көздерін бір ноқатқа қадап қарап қалды. Толқып тулаған ойлары, жанған оттың ыстық жалынындай ерік бермей тулады.

Дыбыстап:

«Ай-ай, Айназар! Айназар! Қайдан кез болдың маған? Нелерге апарып соқтырарсың екен мені!» — деді.

Сол кеште Айсұлудың да ұйқысы көпке шейін келмей қойды. Ұзақ уақыт Айсұлу екі жағына кезек аунақшып жатты.

Аунап түскен сайын кереуеті сықырлап солқылдай берді. Айназар секілді Айсұлудың да көз алдынан екі сурет кетпеді. Бірі: орта бойлы, ашаңдау, келген, шағын кеуделі, арық жауырынды, сұрғылт қоңырқай түсті, жұқа мұрынды ері — Ахмет.

Екіншісі: ұзынша бойлы, толықша балғын денелі, жалпақ жазық жауырынды, кен көкіректі, кең маңдайлы, түзу қыр мұрынды, терең қарайтын қаракер кезді, келтеленген қара мұртты Айназар.

Темір кереуетті сықырлатып, солқылдатып аунап түскен Айсұлуға Рада:

— Сен бүгін неге ұйықтамай жатырсың, Айсұлу? — деді.

— А? Сен де ояу жатыр ма едің, Рада?.. Мен бүгін, не екенін білмеймін, ұйқым келмей жатыр? — деді Айсұлу.

— Сен Айназарды ойлап жатырсың ғой?.. Немене енді, айттым ғой бағана мен саған, Айназардан айрылма! Ең сұлу еркектердің бірі. Мінезі қандай қызық., бала секілді... Осындағы жұрттың бәрінін аузындағы белгілі жазушы, ақын... Оның ақындығы жақсы ғой. Ақын адамның жаны, жүрегі өте нәзік сезімді болағынын өзің де білесің. Оның махаббаты, оның сүюі де басқалардікіндей болмаса керек, — деді.

Рада бұл сөзді нәзік мұң араласқан жіңішке дауыспен айтты.

— Білмеймін, Рада, оныкі әшейін, бір ұйытқыған көңілдің ойыны секілді ғана көрінеді маған! Мен қорқамын. Бүгін «сүйдім» деп, ертең тағы да біреуге ауып кетсе қиын болады ғой деймін! Ол мені шындап сүймейді ғой деймін! Маған тек әйел деп қана қарайды деп қорқамын! — деді Айсұлу.

— Сен ақымақсың, Айсұлу! Тек әйел деп қана қараса, маған неге саған қарағандай қарамайды?.. Сен ұнайтын болған соң ол саған солай қарап жүр!.. Мені «ұнатам» десе, мен ешбір ойланбас едім! — деді Рада.

— Ендеше, сынайық Айназарды, енді жолыққанда, реті келсе екеуіңді оңаша қалдырып көрейін мен! — деді Айсұлу. Рада күлді:

— Жарайды,көрейік!.. Бірақ сен қызғанып күндеп жүрме! — деді.

Айсұлу да күлді, бірақ күлкісі шын күлкі секілді естілмеді.

— Жо-оқ, қызғанбаймын!

Демалыс күн, 18-кыркүйек еді. Айназар мен Әшір Карл Маркс көшесін ерлеп келеді. Күн жылы, желсіз тынық шілденің айларындағыдай пысынаған ыстық болмаса да, күннің жылылығы жаяу жүрген бешпентшең адамдарды терлететін еді. Әшір мен Айназар екеуі де бешпентшең. Асықпай алшаңдап басып, сөйлесіп, ақырын күлісіп, көлденең жатқан Алатауды беттеріне ұстап келеді. Демалыс күн болғандықтан және жылы ашық күн болғандықтан, қала халқы көше бойларында көбірек жүріп жатыр еді. Зеңгір мұхит секілді аспанмен тілдескен, Алатаудың қарлы биіктері жібектей жеңіл мұнармен қапталған. Таудың карлы биіктерінен төменгі қарсыз биіктерін қаптаған ағаштардың жасыл жапырақтары алыстан қаракөк болып көрінеді. Етектегі биіктердің кейбіреулерінің үстеріндегі егін орындары ала батсайының тақтайларындай аламыш болып көрінеді. Тау етектеріндегі ағаштары темен қарай созылып келіп, күншығыс жағынан қалаға кіріп, барлық көшелердің бойларымен тізіліп, таралып-таралып кеткен секілді.

— Не қылғанмен, бүгін оларды мына төменгі тау етегіндегі ағаш араларына ертіп апару керек. Әйтпесе, ертең мен жүріп кетсем, мен кайтып келгенше бір айдан артық уақыт етеді ғой! — деді Әшір ыржиып.

— А-а?.. ия... сен... күндіз олармен сөз байласа алмағаның жаман болған екен! — деді Айназар. Әшір сөйлегенде ол енді басқа ойда келе жатыр еді.

Жөндеп сөйлесе алмадым... Бірақ енді бүгін оларды алып шығуға тырысу керек. Бүгін кешке біреу қонаққа шақырып еді, оған кешірек барамын деп жібердім, әдейі осылармен бас қосуға! — деді Әшір тағы ыржиып.

Айназар Әшірдің сөздерін жақсылап тыңдамады. Әшір әлгі сөдерді айтқанда, ол Әшірдің ыржиып күлген аузына, бадырайып баттиған үлкен көзіне, талпақтау мұрнына қарап келе жатты.

Ішінен: «Беті әртіс болуға лайық екен-ау. Өзі әртісше мұрттарын да қырады. Бүгін жағасына галстук байлапты. Көздері үлкен бет шырайы ақылдылығын білдіреді...» — деді.

Айсұлудың көшесіне келгенде Айназар:

— Мен олардікіне бармайын. Сен жалғыз бар. Ерсе, ертіп шығарсың, ермесе, тез өзің шығарсың! Мен ана бір ағаштардың і үбінде тұра тұрайын! — деді.

Айназар көше жиегіне жағалай шыққан биік ағаштардың көлеңкесінде, күзеттегі адамша ерсілі-қарсылы жай аяндап жүрді. Күзеткені Айсұлу мен Раданың терезелері еді. Оқ бойындай жерден терезелерге көз.жіберіп жүрді.

Біраз уақыт өтті.

Бір мезгілде ашық терезеден Рада секіріп түсті. Айназар тұра қалып қарады. Рада жалаң бас, жалаң аяқ. Үстінде шұбалаңдаған қоңыр көйлегі бар. Алақтап жан-жаққа қарады. Айназарды көрмеді. Бергі бұрышқа қарай алақтай жүгіріп келсе де Айназарды көрмеді.

Айназар жай салқындау, кермектеу шыраймен езу тартып тұрды. Ішінен Раданы келте жал, шұбалаң құйрық, бүгілген жарау жирен байталға ұқсатып тұрды. Ол кейде адамды бір хайуанға ұқсататын еді. Мысалы, Айсұлуды жал-құйрығы қалың, қазақтардың «есік пен төрдей», «оқтаудай» дейтін, сұңғақты, балғын денелі, атқа бергісіз торы байталға ұқсататын еді. Әшірді шаршамайтын қақпан бел қаракер жорғаға ұқсататын, бірақ Әшірдің көзін қасқыр алатын иттің көзіне ұқсататын. Әрине, өзін күшті шиыр денелі, әсем басатын, бәйгеге жараған сұлу қаракер атқа ұқсататын еді. Жанияны жерден пісіріп алғандай бөстек денелі, жалтыр көзді ақбайталға ұқсататын еді. Аңырайып қарап тұрған Радаға қарай жүрді. Рада оны көріп, күле жүгіріп Айназарға келді, Айназар ішінен: «Вот, нақұрыс!» — деді.

Рада көбелекше селтеңдеп Айназарға жетіп келіп, ыржаңдай күліп:

— Айназар, мұнда неге тұрсың, жүр үйге! — деп қолтықтап ала жөнелді.

Үйлерінде өздерінен басқа бір екі адам отыр екен. Бірі еврей жігіт, екіншісі — орыс жігіт. Екеуі де бұлармен бір мекемеде істейтіндер. Еврей жігіт анау күні Айназарды Рада мен Айсұлу ең алғаш қонаққа шақырғанда да бірге болып, Айназармен танысқан еді. Ол патефон жанында, Айназардың сүйген күйін ойнатып қарсы алды. Әдемі күйдің ырғағымен Айназардың қимылы әсерленіп, үйде отырғандармен амандасты. Патефонный, жанында Айназардың жақсы көретін күйін ойнатып тұрған еврей жігітке қарап ішінен: «Шіркін, еврей халқы ақылды-ау!» — деді.

Рада мен Айсұлу шәй және бірдемелер даярлап жүрді. Еврей жігіт пен орыс жігіт кешікпей шығып кетті. Айназар бір нәрсені шұғылданып ойланған түрмен жәй ғана диванда отырды. Әшір тысқа шығып келіп:

— Мені бір үй қонаққа шақырған еді. Мен Соған барайын. Айназар, сен отырып қайтарсың, — деді.

— Жоқ, жоқ отырасыз! Біз сіздерге пельмен даярлап жатырмыз. Қазір соны пісіреміз, соны жейсіздер! Ешқайда бармайсыз, отырасыз! — десті.

— Жоқ, уәде қылып, барам деп қойып едім. Ұят болады ғой... — деп сұранды Әшір.

Айназар салқын ғана түспен:

— Сен кетсең, бірге кетейік. Мен де кайтам! — деді. Екі әйел абдыраңқырап:

— Не дейсіз?.. Сіз қайда барасыз? — десті Айназарға қадалып келіп.

— Мен концертке барам! — деді Айназар.

— Не концерт? — деді екі әйел.

— Қазақ концерті болатын еді бүгін. Әшір кетсе, мен сонда барам! — деді Айназар.

Енді Айсұлу үндеңкіремей қалды. Рада назданып, жәбірленген дауыспен:

— Әшір кетсе, біздікінде отырмайсың ба? Біз кісі емеспіз бе? — деді.

— Әшір кетсе, мұнда жалғыз отырмаймын. Ол кетсе мен концертке барам, — деді Айназар.

Айсұлу өкпелеген үнмен:

— Ол бізбен отырғысы келмейді, — деді.

Рада назданған, өкпелеген үнмен:

— Біз әуре болып пельмен даярлап отырсақ бұл жалғыз отырмаймын дейді, — деп аузын томпитты.

— Пельмендеріңді жемеймін мен. Әшір кетсе, мен де кетем! — деді Айназар. Бұл сөздерді Айназар қайтсе де істейтіндей салмақты түрмен айтты.

Ақыры, тез барып қайтып келуге Әшір уәде қылған соң бұлар Әшірді жіберді. Рада, Айсұлу, Айназар үшеуі қалды.

Біраздан соң Айсұлу тысқа шығып кетіп, үйде Рада мен Айназар қалды. Рада әрнемені сөйлеп отырды. Айсұлу кешігіп, үйге қайтпай қойды. Рада күліп, жарқылдап, әртүрлі әңгіме айтып, ақырыңда өзінің өмір тарихының әңгімелеріне келді. Айназар бүгін сөз сөйлеуге өте сараң еді. Рада сөйлеп әңгімелер айтып отырғанда, ол өзінің ішкі ойларына беріліп отырды. Ақыры ішкі ойлары бөлініп, Раданың әңгімелеріне зейін қоймай, тек оның бет шырайының қозғалыстарына қарап отырды.

Рада Айназарға қарсы қарап отырып:

— Сөйтіп, сүйіп тиген адамымды сыртқы, бөтен елдердің біріне жыраққа кызметке жіберді. Мен Мәскеуде қала бердім... — деді.

Осыны айтқанда Айназар оның бетіне қарап отырып, ішінен: «... Маңдайы құшықтау-ау осының — осы әйелдің көбінің маңдайлары құшықтау болатыны несі екен?..» — деді.

— Бір тресте басқарманың хатшысы едім. Сол кызметімде жүре бердім... — деді Рада.

Мұны айтқанда Айназар оның бетіне қарап отырып, ішінен: «Мұрны нағыз қызық мұрын ғой. Шананың басы секілді жоғары кекиіп тұр. Танауларының тесіктері көрініңкіреп тұр. Танаулары дөңгелек емес, жоғарыдан төмен тартып сопитып тартылған секілді...» — деді.

— ...Көп уақыттар өтті, — деді Рада. — Бір күні, әлгі, оны қызметке сыртқы бөтен елге жіберген мекеме мені шақырды. Бардым. Барсам сол мекемені басқарушы адамдардың бір-екеуі отыр екен. «Жолдас, сізге бір үлкен қайғылы хабар айтамыз, өзіміз де қайғырып отырмыз, — сіздің еріңіз өліпті», — деді.

Осыны айтқанда Айназар оның бетіне қарап отырып, ішінен: «...Өзінің көздері тәуір, үлкен көк көз... Шайтанның көзі көк болмай, зеңгір болар ма еді». Онда тіпті жақсы болар еді... Осы, көк көз сары адамдардың көбінің кірпіктері әдемі болмайтыны несі екен? — Кірпіктері сирек қысқа болады, кейбіреулерінікі сіркеленген секілді болып тұрады. Шіркін-ай, біздің елдегі, әлгі Құснидың сіңлісінің көзі мен кірпігіндей сұлу затты ешбір жерде, ешбір қалада көре алмадым. Үп-үлкен, дөп-дөңгелек, қап-қара, мөп-мөлдір бота көз еді. Кірпіктері жіп-жиі, ұп-ұзын, садақтың оқтарындай тігілген еді», — деді.

— ...Мен не дерімді білмедім. Есалаң кісіше үйге кайттым. Біраздан соң есті жиып алдым. Біраз уақыт еткен соң сол өзім қызмет қылатын трестің директорына ерге шықтым. Бұл да маған қатты байланып алды. Өзі бір түрлі сыпайы адам және жақсы білімді, оқыған адам еді... содан екеуіміз біраз тұрған соң, бір күні әлгі өлген ерімді қызметке жіберетін мекеме мені тағы да шақырып қағаз жіберіпті. Бардым. Мен кеңселеріне кіріп барысымен маған: «А, Рада Павловна... Сүйінші... Сүйінші... сіздің еріңіз тірі екен. Міне хаты!.. Түнеугүнгі өлді деген хабар қате екен, міне, хаты!» — деп, маған хатын берді!.. Ну енді, не болғанымды білмеймін!

Ол оны айтқанда оның бетіне қарап отырып, Айназар ішінен:

«...Өзінің еріндері бір-біріне түзу қабысып тұрмайды екен-ау. Тістері де тегіс емес, қазақтардың жаман тастардан қалаған қораларының іргесі секілді. Бірақ тістері тазалау. Онысы тәуір екен әйтеуір. Тістері таза емес әйел мен еркектер қалай сүйіседі екен осы? Еркек иттердің кейбіреулерінің ауыздары сап-сасық болады... Мынаның еріндері жұқалау... Және ілгері қарай көнтектеу. Біздің елдегі әлгі Нарбас қатынның еріндері секілді екен...» — деді.

Рада әңгімесін соза берді:

«...Үйге келіп, енді оқиғаны соңғы байыма айттым. Ол да абдырап қалды. Содан кейін, әлгі өзін жіберген мекемесі арқылы ана байым хат жазып тұрды. Одан хат келген сайын мына байым қызғанып, жанжал шығаратын болды. Енді оны өліп қалды деп естіген соң байға шыққанымды айтып ана байыма хат жаздым. Хат жазғаннан кейін, ол байымнан тағы да хат алдым. Ол хатында ешбір ашусыз күліп жазады, «Сенің орнында мен болсам, мен де сүйтер едім, ештеме етпейді. Өзім қайтқан соң тағы да бұрынғыдай болып кетерміз!..» — деп жазыпты. Бұл хатты алған соң мен тіпті састым», — деді.

Ол осыны айтқанда, оған қарай отырып, Айназар ішінен:

«Өзінің мойыны тым жіңішке екен-ау. Осы әйелдің мойындары жіңішке келетіні несі екен? Жалпы, ұрғашы хайуанның мойыны жіңішке келеді де, еркек хайуанның мойыны жуан келеді», — деді.

Рада:

«...Тағы да сондай хаттар келіп тұрды. Хат келген сайын мына байым жанжал шығаратын болды. Мұның жанжалы енді мені қалжыратты. Мен оған енді шыдай алмайтын болдым. Мұнымен тұрмыстың қызығы, рақаты кетті. Анадан хат келген сайын мынау мені үйден қуатын болды. Кей күндерде үйге қонбайтын да болдым. Сөйтіп, тұрмыс әбден асқынып қасірет болған соң, бір мекемеден кызмет алып, Күншығыс Сібірге қызметке кеттім. Кызметке кетем деп дайындалғанымда бүл байым енді мені жібермеді... Жібермейтін болған соң алдадым: «Біраз жүріп келейін, көңілім басылсын. Кешікпей кайтармын!..» — дедім. Отарбаға байым шығарып салды. Пойызға міндім, — тек пойыз жүруге қозғалғанда байыма енді кайтып келмейтіндігімді бір-ақ айттым. Сол арада оның көздері шарасынан шығып кете жаздады...» — деді.

Ол мұны айтқанда, Айназар оның бетіне қарап отырып ішінен:

«...Өзінің мойнының түсі, жүнін жұлған қаздың қыртысының түрі секілді екен-ау? Қаздың жүнсіз қыртысының түсі осындай әдемі бүрлі болады. Мынаның мойыны таза екен. Осы, кейбіреулері мойнын жумай жүреді. Кейбіреулердің құлақтарының түптері кір болады. Оны өздері елемейді. Ә... мынаның мойнының кірі жоқ таза екен. Онысы жақсы! Өзі орыс секілді емес, ағылшын әйелдері секілді ұзынша, жіңішке...» — деді.

Рада:

...Мен Шығыс Сібірде Хабаровскийде жүргенімде бұрынғы байым Мәскеуге қайтты. Сонсоң Хабаровскийден Мәскеуге қайтқанда, мен тұп-тура бұрынғы байыма кайттым! — деді.

Ол оны айтқанда, Айназар оның бетіне қарап отырып, ішінен: «...Өзінін бір жақсы жері сөйлегенде аузынан түкірігі шашырамайды екен. Осындай, саған қарап таяу отырып сөйлегенде сенін бетіне түкірігі шашырап отырса бір пәле ғой. Және бір тәуір жері өзінің жаман иісі жоқ екен...» — деді.

Біреу есікті қақты.

Рада сөзін бөліп, есікке қарап:

— Кіріңіз! — деді.

Есік ашылды. Ұялыңқыраған түсте жылмиып үйге Айсұлу кірді.

— Сен қайда болдың? — деді Айсұлуға Рада.

Айназар ішінен Айсұлудың онысын жақтырмады.

«Бұл қалай адам өзі? Мен бұған келіп отырсам, ол мені Радамен оңаша қалдырып, шығып кетіп көршілеріне барып отырып келеді? Әлде бұл мына Раданың ақылы ма екен? Қалай болғайда да, мұнысы ойланатын нәрсе екен. Қой, осы мен осыған неге сонша жабысам? А-ай, әттеген-ай?..» — деп Айназар тағы да Жанияны ойлады.

«... Жания дұрыс, көңілдегідей, өзім ойлағандай болғанда, мен бұған бүйтіп айналар ма едім? Қандай жақсы көруші едім оны! О да мені тамаша көретін секілді еді ғой! А-ай, Жания-ай, мені әуре қылып бақтың-ау! Сенін салған өртіңнің жалыны бір басылыңқырап, мынаумен кез болған соң қайта қозған еді ғой». Айназар біртүрлі ақырын қимылмен, нәзік мұңды қабақпен қозғалып Қолындағы білезікті алтын сағатына қарады.

— Жолдас Самигуллин! Немене, сіз асыға бергеніңіз? Мен пельменді қазір қайнатып жіберем. Бір бес, он минутта дайын болады! Мен қазір дайындайым! — деп Айсұлу тез қимылдап, пельмен дайындауға жөнелді. Рада да тұрып тез оған жәрдемдесті.

Үйге ыржиып Әшір кірді.

* * *

Пельмендерін жеп, шай ішіп болып, бұлар екі-екіден әңгімелесіп отырғанда кештің бірсыпырасы өткен еді.

Сырттан біреу терезені қатты-қатты қағып қалды. Терезенің біреуі ашық еді. Отырғандар шошығандай жалт-жалт қарасты. Сырттан бір әйелдің асыққан қатты дауысы үйде отырғандарды селк еткізгендей болды.

— ...Рада Павловна, бір таныстарың Мәскеуден келіпті. «Облпотребсоюзде отырмыз», — дейді. Сені шақырады, бізге телефонмен айтты!.. — деді дауыс.

— А-а, Каропетовтер! Каропетовтер! — деп қуанып Рада ұшып түрегелді. Дауыстап:

— Жарайды!.. Жарайды!.. Мен қазір барам!.. Рахмет, — деді.

Тағы да Әшір, Айназар, Айсұлу үшеуіне қарап:

— Но, жолдастар, айыпқа бұйырмаңыздар!.. Менің бір жақын таныстарым Мәскеуден жаңа келіп түскен екен, олардың түсетін пәтерлері жоқ болып, Облпотребсоюзда мені шақырып отырған ғой. Мен енді барып соларды осында алып келейін, сіздер отыра тұрыңыздар, — деді.

Әшір түрегелді:

— Мен де қайтайын! — деді. Рада Айназарға қарап:

— Айназар, сен Айсұлумен отыра тұр, бұл жалғыз отыруға қорқады ғой. Отыра түр! — деді.

Әшір де ол сөзді қуаттады.

Айсұлу үндемеген соң Айназар көнді, Айсұлудың қасында отыра тұрмақ болды.

Ол екеуі шығып кеткен соң Айназар тұрып, ерсілі-қарсылы жүріп, Диванға барып отырды. Пельменмен бірге ішкен аз ғана фин шампаны Айназардың денесін азырақ қыздырған еді. Айназардың көңілі жадыраңқырап, бір жеңілтек, есерлеу күйге түсіп отырды. Ойын іздеп күйленген көңілі «Кармен» операсынан «Торреадор» күйін әндетіп отырды.

«Айсұлу, мұнда келіп отыршы!..» — деп ойнай күлімсіреп, Айсұлуды қасына диванға шақырды.

Айсұлу бұралып, жымиып түрегеліп, Айназардың қасына диванға келіп отырды.

Айназар балаша ойнаған түрмен күлімсіреп, Айсұлудың белінен ақырын құшақтап өзіне қарай тартып, күлімдей бүктелген еріндерінен қатты ұзақ қысып сүйіп-сүйіп алды. Айсұлу тұншыққандай бұраңдап, ойнап тыпырлады. Айназар оны жібермеді. Айсұлудың оттай ыстық, қайнаған беті, еріндері, шыбықша бұралған денесі Айназарға жабыса берді. Айсұлу да Айназардың күшті шымыр денесін қатты жылдам құшақтап, Айназардың бетінен, еріндерінен қайта-қайта, ұзақ-ұзақ, қатты-қатты өбе берді.

Лезде екеуінің қайнаған қаны, асығып соққан жүректері, мас болған көңілдері, аласұрған сезімдері бар дүниені ұмыттырды.

Тыстағы зеңгір аспандағы салқын сәулелі алтын ай, жарық, күміс мұнармен маужыраған қала, зеңгір аспанмен қабысқан мұнартқан қарлы тау, көше бойларындағы қаз-қатар өскен биік ағаштардың жалбыраған көк бұйра жапырақтары, тыныстарын тартып сыр үстіне сыр ұрлаған секілді еді. Тек арық бойларымен сумаңдап, бұраңдап асығып жүгірген арық сулары ғана сықылықтап күлісіп, сылдырлап ойнап кетіп жатты.

Рада мен Айсұлу Мәскеуден келген қонақтарымен шай ішіп, ауыз жимай ұзақ әңгімелесіп отырып, түн ортасы ауған кезде төсек жайлап жатты. Жатысымен қонақтар тез ұйқыға кірісті. Рада да ұйқыға кетті. Айсұлу тағы да ұйықтай алмады, дөңбекши берді. Бүгінгі кеш пен өткен күндердің оқиғалары кино суреттеріндей ой қиялында тізбектеліп өтіп жатты. Ой қиялында сағымша бұлдырап келіп, айқындалып, тіріліп тізбектелген суреттердің ішінде барлық сезімін билеп көз алдынан екі сурет кетпей қойды. Ол — Ахмет пен Айназар еді.

Кешегі күндерде Ахметті сүйіп, онымен қосылып, қызықты күндер өткізгенін ойлады. Ахметке айтқан талай махаббат сөздері есіне түсті. Оны құшақтап өпкендері көз алдына келді. Онымен қосылғанда «тек сенен басқа адамды сүймеспін» — деген сертті сөздері есіне түсті. Сөйтіп, енді бүгін Айназарға ауғанын ойлап Айсұлу өзінен-өзі ұялды. Өзін-өзі қорлады.

«Кешегі күндерде Ахметті сүйіп, бүгін Айназарды сүйдім... Мүмкін, сонсоң тағы да біреуді сүйсем, одан кейін және біреуді сүйем... Сөйтіп ешбір шексіз сүйе берсем, онда не болмақ?» — деді ішінен.

Кешегі күндер анау — Ахмет.

Бүгінгі күн мынау — Айназар.

Маған не болды? Айназар енді өмірлігім болса жарайды... Ал бұдан кейін тағы да біреуге ауып түссем не болғаным? — деп Айсұлу ернін тістеді.

«Қой, өзімді езім қатты ұстайын! Менің сүйгенім осы ғана болсын!.. Енді кешегі — бүгінгі ғана болсын!..» — деді.

Осы тақырыпта ұзақ өткір ойлар Айсұлудың жүрегін тырмалай берді. Айсұлу тыныштана алмады. Қонақтар мен Рада қаперсіз пысылдап ұйықтап жатты. Қонақтың үстел үстіне қойған сағатынын асығып жүгірген жүрісімен Айсұлудың аласұрып соққан жүрегі жарысып жатты. Қонақ Каропетов қозғалып ұйқысырады: «Пойыз жүріп барады!.. Пойыз жүріп барады!..» — деді.

Айсұлудың жүрегін тырмалаған «кешегі — бүгінгі» деген мәселе Айназардың да жүрегін шымшылады. Бұл мәселедегі Жания мен Айсұлудың суреттері соңғы күндерде Айназардың көңілін, жүрегін дал қылатын еді.

Бірақ Айназар көбінесе Жания суретінің «сиқырына» берілмей, оны ұмытуға тырысып, оны тез, мүлде ұмыту үшін Айсұлуды «жұлдыз» қылған еді.

Рада Мәскеуден келген қонақтарды ертіп келген соң, қош айтысып шығып, пәтеріне қайтып келе жатып, бір үйдің терезесіне Айназардың көзі түсті. Айназардың жылдам басып келе жатқан адымы баяуланып, сол жақ қабағы көтеріліңкіреп, бетін ой көлеңкесі шалды. Көз алдына Жанияның суреті келді. Жанияны құшақтап сүйгендері есіне түсті. Жанияның еркелеп құшақтағандары көз алдына келді... Сонан соң Жания мен Айсұлудың суреті келіп қатарласты. Айназар қабағын түйіп, адымын жылдамдатты. Жанияның «сиқырлы» суретінен қашқандай жылдам басып адымын жиілетті.

Ішінен Жанияға: «Кешегі күндерде сені шындап сүйіп едім, сен менің ойлаған «жұлдызым» болмай шықтың. Енді мені әурелеме! Менің бүгінгі тапқан «жұлдызым» — сүйгенім — Айсұлу. Бірақ енді ол сүюдің де мөлшері болады. Мен кеше сенімен алданған аңғырт ақын едім! Енді бүгінгі Айсұлуды жұлдыз қылған Айназармын! Бірақ бүгін мұны «жұлдыз» қылсам да, көз жұмып оның соңынан ермеспін. Оның шегі, мөлшері болар...» — деді. Сүйдеп Айназар Жанияның көлеңкесінен қашқан секілді асыға адымдап келе жатты.

Асығып жүгіре басқан Айназар көше бойындағы арықпен сумаңдап асығып бұраңдап, сылдырлап жүгірген сумен жарысты...

* * *

1932 жылы маусым айының он алтысында ол үлкен ауыр кеңесте еді...

«Нәрсенің сынар жақ қабатын айыра білу керек. Дүниеде екі түрлі заттың бірігіп — бір зат болуы коп кездеседі. Жаңа бір затты тексерсең екі түрлі зат болып шығады...» — дейтін еді Оңалбай.

Екеуі үндеспей біраз отырды.

Екеуі үстелдің екі жағында, үстелге бір шынтақтарын салып бір-біріне қырынан отырған. Үйдің екі жақ қабырғасындағы екі айна екеуінің де қарсы алдына тура келді. Екеуінің беттері, беттерінің құбылыстары, барлық қияпаттары екі айнадан өздеріне көрініп отырды.

Аян айнадағы Аянға созылып қарады. Ойға батқан қара ала көзінен көзін алмай біраз қарап отырды. Үстіңгі ернімен бірдей қылып қырыққан қалың қара мұрты, қатты қысып томпитқан еріндерінің үстіне салған бастырма сияқты болып көрінді. Қиғаштап ойлана көтерген сол жақ қасы — жерге түйілердегі қарлығаштың қанатындай болып көрінді. Айнадағы түйілген қабағына түзу жатқан қыр мұрнына қарап, реңінен ащылау шырай көлеңкесі жүгіріп өтті...

Біраздан соң:

— Не қыл дейсің! Не ақыл айтасың енді? — деді Аян. Айназар Аянға күле қарады:

— Саған қандай ақыл керек енді? Мен айтқам жоқ па саған! Ертең барып Крайкомнан қағаз алып, зауыттардың біріне кет. Зауытта біраз істеп кел! Бүйтіп азуды, бүйтіп іруді қой! Еркектің бәрі де әйелді керек қылады, бірақ қазір сен секілді диуаналану тіпті ұят іс! Бүйткенде, оның бір әуре болуға тұратын әйел болса екен-ау. Соның несіне қызығасың?

— Ойлашы өзің!.. Өзіңнің кісілігің қайда?.. Мұныңы жұрт білмесін! Және сол әйелде шайнам ақыл бар ма? Құрттай білім бар ма? Соған қолың жеткенге мәз болғаның ба? Ондай сайтан кімге болса да абырой бермейді.

Айназардың соңғы сөздері Аянға жылан шағып алғандай болды... Аян үстелді бір қойып ұшып түрегелді.

— Жә!.. Доғар енді! — деді буынып.

Айназар ащы шыраймен езу тартып күлді. Көңілдегісі болғандай, қышыған жеріне тигендей, «ә-ә, бәлем» деген үнмен:

— Ә-ә, солай ма екен! Шок басып алғандай болдың ғой! Отыр, отыр, — деді.

Аян сұлық басылып отырды. Аянның бақытсыздық көлеңкесі шалған қабағына қарап Айназардың жүрегіне аяныш кірді. «Есіл ер, мағынасыз бір әйелмен қор болғаның-ау!..» — деді ішінен.

Айназар енді жұмсақ дауыспен сөйледі:

— Сен лас адамдармен араласып, азып баратырсың ғой! Енді бұдан ары асу өліммен бірдей, мен айттым саған, сондай адамдардың былғаныш кеселдері кімді болса да былғайды. Енді бүл кеселден жазатын орын партияның түзу басшылығымен істеліп жатқан үлкен өндіріс, жаңа құрылыс қазаны. Тез, енді бір зауытқа барып сілкініп, сергіп, сауығып кел! Басқа ақыл жоқ! — деді Айназар.

Үндеспей біраз отырды.

— Жоқ, осы жүрістерің не? Бұрын дәл осындай ма едің? Осының себебі не? Өзің айтшы жөндеп, бұл не? — деді тағы да Айназар.

Аян төмен қарады.

— Сен ақылды, қайратты кісі болып маған ұрсасың ғой. Бірақ сен менің айтқаныма түсінесің бе? Қазақстанда 29-жылдан бері Ыздей адамға іс істеу қиын болған жоқ па?! Сонсын осындайға берілмегенде қайтерсің? — деді.

Айназар тағы да тіксінді.

— Ей, не дейсің? Неге саған іс істеуге қиын болды? Сен төңкерістің, социализмнің дұшпаны ма едің? Не айтып отырсың өзің, жөндеп айтшы! — деді.

Аян Айназарға кейіген жүзбен қарады:

— Айназар, сен осы сөзді қалай айтасың? Әрине, мен төңкерістің, социализмнің дұшпаны бола алмайтынымды сенің өзің де жақсы білуің керек! Қазақстандағы 29-жылдан бері болып жатқан қиыншылықты, терістікті көрмейсің бе? Көргің келмей ме? — деді.

Айназар тезінен соз таба алмады.

— Е, көрген терістікті неге партия орындарына айтпайсың? — деп еді, Аян езуін тартып, ащы шыраймен күлді.

— Орталық партия комитеті казіргі Қазақстан жайын біліп отырған жоқ. Мұндағы отырғандар дұрыс мағлұмат беріп отырған жоқ. Ал біз тәрізділер білдіре алмайды, өйткені біз сияқтылардың білдіруге батырлықтары жетпейді. Ал жоғарғы іс басындағылар Ылдіруге қорқады.

— Сендер не істеп отырсыңдар, не бағып отырғансыңдар?.. — деп өзімізді айыптайды деп қорқады. Жылы орнымыздан айрылып қалмасақ екен деп бұғады. Сөйтіп, олар қара бастарының жылы орындары үшін партияның жолына кеселдерін тигізіп отыр. Сен де соны біліп отырсың. Білсең де және терістікті көрсең де, оның салдарынан болған ауыр қиыншылықтарды көрсең де, көз жұмып отырсың. Көрген-білгеніңді айтуға бата алмай, тек ылғи жетіскеннен басқа ешбір кемшілігіміз жоқ дегендей сөйлейсіңдер. Ал мен сөйтіп сөйлеушілерге ғажаптанам. Әсіресе саған таң қалам. Сен жазушы-ақын емессің бе? Кемшілікті айтпай, ауыр халді көрмей, ылғи «жасасын!»деп заулай берудің ақыры кеңес үкіметіне, партияның жолына дұрыс бола ма?

— Міне, мен де соны айта алмай қойдым. Өз аранда реті келіп қалғанда апортоншыл деп соңыңнан қалмайды. Соңыңнан қалмағанда, біреуді қаралап сөйлеудің аркасында шен алам деген қулар соңыңнан қалмайды. Сонсоң дымың құриды. Үнің өшеді, жұрттан торығасың. Сонсоң көз жұмып бір нәрсемен көңіл бөлгің келеді. Өзіңді бір нәрсемен жұбатқың келеді. Ал көңілің бөлуге, өзін-өзі жұбатуға әркім әр түрлі нәрсе табады... Міне, сондағы менің тапқаным осы әйел болды. Әрине, сұлу емес! Бірақ менің қиялым оны «сұлу» деп суреттейді. Ал енді бүл әйелді сен мынадай деп отырсың! Оны сен таста деп отырсың! — деді мұңайып.

Айназар:

— Қазақстан істері туралы сөйлесерміз... Болып жатқан істердің терістігі болса, жоғарғы жерге білдіруге әркімнің де еркі бар. Білдір, еркексін ғой, өзгелер білдірмегенде мен не қылам деме! — деді.

Дегенмен Айназар Аянның сөздерінен жығылды. Ішінен ұялды. Бірақ онысын білдірмей Айназар Аянның қабағына қарап отырып, кекетіп, кемсітіп күлген шыраймен және өзін-өзі мазақтаған шыраймен кермектеу езу тартты. Сөйтіп тағы да Аянға:

— Сен өтірік айта алмайтын мінезді ірі ақынымыз емессің бе? Ақын болғанда, сөзіңе жұрт құлақ салған ақын емессің бе? Айтып, білдір цекаға, — Сонсоң түсін суытып: — Ал бірақ«мына көңіл болу үшін көңіліме алданыш қылып едім» деп отырған ісің мақтарлық іс емес. Бүйтіп былғанба! Бір өндіріске барып, біраз сілкініп кел! — деді.

Тағы да біраз үндеспей отырысты. Аян айнадағы өзінің кезіне сүзіліп қадалып қарады. Өз көзінен өзі дұрыс жол тапқызатын айқын ақыл сұрағандай телмірді. Сүзілген көзге телміріп, тұңғиықтан жауап іздеді.

Сонсоң көзін төмен салып, өзіне-өзі айтқандай, ақырын:

— Менің бұл әйелден айрылуым қиындау тиетін сияқты. Тым жақын шырмалып байланған екенмін! Болмайтын сияқты! — деп, терең күрсініп қойды. Айназар ашулы бүркіттей басын көтеріп алды:

— Ендеше мейлің!.. Сол азған бетіңмен әркімдердің былғаныш кеселдеріне былғанып жүре бер! Онда бүл бетіңмен кете берсең, сенің теңің — ылғи азғандар болады! Сенің теңің, тек қоғамның қоқымдары болады. Тіл алмасаң, енді бұдан былай солардың лас құшағына кіресің! — деді Айназар. Және кекетіп, мазақтаған үнмен:

— Оны сәндеп, жұмбақтап өлең жазады! — деп Айназар тағы бір жыландай жиіркенішті, былғаныш сөз айтты. Айназардың соңғы сөздері тағы да Аянды жыланның шаққанындай шағып алды.

— Қой енді!.. Жетер енді! — деп Аян тағы да ұшып түрегелді. Аянның бір жері күйіп қалғандай ащы даусы шықты. Айназар тағы да мазақтай бетін тыржитып:

— Ә-ә-ә, тағы да шоқ басып алғандай болдың ғой!.. Шындық шоқша күйдіре ме! — деді.

Аян енді бұзылып тұрған бойы айнаға қарады. Өңі егес секілді, сезімдері бір-бірімен арбасып тұрды. Бірі — әлсіз, екіншісі — күшті. Бірі мұздай суық, тастай қатты. Екіншісі — оттай ыстық, балдай тәтті. Бірі — емендей мықты, морт, екіншісі — гүлдей нәзік болып елжіреді.

Оның нәзік сезімі жылағысы келді. Қатты сезімі қабағын түйіп кәрлендірді. Бар қайратын тікті. Оның қара ала көзі құбылып айнадан өзіне телміре, қадала, мұңая қарап тұрды. Көз тұнығындай құмарлық сезімдер мұңмен араласып тұрды. Аянның ішкі сезіміне ақырын ырғалған «Сұршақыз» әнінің сызылған мұңлы үні алыстан естілгендей болып тұрды. Ол ақырын есеппен қимылдап, қалпағын киіп, шомбал шұбар өрнекті таяғын алып, әдемі жібек галстукті ақ жағасын жөндеп, үстіндегі сымдай қара бешпетінің түймесін салды.

Енді шапшаң бұрылды. Үтік табы кетпеген сымдай ақ шалбарлы бұтын керіп, аяқтарын жүйрік атша шіреп басып шығып кетті.

Ертеңіне Аян ерте тұрып, пәтеріне суық суға шомылып, сабынданып, әбден жуынып таза көйлек киіп сергіген, тазарған, жеңілген денесін билеп, біраз гимнастика істеп, жазу үстеліне келіп отырды. Жазып жатқан романының бір кезегінің ақырғы сөздерін жаза салып, парткомға бармақ болды. Қаламды алып, кішкене ойланып отырып, қайтадан тастай берді. Үстел үстіндегі бір дәптерін ашып қарады. Бір сөздерді оқып кабактарын түйіп алды да, не өзін-өзі, не біреуді кемсіткендей, кермектеу шыраймен ақырын езу тартты. Мұнысы өзін-өзі кеміткені еді. Айназардың мақтауын,оның ұрсуын, оның ақылын дұрыс дегені еді. Өйткені өзіне-өзі: «...Ым... сабазым... «жолдастарыңнан» жұқтырған кесапатты енді қалай аршыр екенсің? Өзіңді және «жолдасыңды» Айназардың суреттеуі жаныңа қалай тиді?» — дегені еді. Дәптерлерінен оқығаны Айназардың жазған сықақ, ақыл қылып айтқан өлеңдері еді.

Дәптердегі өлеңді оқып болып, Аян алдындағы бір ноқатқа қарап ойға кетті. «Есіл ақын-ай, кемшілікті айтпай, тек жетіскендікті көтеріп, «Жасасын!» — деп заулатты. Әйтпесе, шіркін, ірі ақын-ау. Сөздері қандай күшті, қандай отты! Осының тілі де қызық-ау. Және сөздің күйін, ұйқасын ойда жоқ жерден қисындырады!..» — деді. Тағы да оқыды:

ЖАЙ ӘШЕЙІН

(Аянға)

I

Ұят-ау!..
Кәне енді, біздің күлкі ойқастасын,
Бұлғаңдап онды-солды бой тастасын.
Алдыңа көкпар әкеп тастағандай,
«Достарға» әзіл жұмбақ ой тастасын.
Жұмбақты біреу шешер, біреу шешпес,
Әзілді біреу кешер, біреу кешпес.
Айтқан сөз, істеген іс ұмытылса, —
Қағазға жазылған сөз өмірі өшпес.
Емес қой көңіл шіркін дауам шойын:
Қалжыңға бұрылсын да кейде мойын,
Аянды бастық қылып үйірімен
Айтайын кей достарға әзіл-ойын.
Қызық қой кей мінезің, ақын Аян,
Оныңды етпесем де жұртқа баян.
Түсінсе әзіліме «сырластарың»
Демесін: «әзілі — улы, тілі — шаян!..»
Белгілі кімдерді сен «сүйгендігің»,
Кімдерге менмен басты игендігік.
Көз жұмып сүйгеніңді көкке апарып,
Бар көркем сипатты оған үйгендігің.
Бүйтуің, досым, тіпті емес ерлік!
Жабыны тұлпар десең соқыр-көрлік,
Дер едім: уақасы жоқ, сүйгеннен соң,
Сүйгенің болса екен-ау, жұлдыз дерлік!..
Білген жұрт «құндызыңды» — пыс дейді ғой,
Алтын деп жүргеніңді мыс дейді ғой.
«Жұлдыз» деп, «аққу құс» деп жүргеніңді —
Әшейін жай бір ғана кұс дейді ғой.
Ұялам ондай құсты сүйгеніне,
Орынсыз менмен басты игеніңе,
Көк темір, жана құрылыс заманында
Кеміске өз-өзіңнен «күйгеніңе».

ІІ
СССР

СССР жаңа тұрмыс құрып жатыр,
Гүрс те гүрс батпан балға ұрып жатыр.
Надандық, ескілікті күл ғып құртып.
Тұрмысты коммунаға бұрып жатыр.
Сан қала социалдық салып жатыр,
Жалтырап енбек шамы жанып жатыр.
Жер астын жегі қабат дүңкілдетіп,
Алтын, мыс, темір, көмір алып жатыр.
Ойылып талқандалып, қатқан тондар,
Өндіріс, гигант болып құба жондар,
Шыңыраудан қопарылған көмір құрыш,
Алынып жатыр тау-тау миллион тондар.
Құрады жұмыскер тап жана дәуір,
Күйретед мың-мың батпан болса да ауыр,
Орнатад жер жүзіне жаңа сана:
«Еңбекші бір-біріне бірдей бауыр!..»

III
САҒАН НЕ БОЛДЫ

Әуресің бір күспенен екі жаздай,
Әлі де алан қылар онсы аздай.
Алдына, шіркін достар, сөз тастайын,
Үндемей бас шайқаған әзіл наздай.
Дер біреу: «Ақынның өз әні қайда?
Жер-көкті суреттеген сәні қайда?..
Әңгіме ертегі ғып айтарлықтай,
Жыр қылған ғашықтықтың жаны қайда?.
Ақынның ішкі сезім сыры қайда?
Сырынын сегіз тілді қыры қайда?
Тұрмыстың ащы-тұщы құбылысын
Жалынды құйғып шерткен жыры қайда?..»
«Істі әркім тап көзімен сынайды...» ғой,
Әркімге әр түрлі зат ұнайды ғой.
Ұнаған затына әркім қолын созып,
«Маған, тек соны бер...» — деп сұрайды ғой.
Мысалы: біреуге ұнайд терең білім,
Біреуге ұнайды тек менің гүлім.
Біреуге жылтыраған сырт ұнайды, —
Ондайға ақымақ сөздің бәрі ғылым.
Әр жәндік өз жеміне, тойына шақ,
Әркімге соз ұнайды өзіне шақ,
Дегендей: «әркім лайық өз сорына»,
Әр пенде тон киеді бойына шақ...
Білер ғой ақылды адам сөз бағасын,
Білер ғой алтын менен жез бағасын.
Көп жұрттан қандай затты сүюмен-ақ,
Әркім-ақ сездірмек қой өз бағасын.
Мұныңды кей достарың байқады ғой,
«Ол ма?..» деп, жұртың көңілі кайтады ғой.
«Жұлдыз!» деп жүргеніңді жұрт білсе егер,
«Бағасы сол екен!..» — деп айтады ғой.

IV
КЕЙІН ЖАЗАМЫЗ ҒОЙ

Кейде ақын жыр жазады досына арнап,
Немесе, жан жолдасы — қосына арнап,
Үнімді дос пен дұшпан бірдей тыңдар
Демейін: «айттым саған осыны арнап!..»
Кейде ақын арнайды жыр дұшпанына,
Кейде арнайды «өліп-өшіп құшқанына»,
Біресе «ақ жұлдыз» боп маңдайына,
Біресе «аққу күс» бон ұшқанына...
«Ардақты әркімнің бір құндызы» бар
Әркімнің «өліп-өшкен хор қызы» бар.
Әркімнің маңдайына лайықты,
Кез болған көп ішінен «жұлдызы бар».
Арнармыз басқа жырды «аққу құсқа»,
Жыр кеп қой жатқан толып шықпай тысқа.
Жүректің түрлі күйін жыр ғып шертсем,
Адамның сан сырынан болар нұсқа.

V
MACҚАРА ҒОЙ

Күлкі кеп кей достардың мінезінде:
Ерлік те, ездік те бар бір өзінде, —
Сөздерім тек ишарат, әзіл-наз ғой,
Жақпаса достым, Аян, кінә өзіңде!
Әр нәрсе лайық баға — құн алар ғой,
Әрбір іс көп алдында сыналар ғой
Дегенге «мұның қалай?..» себеп қылып
Дәлелдеп айтар сөзің мыналар ғой:
«...Құбылған тұрмыс шіркін өлі шұбар,
Жалыңдай жүрек кейде гүлге құмар.
Кейде егер махаббатқа көңіл бөлсем, —
Іс келсе, алданам ба білек сыбар?
Махаббат дауам тәтті бал бере ме?
Кейде ащы су жалатпай, нәр бере ме?
Жүректің зарлы лебі улатқанда
Мойының іс істеуге жар бере ме?
Мұңайса, көңіл кейде жасымай ма?
Тынбай ма кейде айтқан бір насыбайға?
Кейде бір аққу құстың еркелеген
Үніне күш-қуатың тасымай ма?
Сол кезде қолыңа алсаң қиын істі,
Жапырып, көрсетесің қайрат күшті,
Жұмысты бітпей жатқан бітіресің
Болаттай айқастырып алмас тісті.
Құбылған шіркін көңіл бейне сағым,
Сағымда болмайды ғой ешбір бағым.
Көңілдің әуенімен күй шертемін,
Сол менің қос канатты арғымағым...

АЛ ОҒАН МЕНІҢ АЙТАРЫМ

Сөз жоқ қой, құмар затың жұлдыз болса,
Мейлі ғой, сондай жұлдыз мың жүз болса.
Іші лас, мағынасыз тұлып болмай
Дұрыс қой, шынында оның құндыз болса.
Бойыңа дұрыс емес шақтағаның,
Жөн болар текке адасып лақпағанын,
Жай бір күс жалпылдаған болмаса екен
«Ақ гүл» деп, «аққу күс» деп мақтағаның!
Жүрекке: «мұз боп қат...» деу сыймайды ғой
Сүюді саған ешкім тыймайды ғой,
«Аққу деп жай бір құсты біліпті Аян!..»
Дегенге сені әшейін қимайды ғой!
Қызықты. кереметті біздің дәуір,
Кең ұйым, кең құрылыста кешегі ауыл, —
Былығу ондай затпен ұят тіпті, —
Күштірек құрылысқа кірген тәуір!
Кей сезім — әзіл-наз ғой, жәй әшейін!..
Үйдемей әзіл-назды мен не дейін?..
Өз досың Әбдірахман айтқанындай,
Қош әзір!.. Сөйлесерміз тағы кейін!..

Бұл өлеңдерді оқып болып, шаршаған, ащы шыраймен Аян езу тартты.

«Бұл рас!.. Бұл әлі жұмсақ айтылған сез ғой! Бұдан жаман сықақ керек маған. Бұл әшейін достық сөз ғой!..» — деді ішінен. Енді ол қабағын қатты түйіп алдына қарады: «Ал, Аян, көтер енді еңсеңді!..» — деп ұшып түрегелді.

Аян крайкомға Голощекинге жолықпақ болып барып еді. «Сыпатаевтармен сөйлес!» — деп Голощекин Аянмен сөйлеспеді. Голощекиннің бөлмесінен шығып келе жатып Аян ішінен: «Жүні түскен қияли қарт бура!» — деді. Сыпатаевтың бөлмесінің алдына келіп Аян ойлаңқырап тұрды:

«Мұнымен не сөйлесем, тек зауытқа барып істеп кайтуға жолдама қағаз бер дегеннен басқа?» — деді ішінен.

«Азсаң, тозсаң түзу жолға салады. Ақыл береді, қуат береді дерлік крайкомның басшысы Голощекин анау — бізбен сөйлесуді де керек деп таппайды!.. Одан не қайыр, былтыр, шет ауданында партияның жолынан тысқары істер істеліп жатқанын айтып, орта шаруаларды бай деп жатқандарын айтып, малдың санын артық жазып алғандарын айтып жазған хатыма ешнәрсе істемеді, бұдан не қайыр?» — деді ішінен.

«Орталық комитет бұл істерді білмей отыр ғой?..» — деді тағы да. Сыпатаевтың бөлмесіне кіруге ыңғайланып қозғала берді де, қасынан өтіп бара жатқан бір қазақ жігітін көріп, көзінің қырымен қарап, Аян аяныштау шыраймен езу тартып тұра қалды .тағы да. Өйткені өтіп бара жатқан казак трубка сорғылап бара жатыр екен. Бұ да Голощекин секілденіп, Сталиннің трубкасына ғана еліктейді, — деді ішінен.

Аянмен біраз сөйлескеннен кейін, Сыттатаев «білімді шыраймен» Аянға:

— Сен осы жазбай кеткенін, қалай соңғы кездерде? Жазғытұрымғы «Дауылпаз» деген өлеңдеріңнен кейін айтарлық ештемең көрінбей кетті? — деді. Аян шаршаңқыраған шыраймен:

— «Жүмсақ диван» деген бір ұзақтау жыр жазып жатырмын! — деді. Сыпатаев күліп:

— Оның не туралы? Ана жылы «Жұмсақ автомобиль» мен «Чанкай-шың» жанжал болып бағып еді, тағы да мынауың сондай болып шығатын бірдеме шығар?.. Сен осы «жұмсақ автомобиль», «жұмсақ орын» дегендеріңді қойсаң деймін осы? — деді.

Аян күліп, қалжың қылып мүсәпірсіп, тілін бұзып: «Кәйтеміз енді», — деді. Сыпатаевтың алдындағы телефон шылдыр ете қалды. Сыпатаев телефон тұтқасын алып, әлгі білімді шыраймен: «Да, да!..» деген үні «Тағы кім екен бұл мазаны алған! Сөйледе, үніңді өшірші!..» деген мағына бергендей көрінді Аянға.

Аян ішінен: «Бұл үн төреліктің бір нәзік түрі ғой!..» — деді.

Сыпатаев телефонный тұтқасын алғанда қабағын түйіңкіреген суық түрмен алып еді, ар жақтан сөйлеген кісінің кім екенін білген соң шырайы күлген баланың шырайындай жылып қайпаңдап қалды.

— Ә-ә, жарайды, жарайды, өзім даярлап алып сізге апарып көрсетермін! — деді көңілденіп.

Аян Сыпатаевтың шырай құбылысына қарап отырып ішінен:

«...Телефон соққан жай бір жабайы адам емес, жоғарыда отырғандардың бірі-ау!» — деді.

— Наркомземнің өзімен сөйлес! — деп телефон тұтқасын қоя салды. Сыпатаевтың үніне, шырайына қарап. «...Телефон соққан жай, қатардағы біреу-ау!..» — деді.

Өзінің тіленген зауытына сұраған қағазын алса да, Аян крайкомнан шыққанда, көңіл сезімдері қанағаттанбай шыққан сияқтанды.

Жиырма-отыз кадамдай жүріп қайырылып үйге қарап, бірдемесін ұмытып қалып, есіне түскендей, ақырын басып ойланып тұрды. Сонсоң жоғары қарап, үйдің үстінде күншығысқа қарай қолын созған Лениннің суретіне қарап тұрды. Лениннің суретіне қарап тұрып, Аянның бет қияпатына бірте-бірте жігерлі шырай кірді.

Ішінен: «Қырағы данышпан, ұлы көш басшы! Қуат бер дағдарған жанға! Шаңқанырақ жансын шырағың! Жолыңнан адастырма дала құлынын!..» — деді.

Құмар ойлы қара ала көзінен жасын іркіп алды.

Аянның шомбал денесіне қайратты күш жүгірді. Қаршығаның жауырынындай тік, күшті жауырынын қозғап, кең, биік көкірегін керіп,аяғын ширақ басып Аяң жүріп кетті. Көше бойымен нық басып жүріп келе жатып Аян ішінен: «Марсельеза» күйін өзінің жүріс кейпіне қоса айтып келе жатты... 

1932-1934 жылдар.

 

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама