Дәстүрлі емес сурет салу арқылы психологиялық дамуында тежеулері бар балалардың шығармашылық қабілетерін дамыту

Шығармашылық тұлғаның қалыптасуы – заманауи кезенде педагогикалық теория мен тәжірибеде маңызды мәселенің біреуі болып табылады. Осы саланы мектепке дейінгі жастан бастап дамыту нәтижелі болады. В. А. Сухомольскийдің ойынша « баланың қабілеттілігімен мүмкіндігі саусақтарының басында, басқа сөзбен бала шығармашылық жұмыспен көп айланысса, оның зейіні жинақы, ойлау қабілеті жақсы» деген пікір ұстанған. Баланың суреті психологтар мен педагогтардың көңілін әрқашан өзіне аудартады. Психологиялық дамуы тежелген балалар да тізімнен шықпаған. Қазіргі уақытта өкінішке орай мектепке дейінгі балалар санында осы диагноздың өсуі байқалады. ПДТ балалар басқа балалар сияқты лайықты әлеуметтік мәртебеге және өмірдің барлық салаларына қатысуға құқықтары бар.
Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша балалардың бірінші нәтижелі іс - әрекеті ол сурет салу. Психологиялық дамуы тежелген балалармен сурет салу кезінде педагогтар келесідей қиындықтарға тап болады:
- Баланың қолының қозғалысы епсіз болады және олардың жетелеу қолы жиі анықталмайды.
- Түстерді ажыратқанда қиындықтарға тап болады.
- Қыл қаламды қолдана алмайды.
- Көру - қимылдық координациясы жеткіліксіз дамығандықтан, бала жиі заттарды салу барысында әр түрлі қиындықтарға тап болады. Мысалы: пішіннің сыртына шығу, затты бояған кезде қылқаламды бетке тигізе алмау т. б.
- ПДТ балаларда мектепке дейінгі жаста қарындашпен бір қалыпты, қысқа мерзімді ретсіз қимыл қозғалыстар сақталады.
Осының бәрі ПДТ диагнозы бар балалардың мектепке дейінгі балалық шақ бойы сурет салу іс - әрекетің үйрету керектігіне назар аудартады.
Мен өз іс – тәжірибем барысында дефектолог маманы ретінде мектеп жасына дейінгі балаларды бақылай отырып, осындай ерекше қажеттіліктері бар балалардың іс – әрекетке эмоционалды қызығушылықтары жоқ екенін байқадым. Соған орай күнделікті әрекетіме баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін дәстүрлі емес сурет салу техникаларын қолдануды өзекті етіп қойдым. Көп теген дәстүрлі емес сурет салу техникасы баланың психоэмоцианалды ортасына ықпал етеді және ПДТ балалармен жұмыста қолданылатын арт – терапиялық техникаға жуық. Осы техникаларды қолдану балалардың сабаққа қызуғышылықтарын оятады және күш – қуаттарын, зияттылықтарын дамытады.
“Ерекше материалдармен (трафарет, май шам, поролон, қақпақ, тығын) және соналы техникаларды қолданып сурет салу балаларға жағымды эмоция сезінуге мүмкіндік береді” деп Г. Н. Давыдов белгілеген және осындай әрекеттер жағымды, себебі ептілікпен қабілеттіліктен тәуелді емес. Ал егер баланың қолынан келмесе ойын барысында жетелеп жүрген үлкен әріптесі әр дайым көмектеседі (белсенді – пассивті әдіс, қолмен қол).
Дәстүрлі емес бейнелеу тәсілі технологиясы қарапайым және ойынды жан – жақты толықтырады. Осы сурет салу техникасын психологиялық дамуында тежеулері балаларды тез шаршатпайды және тапсырманы орындау уақытында олар белсенді және еңбекке қабілеттіліктері жоғары болады.
Ойын барысында дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолдану балаларды жағымды уәждемеге ынталандырады, жақсы көңіл – күй шақырады, сурет салу процесінің алдында балалардың қорқыныштарын ( мұны істеу менің қолымнан келмейді) жояды, өзін – өзі бағалауы өседі, шығармашылық “Мен” дегені дамиды, психологиялық процестің дамуында ауытқушылықтарды түзетуге көмектеседі.
Дәстүрлі емес сурет салудың келесідей әдістері бар: « алақанмен, баспа», «манотопия», «кляксография», «пластилинография», «пескография», « майшаммен сурет салу». Осы технологиялар бойынша бала жағымды әсер жинайды, зат арқылы өзінің көркемдік іс – әрекетін сыртқа шығарады және шығармашылық өз ойын білдіреді.
Сабақтарда арт – терапия элементтерін қолдану барысында бала негативті эмоцияларын сыртқа шығара алады. Мысалы: бала дымқыл қағазға сурет салып, суретті суға сүңгіту арқылы қорқынышын, ренішін, ашуын сумен жуып тастайды деп психологтар өз пікірлерін айтқан. «Пластилинография» суретті өзгертуге мүмкіндік береді. Мысалы: қураған ағашты гүлдеген жасыл алма ағашына айландыруға.
Саусақпен, алақанмен, жұдырықпен, сурет салу барысында баланың білезік, ұсақ саусақ бұлшықеттері қалыптасады, көру – қимылдық координациясы дамиды. Осының бәрі баланың жазуды меңгеруіне кепіл болады. Ендеше мектепке дайындық жұмысы жүреді.
Дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолдану тиімді екенің байқадым. Сабақта және бос уақтта балалар өзін байсалды, бос ұстайды. Психологиялық қорғаныш, агрессия, тынышсыздық, наразылық қылықтардың орны шығармашылық және жігерлікке ауысады. Осының бәрі балаларда жаңа ынтызар тудырады, өз шығармашылық сезімін, ойын, көңіл - күйін толық білдіруге мүмкіндік тудырады. Баланың өзіндік дамуына және шығармашылық тұлғаның қалыптасуына үлесімді және жан – жақты көмектеседі. Баланың қорқынышын жоюға ықпал етеді. Өз - өзіне сенімділігін, ұсақ қол моторикасын дамытады. Балаларды өз ойын еркін білдіруге, әр түрлі материалдармен жұмыс істеуге үйретеді. Жұмыс барысында бала эстетикалық тәрбие алады.