Дауыссыз «н» мен «ң»
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз «н» мен «ң»
Сабақтың мақсаты:
1. Дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының айтылуы мен жасалу жолдарымен танысу, сөздердің мағынасына мән беру;
2. Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойын, қиялын дамыту;
3. Оқушының, өз ойын дәлелдеп сөйлеуге, жануарларды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Жарқырап күн де шығады,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Әрбір адам? Досым, сыныптасым
Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адалдық,
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз!
ІІ. Жаңа материал
Балалар, біз бүгін дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының емлесін оқып, танысамыз.
Дыбыстайық: н ң н ң н ң н ң н ң
«Н» мен «ң» дыбысты сөздер айтайық.
Оқушылардың келтірген мысалдарынан н, ң дыбыстары сөздің басында, ортасында келетіндігі анықталады. Оқушылардың айтқан сөздерін буынға бөлдіру. Мысалы: қаң - бақ, қо - ңыз. Кейбір оқушылар қоң - ыз деп буынға бөлуі мүмкін. Осыған байланысты оқулықтағы «Есіңде болсын» белгісімен берілген ережемен таныстыру. Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген жағдайда сөздерді буынға бөлген кезде, ң дыбысы келесі буынның басында келетіндігі түсіндіріледі. Түсінікті болу үшін бірнеше сөзді тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне тасымалдатып жазғызуға болады.
Қазақ тілінің төл «Ң»дыбысына назар аударайық. Ң үнді, мұрын жолды, тіл арты. шұғыл дауыссыз. Біріншіден, «ң»дыбысы Қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, екіншіден,»Ң» дыбысы жабық буында анық естіледі.
129 - жаттығу
Сөздерді салыстыр. Мағынасын айт.
Он - оң тон - тоң
Шын - шың мен - мең
Күн - күң сен - сең
Ой тұжырымдамасы:
«Н» мен «ң» дыбыстары өзгергенде сөз мағынасы да өзгереді.
«Н» мен «ң» екеуі екі басқа әріп, екі басқа дыбыс.
«Н»- тіл ұшы дыбысы
«Ң» - тіл арты дыбысы
Көркем жазу
/Мен бір затты жұмбақтап айтам, сендер жауабын тауып, сол сөзді көркем етіп жазасыңдар./
1. Менің бір жолдасым бар. Жолдас болғанда бір түрлі. Қайда барсам да қасымнан қалмайды. Менсіз ешқайда бармайды. Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді. Бірақ үндемейді. Жарықта қасымда жүреді, қараңғы болса ғайып болады. Сендерде сондай жолдас бар ма? Ол не? / Көлеңке/
2. Сені кішкентайдан жарық дүниеге әкеліп, өсіріп баққан еді. Сені еркелеткен еді. Саған тамақ беріп, ұйықтатқан еді. Ол кім? / ана/
3. Олар жабайы. Далада жүреді. Жыртқыш. Өлексемен қоректенеді. Кейбіреуі тамағын өздері табады.
Жүгіреді, секіреді. Ол не? / аң/
4. Ас атасы. Оны жерге тастауға болмайды. Қиқымын шашпаңдар, жерде жатса қастерлеп, торғайларға тастаңдар. / нан/
КӨЛЕҢКЕ, АНА, АҢ, НАН
Шығармашылық тапсырма: Суреттің аттарын қатесіз жаз.
Қоңырау, шаңғы, жаңғақ, қоян, қайың, елтаңба, күн
Ойын: «Жасырынған сөз» Берілген сөздердің кез - келген буынын алып, жаңа сөз құра.
Қайың Сараң Қа - раң - ғы Шаңғы
130 жат. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең,
Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең -
Ң - нан сөз жоқ басталған -
Ң - үлестен бос қалған.
«Ң» - тіл арты дыбысы
131 - жаттығу. Ң дыбысты сөздерді тауып, мағынасын айт, қатесіз жаз.
Амандық, аңғарғыш, енжарлық, жоңқа, заңғар, қант, перзент, шоңайна, таңдай, жаңқа, жайын, құ - лыншақ, сұңқар.
Өз бетінше жұмыс: Ң дыбысты сөздер жаз.
Не?
. ң /аң/
.. ң /соң/
... ң /қолаң/
.... ң /сараң/
Не істеді?
... /шаңдатты/
... /бұлаңдады/
... / жеңді/
... / тоңды/
Қандай?
Те... біл
Бойша...
Қы... ыр
Күре...
Сергіту сәті. Маң - маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Төрт аяғын тең басқан,
Екі өркешін қом басқан. (түйе)
Ң дыбысты сөзді ата.
Топтастыру: ТҮЙЕ
Слайд. Суреттегі заттардың атауын төмендегі сөздермен сәйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастыр.
ҚОЯН - орғыды
ҚОҢЫРАУ - Соғылды
ЖАЙЫН - жүзді
ДӨҢГЕЛЕК - дөңгеледі
ІІІ. Қорытынды: Біз бүгінгі сабақта не білдік?
ІV. Бағалау.
Қарағанды облысы, Нұра ауданы,
Қ. Шайменов атындағы ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жағалбайлы Райхан Оспанқызы