Жақсы бала, ата - ана қуанышы (ата аналар жиналысына)
Ата - аналар жиналысының тақырыбы: Жақсы бала, ата - ана қуанышы
Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру;
Түрі: топтастыру
Көрнекілігі: карточка, дөңгелектер, нақыл сөздер,«кірпіш тапсырмасы бар; қағаз қалам.
Жоспар
1. Тренинг: шаттық шеңбері
2. Кіріспе сөз: Ата - ананың басты қуанышы бала
3. І - тоқсан қорытындысы және ІІ - тоқсан мақсаттары
4. Елбасының білім туралы жолдауы
5. Мектеп сынып қоры
6. Жаңа жыл мерекесі
7. Әртүрлі сұрақтар
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр.
Тренинг: Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрады. Бүгінгі кездесуде сіздер балаларыңызды таңертең қалай және қандай көңіл күйде оятасыз. Соны
Бір - бірлеріңізге қарап айтып көрейік. Міне осындай жылы сөздерден баламыздың жүзінен қуаныш көре аламыз.
Ата - ананың басты қуанышы - бала.
Ата - ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т. б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін - ұстаз болса, оның сүйеніші ата - ана. Сондықтан ата - ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни
6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.
2. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.
Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.
3. Елбасының білім жолдауынан үзінді. Мектептегі білім сапасын көтеру.
Балабақшаларды көптеп ашу. Сонымен қатар үш ауысымды мектептерді екі ауысымдық ету. Білім сапасын көтеру.
4. Ата - ананың бала алдындағы мектепке деген міндеттері:
1. Мектепке деген құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету;
2. Сабаққа уақытылы жіберіп, сабақтан қалдырмау;
3. Мектеппен, сынып мұғалімімен тығыз байланыста болу;
4. Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындауға көмектесу;
5. Баланың жеке сабақ оқитын бөлмесін дайындап беру;
6. Баланың сабағына қатысу;
7. Баланы қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету;
5. Жаңа жыл мерекесі мектепте болады. Жаңа жылдық сыйлықты ұйымдастыру.
6. Әртүрлі сұрақтар бойынша ата - аналар сұрақтарына жауап беру.
Қорытындылау:
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.
Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы
«№14 орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі:
Құрманбекова Меруерт Дәулетбекқызы