Діни сана
Әлемдегі саналы жаратылыс – адам екенін ескерсек, адам баласы туылғаннан бастап, дүниені танумен өмір тізбегін құрайды. Сана-құлық қалыптасуы адамның қабілетімен қоса, ортасына, айналасындағы адамдармен қадағаланады. Обьективті дүниенің субьективті бейнесі деп ұғынсақ сана тек адам миының жемісі екенін көреміз. Адамның рухани дүниесін құрайтын сана-сезім, түйсік арқылы жұмыс жасап, айналадағы жағдаяттарды қабылдау арқылы, кері байланыс орнатады. Сана қабылдауы әр жанда өзгешілігімен көрінеді, ол қалай, өмірді тануы мен адамның мінез-құлқы, қабылдау деңгейі, өзіндік принциптері, ақыл-парасаты, өзін-өзі ұстай білуі, жасаған іс-әрекеттері. Сана-мәңгілік ақиқат, ал діни сана сол ақиқаттың құрамдас бөлігі, адамзат баласына ортақ құндылық. Әлемде бір-бірімен байланысып жатқан қаншама қоғамдық мәселелер бар. Солардың бірі, әрі күрделісі, қоғаммен тығыз байланыста әрі адамзатпен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық сананың бір формасы - «дін».
Діни сана негізін сенім құрайды. Діни сенім – адамның құлшылығынан, сенім жүйелерінен бастау алады. Құдіретке сену, діни догмаларға, киелі зат, кітаптарға сену. Адам бойындағы діни идеологияны оятады, ой-санасын діни көзқарасқа негіздейді. Діни сана адам өмірінде әртүрлі кезеңде қалыптасуы мүмкін. Адамзат пайда болып, даму ғасырларында бірге дамып, әр қилы кезеңдерді бастан өткізді. Адам дүние есігін ашқанда отбасы, ортасына байланысты өмір көзқарастары түзіледі. Діни санасы да адамның қабылдауымен , көріп, біліп, ізденісімен қалыптасады. Сенім - діни сананың түп тамыры. Сол арқылы дінді қабылдау, ұғыну, ұстану жүйеленеді. Діни идеялар, діни құндылықтар, діни эмоциялар мен адамның жасаған іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп отырушы фактор – «сана», «діни сана».
Діни сана адамның өміріне, тікелей өмір сүру заңдылықтары мен принциптеріне жалпы алғанда адамның «меніне» (индивидке) әсер етеді. Қазақ қоғамында дәстүрлі қазақи әдеп-ғұрып, салт-сана, құндылықтар қалыптасқан. Қазақ халқы дегенде өз бітім-жүйесі бар, біртұтас мемлекет көз алдымызға елестейді. Ділі мен діні, өмірлік ұстанымы қалыптасып, тыныс-тіршілігі діні мен салт-дәстүрімен астасып жатқан мемлекетіміз ұрпақ тәриесін ұлттық-адами құндылықтармен ұштастырған. Дінді тәрбие көзі деп есептейміз себебі діни сана қалыптасуы арқылы адамды «дін» тәрбиелікке, имандыққа, жақсылыққа үйретеді. Дін адамды сенім жүйесін қалыптастыра отырып, дұрыс өмір сүруге баулыйҚды, діни сенімін нығайтып, адаммен Құдай арасындағы көпір орнықтырады. Діни санасы дұрыс қалыптасқан адам тек жақсы жақтарға ұмтылып, өмірін дұрыс өткізуге тырысары анық. Сол себепті діни сананың да қалыптасу заңдылықтары бар, адамға өмірді түсінуге, түсіндіруге және белгілі бір жағдайда реттестіруге көмек беретін сенімді қамтиды.
Қоғамдық қажеттілік болғасын дін еркін құбылыс. Дін ұғымы- мейлінше аумақты, көп нәрселерді қамтитын кең ұғым. Діни сана адамдарда әр ауқыммен қалыптасады, дінді қабылдау мен оны өмірде қолданысқа шығару екеуі байланыста болуы керек. Адасқан, деструктивті ағымдар, дін атын жамылып экстремистік іс-әрекет ұйымдастырушы ұйымдар қайдан пайда болады: діни сананың улануынан, дінді дұрыс түсінбей, кертартпа ұғымдардың пайда болып, сананың бұзылуынан. «Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек»,-деп Абай атамыз айтып кеткендей, дін адамға ұяламастан бұрын, қалай орныққаны маңызды. Ол дегеніміз, дінді түсініп, діни құндылықтарды қабылдау, дұрыс білімнің қалыптасуы. Дін тазасы, сана тазалығында жатыр. Сана қозғалысы, ой-толғамы, адамның қабілеті мен білім жүйесінде жатыр, өмірге көзқарасы, өмірлік ұстанымы, ғаламға, адамдарға қарым-қатынасы сол санасымен көрініс табады. Сана қалыптпсуы көргеніміздей адамның өзі мен қоршаған ортасына байланысты, діни сана да сананың бір өлшемі. Діни сана қоғамдық құндылық, сол үшін қоғамдық жүйені реттеп, қадағалап отыру міндет. Діни сана ол адамдар бірден пайда бола салмайтын болғандықтан, адам көре-біле келіп қалыптастырады. Діни білім беретін тұлға, діни жазбалар, оқу-құралдары, интернет желісіндегі жазбалар, видеороликтер әр кез қадағалануда болу керек. Неге? Қазіргі 21 ғасыр діни мәселелердің ушығып тұрған кезі, діни адасушылыққа шақырып, адамдардың санасын улап жүрген білімі жоқ, білімі таяз адамдар мен адамдар тобының қарасы көп. Сол себепті, әр адам өзі мен қоғам игілігі үшін көзі ашық, көкірегі ояу болуы маңызды.
Санамыздың уланып, діни қақтығыстар мен, кереғар ұғымдардың қоғам арасында болу-болмауы әрбірімізге байланысты екенін ұғынып ел-қоғам тыныштығы үшін жұмыс атқаруымыз керек. Діни сауатты арттырарда сапалы бағыт-бағдар ала білуде бір белес. Сол себепті, сарқылмас даналық көзін: имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі ретінде пайдалануымыз қажет. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы жоқ.