Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Диалог арқылы оқытудың маңызы, диалогтік оқытудың әдіс - тәсілдері
Тақырыбы: Диалог арқылы оқытудың маңызы, диалогтік оқытудың әдіс - тәсілдері

«Әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады» (Мерсер)
Мақсаты:
- диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
- диалогтік оқыту тәсілдерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт - бағдар беру.

МОДУЛЬДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Мерсер (1995) әңгімелесудің үш түрін анықтады:

Әңгіме – дебат. Ой - пікірлерде үлкен алшақтық болады, әрқайсысы өз шешімінде қалады;
Қарым – қатынас “ия, солай”, “жоқ, олай емес” қатынастарын жүзеге асырады;
Ортақ мәміледен гөрі бәсекелестік болады.
Топтық (кумулятивтік) әңгіме. Айтылған пікірге механикалық келісу;
Білім алу мақсатында идеяларды төзімділікпен тыңдау;
Идея қайталанады және жасалынады, үнемі мұқият бағалана бермейді.

Зерттеушілік әңгіме. Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
Мұқият бағалау жүргізеді;
Бір - біріне сұрақтар қояды;
Айтқандарын дәлелдейді;
Келісімге жетуге тырысады.
Диалогтік оқытуда маңызды дағдылардың бірі – СҰРАҚ ҚОЮ
Түрткі болу. Бұл сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет сұрақ. Бұл сұрақ қарапайым болу керек.
Сынақтан өткізу. Бұл сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анықтауға, дамытуға көмектесетіндей болу керек. “Сіз мысал келтіре аласыз ба?”
Қайта бағыттау. Сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, “Көмектесе алатындар бар ма?”

“Безродных атындағы орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баяхметова Құрмангүл Батышбайқызы

Диалог арқылы оқытудың маңызы, диалогтік оқытудың әдіс - тәсілдері. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама