Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Зияты зақымдалған оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Зияты зақымдалған оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері

Арнайы мектепте оқушылардың өз бетімен өмір сүруге, әлеуметтік іскерлікке дайындайды. Демек, тәрбие үдерісі тәрбиелеушінің сұраныстарын қанағаттандыруы тиіс. Тәрбие үдерісінде болған жағдайды дұрыс түсінуіне, оқушылардың өзін тұлға ретінде қалыптасуына көмектесуі керек (1).
Мүмкіншіліктері шектеулі балаларды тәрбиелеу нақты бір түзету ұйымында нақты бір кезеңде оқушылардың мақсаты мен міндеттеріне сай келесідей кезекте орындалады:
1) Баланың жеке тұлғалық тұрғыда дамытуға бағыттылық, адамгершілік, коммуникативтік, эстетикалық және дене дамуын қалыптастыру.
2) Оқу мекемесінің ерекшелігіне және оның қызмет түріне қарай қоғамға бейімдеу, қызығушылықтарын арттыру.
3) Икемділік мақсатты ұштастыру.
Тәрбие жұмысының міндеттері.
1) Мүмкіндігі шектеулі баланың психологиялық және дене зерделік және тұлғалық компоненттерін түзету.
2) Оқушыларды өздігінен өмір сүруі және еңбек етуге дайындау.
3) Ұжымда өмір сүру және жұмыс істей білуін қалыптастыру.
4) Балада белсенділікпен өздігінен қызмет ете білуге айналасындағыларды және өзін дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысында оқушының азаматтық тұлғаның сапаларын қалыптастыру маңызды бағыттары:
- еліміздің азаматтары негізгі құқықтарын мен міндеттерін сақтауы мен түсініктігі.
- құқықтың білімді азаматтың, отбасының негіздері: еңбек, қылмыстық құқықтарды игеруі.
- мемлекеттік заңдардың өзінің құқықтары мен міндеттерінің маңызын түсінуі.
- өзінің іс - әрекеті үшін жауапкершілігін сезіну (2).
Арнайы мектеп - интернаттарында санитарлық - гигиеналық мәдениет дағдыларының қалыптасуы мен денсаулықтың нығаюы, физикалық қалпын жақсарту мақсатында дене шынықтырумен айналысуы тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып келеді. Тәрбиелік жұмыстың жаппай формаларын ұйымдастыру барысында балалардың сол мерекеде, конференцияда, сайыстарды тікелей қатысуға көңіл бөлінеді. Ең бастысы, ұжымдық қызметтердегі барлық қатысушылардың алдында өз жауапкершілігін түсінуі, көмектесу және өзара көмек көрсетулерін сезінуі керек (3).

Қаскелең қаласы облыстық зерде бұзылыстары бар
балаларға арналған арнайы мектеп - интернатының тәрбиешісі
Саржанова Бақытжан Қайрулловна

Зияты зақымдалған оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама