Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ең суық айлар
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ең суық айлар
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
● Жыл мезгілдері, ай атауларының қазақша аттарын сипаттайтын жаңа сөздер, сөз тіркестерімен таныстыру.
● Түрлі әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы білімдерін толықтырып, мезгілді сипаттай білуге үйрету.
● Өзіндік ой - пікірін, көзқарасын білдіруге жағдай жасау, тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту.
САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ
САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: қайталау, түсіндіру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, жұптық, топтық жұмыс.
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: слайд, аудио - бейне материалдар, үлестірмелі карточкалар, суреттер.
САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР:
● Оқытудың ақпараттық технологиясы,
● Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
● Ойын технологиясының элементтері
Күтілетін нәтиже:
● Жыл мезгілдерінің атауларын, төрт жыл мезгіліндегі ай атауларын біледі, жыл мезгіліндегі ауа райын сипаттай алады
● Грамматикалық құрылымдарды пайдалана отыра, жазылым, тілдесім әрекеттерін жүзеге асыра алады.

САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Шаттық шеңбері(лента ұстау арқылы). Оқушыларға жағымды көңіл - күй қалыптастыру.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз.
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Оқушыларды топқа бөлу
Оқушыларды «Лента түстері» стратегиясы арқылы 3топқа бөлемін.(лентаның түсі сары, тоқсары, көк)
Үй тапсырмасын тексеру («Кім тапқыр» ойыны)
Тақтада өткен сабақтағы жаңа сөздер тұрады, қарама - қарсысында аудармасы берілген. Сәйкестендіру арқылы дұрыс аудармасын табу керек. (қыс, қар, мезгіл, жылы, тон, етік, киім, құлақшын, қолғап)

ІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, қазір қай мезгіл? (қыс)
- Ауа - райы қандай? (суық)
- Қыс несімен ерекшеленеді?
- Енді сабағымыздың тақырыбын ашу үшін келесі тапсырманы орындауымыз қажет.
Оқушыларға «Адасқан сандар» ойынының кестесі таратылады. Сол кестедегі сандарды дұрыс орналастыра отырып сабақтың тақырыбын ашамыз.
«ЕҢ СУЫҚ АЙЛАР»
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, біздің мақсатымыз қандай? Не істеуіміз керек? Нені білуіміз керек?
ТОП АТТАРЫН ТАРАТУ. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Дәптерге күннің атын, тақырыпты жазамыз.
БАҒАЛАУДЫ АЙТЫП КЕТУ.

Сөздік жұмысы. Желтоқсан, қаңтар, ақпан, боран, аяз, суық.
1. Мұғалімнің оқуы
2. Хормен оқу
3. Тізбектей оқу
4. Дәптерге жазу
- Сонымен, жаңа сөздерді бекіту мақсатында мынандай КЛАСТЕР құрастырамыз.

Кластерлерін қорғайды, бағалау.
Дәптермен жұмыс.
Карточкалар тарату.
Қыста (снег) жауады. Қыста (мороз болады). Қыста (день) қысқа.

СЕРГІТУ СӘТІ (видеоклип)
- Келесі тапсырмада кітабымызды ашып, 148 беттегі 4 тапсырмаға көңіл аударайық.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС.
1. Мұғалімнің оқуы
2. Кезекпен оқу, аудару
3. Түсінгендерін тексеру мақсатында мен орысша сөйлем айтам, олар қазақшасын табады.
4. Коллаж құрастыру.
5. Әр топ өз жұмысын қорғайды.
Диалог құрастыру тапсырмасы «Қар шоғы» ойынымен өткізіледі. Сұрақтар жазылған қағаздар әр оқушыға беріледі. Топ ішінде бір - біріне сұрақ қою арқылы диалог құрастырады.

Бекіту. «Сұрақтар шеңбері» ойыны арқылы өтеді. Бағалау. Үйге тапсырма.
148 бет, 5 тапсырма, жаттау.
Рефлексия. «Чемодан»
- Сонымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама