Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ерен еңбектерің жеңісің, Ерке ұлдарың жемісің
Сабақты тақырыбы: Ерен еңбектерің жеңісің
Ерке ұлдарың жемісің
Сабақты мақсаты: Тапқырлыққа, табандылыққа, іскерлікке дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, заттар, фигуралар т. б.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Ортаға ата аналарымен оқушыларды шығару.
3. Сайыстың шартымен таныстыру.
4. Әділқазылармен таныстыру.
5. Оқушылардың өнерін тамашалау.
6. Қорытындылау.
7. Марапаттау.

Армысыздар осында жиналғандар!
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар.
Рұқсат берсе біздерге көрермендер,
Кешімізді басталық қатысушылар.
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төріне
Математика тілінде
Жанұялар жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдасып.
Шабыт тасып шалқысын,
Есеппен ән салады
Көңілді кеш жасаймыз
Әкесі, ағасымен, анасы да
Алда озар ең мықтысы осы жолда.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
деп сайысымызды бастайық.

1. Сайыстың шарты;
А) Логикалық есептерді шешу;
Б) Мақалдың жалғасын табу;
В) Жұмбақты шешу, орыс, ағылшын тіліне аудару;
Г) Математикалық ойындар.
Ең қиыны жарыстың «Жорға» келді
Мықтылары келіпті, жеңсін енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

1) Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
2) 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
3) Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын фигура? (бұрыш)
4) Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу)
5) Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
6) Кез келген сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (бір)
7) Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді? (аасы, баласы, немересі)
8) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? (12 мин)
9) Бір жанұяда 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6 бала)
10) Екі бұтақта ырған торғайлардың саны 15. Бірінші бұтақтан 3 торғай ұшып кетті. Екінші бұтақтан 2 торғай ұшып барып, бірінші бұтаққа қонғанда, екі бұтақтағы торғайлар саны бірдей болды. Алғашқыда бұтақтардың әрқайсысында қанша торғай отырды? (1ші бұтақта 7 торғай, 2ші бұтақта 8 торғай)
11) Бала қорапқа барлығы 8 өрмекші мен қоңыз жинады. Егер қораптағы барлық аяқтарды жинаса, 54 аяқ болады. Қанша қоыз, қанша өрмекші жинады? (қоңызда 6 аяқ, өрмекшіде 8 аяқ блады, 5 қоңыз, 3 өрмекші)
12) Натурал сандар дегеніміз қандай сандар. (Нәрселерді санау үшін)
13) Жазықтықта бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны.(шеңбер)
14) Құрамында әріпі бар өрнек (Әріпті өрнек)
15) Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)
16) Суретші мектеп бөлмелерін номерлеуі тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, қанша рет 9 цифрын жазу керек? (19 рет)
17) 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек? (5)
18) «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағ. 43 мин.)
20) сағаттың ¼ бөлігі неше минут? (15 мин)

2. Мақал мәтел жарысы:
1) Алты жыл аш болсаңда,
Ата салтыңды сыйла.
2) Отыз күн оразаның бір күн айты бар.
Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.
3) Жерді екі жыртқан, өнімді екі есе алады.
4) Шындық он екі қабат шынжырды үзеді.
5) Жалқаудың екі досы бар. Бірі ұйқы, бірі күлкі.
6) Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
7) Дос сегіз болса,
Дұшпан сегіз.
8) Бермегенге бесеу де көп,
Алғанға он болса да аз.
9) Досыңның мың болғанына мақтан,
Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
10) Алдыңа бір қарасаң,
Артың он қара
11) Бес бармақ жұмылса, жұдырық болады.
12) Ел құлағы елу,
13) Ер қаруы бес қару
14) Ер жігіт бірде бір кісілік
Бірде мың кісілік
15) 3 жыл қой баққанннан,
40 жыл ақыл сұрама.
16) 1 күн дәм татқанға
40 күн сәлем
17)

3. Математикалық жұмбақтар:
1) Өзі төрт қанатты және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшақты көшірмесі сияқты. (инелік, стрекоза, dra)
2) Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде,
Бірін бірі көрмейді. (Көз)
3) Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты. (адамның үш шағы)
4) Жаңылмасын жетеуі,
Кезек қызмет етеді. (апта күндері)
5) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш, линейка, a ruler)
6) Қабат қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
7) Түйеқұс таразыда тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (12, двенадцать, twelve)
8) Сан ол сызықпен бөлінген,
Үсті алым, асты бөлім деп аталып,
Әсем түрде керілген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген
Дұрыс, бұрыс, аралас деп
Үрлері оның берілген. (бөлшек)
9) Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санны кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшек)
10) Нүктеден, екі түзуден
Фигура ол құралды.
Айтыдаршы қанекей
Қалай ғана аталды? (бұрыш)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама