- 05 нау. 2024 04:15
- 175
Ғажайып моншақтар әлемі
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып моншақтар әлемі.
Сабақтың мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Заттың салмағын қасиеттерін ажырата білуге жаттықтыру. Қиял – ойлау есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Кішкентай бассейн, тастар, құм, моншақ, су, әртүрлі түске боялған сиқырлы моншақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіздер ме балалар, көңіл - күйлерің қалай?
- Олай болса, орнымызға отырайық.
- Балалар бір жылда қанша жыл мезгілі бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ғажайып моншақтар әлемі» деп аталады. Алдымен мен сендерге моншақ туралы түсінік берейін. Моншақ - мойынға тағатын әшекей бұйым. Моншақ ұсақ, түрлі - түсті, пішіні әр түрлі (шар тәрізді, сопақша, қырлы) болады. Асыл тастардан, басқа да бағалы заттардан жасалынады. (моншақ туралы слайд).
- Жарайсыңдар.
(Есікті қаққан дыбыс естіледі). Балалар бізге Ботакөз есімді қуыршақ қонаққа келіпті.
Ботакөз қуыршақ.
Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен досымның туған күніне барайын дегем, моншағым болып еді соларды жоғалтып алдым, тауып беруге көмектесіңдерші?
Мөлдір көлдің жағасына бардым,
Құммен жүрдім, тас жинадым.
Моншағымды соңда жоғалттым,
Әрі іздедім, бері іздедім.
Моншағымды таба алмай,
Қатты мен шаршадым. (жылайды)
Балалар біз Ботакөзге моншағын тауып беруге көмектесейік, жаңа мен сендерге моншақ туралы айттым. Сондай сияқты моншақты Ботакөзге іздеп көмектесейік.
Ендеше балалар жолға жиналайық, өзімізге сәттілік тілейік.
Топ - топ басамыз, ұзын жолмен келеміз.
1. Балалар біз құм жатқан жерге келдік.
- Ал, Ботагөз құммен ойнады ғой, мүмкін осында моншағын жоғалтып алған болар
- Балалар құм қандай?
- Құмның түсі қандай?
- Балалар құммен не істеуге болады?
- Балалар сендер құмның арасынан моншақты таптыңдар ма? Біз құмның арасынан екі моншақ таптық.
Құм құрғақ, оның түсі сары.
Құммен ойнауға болады, оны құрылыста пайдаланады.
Құммен жүріп, сипап арасынан моншақтарды іздейді.
Біз екі моншақ таптық, мына жерде құмның арасынан.
Балалар тапқан екі моншақтарын жіпке кигізеді.
- Балалар, қолдарымызды қағып әрі қарай моншақтарды іздеуге барайық.
Балалар мұғалімнің артынан жүре отырып өлең жолдарын айтады:
Топ - топ басамыз, ұзын жолмен келеміз.
2.- Ой, балалар қараңдаршы мынау тастар ғой жатқан, ал Ботакөз тастарды жинады.
Мүмкін осында да моншақтар бар шығар, тастардың астарын қарап моншақтарды іздейік. Балалар қызыға тастардың үстерінен жүре бастайды.
Тастарды көтеріп арасынан моншақтарды қарайды, екі бала 3 моншақты тауып алады. Тастар қатты, ауыр болады. Тастардың көбісі дөңгелек пішінге ұқсайды.
- Балалар мына жерде моншақтар көбірек екен, оларды жіпке кигізейік. Екі бала моншақтарды жіпке тізеді
- Балалар, тастар қандай қатты ма, жұмсақ па?
- Тастар қандай пішінге ұқсайды?
- Балалар мына тастың түсі қандай?
Топ - топ басамыз, ұзын жолмен келеміз.
3.- Балалар қараңдаршы Ботакөз мына ыдыстағы сумен де ойнаған ғой.
- Осы судың ішін қарайықшы. Су қандай?
- Су жылы, мөлдір. Балалар судың түбіне қарайды, онда тастар мен моншақтарды көреді. Су тұнық, таза сондықтан тастар көрініп тұр.
Балалар моншақтарды тауып алғандарына қуанады.
- Балалар суды біз не үшін пайдаланамыз?
- Ертеде ата - бабаларымыз өте қиыншылық кезде, тамақ жоқ уақытында сумен қоректенген, судың пайдасы өте көп. Не істейміз сумен?
Жуынамыз, ішеміз, тамақ пісіреміз.
- Қанекей балалар біз моншақтарды судан алып, жіпке тізіп Ботакөзге тезірек апарайық. Ендеше бәріміз бірге мына әдемі ғажайып моншақтардан білезік жасайық. (жіп, түрлі - түсті моншақтар). Балалар мына моншақтар әдемі ме?
- ия
- ендеше бұл моншақтарды « Ғажайып моншақтар» деп ат қояйық.
ІІІ. Қорытынды:
- Міне балалар біздер Ботакөздің моншағын тауып беруге көмектестік.
- Жарайсыңдар. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!