Ғажайып қала - Ақтөбе
Ғажайып қала - Ақтөбе
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып қала - Ақтөбе
Сабақтың мақсаты: Ақтөбе қаласының көрікті жерлерімен таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I бөлім Ақтөбе келбеті
II бөлім Қазақстан жеріндегі Тәж - Махал
III бөлім Туризмге үлесі
I бөлім Ақтөбе келбеті
Әйтеке би ауданы Ақтөбе облысының солтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан аймағы 36, 9 мың шаршы шақырымды құрайды. Әкімшілікке қарасты аудан 15 ауылдық округке бөлінеді. Ауданда 37 елді мекен бар. Аудан орталығы Комсомол деп аталады, облыс орталығы Ақтөбе қаласынан 320 шақырым жерде орналасқан. Аудан аймағы арқылы « Ақтөбе – Астана» темір жолы өтеді.
Алға ауданы: батыр баба рухы жебеген. Алға ауданы Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 45 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданның көлемі – 7, 5 мың шаршы метр. Әкімшілік орталығы – Алға қаласы. Алға ауданы арқылы теміржол және « Ақтөбе – Астрахань» автокөлік жолы өтеді. Аудан территориясынан оңтүстіктен солтүстікте Елек өзені, Үлкен Қобда саласы Сарықобда өзен ағады.
Ырғыз ауданы: сан тарауы тарихы тарқатылған. Ырғыздың іргетасы 1845 жылы қаланып, әуелгіде Орал әскери бекінісі деп аталды. 1868 жылы Орал бекінісі негізінде Ырғыз уезі құрылып, сол уақыттан бастап бекініс Ырғыз өзенінің атауымен Ырғыз қаласы деп аталынды. Ырғыз солтүстігінде Қостанай шығысында Қарағанды, оңтүстігінде Қызылорда облыстарымен шектескен.
Байғанин ауданы: Жем – Сағыздың сағасы. Ақтөбе облысының оңтүстік - батысында орналасқан, жалпы жер көлемі – 6 миллион гектар. Солтүстік – шығысында Мұғалжар, оңтүстік – шығысында Шалқар ауданымен, оңтүстігінде Қарақалпақстанмен шектеседі. Аудан 1928 жылы өз алдына бөлектенгенше, Ақтөбе губерниясы, Орал обылысы, Темір уезіне қараған. Аудан 1940 жылға дейін Табын ауданы болып аталып келді.
Мәртөк ауданы Ақтөбе облысының солтүстігінде орналасқан. Аудан солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор обылысымен, оңтүстік – батысында Қобда, оңтүстік – шығысында Алға ауданымен және солтүстік – шығыс жағында Қарғалы ауданымен шектеседі. Аудан аумағында екі ақбалшық карьері бар: Ақсу және Қаратоғай.
Мұғалжар ауданы: 8 тау, 10 өзен және мол қазына. Аудан жері таулы, қыратты келеді. Шығысында Мұғалжар тауы, батысында Орал тауының үстірт – терінен тұрады. Абсолютті биіктігі 250 – 630 метрге дейін жетеді. Өзендері: Жем, Елек, Темір, Ақсу. Көлдері: Қамыстыкөл, Қаракөл, Сабындыкөл, Саркөл.
Темір ауданы: мұнайлы мекен. Аудан Мұғалжар, Байғанин, Ойыл, Қобда аудандарымен шектеседі. Іргесі бекініс ретінде қаланып және ірі сауда орталығы болып құрылған Темір 1962 – 1963 жылдары аудан орталығы болды. 1972 жылдан бастап аудан орталығы Шұбарқұдық болды.
Шалқар ауданы: зәмзәм судың отаны. Шалқар өңірінің табиғаты шөлейтті болғанымен ірі – ұсақты біраз өзен – көлдері бар: Шалқар қаласы іргесіндегі Шалқар көлі, Ескі Шалқар. Ағынды көл теңіз деңгейінен 164, 2 метр биіктікте орналасқан. Деңгейі өзгеріп тұрады. Суы тұщы.
Қобда ауданы: Қобыланды батыр мекені. Аудан 1933 жылы құрылған. 1921 – 1930 жылдары аралығында Ақтөбе губерниясы уезі құрамында болған. Солтүстік – батысында Ресеймен шектеседі. Ақтөбеден 110 км қашықтықта орналасқан.
Хромтау ауданы: хром мекені.
Аудан орталығы – Хромтау. Қаланың іргетасы 1940 жылы қаланған. 1967 жылы қала мәртебесін алған. Мұғалжар тауының солтүстік бөлігі мен Торғай үстіртінің шамалы бөлігін алып жатыр.
Ойыл ауданы: Ойыл жәрмеңкесі. 1918 жылы алашордалықтарға облыс орталығы болған. 1921 жылы аудан атанды. Ақтөбеден 270 км қашықтықта орналасқан. Ойыл жәрмеңкесі XIX ғасырда жылына екі рет жұмыс атқарған.

Ақтөбенің ақ мешіті.
Бұл – бірегей, ерекше салтанаты асқан, таңғажайып мешіт. Мамандардың айтуынша, Еуразия кеңістігінде мұндай үлгідегі мешіт жоқ. Алтын жалатқан үлкен күмбезі және төрт мұнарлы кіші күмбезі бар, қабырғаларын ақ мәрмәр таспен қаптаған, терезелеріне дейін алтын түстес мешіт ерекше әсем көрінеді. Намазхана еденінен күмбезге дейінгі биіктік – 26 метр. Күмбездің ішкі жағында шаңырақ сықылды салынған өрнегі бар. Бұл да ғаламат. Оның салтанатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, алтынмен апталған күмбез, оның өрнегі аспалы шамдардың шұғыласымен ғажайып нұрланады.
III бөлім Туризмге үлесі
Ақтөбе даласының төсі тастармен байланысты тарихи шежірелерді де қамтиды. Сынтас, Ізтас, Азбартас, Үйтас, Таңбалытас, Көштас, Меңгіртас, Балбалтас, Құлыптас, Сандықтас, Қойтас, Бестас, Бесіктас, Үштас болып кете береді. Тастардың бірі үңілгенде ептеп сыр шерткендей болса, енді бірі жұмбақ дүниесінің сырларын алдағы уақыттың еншісіне қалдырып тұрғандай әсер береді.
Елбасы атындағы саябақ
Ақтөбе қаласындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағының жалпы көлемі – 42 гектар. Бұған дейін де ақтөбеліктер мен қала қонақтарының сүйікті мекеніне айналған бұл жер бүгінде адам танымастай болып өзгерді. Аумағы темір ауламен қоршалып, кіре берісі жаңартылған. Көпжылдық ағаштар отырғызылған. Саябақтың дәл ортасында үлкен субұрқақ орнатылған. Ал одан сәл әріректе орналасқан биіктігі 91 метр болатын тутұғырда еліміздің көк байрағы желбірейді. Саябақтың оң жағында жасанды көл бар, оның үстінен керілген әсем көпір де ерекше сән беріп тұр.