- 05 нау. 2024 00:50
- 319
Гипс. Құмыра және цилиндр. Ауа перспектива - сын және кеңістікті табу
Сабақтың тақырыбы: Гипс. Құмыра және цилиндр. Ауа перспектива - сын және кеңістікті табу.
Штрих арқылы тондық шешімін табу.
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділігі: Оқушыларға цилиндр мен құмыра туралы түсінік беру. Оқушыларды әсем, әдемі бейнелеуге баулу. Қағаз бетіне дұрыс үйлестіруді үйрету. Штрих арқылы тондық шешімін, жарық пен көлеңкесін табуды меңгерту.
ә) Тәрбиелік мәні Оқушыларды таза, ұқыпты, өз бетінше сурет салуға, жақсы нәтижеге жетуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы Жай қарындаш арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекіліктері: Құмыра және цилиндрдің салыну жолдары көрсетілген плакаттар, тақырып жазылған плакат, қойылым, (драпировка)
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сурет салдырту.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Жаңа сабаққа даярлық
III Жаңа сабақ
IV Ой қозғау
V Бой қозғау
VI Оқушылармен өзіндік жұмыс
VII Сабақты қорыту
VIII Бағалау.
I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал жабдықтарын тексеру, оқушыларды сабаққа дайындау.
II. Жаңа сабаққа даярлық Балалар, біз бүгін Құмыра және цилиндр ауа перспективасын және кеңістікті табу атты жаңа сабағымызды бастаймыз. Сабақ басталмас бұрын қағаз, қарындаш, өшіргіш т. б құралдарыңды дайындап алайық. Енді құмыра мен цилиндрдің салыну жолдарына, штрихтау тәсілдеріне үңілейік.
III. Жаңа сабақ Барлық нәрселердің негізгі болып табылатын ең жай формалар - геометриялық денелер. Олар куб, цилиндр, конус, призма, пирамида т. б. Цилиндр - Тұйық цилиндрлік бетпен және өзара параллель екі жазықпен шектелген геометриялық дене. Цилиндр тіктөртбұрыш - тан және екі дөңгелектен тұрады. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы цилиндрдің биіктігіне басқа қабырғасы цилиндр табанындағы шеңбердің ұзындығына тең. Құмыра бірнеше геометриялық фигуралардан тұрады. Денелерді көшіре салмай, дененің құрылымына, оның геометриялық құрылысына талдау жасау керек. Бейнелейтін нәрсенің сыртқы пішіні жарық пен көлеңке арқылы айқындалады. Олардың белгілі атаулары бар. Нәрсеге сәуле түскен бет жарық, ең жарық жер - жылт, жарыққа қарама - қайшы беті көлеңке, меншікті көлеңке деп аталады. Жарық пен көлеңке әсіресе ашық, ақшыл заттарда айқын байқалады. Сурет - ті штрихтау ісі көлеңкеден басталады. Қашықтағы тұрған заттардың түстері өз түсіне қарағанда қараңғылау, алыстағы қараңғы түстер жақындағы қараңғы түстерге қарағанда жарықтау болып көрінеді. Перспектива - сызықтық және ауалық деп бөлінеді. Мысалы поезд рельстері бізден ұзаққа барып, көкжиекте бір нүктеге түйіседі.
IV. Ой қозғау кезеңі: Сурет сабағында кездесетін сөздерден ребус құрастыру. Мысалы: жарық, көлеңке, сызық, құмыра, цилиндр, штрих т. б.
V Бой жазу кезеңі: Әр оқушы өзі білетін геометриялық денені салып, жеңіл штрихтап, қандай дене екені туралы түсінік беру.(конус, призма, цилиндр, ұшбұрыш, шар, куб)
VI Оқушылармен өзіндік жұмыс: Кім көп біледі? (тест тапсырмалары беріледі)
VII Сабақты қорыту Жаңа сабақты қорыта келе, біз цилиндр мен құмыра туралы, салыну жолдарымен таныстық. Цилиндр мен құмыраның суретін салуды біле отырып, жаңа сабақты бекітеміз.
1. Цилиндр неден тұрады?
2. Құмыра неден тұрады?
3. Жарық, көлеңке туралы не білесің?
4. Перспектива дегеніміз не?
5. Перспектива заңдылықтарын ата?
6. Штрих деген не?
7. Штрихтың қандай түрлерін білесің?
VIII Бағалау. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған суреттерді көрсетіп, мадақтау арқылы бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.