Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Торсық пен табақты бейнелеу
Сабақтың тақырыбы: Торсық пен табақты бейнелеу.
а) Қағаз бетіне компановка
ә) түстік шешімін табу
б) жұмысты аяқтау
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділігі:
Оқушыларға торсық пен табақ туралы түсінік беру. Қағаз бетіне дұрыс үйлестіруді үйрету. Бояу арқылы түстік шешімін табуды меңгерту. Әдемі әсем бейнелеуге баулу.
ә) тәрбиелік мәні:
Оқушыларды ата - бабамыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен ұлттық бұйымдарын қадірлеп, қастерлеуге қасиетін түсінуге тәрбиелеу.
б) дамытушылығы:
Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қойылым,(торсық, табақ) драпировка.
Торсық пен табақтың салыну жолдары көрсетілген платкаттар, тақырып жазылған плакат.
Құрал жабдықтар: Формат А3, акварель бояуы, қарындаш, өшіргіш.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сурет салдыру, сұрақ - жауап, INSEPT әдісі.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
II Жаңа сабаққа даярлық
III Жаңа сабақ
IV Оқушылармен өзіндік жұмыс
V Сабақты қорыту
VI Қорыту
I Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал жабдықтарын тексеру, оқушыларды сабаққа дайындау.
II Жаңа сабаққа даярлық
Балалар, біз бүгін «Торсық пен табақты бейнелеу атты жаңа сабағы - мызды бастайық. Сабақ бастамас бұрын қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуын, қылқаламдарыңды дайындап алайық. Енді торсық пен табақтың салыну жолдарына, бояу тәсілдеріне үңілейік.

III Жаңа сабақ
1. Торсық не құюға арналған ыдыс?
2. Қандай халықтар пайдаланған?
3. Торсық ненің терісінен жасалады?
4. Торсықтың түрлерін ата?
5. Табақ қандай ыдыс?
6. Ол неден жасалады?
7. Табақ әр ұлтта қалай аталған?

Торсық - Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қырғыз, қазақ, түрікмен қарақалпақ халықтары пайдаланған. Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидектелген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері: шимайторсық, өркешторсық, жанторсық, мүйізторсық т. б. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Кейбір торсықтарға әр түрлі өрнек салынады.
Тостаған немесе Табақ – Ағаштан жасалған кішілеу дөңгелек ыдыс. Көне дәуір адамдары бұл сияқты ыдысты кез - келген ағаштан ойып жасауға еңбек құралдары тапшы болғаны тарихтан белгілі. Дегенмен, алғаш ағашты кесіп одан ыдыс жасамаса да бір лажын тапқан болуы керек. Ол лаж - ағаш қабығы. Онда да кез келген ағаш емес қайынның қабығы. Қайыңның қабығы қазіргі тілімізге «тоз» болып аталатыны баршамызға аян. Осы мағынадағы бұл атау ертедегі түркі жазба ескерткіштерінен қазіргі күнге дейін сақталған. Мысалы Якуттарда «туос», өзбек тілінде «түс»туваларда «тос» ал хақас тілінде «түс»сөзі тоздан жасалған ыдыс мағынасын білдіреді. Хақас тіліндегі тұлғаға қазақ тіліне тән жұрнақтар қосыла отырып тостаған қалпына жеткен. Егер мұны ерте кездегі дәстүрмен түсіндірсек тоздан жасалған болмақ. Бүгінгі сабағымызда торсық пен немесе тостағанды бейнелейміз. Қағаз бетіне пен тостағанды дұрыс орналастырамыз. Орналастырып болған соң артық кеткен сызықтарды өшіріп, бояу арқылы түстік шешімдерін табамыз.
Бие сүті құюлы
Тері қабым сыйымды.
Оқтауым тұр пісетін
Көмейіне сығулы (торсық)

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
"Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет пәні мұғалімі
Оразова Эльвира Мендикызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама