Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ж. Әлмашев Қауын мен Қарбыз
Сабақтың атауы: Ж.Әлмашев Қауын мен Қарбыз
Мақсаты: 1. Оқушылар ертегі мазмұнымен таныса отырып, өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға үйренеді.
2. Өсімдіктердің тіршілігіне қызығушылық таныта отырып, Жер - Ана адамзатқа сай еткен байлықтарын бағалауды үйренеді.
Түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Слайд, суреттер
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиялары, проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар
Бағалау критерийлері
1. Өз ойларын, пікірлерін еркін айта алады.
2. Өсімдіктердің тіршілігіне қызығушылық танытады, бағалайды.

Қызығушылықты ояту
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
«Микрофон» әдісін қолдану.
3. Жаңа сабақ.
1. Сөзжұмбақты шешейік:
1. Қырандар ішіндегі ең ірі бітімі мығым, жылдам ұшатын құс қалай аталады?
2. Бетінде төбе көп кездесетін жазықты қандай жазық деп атаймыз?
3. Қолтырауын сөзінің орысшасы
4. Қарағандыдан алынатын жанғыш пайдалы қазба
5. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша не деп аталады?
6. Бірнеше сандарды көбейткен кезде, көршілес екі көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен ауыстырса немесе жақшалардың орнын өзгертсе көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл көбейтіндінің қандай қасиеті деп аталады?
7. Ең кіші уақыт бірлігі.
Жұмбақ шешейік:
Іші жұмсақ, сырты қатты, Домаланған ала бас
Етті - секер, сүті - тәтті. Дәмді шырын даяр ас
Қарбыз Қауын

Мағынаны тану - Қауын мен қарбыз түстерін бойынша топқа бөлу. (кауын түстері қызғылт жәнесары, карбыз түстері ала және қара)
- Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.
Ертегі, аңыз, батырлар жыры, бесік жыры, жаңылтпаш, айтыс
Соның ішінде біз бүгін ертегімен танысамыз.
Кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды.
- Бүгінгі ертегінің авторы Жолтай Әлмашев.( Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылында туған)- жазушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты.
«Джигсо» әдісі
Мәтін бөліктері:
1. Қауын мен Қарбыздың шешімі.
2. Атайдың қарбызды балаларға тіліп беруі.
3. Қарбыздың мұңы.
4. Баланың қарбызды тауып алуы. (Топтағы әрбір оқушы мәтін бөлігін өздері оқып шығады, түсінгендерін айтады, бірін - бірі толықтырады.)
- Бұл үзіндіден сен нені түсіндің?
- Нені түсінбедің?
- Ары қарай қандай болжам айта аласың?- деген сұрақтар қойылып олар тақтаға жазылады.(Осы сұрақтар топ ішінде талқылайды. Әр топтан бір оқушы шығып, оқығанын жариялайды.)
Оқиға картасы: Әр топ оқиға картасын толтырады, қорғайды.

Аягөз қаласы,
«Қалалық көпсалалы қазақ мектеп – гимназиясы» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Касенова Жадыра Едиловна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама