Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 сағат бұрын)
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу
Сабақтың тақырыбы: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесіне анықтама беру, координаталары бойынша нүктені салуды үйрету, оқушының есептер шығару дағдысын қалыптастыру, оқушы білімін бекіту;
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін, практикалық дағдысын қалыптастыру;
б) Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз біліміне ғана емес, басқа оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, өзін - өзі басқаруға үйрету;

Әр кезеңде қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Репродуктивті әдіс: үлгі бойынша бекіту

Проблемалық жағдай тудыратын әдістер: Өз бетімен ізденуге, ойлануға бағыттайтын әдістер.
Ішінара іздену, зерттеу әдісі: анализ, синтез, салыстыру, рефлексия жасай білу.

Әр кезеңде оқытуды ұйымдастыру түрлері: Жекеше, жұптық

Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: Оқушылардың бірін - бірі тексеру бақылау, басқару.

Тақырыпты меңгеру кезеңдері:
І кезең(5 - 10минут) Үй тапсырмасын тексеру.
а) Үй тапсырмасын тексеру №1135 №1137
ә) Жаңа тақырыпты меңгеруге қажет материалдарды қайталау

ІІ кезең (5 - 10минут) Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру алгоритмі.
а) Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге мүмкіндік туғызу
ә) Мұғалімнің және үздік оқушылардың көмегімен тапсырмаларды талқылап, қорытынды жасау.
б) Алған қорытындыны қарапайым мысалдармен бекіту
1. Тік бұрышты координаталар жүйесі кімнің құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп аталған?
2. Координаталар жүйесі қалай құрылады?
3. Координаталық жазықтық дегеніміз не?
4. Координаталық жазықтықтағы неше ширек бар?
5. Координаталар басы деп қай нүктені айтамыз?
6. А(5;- 1) нүктесі қай ширекте орналасқан?
7. Латынның “cordinatus” сөзі қазақша қандай мағына береді?

ІІІ кезең (кері байланыс 12 - минут) І деңгей (5 ұпай)
«Танып - білу»шағын мақсаты: анықтамаларын, ережелерді білу, үлгі бойынша есептер шығару
1. Сурет бойынша нүктелерді координаталарымен жазыңдар.
2. Координаталық жазықтықты нүктелерді белгілеңдер.

ІІ. деңгей (5+4 ұпай)
«Түсіну, пайдалану, талдау»
Мақсаты: өзгертіп берілген тапсырмалар, оларды орындау үшін алғашқы білімдерін түрлендіріп пайдалану, оқушының ойлау қабілетін жетілдіру
1. Координаталық жазықтықта нүктелерді белгілеп, кесінділердің қиылысу нүктесін табу;
2. Координаталық жазықтықта нүктелерді белгілеп, пайда болған үшбұрыштың ауданын есепте.

ІІІ деңгей (9+3 ұпай)
Алғашқы білімдерін жетілдіріп қорытынды жасау. Түйсіну. «Тақырыптың мазмұнына баға бере алу» шағын мақсаттары көзделеді.
1. Координаталық жазықтықта нүктелерді белгілеп, пайда болған фигураның ауданын есепте.

Нәтижені бағалау
Өткен тақырып бойынша қабілетіне, еңбегіне қарай оқушы бағаланады.
Тек ауызша марапатталады.
Тапсырманы орындаған /5 ұпай./
келесі деңгейге көшеді Бұл деңгейде оқушының білім сапасы «дұрыс», «толық» деген категорияларды қанағаттандырады. Әр оқушы өз ұпайын өзі санайды.
ІІ деңгей/4ұпай./
«әрекеттілік» пен «тереңділік»
ІІІ деңгей /3 ұпай/ «берік» білім болып саналады.

Үй тапсырмасы №1141, 1142
Қорытынды.
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатаруында болуға тиіс.
«Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін азаматтардың қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар - әлемнің азаматтары.
Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар – еңбексүйгіш.
Олар - өз елінің патриоттары»

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама