Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жыраулар поэзиясынан өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясынан өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – жыраулар поэзиясының өзі өмір сүрген орта сипатына, тарихына тікелей қатыстылығын көрсету, толғауларының негізгі тақырыбын ашу. Данагөй бабалар жырларындағы ел бірлігін сақтау тақырыбы бүгінгі күнде де өз мәнін жоймағандығын көрсету.
Дамытушылық – өз ойын көркем тілмен жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік – рухани – эстетикалық, ұлтжандылық тәрбиесін беру.
Пәнаралық байланыс: тарих, саз өнері, халық педагогикасы, әдебиет теориясы, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «Бес ғасыр жырлайды» кітабы, I, II том, «Ай, заман – ай, заман – ай» кітабы, т. б.
Сабақтың типі: білімді бекіту.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, ізденушілік, талдау, жинақтау, бекіту,
түсіндіру, т. б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Сабақтың мақсат – міндеттерін түсіндіру.
III. Өтілген материалдарға шолу. Пысықтау сұрақтары:
(Төменде берілген сұрақтардың барлығы (6 сұрақ) ұяшықтарға орналастырыл - ған. Әр топ өзінің командасына қанша ұпай әпергісі келсе, сол ұяшықты таң - дап, сол сұрақтарға жауап береді.)

I. Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.
1. 20 ұпайдың сұрағы.
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан.
Мұсылман мен кәпірдің
Арасын бұзып дінді ашқан
....................................................
Ол кім? Оның қандай толғауларын білесіңдер? Оның жауынгерлік фразеологизмдер мен ерлік ұғымындағы образдарға толы шығармаларынан үзінді оқу.
2. 40 ұпайдың сұрағы.
1523 жылы Астрахань түбіндегі әскери жорықта қаза тапқан жауынгер жырау кім? Оның арманға толы қандай толғауы бар? Осы тақырыпқа қалам тартқан тағы басқа қандай жырауларды, ақындарды білесің?
3. 30 ұпайдың сұрағы.
Үмбетей жырау кімдерге арнап арнау жазған? Арнауларынан үзінді оқу.
4. 20 ұпайдың сұрағы.
Шал ақынның адамның жасына берген бағасы туралы айт.
5. 20 ұпайдың сұрағы.
1723 жылы болған «Ақтабан шыбырынды» оқиғасы кезінде батырлығымен қол бастап, шешендігімен сөз бастаған ұлы жырау кім еді? Оның ұрпақтарына қалдырған өсиетінен үзінді келтіру.
6. 20 ұпайдың сұрағы.
Санаулы сөзге салмақты ой сыйдырған жыраулардың нақыл сөздерге айналып кеткен даналық сөздерінен мысал келтіру.
7. 40 ұпайдың сұрағы.
Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
II. «Кім жылдам?» ойыны.
(Шарты: үш топтың оқушылары бір – біріне сұрақ дайындап, сол сұраққа тез әрі дұрыс жауап берулері керек.)
III. Қорытынды.
Оқушы жауаптары:
1. Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан.
Мұсылман мен кәпірдің
Арасын бұзып дінді ашқан
Сүйінішұлы Қазтуған...
Ол кім? Оның қандай толғауларын білесіңдер?
Ж.: Қазтуған – қалмақтарға қарсы қол бастаған батыр, оның тоғыз ұлы да ел қорғаған батырлар болған. «Онымыз тұрып оқ атсақ, Он сан қалмақ бөлінген»,- деп сөйлейтін Қазтуғанның өлең жолдары жауынгерлік фразеологизмдер мен ерлік ұғымындағы образдарға толы.

МЫСАЛЫ:
Белгілі биік көк сеңгір,
Басынан қарға ұшырмас
Ер қарауыл қарар деп,
Алыстан қара шалар деп.
Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапсам деп тартар,
Сусыным қанға қанар деп.
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқамда қосым қалар деп.
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым,
Ортамнан ойран салар деп.
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп!

НЕМЕСЕ:
Салп – салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менің ордам қонған жер.
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер.
Жарлысы мен байы тең,
Жабағысы мен тайы тең.
Жары менен сайы тең.
Ботташағы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған.

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас.
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас.
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың.
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!

Жыраулар поэзиясынан өткенді қайталау. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама