Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жұлдызды сәт интеллектуалды ойыны
Тақырыбы: Аудандық «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны
Жұмыстың мақсаты: Дарынды балалардың зердесін кеңейтіп, математикалық әлемнің қыр - сырын жете меңгерту. Осы жасалған жұмыстардың нәтижесін болашақ өмірінде іске асырып және жетілдіріп қиында қызық математикалық әлемнің сырын ашуға ынталандыру.
Жұмыстың түрі: Интеллектуалды ойын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сұрақтар, жұлдызшалар, көлік түрлері, шарлар
Ойыншылар: 4 сынып оқушылары
Жүргізуші: Нұрмағанбет Жібек Серікқызы
Акт залы әсем безендіріліп, әсем әуен ойнап тұрады.

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар! Оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер
Жүргізуші:
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде аудандық 4 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! - демекпіз.

- Шарамызды бастамас бұрын жалпы аудандық «Біздің айналамыздағы математика» педагогикалық жобасы аясында өтіп отырған «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойынының І - ІІ кезеңдері туралы қорытынды сөзді және ІІІ аудандық кезеңге жолдама алып отырған 4 сынып оқушыларына лебізін білдіру үшін ортаға Аудандық білімді дамыту орталығының әдіскері ------------------------------ шақырамыз.

1 жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нағыз білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Әділқазылар мүшесімен таныстыру)

1. Казиева З. О – Қарқаралы ауданы Білімді дамыту орталығының әдіскері, төраға
2.-------------- бастауыш сынып мұғалімі
3.------------- бастауыш сынып мұғалімі
4. -------------- бастауыш сынып мұғалімі
5. --------------- директорының оқу істері жөніндегі орынбасары

Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер!

Сонымен қарсы алыңыздар 4 - сынып оқушылары!
Сайыскерлермен таныс болыңыздар.

Жүргізуші:
1 – ойыншы --------– болашақта журналист болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 – ойыншы ----------- заң қызметкері боламын деген ойы бар.
3 – ойыншы ----------- - болашақта ұстаз болуды армандайды
4 – ойыншы ----------------- болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді
5 - ойыншы --------------- Қайрат Нұртас, Төреғали Тореәлі сияқты атақты әнші болуды армандайды

Жүргізуші:
Балалар, орындарыңа жайғасыңдар.
- Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін:
- Ойынға барлығы 5. ойыншы қатысады.

Ойын ережесі:
- Ойын 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің тапсырмасын орындау арқылы сіздер белгілі жолақтарды аттай отырып, шапшаңдықтарыңыз бен ептіліктеріңіздің арқасында көлік түрлеріне ауысып отырасыздар және дұрыс жауаптарыңызға жұлдызша алу арқылы ұпай жинайсыздар.
1 жұлдызша - 10 балл.

1 жүргізуші:
Ойынның «ШИРАТУ» кезеңінде сіздер білімнің әр алуан саласынан алынған сұрақтарға жауап бересіздер.
Әрбір сұрақтың жауабы үшін сіздерге 5 секунд уақыт беріледі.
Барлығы ортақ 10 сұрақ қойылады.
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік бол»- демекші баршаңызға сәттілік тілейміз!

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салмас бұрын «Ширату» сәтін бастайық

1. Ең үлкен екі таңбалы санды ата (99)
2. Телефонда 103 - ті теріп қай қызметті шақырса болады?(жедел жәрдем)
3. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар)
4. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді)
5. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)
6. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ)
7. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңін кім жазған? (Абай)
8. 6 жүздік 9 бірліктен тұратын санды ата (609)
9. Мәтіннің түрлерін ата. \Сипаттау, пайымдау, әңгімелеу\
10. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем - өлеңінің авторы кім?
\М. Мұқатаев\

Жүргізуші:
Сырын ашып беретін әр ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.
Қиыны мен қатар тұрар қызығы,
Математика – патшасы сан ғылымның.

Дүбір шықса шын қас тұлпар тұра ма,
Біліп алғын мұны да сен сұра да.
Геометрия, арифметика саласын,
Өрістеткен әл - Фараби ғұлама.

Игі істі қашанда сен үзбегін,
Тек үнемі шын асылды іздегін.
Әл - Бируни, Омар Хайям, Ұлықбек,
Жалғастырған даналардың іздерін.

Ат - Туси мен Түркістани түйіндеп,
Жазған еңбек бұл ғылымға бейімдеп.
Осылайша қанат жайған бұл ғылым
Европада дами түсті кейіндеп.

Жүргізуші:
Қазағым да көрінеді зор маған,
Топырағында ғылым туы орнаған.
И. Ақбергенов, Б. Оразбаев, О. Жәутіков
Алғаш болып кандидаттық қорғаған.

Тазарт енді пиғылыңды, санаңды,
Кең табиғат, кеш адасса балаңды.
Бір Тәңірім математикалық есеппен,
Жаратқан ғой он сегіз мың ғаламды.

Ашылады кілтін тапсаң сандықтар,
Математика жүздіктер мен ондықтар.
Сүресі мен аятында Құранның,
Ұғынғанға математикалық дәлдік бар.

Ашып тастап кең сарайын сырыңның,
Өмір жүгін осыдан сен ұғынғын.
Математика өміріңе зор қажет,
Сондықтан да сырын біл бұл ғылымның.

Ойынымыздың 1 кезеңі:
Тапсырма № 1
Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?
Жауабы: Мысық ұстап алған 1 шымшық қалды. Басқа шымшықтар ұшып кетті.

Ойынымыздың 2 кезеңі:
Тапсырма № 2
Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
Жауабы: Соңғы бала дорбасымен алды.

Ойынға қатысып, бірақ 3 кезеңге өте алмаған оқушыларға үлкен алғысымызды айтамыз. Ал, келесі кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!

Ойынымыздың 3 кезеңі:
Тапсырма № 3
Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек?
Жауабы: 4 рет қию керек.

Ойынға қатысып, бірақ 4 кезеңге өте алмаған оқушыларға үлкен алғысымызды айтамыз. Ал, келесі кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!

Ойынымыздың 4 кезеңі:
Тапсырма № 4
20 - ның жартысының жартысы артық па, әлде 80 - нің ширегінің ширегі артық па?
Жауабы: 20: 2: 2 = 80: 4: 4 тең

Ойынға қатысып, бірақ 4 кезеңге өте алмаған оқушыларға үлкен алғысымызды айтамыз. Ал, келесі кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!

Ойынымыздың 5 кезеңі:
Тапсырма № 5
Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша, қыздар қанша?
Шешімі: x+x+3=35 x=16 (ұ) х+3=16+3=19 (қ)

- Ал, бүгін сенің жұлдызың жанды. Бұл сенің жұлдызды сәтің. Жеңісіңмен құттықтаймыз.

Жеңімпаз оқушыға сөз беру. Қандай сезімдесің? Достарыңа не тілер едің?

Әділқазы мүшелері ойынның аудандық іріктеу кезеңіне қатысқан барлық білім алушыларға арнайы сертификаттар табыстайды.

Финалға қатысқан ойын қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 3 жеңімпаз білім алушыларды түрлі дәрежедегі дипломдар мен төсбелгілермен марапаттайды.

Ең жоғары ұпай жинап, бас жүлде иеленген жеңімпазға бағалы сыйлық табысталады.

Жүргізуші:
Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!-
дей келе аудандық деңгейдегі «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойынымыз мәреге жетті.

«№ 10 Нұркен Әбдіров атындағы ЖББОМ» КММ – ның
бастауыш сынып мұғалімі
Нұрмағанбет Жібек Серікқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама