Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Жоғалған буын дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: «Жоғалған буын» дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.
Мақсаты: Өткен дыбыстарды қайталату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. «Жоғалған буын» дидактикалық ойыны арқылы дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрастыруға үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу, түсіндіру.
Сөздік жұмыс: көгершін, тоқылдақ, үкі, шағала, торғай.
Көрнекіліктер: суреттер, тірек сызбасы, ойыншықтар, құстардың суреттері.
Сабақ барысы:

Мотивациялық қозғаушы
“Шаттық шеңбері”
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріппен дыбыстың қандай айырмашылығы бар?
- Буын дегеніміз не?
- Әр буында неше дауысты дыбыс болады?
Тапқышбектің тапсырмаларды орындау.

Дәптермен жұмыс.
1 тапсырмасы:
Ойын: «Жоғалған буын»
Шарты: торкөздерге жоқ буындарды тауып жазу. Мы: көгершін, торғай, аққу, тырна, шағала, қарлығаш, тоқылдақ, қарға, үкі.
2 тапсырмасы:
«Сөйлем құрастыру»
Мы: 1. Аспанда шағала ұшып жүр. 2. Ұяда екі жұмыртқа жатыр. 3. Балапан аулада жүгіріп жүр. 4. Орманда тоқылдақтың дауысын естідік.
3 тапсырмасы:
«Қараторғайдың ұясының суретін сал»
4 тапсырмасы:
«Жоғалған сөздер» ойыны.
Шарты: тақтаға кейбір сөздері түсіп қалған сөйлемдер жазылған плакат ілінеді.
Мы: Көктем.... Жер.... Құстар.... Балалар құстарға.......
Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,,
Гүлге ұқсап дем алсам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
5 тапсырмасы:
Үзік сызықтарды қос.
6 тапсырмасы:
Сөзжұмбақты шеш
Д/о: «Буындардан сөз құра»
Мы: тор - ғай, то – қыл – дақ, ақ – қу, ша – ға – ла.
Д/о: «Сөз ойла, көп ойла»
Шарты: балаларды 2 топқа бөліп жарыстыру. Көп сөз айтқан топ жеңеді.
6 тапсырмасы:
«Сөз құрастыр» ойыны
Сызбаға сәйкес сұраулы және хабарлы сөйлем құрастыру.
Жоғалған буын дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама