Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Тәрбие сағаты:
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

1. Ұйымдастыру кезеңі:
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір бала» Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.
Тәрбиеші: Ал енді» Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

ІІ. Негізгі бөлім:
Жұмбақтар
1 Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялдайды. (Автобус)
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам»

Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамыз оның айтқанын тыңдап, тілін алу керек.
Біздің қаламызда бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені балалар, оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
1. Сендер балабақшаға келерде, қайтарда қандай жолмен жүресіңдер? Жиек жолмен (Тратуармен)
2. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
3. Сендер осы жол ережесі туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама