Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жұлдыздың планеталық жүйесі

Шымкент аграрлық колледжінің ТК9-162 тобының студенті Вакасова Несібелі
Ғылыми жетекшісі - Жақып С.Д.

Жоспар 

І. Кіріспе 
1.1.Күн жүйесінің басты ерекшеліктері

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жұлдыздың планеталық жүйесі.
2.2. Жер тобының планеталары.
2.3. Алып планеталар.

ІІІ. Қорытынды
3.1 Планеталар туралы қызықты мәліметтер.

Күн жүйесінің басты ерекшеліктері

Біздің Құс Жолы атты, спираль тәріздес галактикамыз шамамен 150 млрд жұлдыздан құралған, оның өзінің ядросы мен бірнеше спираль тәріздес тармақтары бар. Оның мөлшері 100 мың жарық жылына тең. Біздің галактикамыздағы жұлдыздардың басым көпшілігі қалыңдығы 1500 жарық жылындай болатын алып “дискінің” ішінде шоғырланған. Қазіргі кезде біздің галактикамыз космос кеңістігінде секундына 550 км жылдамдықпен қозғалып келе жатыр. Оның екі серігі — Үлкен және Кіші Магеллан бұлттары бар. Галактиканың диаметрі экватор бойынша 3•08•1013 шақырымға тең. Галактика жұлдыздары ядроны айналатын қозғалысы күрделі болады және бұл қозғалыс басқа қатты және сұйық заттардың қозғалысынан мүлдем бөлек. Жұлдыздардың айналу периоды олардың массасына және галактикалық орталықтан орналасу қашықтығына байланысты әртүрлі болады. Галактикадағы заттар негізінен атомдық күйде болып, оның 99% сутегі құрайды. Галактиканың ядросы көлденеңінен шамамен 30 жарық жылына тең. Осы ядро сутегінің негізгі қайнар көзі болып саналады. Біздің Күн жүйеміз Галактиканың шетінде, яғни оның ядросынан 30 жарық жылы қашықтықтығында орналасқан. Ең жақын жұлдыздармен салыстырғанда Күн Лира шоқжұлдызына қарай 20 км/сек жылдамдықпен қозғалып келеді. Сонымен қатар Күн өзінің көршілерімен бірге галактика кеңістігінде Аққу шоқжұлдызына қарай 250 км/сек жылдамдықпен айналып келеді. Күн галактиканың орталығын 180 млн жылда айналып шығады. Яғни бір галактикалық жыл шамамен 180-190 млн жылға тең. Күнге ең жақын жұлдыздар – Центаврдің альфасы (Проксима) және Сириус.

Күн – қатты қызған (беткі температурасы – 6000С), плазмалық шар (тығыздығы 1,4 г/м3). Оның лаулаған от пен протуберанецтер орналасқан тәжі бар. Күннің сәуле шығаруының – күннің белсенділігінің – 11 жылдық циклі бар. Күннің белсенділігінің ең жоғарғы шегінде оның бетінде ерекше көп дақ байқалады.Алғаш рет термоядролық реакциялардың жүріп өтуіне қажетті температураны теориялық түрде Артур Эддингтон есептеп шығарған. Неміс физигі Ганс Бете (1967 жылы Нобель сыйлығын алған) Күнде жүретін сутегімен гелийдің термоядролық синтезінің реакциясын есептеп шығарды.Күн жүйесі мен жұлдыздардың пайда болуы жайлы кез-келген проблема немесе гипотезаның негізінде, Ғаламның үш фундаменталдық ерекшелігі бар: біріншіден Ғаламдағы заттардың басым көпшілігі сутегіден (75%), гелийден (25%) және басқа да химиялық элементтердің азғантай бөліктерінен құралған; екіншіден Ғаламның кезкелген нүктесінде жұлдызаралық газ және шаң бар; үшіншіден Ғаламда барлық заттар айналмалы және турбулентты қозғалыста (галактиканың формасы спираль тәріздес, жұлдыздар айналуда, планеталар күнді айналады және т.б.). Сондай ақ бізге Күн жүйесінің жасы 5 млрд жылға тең екендігін білеміз. Бұл мағлұмат бізге ғаламның өзіміз орналасқан бөлігінің тарихын елестетуге мүмкіндік береді.

Күн жүйесінің пайда болуы жөнінде бірнеше гипотезалар бар. Өткен ғасырда осындай гипотезаны И.Кант ұсынды. Бұл гипотезаны П. Лаплас қолдады. Жақын арада ғана В.Фесенков пен О. Шмидтің жаңа гипотезалары пайда болды. Бұл гипотезалардың басқа гипотезалардаң айырмашылығы, оларға сәйкес планеталар бастапқы ыстық компоненттерден емес, суық күйдегі заттардан түзілген. Швед астрофизигі Х.Альвен ұсынып, кейін Ф.Хойл жетілдірген Күн жүйесінің пайда болуы гипотезасының электромагниттік варианты қазіргі таңда кең таралған.Жұлдыздардың пайда болу үрдісі галактикада үздіксіз жүреді. Кезкелген уақытта газ бен шаң, турбуленттік күштердің әсерінен гравитациялық ядролар – протожұлдыздардың элементеріне үнемі қосылып жатады. Пайда болған глобула протожұлдыз басынан бастап гравитациялық ядролардан қалған айналмалы қозғалысқа ие болады. Глобула үлкейе бере ақырында ыстық болғандығы соншалық, оның ішінде атомдық синтездің реакциялары өте бастайды.

Қызудың белгілі бір шегіне жеткен кезде глобула өзінің қабығына айналған, қалған затты жарып, жан – жаққа шашыратып тастайды. Глобуланың сығылуы оның массасына прапорционалды түрде ұлғаяды. Ақырында ол атомдар өздерінің электрон қабықшаларын жоғалтатын температураға да жетеді. 15 млн градустық температурада ядролық синтез реакциялары басталады.Сутегі ядролары орасан зор энергия бөле отырып, гелий ядроларын түзеді. Ағылшын астрофизигі А. Эддингтонның анықтағандай, біздің Күніміз осы ядролық реакциялар жүретін термоядролық қазан болып табылады. Оның ядросының температурасы 15 млн градус, ал бетінің температурасы 60000С-ге тең. Эдингтон Күнді құрайтын газдың тұрақты тепе- теңдігін түсіндірді. Оның түсіндірмесі бойынша тартылыс күші газдардың сығылуын тудырады, ал сығылуға газдардың қысымы кері әсер етеді. А.Эддингтон, бұдан басқа радиациялық қысымның жұлдыздардың ішінде бар екендігін ескерді, ал сәуле шығару жұлдыздың ішінде интенсивті жүретін болғандықтан, радиациялық қысым да елеулі болуы тиіс.

Бұл жерде гелийді күл ретінде қалса, сутегі қанша уақыт жануы мүмкін деген сұрақ пайда болады. Жұлдыздың массасына байланысты бұл үрдіс ұзақ немесе жылдам болуы мүмкін. Массалары Күннің массасындай жұлдыздарда сутегі миллиардтаған жылдар бойы жануы мүмкін. Бірақ сутегінің қоры шексіз емес, олар қашан да болсын таусылады. Бұл жағдайда галактикадағы сутегінің қоры таусылғаннан кейін 100 млн градус температурада гелий жана бастайды деп жорамалданып отыр. Ендігі күл оттегі мен көміртегі болады. Оттегі мен көміртегі жану үшін біздің күннің массасы жеткіліксіз. Бірақ осы кезге дейін де күнде елеулі процестер өтеді.

Гелий сутегіден ауыр, сондықтан ол жанып біткен соң орталықта жиналып қалады. Енді сутегі қабықтың ішінде жанады. Ал орталықта қалған гелийлік шар, қызған сайын үлкейе бастайды. Оның температурасы да көтеріле бастайды. Біздің Күнңің көлемі үлкейе бастайды. Бұл құбылыс бүкіл Күн жүйесін катастрофалық процестерге алып келеді. Мысалға, Жерде поляр мұздықтары еріп, мұхиттар буланып, планетаны қалың тұман қаптап, онда үздіксіз жаңбыр жауады. Гелийлік өрт оны қоршаған сутегілік қабықшаны жарып, нәтижесінде бүкіл планеталық жүйеге таралып, көптеген планеталардың атмосферасын жұлып кетіп, оларды өртеп жібереді.Бұдан соң ядролық пеш сөнеді. Бірақ Күн гелийлік жарылыста жойылмайды. Жарылыстың ықпалы күн бетіне жеткенше оның сыртқы қабықшасы суыи бастайды. Гелий осыдан кейін қайта жиналып, жоғарыда көрсетілген реакция қайта басталады. Ішкі қабаттардағы температура өсіп, сыртқы қабаттардағы температура төмендейді. Ақырында атомдар түзілуге қажетті жағдайлар туып, фотондардың ағыны басталады.Көп мөлшерде жылу бөлінумен қатар жүретін бұл үрдіс белгілі бір шекке жеткенде, Күннің қабықшасы кеңістікке шашырап кетеді, яғни күн жарылады. Сыртқы қабығынан айрылған Күн ақ карликке айналып, тып – тыныш бірнеше милиондаған жылдарға созылған тіршілігін жалғастыра береді.

Егер Күннің массасы үлкен болғанда сутегінің жану процесі басқа химиялық элементтердің, мысалы, неон, магний, кремний, фосфор, күкірт, никель, т.б. түзілгенге дейін жүре берер еді. Бұл элементтердің барлығы бір-біріне кигізілген матрешкалар секілді жанатын еді, мысалы, магний – неондық қабықта, фосфор — кремнийлік қабықта және т.б. Бірақ, темірге жеткенде бұл процес тоқтайды. Себебі, темір жанбайды. Бірақ қысым мен температура жоғарылағандығы соншалық, ең соңында электрондар мен протондар бір-бірімен қысылысып, нәтижесінде тек нейтрондар ғана қалатын жағдайға жетеді.Олардың алатын орны аз болатындықтан жұлдыздардың орталық өзегі одан ары сығылады, сонымен қатар қосымша энергия бөледі, бұл энергияның әсерінен сығылу процесі тездетіле түседі. Нәтижесінде көптеген нейтринолар пайда болады, бұл әлсіз бөлшектер жүйеден тез арада сыртқа шығып кетеді. Жұлдыздардың орталық бөлігінде энергия жетпегендіктен сығылу қайтадан күшейеді. Нейтринолардың ағыны ұлғаяды, бірақ олар енді жұлдыздардан бөлініп шығып кете алмайды, себебі сыртқы қабаттар өздерінің тығыздықтарын ұлғайтады. Біздің Күн мен планеталар аса жаңа жұлдыздың жарылысынан кейін эволюциялаған деп саналады. Глобула протожұлдызымен бірге протопланеталық “бұлт” пайда бола бастайды, бұл бұлттың жазықтығы жұлдыздың айналысының осіне перпендикулярлы болады.  Күн системасы 9 планетадан тұрады: Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. Аталған планеталардың барлығы бір бағытта, бір жазықтықта (Плутоннан басқасы), дөңгелек тәріздес орбиталары бойымен айнала қозғалады. Күн системасының орталық нүктесінен оның шетіне дейінгі қашықтық (Плутонға дейін) 5,5 жарық сағатына тең. Күннен Жерге дейінгі қашықтық 149 млн шақырымға тең, бұл қашықтық оның 107 диаметріне тең.Кішкене планеталарда планеталар серіктерінің басым көпшілігіндегідей атмосфера жоқ, өйткені оларда газдарды ұстап тұратын тартылыс күштері жеткіліксіз. Венераның атмосферасында көмірқышқыл газы басым, ал Юпитердің атмосферасында аммиак көп. Айда және Марста вулкандық жолмен пайда болған кратерлер бар.

Үлкен планеталардың — Юпитер, Сатурн, Уран мен Нептунның құрамы ең алғашқы тұмандықта болған құбылыстарды жақсы көрсетеді. Олардың құрамы жалпы Ғаламның құрамына өте жақын. Ішкі кішігірім, яғни Меркурий, Венера, Жер мен Марс секілді планеталарда ауыр элементтер көп, ал гелий, неон сияқты газдар аз мөлшерде, себебі планеталардың гравитациялық күші әлсіз болғандықтан газды ұстап тұра алмай, олар ұшып кеткен.Юпитердің диаметрі шамамен 144 000 км. Бұл Жердің диаметрінен 12 есе көп, ал массасы Жердің массасынан 300 есе көп. Бірақ Юпитердегі заттардың тығыздығы бөлек. Ол жеңіл заттардан – сутегі мен гелийдің қоспасынан, сондай – ақ метан, аммиак, күкіртті газдар мен басқа да химиялық элементтерден құралған басқа да қосылыстардан тұрады. Юпитердің бетіндегі тартылыс күші Жермен салыстырғанда екі жарым есе көп, сондықтан жоғарғы қабаттардағы қысым Юпитердің қабықшасын сығып, планетаның ішндегі заттардың тығыздығы жоғарылайды.

        Ғылымда бұл планетаның құрылымы газды — сұйықты екендігі белгілі. Оның центрінде ғана тас тәріздес ядро болуы мүмкін. Ол сутегімен қоршалған, ол аса зор қысымның әсерінен электр тогы мен жылуды өткізетін металдық қатты денеге айналған. Юпитерде Күн сияқты газды-шаңды тұманнан пайда болған. Бұл тұжырымды олардың химиялық құрамы дәлелдейді. Бірақ оның массасы термоядролық реакциялар жүруі үшін жеткіліксіз, әйтпесе біздің планеталық жүйемізде қосарланған жұлдыз болып, бұл жағдайдың Жерде тіршілік пайда болуына қалай әсер ететіні белгісіз еді. Жұлдыз болмаса да Юпитер спектрде инфрақызыл сәулелерді шығарып отырады. Планетаның температурасы орталығына қарай жылжыған сайын жоғарылап, ең орталық нүктесінде бірнеше мыңдаған градусқа жетеді. Жоғары температуралар әсерінен планетаның қабықшасында конвективті қозғалыстар түзіліп, экваторға параллель горизонталды сызықтар пайда болады. Юпитердегі магнит өрісі Күннен бөлінген сәулелерді ұстап, тек қана тіршілікке емес, электронды құралдарға да аса қауіпті зарядталған бөлшектердің ағынын туғызады. “Вояджер” атты автоматты зонд, полярлық шуғылалар мен Юпитер атмосферасындағы көз шағылыстанатын найзағай жарқылдарын, сондай ақ 400 км/сағ жылдамдықпен жойқын соққан дауылдарды бақылаған. Бұнымен қатар Юпитердің серіктері де анықталған. Олардың бірінде – Иода, серіктің қабығының активтілігі жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін сегіз вулкан табылған.

Жұлыздардың планеталық жүйесі

Жұлдыздардың пайда болуы және олардың эволюциясы жөнінде жұлдыз эволюциясы туралы теория жасауға қажет бақылау нәтижесінің дәлелдері жеткілікті. Өкінішке орай жұлдыздың планеталық жүйесі, оның пайда болуы және эводюциясы жөнінде жоғарыдағыдай сеніммен айта аламыз. ХҮІ ғасырда Джордано Бруноның ұйғарымы бойынша жұлдыздар Күн сияқты планеталар тобымен қоршалған, ол планеталар үздіксіз пайда болады, өмір сүреді және өледі. Бірақ біз тікелей Күн жүйесіндегі планеталарды ғана зерттей аламыз. Соңғы он жылда жұлдыздар мыңнан 100-ден астам планеталар жүйесі ашылды. Бақылау құралдарының көмегімен жұлдыздардың планеталық жүйелерін іздеп табудың екі үлкен қиыншылығы бар. Біріншіден планетаның массасы, орталық жұлдыздың массасынан әлдеқайда кіші, екіншіден оның жарқырауы орталық жұлдыздың жарқырауына қарағанда ескерусіз.

Егер бізге жақын жұлдыз маңында физикалық сипаттамасы Юпитер планетасына ұқсас планета болса, онда оның көрінерлік жұлдыздық шамасы +23m болып және одан доғаның 4о қашықтығында орналасар еді.

Планеталардың гравитациялық күшінің орталық жұлдыздың әрекетін бақылау арқылы планеталар жүйесін іздеу әлдеқайда ұтымды. Планета жүйесі массасының 99%-ы орталық жұлдызға тиісті болса да (мысалы Күн жүйесіндегі тәрізді), оның массалар центрі жұлдыздың центріне сәйкес келмейді және оның ауытқуын Жерден бірнеше жыл бойы бақылаулар нәтижесінде осы жұлдыздардың бірі – “Барнарданың ұшып бара жатқан жұлдызының” (өзіндік қозғалысы жылында доғаның 10,27о-ын құрайды, қашықтығы 6 жарық жылына тең) кеңістіктегі өзіне тән траекториялардан шын мәнінде де периодты түрде ауытқып отыратыны байқалды. Осы ауытқулар арқылы жұлдыздың күңгірт серіктерінің ме-ры анықталды. Ол массалар (Ван де Калеп бойынша) 0,0058 және 0,0030 Күн массасына тең. Планеталар жүйесін спектроскопиялық әдіспен іздеудің болашағы зор. 1983 жылы Вега жұлдызы (қашықтығы 26 жарық жылы) 60 мкм-мк инфрақызыл диапазонда 10 есе артық, ал 100 мкм-де 20 есе артық эенргия шығаратыны белгілі болды. Салқын денелерден тұратын осындай дөңгелектер басқа да кейбір жұлдыздардан табылды. Басқа жұлдыздардың маңында да планеталық жүйелер бер. Жерге ұқсас планетаны ашу болашақтың ісі. 
Күн жүйесі. Күн жүйесінің пайда болуын табиғи жолмен түсіндіруге тырысу әрекеті ХҮІІ ғасырда басталды. ХҮІІІ ғасырда философ И.Кант пен математик П.Лаплас Күн жүйесінің пайда болуының үйлесімді теориясын құрды. Бірақ ол теория өкінішке орай, көптеген бақылау деректерін түсіндірмеді.

Күн жүйесінің де осындай кезеңдерді басынан өткізгені ықтимал. Аса жаңа жұлдыздар жарылғаннан кейін, ауыр элементтер бүкіл әлемге шашылып кетеді де жаңа жұлдыздарды құрайтын материалға айналады. Ондай жарылыс жақын жатқан газ бен тозаңның өзгеруіне, осылайша Күннің пайда болуына әсер еткен. Аса жаңа жұлдыз жарылғаннан кейін, соққы тасқыны гравитация заңы бойынша бұлтты сияқты да центр қызып, жана бастайды. Сөйтіп, Күн пайда болады. Күн магнит өрісі арқылы өзін қоршаған заттармен байланысын сақтады. Күн магнит өрісі арқылы өзін қоршаған ортаға дөңгелек түрінде қозғалыс моментінің барлық шамасын бере алады. Дөңгелектерден планеталар пайда болады. Күнді қоршаған планеталарға дейінгі бұлттарда кездесетін бөлшектер мен салқын денелердің бірігуі нәтижесінде планета түзіледі. Оның үстіне Күннің сәуле шығаруындағы ыстық жел Күннің маңынан жеңіл ұшатын заттарды ала кетеді. Заттардың бір-біріне жабысуының нәтижесінде Күннің жанынан кішкене тығыз кремнийлік планеталар, ал Марс орбитасынан әрі қарай сутегі мен гелийден тұратын алып планеталар пайда болады.

Жер тобының планеталары

Күн жүйесіндегі планеталар өздерінің физикалық қасиеттеріне қарай екі топқа бөлінеді – жер тобындағы планеталар және алып планеталар. Жер тобындағы планеталарға: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон да жатады. Жер тобының планеталары, негізінен табиғи тұздар мен темірден тұрады. Жер тобындағы планеталардың атмосфералары өте күрделі эволюцияны бастарынан өткізді: біртіндеп және апатты түрде газсыздану (вулкандар), басиапқы аккреция (бөлініп шығу, өсу) периодында әр түрлі бөлінулер, бірінші планеталық тұмандықтардан газдарды қармап алу. Жер тобындағы планеталарда серіктер аз (Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ,  Марста – екі кішкене серік, Жерде – біреу). Физикалық сипаттамалар бойынша бұл топтағы планеталарға алыстағы Плутон да жататын болар.

Меркурий. Меркурийдің бетінде оған құлаған метеориттердің салдарынан шұңқырлар пайда болған (түрлі-түсті қосымшадағы). Оның ең үлкені Калорис деп аталады. Диаметрі 1300 км болатын осы үлкен шұңқырдың бүйірлерінде метеориттің соқтығысу күшінен тау үйінділері пайда болған. Меркурийдің Күнге жақын орналасуы оны бақылауға кедергі келтіреді. Аспан аясында оның Күнне ең алыс кету бұрышы 290. Сондықтан ол күн шығар алдында (ертеңгі көрінуі) немесе кешке күн батқанда (кешкі көрінуі) көрінеді. Меркурий орбитасының эклиптикаға көлбеулігі үлкен болғандықтан оны әр уақытта көру мүмкін емес. Планета құралсыз көзге анық көрінеді. Ең жақсы көріну периодындағы жылтыруы –1m-ге тең. Меркурийдің магнит өрісі Жердікінен 100 есе әлсіз. Планетаның шамамен төрттен үш бөлігін құрайтын  ядросы  темірден  тұрады.  Меркурийдің   диаметрі   Жерден 3 есе, массасы 20 есе аз, ал тығыздығы Жердің тығыздығымен шамалас (5,43 г/см3). Меркурий Юпитер мен Сатурнның кейбір серіктерінен кіші. Планета сфера түріне ие. Меркурийдің серіктері жоқ. Егер олар болған жағдайда да планетаның алғашқы пайда болуы кезінде планетаның бетіне құлаған болуы керек.

Шолпан планетасы. Шолпанды Жердің «сіңлісі» деп те атайды, өйткені олардың массалары және өлшемдері шамалас. Шолпан өзінің Күнді айнала қозғалысына кері бағытта және Жерге қарағанда 243 есе баяу қозғалатынымен басқа планеталардан өзгешеленеді. Жас Меркурий мен Шолпан өз осьтерінен 10 сағат периодпен айналған болатын. Бұл планеталардың денелері алыс дәуірде (матия) қатып қалғандай әсер қалдырады. Егер Шолпанда магнит өрісі болса, ол өте әлсіз, оның полярлығы жердегі сияқты ғана. Шолпанның массасы Жер массасының 0,815 бөлігін құрайды, тығыздығы 3,24 г/см3-қа тең. Шолпанның орбитасын дөңгелек деуге болады, оның эксцентриститілігі 0,0068-ге тең. Шолпан Күн жүйесіндегі Жерге ең жақын планета, оған дейінгі қашықтық 40-тан 259 млн километрге дейін өзгереді. Шолпан планетасының серіктері жоқ. Атмосферасы, негізінен, көмір қышқыл газынан тұрады және тығыздығы жердегіден тоқсан есе артық. Планетаның бетіндегі атмосфералық қысымды жер бетіндегі мұхиттың бір километр тереңдігіндегі қысымымен салыстыруға болады. Планетаны үнемі тығыз бұлттар жауып тұрады да, планетада «парникті эффект» байқалады. Күннің жарық сәулелері қайта сәулеленіп, жылу сәулелерін шығарады. «Магеллан» зонды Шолпанда вулкандар тапты. Олардан бөлінетін қос тотықты күкірт тығыз қызғылт-сары бұлт құрайды. 50-100 км биіктікте одан күкірт қышқылы немесе тұз қышқылы тамшыларынан тұратын жаңбыр жаууы мүмкін. Шолпанның бетінде таулар, вулкандар (әдеттегідей емес, дөңгелек пішінді келеді), аңғарлар бар. Жалпы алғанда , бұл жер тобындағы планеталар ішіндегі ең бір тегістеу планета.

Жер планетасы. Меркурий мен Шолпаннан кейінгі тұрған біздің көгілдір планета Жер. Жердің гидросферасы жылуды сақтайды. Жердің ішкі құрылысы өте күрделі. Қатты планеталар арасынан Жер ең активті болып есептеледі. Беткі қабаты үнемі өзгерістерге ұшырап тұрады. Жер залалинның теориясы бойынша жердің сұйық және қатты ядросы анықталады. Жердің магнит өрісі өте күшті. Оның магнит осінің өз кіндігінен айналу осіне көлбеулігі 11о, 5о бұрыш жасайды. Жер көкшіл көгілдір, Ай қызғылт сары түсті. Ай Жерге тек бір жақ бетімен көрінеді. Айдың Жерді айналып шығу уақыты оның өз осімен айналып шығу уақытына тең. Меркурийдегі тәрізді Айда да атмосфера жоқ.

Марс планетасы. «Қызыл жұлдыз» планетасы Жерден әлде қайда кіші. Ол, бір жағынан, Меркурий мен Айдың арасындағы, екінші жағынан, Жер мен Шолпанның арасындағы аралық планета тәрізді, оның атмосферасының тығыздығы Жер атмосферасының тығыздығынан 10 есе аз.  Марстың атмосферасы Шолпандағы тәрізді көмір қышқыл газынан тұрады. Марс планетасының екі серігі бар. Олар өлшемдері шағын, шамамен 20 км болатын Фобос және Деймос.Марс Күн жүйесіндегі Жерден адам баласының онда детілген жердегідей тіршілік бар деген үмітпен қарап, ерекше қызығушылық тудырған бірінші планета. ХІХ ғасырда негізгі пікірталастар мен айтыстар тудырған Марстан басқа бірде-бір планета болған емес. Қазіргі кезде Марста өсімдіктер мен органикалық өмірдің бар болуы жөнінде талас жүріп жатыр. ХХІ ғасырда бұл пікірталастың жұмбағы азайған жоқ.

Плутон. Енді Жер тобындағы Плутон планетасын, оның серігі Харонды қарастырамыз. Бұл Күн жүйесіндегі ең салқын ең кішкене планета.  Оның   диаметрі  2260 км, ал бетінің орташа температурасы    –230оС. Ғалымдар планетада өте сирек азот пен метаннан тұратын салқын атмосфера бар болар деп жобалайды. Плутонның түнгі аспанында Күн тек жарық жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның серігі Харон планетадан екі есе кіші. Күн жүйесінің соңғы планетасы 1930 жылы табылды, оған әлі ешқандай ғарыш аппараттары ұшып барған жоқ. Соңғы кезде Плутонды Күн жүйесіне кіретін тең құқықты планета арасына жатқызуға бола ма деген пікірталас та қызу жүріп жатыр. Ал Жерден алынған фотосуреттермен оның қандай да бір ерекшеліктерін анықтауға әлі мүмкіндік болмай тұр. Плутон мен Харонды зерттеу дәуірі  әлі алда.

Алып планеталар

Жалпы Алып планеталар (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон) жалпы көлемі мен массасының өте үлкендігі-мен,тығыздығының төмендігі-мен және өз осінен айналу жылдамдығыныа жоғарылығымен сипатталады. Бұлардың ішінде Плутонньщ орны ерекше. Бұл планета Күннен ең қашық орналасқан планета болып саналады. Әзірге өте нашар зерттелген. 1978 ж. Плутонның серігі бар екендігі анықталды. Юпитер, Сатурн, Уран секілді алып планеталардың серіктері өте көп. Олар метеориттік заттардан құралған сақиналар түрінде байқалады. Мысалы, Юпитер планетасының 15_серігі Юпитермен бірге өзіндік планеталар жүйесін құрайды деуге болады.

Жер — Күн жүйесіне енетін планеталардың ішінде өзіндік ерекшеліктерімен айрықша ажыратылады: атмосфера, гидросфера, биосфера және литосфера қабаттарына жіктеледі. Жер серігі Ай Жерге жақын (384 395 км) болғандықтан, Жерге тартылу және өзіне тарту күшіне карай гидросфера мен литосфера қабаттарында толқу әрекеттерін тудырады. Айдың көлемі жермен салыстырғанда 4 есе, ал массасы 81 есе кіші. Тығыздығы 3,3 г/см3. Айдың өз осінен айналу жылдамдығы Жермен шамалас, сондықтан да ол Жерден әр уақытта да бір жағымен ғана байқалады. Өзіне тарту күші Ай бетінде Жермен салыстырғанда 6 есе аз. Өйткені Ай-да атмосфера қабаты жок.

Ай бетінде байқалатын бедер пішіндері — кең таралған жазық алқаптар (ай теңіздері) мен биік таулы аймақтар (материктер) түрінде орын алған; Күн сәулесінің әсеріне және метеориттік бомбылау әрекеттеріне байланысты үгілу заттары жиі кездеседі. Сонымен қатар,магмалық (әсіресе вулкандық) процестер де байқалады.

Ай қыртысының қалыңдығы шамамен 30—65 км.Оның жоғарғы бөлігі реголиттен (базальтты қабаттың үгілу заты) тұрады. Айдың ішкі құрылысы жердің ішкі құрылысы сияқты мантия (960 км) және ядро (750 км) қабаттарынан тұрады деп жорамалданады.

Астероидтар. Марс және Юпитер орбиталар аралығындағы ішкі және сыртқы планеталарды бір-бірінен бөліп тұратын шекараны астериодтар немесе кіші планеталар белдеуі деп атайды. Қазіргі кездегі белгілі астероидтар саны 2000-ға жуық. Олардың ішіндегі ең ірілері — Церера (767 км), Паллада (489 км), Веста (386 км), Юнона (193 км) болып саналады.Астероидтардың жалпы саны 100 мыңнан астам, ал массалық салмағы жер массасының 0,001 бөлігіндей ғана деп есептеледі. Олардың құрамы тасты-темірлі, ал сыртқы пішіні үшкір қырлы болып келеді. Қөп ғалымдардың пікірі бойынша олар ғарыштық катастрофа кезінде бөлшектенген Қүн жүйесінің Фаэтон атты оныншы планетасының қалдық сынықтарынан құралған деп жо-рамалданады.

Метеорлар — кометанын, өте ұсақ сынық бөлшектері болып саналады. Олар ғарыш әлемінде пайда болып, өте ұсақ минералдық заттар түрінде планетааралық кеңістіктен Жердің атмосфера қабатына үлкен жылдамықпен (11—72 км/с) келіп соқтығысады да, буға айналып “аққан жұлдыз” секілді із қалдырады. Ал метеориттер астероидтардың сынық бөлшектері деп есептеледі. Олар жер бетіне жетіп құлайды, сондықтан осының нәтижесінде кратер пішіндес орлар мен ойықтар пайда болады.

Ең ірі кратер — “Метеордың” (АҚШ, Аризона штаты) диаметрі 1,6 км, ал тереңдігі 150 м. Жер бетіне жетіп құлау кезінде байқалынған метеориттердің жалпы саны (Ф. Стейсидін. санағы бойынша) 700-ден артық. Метеорит-тердің құлау кезін дәл суретке түсіру мүмкіндігі екі-ақ рет жүзеге асырылды (Чехо-Словакия, Пршибрам, 7.IV. 1959 ж.; АҚШ, Лост-Сити, 4.01.1970 ж.). Құрамына қарай метеориттер үш топқа бөлінеді: 1) темірлі метеориттер (сидериттер) көпшілік жағдайда темірден (95%) және кобальт пен никель қоспаларынан құралады. Олар барлық табылған метеориттердің 6%-ін құрайды. Темірлі метеориттердің құрамы Жердің ядро қабатының құрамымен сәйкес келеді; 2) темірлі-тасты метеориттер (сидеролиттер) бірдей мөлшерде кездесетін темір мен силикатты минералдардың қоспасы деуге болады. Олар жер бетінде сирек кездеседі (барлық табылған метеориттердің 2%-і). Олардың құрамы Жердің жалпы құрамымен ұқсас; тасты метеориттер (эвкриттер) силикаттардан (оливин, гиперстен, бронзит) және никельді темір қоспаларынан (камасит, тэнит) тұрады. Олар жер қыртысында кездесетін кейбір тау жыныстарына өте жақын. Эвкриттер — хондриттер және ахон-дриттер болып екіге бөлінеді.

Метеориттердін шіндегі тасты метеориттер ең көп таралған (барлық табылған метеориттердің 92%-і) түрі болып есептеледі. Метеориттердің массасы бірнеше грамнан жүздеген тоннаға дейін жетеді. Осы уақытқа дейін табылған метеориттердін, ішіндегі ең ірісі — Гоба (Африка, 1920) атты метеорит болып саналады. Оның құрамы темірлі метеоритке жақын, ал массасы 60 тоннаға жуық. Одан кейінгі орында Кейп-Йорк (Гренландия) —33,2 т. ТМД территориясынан табылған ен, ірі метеориттер: Богуславка (1916) —257 кг, Сихотэ —Алинь (1947) — 130 кг.

Кометалар — аспан әлемінде ұзынша созылған, құрамы жағынан алып планеталардың атмосфералық құрамына жақын ғарыштық денелер. Олар эллипстік орбита бойымен Күнге жақын аралықты және одан ары Плутон орбитасын басып өтіп, Күннен біртіндеп қашықтай береді. Кометалар ыстық денелер емес. Олардың жарық шығаруы Қүн сәулесіне байланысты. Қазіргі кезде бізге 1000-ға жуық кометалар белгілі болды. Олар өз орбиталарынан ауытқып кеткен жағдайда, басқа планеталармен соқтығысып қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда ірі ойықтар мен кратерлар пайда болады. Соңғы кезде ғалымдар Сібір территориясында (1908 ж.) байқалған белгілі Тунгуск метеоритінің жаратылысын шағын (5 млн. т) кометаның Жермен соқтығысу әрекеттерімен байланысты деп түсіндіреді. Бұл метеорит кометаның ядросы немесе онын, сынықтары болуы мүмкін, бірақ осы уақытқа дейін метеорит сынықтары табылған емес.

Планеталар туралы қызықты мәліметтер

1. Егер Сатурн ғаламшарын өте үлкен бір суға салса, ол жүзіп жүрер еді. Себебі, оның тығыздығы судың тығыздығынан аз.
2. Нейтронды жұлдыз материалынан жасалған шәй қасықтың салмағы жер бетінде 112 миллион тоннаны құрайды екен.
3. Егер сіз жарықтың жылдамдығымен ұша алсаңыз (секундына 300 000 шақырым), онда біздің галактиканы айналып шығу үшін сізге 100 000 жыл қажет болар еді.
4. Орион шоқжұлдызының сол жағында орналасқан Бетельгейзе атты жарық жұлдызды Күннің орнына қойса, ол Жерді, Марсты және Юпитерді жұтып кетер еді. Оның диаметрі Күннен 1000 есе үлкен. Ғалымдардың болжамынша, ол 2-3 мың жылдан кейін жарылуы тиіс. Екі айға созылатын қуатты жарылыс кезінде Бетельгейзенің жарықтығы Күндікінен 1 050 есе асып түсіп, Жер бетінен оны ешбір құралсыз-ақ көруге болады екен.
5. Сіз Андромеда галактикасына көз салғанда (бізден ара-қашықтығы – 2,3 миллион жарық жылына тең), оның бізге 2,3 миллион жыл бойы жүріп келген жарығын көресіз. Яғни, сіздің көріп тұрғаныңыз, ол галактиканың 2,3 миллион жыл бұрынғы көрінісі.
6. Жарық Күннен бізге дейін 8 минут жүріп келеді, яғни біздің дәл қазір көріп тұрған Күніміз – осыдан 8 минут бұрынғы Күн. Егер ол 4 минут бұрын жарылып кеткен болса, біз оны білмес едік.
7. Юпитердің салмағы Күн жүйесіндегі барлық ғаламшарлардың салмағын қосқандағыдан көп.
8. Егер Күнді бір нүктенің көлеміндей етіп кішірейтсе, ең жақын жердегі жұлдыз одан 16 шақырым қашықтықта болар еді.
9. Жердің тартылыс күші адамның омыртқасын басып, сығып тұрады, сондықтан ғарышқа ұшқан ғарышкердің бойы шамамен 5,08 см-ге ұзарады.
10. Экваторда сіздің салмағыңыз полюстерге қарағанда 3 пайызға ауыр болады.
11. Жер орбитасында ғарыш саласының дамуына байланысты түрлі қалдық темірлер ұшып жүрген көрінеді. Мамандардың есептеуінше, салмағы бірнеше граммнан 15 тоннаға дейінгі 370 000-нан астам заттар сағатына 9,8 мың шақырым жылдамдықпен Жерді айналып ұшуда. Сонымен бірге, олар кейде бір-бірімен соқтығысып, кішкене бөлшектерге шашырап кетіп жатыр.
12. Күннің салмағы бүкіл Күн жүйесі денелерінің салмағының 99,86 пайызын құрайды. Қалған 0,14 пайызы ғаламшарлар мен астероидтарға тиесілі.
13. Ғарыш кеңістігінде жаңа жұлдыздың жарылуы (тұтануы) кезінде ол өте ғаламат көлемде энергия бөледі екен. Оның алғашқы 10 секунд ішінде бөлген энергиясы Күннің 10 миллиард жыл ішінде бөлген энергиясынан көп болады.
14. Шолпан – Күнді сағат жүрісіне қарама-қарсы бағытта айналатын жалғыз ғаламшар. Бұған бірнеше жорамал бар. Соның бірі, ғалымдардың пікірінше, бұрын Шолпанның бетіне ірі астероидтар соқтығысып, оны кейін қарай айналдырып жіберген.
15. 1957 жылдан бері («Спутник-1» жасанды жер серігі ұшырылғаннан кейін) адамзат баласы жер орбитасына қаншама жасанды жер серіктерін ұшырды. Тек соның біреуі ғана Титаниктің тағдырын қайталады. 1993 жылы Еуропа Ғарыш Агенттігіне тесілі «Олимп» жер серігі астероидпен соқтығысып, жойылды.
16. Жоғарыда айтылған Андромеда галактикасы – бізге ең жақын галактика. Осы екі галактика бір-біріне қарсы өте қатты жылдамдықпен жылжып келеді екен. Андромеданың жылдамдығы – секундына 300 шақырым, біздің Құс жолы галактикамыздың жылдамдығы – секундына 552 шақырым. Ғалымдардың пікірінше, екі галактика 2,5-3 миллиард жылдан кейін бір-бірімен соқтығысуы мүмкін.
17. Адам баласы ашық ғарыш кеңістігінде скафандрсыз 90 секунд қана шыдай алады, егер тек өкпесіндегі барлық ауаны шығарса ғана. Ал егер өкпеде кішкене ғана ауа қалса, ол бірден көпіршіп үлкейе бастайды екен. Егер ол қанға өтіп кетсе, адам бірден өледі. Ал адам ғарыш кеңістігіне шыққанда, өкпесі ауаға толы болса, онда өкпесін жарып жібереді.
18. Жердің салмағы тұрақты емес. Ғалымдардың анықтауынша, жыл сайын Жер өзіне 40 160 тонна салмақ қосып, 96 600 тоннасынан айырылады. Яғни, сонда Жер жылына шамамен 56,5 тоннаға жеңілдеп келеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама