Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Карбонаттар және олардың қасиеттері
«№2Қашар орта мектебі»КММ
Химия пәні мұғалім: Табарикова Тарбия Исаевна

Химия 9 сынып.
Сабақ тақырыбы: Карбонаттар және олардың қасиеттері.
Сабақ мақсаты:
а). білімділік: Карбонаттар және оның ең маңызды қасиеттері жайлы түсінік беру
б). дамыту: Оқушылардың есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, пәнге қызығушылықтарын, шығармашылық ізденіске талпыныстарын дамыту
в). тәрбиелік: Оқушыларды мамандық таңдауға дайындау, өз бетімен жұмыс істеулерін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ әдісі: аралас, кластер әдісі, тест жұмысы, топтық жұмыс
Сабақ көрнекіліктері: оқулық, интертақта, слайд
Сабақ байланысы: биология, математика

Сабақ барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу. шаттық шеңберін жасау, сабаққа психологиялық дайындық, топқа бөлу, жауап парақтарын тарқату
2 Үй тапсырмасын қайталау
1. Ауызша сұрақтар беру
1. Көміртектің қасиеттері
2. Көміртек (II) оксидінің алынуы, қасиеттері, қолданылуы
3. Көміртек (IV) оксидінің алынуы, қасиеттері, қолданылуы
2. «Кластер» әдісі бойынша 3 топқа 3 түрлі тапсырма беріледі, әр топтан
1 оқушы шығып қасиеттерін, алынуын, қолданылуын жазады.

3. Жаңа тақырыпты түсіну
Оқушыларға осы тақырыпты жеке оқып, үйренуге уақыт беріледі, кейін
3 топқа 3 сұрақ беріледі. Әрбір топ сол сұрақ бойынша дайындалады.
Сұрақтың жауабы тақтада көрсетіледі, әр топқа 2 минут беріледі, топ оқушылары сұрақты толықтыра алады.
1 - сұрақ. Көмір қышқылы, алынуы, қасиеттері айтылады, оның формуласы тақтаға жазылады, оның тұрақсыз қосылыс екендігіне мысал келтіреді.
Алынуы: Н ₂О+СО ₂ --- Н ₂СО ₃ бұл күшсіз, екі негізді қышқыл, екі сатыда диссоциацияланады, орта тұздары - карбонаттар және гидрокарбонаттар делінеді.

2 – сұрақ. Карбонаттар, олардың алынуы және қасиеттері қандай?
Сілтілік карбонаттар және гидрокарбонаттар сүда еріп, гидролизға ұшырайды, басқа карбонаттар суда ерімейді. Күшті қышқылдар карбонаттар мен гидрокарбонаттарға әсер еткенде карбонат ангидрид немесе СО2 бөлініп шығады. Na ₂ CO ₃+2HCl=2NaCl+H ₂O+CO ₂
Ең көп қолданылатыны натрий гидрокарбонаты немесе ас содасы деп аталады.

3 – сұрақ. Карбонаттардың қолданылуы
CaCO ₃ → (әктас, мәрмәр, бор, ұлутас, маржан)
Na ₂CO ₃ → (шыны, қағаз, мата, сабын, былғары, тұрмыста)
NaHCO ₃ → (медицинада, от өшіру баллондарын қуаттауда, нан өнімдерін дайындауда, ас содасы)

4. Жаңа тақырыпты бекіту. 1. Зертханалық жұмысқа уақыт беріледі.
2. Слайд түрінде 5 тест сұрақтары экранда көрсетіледі. Оқушылар оларды алдын берілген жауап парағына белгілейді.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама