Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Күміс қыс
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Айналамен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: «Күміс қыс»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Тәжірибе арқылы мұздың қасиетімен таныстыру. Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту
Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілін, сөздік қорын дамыту. Сабаққа қызығушылығын арттыру
Тәрбиелілік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ашық сабақ.
Типі: Дамыта оқыту «Тәй - тәй» бағдарламасы.
Қолданылған әдіс - тәсіл: Сұрақ - жауап, топпен, Триз, тірек - сызба, алгоритм, тәжірибелік, көрнекілік, ойын, сөздік, схема арқылы әңгіме құрау.
Көрнекіліктері:«Таңғажайып алаңы» ойыны, схемалар, суреттер, мұз, зертхана приборлары, май шам, бояу, стек, сүлгі.
карточкалар, зерттеу құралдары, май шам, бояу, қатты қағаз.

Сабақтың барысы:
Амандасу (Қайырлы күн, сәлеметсіз бе?, хош келдіңіздер, төрлетіңіздер, Good morning!)
Амансың ба нұрлы күн!
Амансың ба қара жер!
Аман – есен болайық!
Бейбітшілік қалайық! Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен, басынан сипалап, бетінен ұстап, құшақтап)

Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
- Айнала қандай?
- Қар қандай?
- Ал мұз ше?
- Ауа қандай?
- Терезелерде не бар?
Қыс қандай болады? (қарлы, боранды, аязды)
Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?
- Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)

2 Ғылым орталығы
Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
Жерді қар басады. Өзенді мұз басады.
Құстар ән салмайды. Ағаштар өспейді.
Жәндіктер тығылып қалады.
Адамдар қалың киінеді.
Қыс айлары жайлы біз не білеміз?.
Желтоқсан - жыл аяғы қыстың басы ол, суық, ызғарлы болады.
Қаңтар - Жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай. Бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық дүлей борандар болады.
Қалай ойлайсыңдар қар дегеніміз не?
Қар - кішкентай мұз кристалдарынан тұрады. Қар суық аязды күні қиыршық түрінде болады. Күннің жылы кезінде қар жапалақтап түседі. Аязды күні аяқ астында қар сықырлайды.
Балалар қар туралы кім тақпақ біледі:
Жігер: Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып - жылтыр болып жатады
Раушан: Аулада ойнап шулайды
Қар лақтырып балалар
Сырғанақта зулайды
Шаңғышылар шаналар
Жарайсыңдар ал қар неге ұқсайды?
Қар ақ болса оны жеуге болатын шығар.
Жоқ жеуге болмайды. Қарда көп микробтар болады, тамағың ауырып қалады.
Микробтар болатынын қайдан білеміз?
Қар ерігенде суға айналады, содан көруге болады.
Ал, суды қатырсақ не болады? Мұз пайда болады.

Жұмбақ шешу
1. Суда қалқиды, жылыда балқиды. (Мұз)
Су – ана жайлы аңызды айтып береді.
«Ерте, ерте, ертеде су - ана өмір сүріпті. Оның үлкен отбасы болыпты. Ұлдары - тұман, жаңбыр, қар. Қыздары - шық, мұздық, және қарша қыз. Олардың мінездері әр түрлі болыпты. Су - ана қызы мұздаққа қонаққа келеді. Су - ананың қызының қандай қасиеттері барын қазір біз білеміз.

Мұздың қасиеттерін зерттеу.
1. Мұз текшелерін жылы жерге қойсақ ол ериді.
2. Еріген мұзға бояу қосып қатырсақ түсі өзгереді.
3. Қалай ойлайсыңдар мұздың дәмі бар ма? Иісі ше?
4. Бір қалыпты температурасы бола ма?
5. Ауыр ма жеңіл ме?
Ал мұз пайдалы ма жоқ па?
Неге пайдалы? (балмұздақ жасайды, сырғанақ жасайды, су астындағы мекендеушілерге аяз қорқынышты емес екен)
Неге зиянды? (жеуге болмайды, құласаң ауыртады, лақтырғанда қатты тиеді, өзенде мұздың бетінен жүруге болмайды)
- Балалар біз бүгін нені зерттедік?
Мұзды, қарды.
- Қарды жеуге болады ма екен?
- жоқ
Ендеше ортаға шығып бір сергіп қалайық?

Өнер орталығы
1. Жыл мезгілдерін атаңдар?
Қыс, көктем, жаз, күз
2. Қыс мезгілдерінің айларың атаңдар?
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
3. Қазір қай айы?
Желтоқсан
Қыста не жауады?
Қар
Қардың түсі қанай?
Ақ
Қар жауғанда қандай ойындар ойнаймыз?
Балалар қыс мезгілі туралы кім тақпақ біледі?
Аружан: Ақ қарға әсем көміліп
Қыс келді тағы далаға
Жаураған қолды жылытып
Тұрамыз кейде тізіліп
Жанайым: Қыс дегенің аймақ па?
Қатып жатқан қаймақ па?
Қыдырамыз шанамен
Қыр басынан сай жаққа
Балалар бізге хат келіп тұр екен.
Хат: аққаладан екен. «Балалар бүгін менің туған күнім маған сендердің көмектерін керек болып, егер де сендер көмектессеңдер, сол маған үлкен сыйлық болады. Маған өзім сияқты достар жасап беріңдерші.
Тәрбиеші: Балалар аққалаға көмектесеміз бе?
Иә
Тәрбиеші: балалар ендеше өткен оқу іс - әрекетінде жасап бастаған аққаланы бүгінгі оқу іс - әрекетінде аяқтап аққалаға достар жасап беріп жіберейік.
Аққала жасау үшін бізге мата мен жіп әр түрлі карандаштар керек екен. Балалар аққалаға сыйлықты қуана - қуана жасайды. Аққаланы әшекейлеу үшін алдынғы оқу іс - әрекетінде тіккен киімдерін кигізейік.
- Балалар бүгін біз не жасадық?
Аққала
- Аққаланы неден жасадық?
Матадан, жіптен
Жарайсыңдар ендеше бір сергіп қалайық

Аспаздық орталық
Шанамен зырғып желетін
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Қыс мезгілі
- Жарайсыңдар, балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
- Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
- Сонымен балалар біз қандай орталықта отырмыз.
- Ал аспаздық орталықта біз не істейміз?
Балалар: Аспаздық орталық, әртүрлі тағамдар дайындаймыз.
- Дұрыс, айтасыңдар, ал ас дайындамас бұрын біз не істеуіміз керек?
Балалар: - Қолдарымызды жуып, алжапқыш тағуымыз керек.
Балалар қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?
Балалар: Тәуелсіздік күні, жаңа жыл
Жарайсыңдар балалар бүгін біз жаңа жыл мерекесіне арналған «аяз ата»салатын жасаймыз.
Ол салатты дайындамас бұрын мен қалай жасалу тәртібін айтып кетейін. Сендер мұқият тыңдаңдар.
Бұл салатты жасау үшін бізге: жұмыртқа, қызанақ, сәбіз, кішміш
Ия, балалар бірінші табақшаға су құйып жұмыртқаны салып 10 - 15 минут қайнатамыз, піскен жұмыртқаны қабығынан аршып алып үгіткіштен өткіземіз. Жұмыртқаның ағын сарысынан бөліп өткіземіз қызыл қызанақты турап қоямыз сәбізбен кішмішті әсемдеу үшін пайдаланып аяз ата салатын жасаймыз. ( тақырыпқа сай суреттерді іліп көрсету)
Жарайсыңдар балалар мен сендерге үйден жұмыртқа пісіріп алып келдім. Ал сендер жұмыртқаны ашып көмектесіңдер, жұмыртқаның ағын сарысынан бөліп қойындар мен балқыр бұрышын уақтап турап қояйын. Сосың мына «аяз ата» салатының суретіне қарап жасаған заттарымызды қоямыз.(Балалар қызыға жасайды)

Балалар ас дайындап болғасын не істейміз?
Жарайсыңдар! Қолдарымызды жуып келейік.
- Балалар бүгін біз не дайындадық?
Аяз ата салатын
- Бұл салатқа нелер керек екен?
Жұмыртқа, сәбіз, қызанақ
Жарайсыңдар! Ендеше ортаға шығып бір сергіп қалайық
Сергіту сәті

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама