Кәсіби шеберлік және құзіреттілік
Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Жаңа Қаратон поселкесі,
№23 жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оңайбаева Күләш Самарқанқызы
Кәсіби шеберлік және құзіреттілік
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында дамыған елдердегі сапалы білім берудің бірегей жүйесінің барлық буындарының сапасын арттыру жөнінде бізді алда қыруар іс күтіп тұр. Сондықтан да оларды заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерімен, білікті кадрлармен қамту өте маңызды шаруа» деген болатын. Елбасының бұл сөзі педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мамандары мен әдіскерлерге де арналғаны анық.
Сапалы білімді арнайы даярланған, білікті педагогтарсыз алуға болмайтыны баршаға белгілі. Сондықтан озық білім беру жүйесіндегі педагог жұмысының сапасын арттыруға күш салу қажет, өйткені педагог - оқушылардың білім деңгейіне тікелей ықпал етуші фактор, адам, тұлға.
Мұғалім - ұлттық құндылық, тарих субъектісі. Американдық білім беру жүйесінде бұл мәселе - білім елдің ұлттық қауіпсіздігі үшін – осы тұрғыда қарастырылатыны кездейсоқтық емес. Сондықтан педагогтың қоғамда алар орнын асқақтату үшін ең алдымен сол педагогтың өзі қажырлы еңбек етуі тиіс. «Дегенмен кәсіби шеберлікті меңгеріп кетуге тәжірибенің жалғыз өзі жеткіліксіз. Педагогтың тәжірибені өзін - өзі дамытуға белсенді қолдану ұмтылысы болған жағдайда, білімнің басты құндылықтары іске асырылатыны сөзсіз. Үнемі өзін - өзі жетілдіруге ұмтылыс, еңбексүйгіштік - нәтижелі қызмет етуге, кәсіпқойлыққа әкелетін жол.
Жоғары жетістіктерге жету үшін ең алдымен өзіңді жеңе білуге тәрбиелей алсаң, өз ісіңнің маманы бола аласың, кәсіпқойлық өздігінен - ақ пайда болады.
2005 - 2010 жылдар аралығындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілгені белгілі. Аталған құжатта еліміздің білім берудегі саясаты айқындалып, білім беру мекемелерінен жаңа мағынадағы біліктілікті білдіретін сауаттылықтың жоғары деңгейін және әлемдік білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған нәтижелі іс - әрекеттер талап етіледі.(1)
Бүгінгі білім сапасы, қанша айтсақ та, оқушылардың біліктілік деңгейі мұғалімнің өрісіне, кәсіби шеберлігіне байланысты.
Дәстүрлі білім берудегі басымдықтар мен құндылықтардың өзгеріске ұшырап, ұлттық және адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа білім философиясының қалыптаса бастауы мен мұғалімнің кәсіби деңгейі арасындағы алшақтықты мойындауға тура келеді.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие ісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылығын дамытуды, мұғалім іс - әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға байланысты бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»,- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.[2, 23 - б.] Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастырудың жаңа нысандарын жетілдіру қажеттігі туындайды. Сондықтан жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық технологияларды меңгеріп қана қоймай, оны оқыту үдерісіне енгізуі шарт. Ол үшін мұғалімдерге үздіксіз ізденіп, тынбай еңбектеніп, аянбай тер төгуге тура келеді, сонда ғана мұғалім өзінің алдына заман қойып отырған талап пен міндеттерді орындай алады. «Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізінде құрылуына тіреледі, мектебімізді сау һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал, сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт»,- деп ақын әрі педагог Мағжан Жұмабаев айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінің, дене және жан саулығының, интеллектуалды қамын ойлау – тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселе - бүгінгі таңдағы мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне де қойылып отырған басты міндет.
Толық нұсқасын жүктеу