Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Кел, жемісті, Алтын күз!
Тақырыбы: «Кел, жемісті Алтын күз»
КІРІСПЕ СӨЗ
Құрметті ата - аналар, қонақтар, әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді. Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз, жылдың қай мезгілін алсақ та, табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, бізде әрқашан көңілдіміз.
Тақпақтарға кезек берейік
Арнур:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Зере: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.
Жібек: Алтын суық күз келді
Жел мен жаңбыр әкелді
Құстар ұшып кетеді
Ән салмайды өтеді
Инсар: Алтын сары, қызыл көк
Алуан - алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жадырап.
Бексултан: Мейірлі күз, мырза күз
Сыйлығыңа ризамыз
Аппақ қардай таңыңда
Шомыламыз нұрға біз.
Дария: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Мейірім: Күз келді, күз келді
Жапырақтар ұшады
Жерге жаңбыр жауады
Бізбен ойнайды
БИ: «Жалпы би» Би соңы аяқталып келе жатқанда «Алтын күз» қолшатырмен келіп, ортаға кіреді, балалар жапырақтарын шашады.
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, сүйкімді балалар. Бүгін сендерде мереке болып жатыр ғой, дендеріңіз сау болып, дастархандарың жеміс жидекке толы болсын. Балалар мен сендердің тақпақтарыңды, ән мен билеріңді сағынып келдім.
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, АЛТЫН КҮЗ біздің дауысымызды естіп құттықтауға келгеніңізге көп рахмет, балалардың өнерін тамашалаңыз.
БАҚША КІРІП ОТЫРАДЫ, -- ҚОЛЫНДА ТЫРМА, КҮРЕК

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бүгін біздің бақшамыз өте қатты ашулы екен. Неге ашулы екен сұрап білгіміз келеді ме? Ия, балалар ендеше сұрап білейік.
Балалар: Бақша - бақша неге ашулысыз?
Бақша: Менің күз мезгілінің тез бітетініне ашулымын. Күз мезгілі таяп қалды. Менің көкөністерім мен жемістерімді адамдар бақшадан теріп - теріп алды. Менде енді түкте қалмады. Соған ашулымын. Маған көмектесесіңдер ме балалар? Менің жемістерім мен көкөністерімнің бақшада қайтадан жайқалып өскенін қалаймын.
Тәрбиеші: Балалар бақшаға көмектесеміз бе?
Балалар: Ия көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ендеше балалар біз бақшаға көмектесу үшін көкөністер мен жемістерді қайтып жинай алмаймыз, сондықтанда бақшаға олар туралы тақпақтарымызды айтып, Өз өнерімізді көрсетейік. Келістік пе балалар?
Тәрбиеші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сіздерге, көкөністер сан түрлі
(Ортаға көкөністер шығып, өздері туралы тақпақтарын айтады) бастарына бетперде киеді
Қырыққабат: Аяулым
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана!
Сәбіз: Адият
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де
Қызанақ: Әйгерім
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Қияр: Ажар
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Картоп: Аяна
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.
Пияз: Жанель
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық - барлық тағамға
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Шынар: Бос айтысты қояйық
Айболит Дауласуды тоқтатайық.
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Сондықтанда, бірге жүріңдер
Бір – біріңді жақсы көріңдер
Би билейік қанекей! – (деп қолдарынан ұстап би билейді)
Би: « Көкөністердің достық биі»
Тәрбиеші: Көкөністердің достық биін тамашаладық. Балалар, көкөністерден қалмай бізге жемістерде келіпті, соларды бір тыңдап көрелік. (әуен ойналады)
Өрік: Наиля - (Қолдарына жемістерді ұстап тұрып айтады)
Дөп - дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты – өрік.
Жүзім: Ислам
Іші толған шәрбат,
Дәмі сондай әйбат.
Үзесің бірден үзіп,
Оның аты – жүзім.
Шие: Анель
Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты – шие.
Алма: Айдана
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмін,
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Құлпынай: Ернұр
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бау – бақша
Күрең қызыл шіркін – ай
Оның аты – құлпынай
Шабдалы: Дарина
Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны сен үзбе
Аузынан кетпес бал дәмі
Оның аты – шабдалы

Тәрбиеші: Балалар, енді бақшамызға барып, сұрап көрейік, көңілі көтерілді ме екен. Бақша көңіліңізді көтере алдық па.
Бақша: Ия, балалар, мен енді көңілді жүремін. Сендер мені қуанттыңдар. Бірақ менің тағы бір шартым бар. Менімен бірге ойын ойнасаңдар, мен оданда қатты көңілді жүретін боламын.
Тәрбиеші: Балалар, бақшамен бірге ойын ойнаймыз ба?
Ойын: «Бақша кімді алып кетті?»
Тәрбиеші: Ендеше ойынның шарты былай балалар. Барлығымыз әдемі жүріп, әдемі би билейміз. Ән біткенше билейміз. Ал ән тоқтағанда, көзімізді жұмып, жерге отыра қаламыз. (Музыка қосылады. Ойын ойналады. 3 - 4 баланы матамен жауып тығып тастайды. Қай бала жасырынғанын балалар айтады)
Тәрбиеші: Балалар, енді қараңдаршы кім жоқ? Балалардан кімнің тығылғанын сұрайды)
Тәрбиеші: Бақшашы көңілің көтерілді ме, әлі де ашулысың ба, шаршаған жоқсың ба?
Бақшашы: Шаршағанымды басайын, балалар маған бір би билеп берсін.
Би: «ҚОЛШАТЫР»

БАҚША ҚОШТАСЫП ШЫҒЫП КЕТЕДІ: балалар, менің басқада бақшам бар, соларды қарап келейін, көкөністеріммен, жемістерімді жұлып тастаған жоқ па екен. Қош сау болыңдар! Ендігі кезекті әнге берейік.
Ән: Күз келді, кап, кап, кап
Алтын күз: Қане, балалар бір ойын ойнап жіберейік. Көкөністерден жемістерді ажырата аласыңдар ма? Бұл ойын «Компот және сорпа әзірлеу» деп аталады.
Қазір мен жемістер мен көкөністерді араластырып тастаймын. Содан кейін бір себетке көкөністер тасу, екінші себетке жемістерді тасу.
- Ендеше, компот және сорпаға не керегін көрсетіңдер.
АЛТЫН КҮЗ: Жарайсыңдар, балалар!! Компотты неден әзірлейтінін біледі екенсіңдер. Сорпаны да қандай көкөністен жасайтынын білесіңдер.
БИ: «Жапырақтар»

Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар. - Өте тамаша, балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Бұл ойын «Қай жеміс?» деп аталады. Көздеріңді жұмып, жемісті жеп, қай жеміс екенін айтасыңдар. (Бір ыдыста туралған әр түрлі жемістер)
Тәрбиеші: Иә, «бала тілі – бал» демекші, біздің бүлдіршіндеріміз тек ән айтып, би билеп қана қоймайды, бойларында әртістік қабілеттері де жетерлік.
Күз: Менің арманым бар. Сіз, қалай ойлайсыз мен өз арманымды айтсам орындайсыз ба?
Тәрбиеші: Айтып көріңіз. Балалар тыңдайық. Күздің қандай арманы бар екен?
Күз: Мен көптеген мерекелерде болдым: өлең, ән, тақпақтар тыңдадым. Ал мен қазір, ертегі көргім келіп тұрғаны. Маған ертегі көрсете аласыңдар ма?
Тәрбиеші: Балалар біз қандай ертегілерді білеміз есімізге түсірейікші.
Балалар: «Қызыл телпек», «Мақта қыз бен мысық», «Қасқыр мен жеті лақ».
«Түлкі мен тырна», «Бауырсақ» «Шалқан» «Түлкі мен құмыра»
Тәрбиеші: Балалар күзге қандай ертегі қойып берейік?
«Шалқан» ертегісін сахналау
Алтын күз: Балалар сендерге көп рахмет, күз мезгілі жайлы көптеген өлең шумақтарын, әндер, біледі екенсіңдер, ертегіні жақсы қоя білдіңдер. Менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!
Ән: «Күздің күні қандайды? (МУЗЫКА ОЙНАЛАДЫ)

Шегіртке кіреді. Саламатсыңдар ма балалар? Мұнда неге жиналып отырсыңдар? Балалар: Бізде мереке болып жатыр
Сендердің ән салған дауыстарыңды естіп келдім. Мен де ән салғанды, би билегенді жақсы көремін. Осылайша көңілімді әр дайым көтеріп жүремін.
(Кұмырсқа өтіп бара жатады.)
Шегіртке: Әй, құмырсқа не істеп жүрсің. Мына балалар ән салып, көңіл көтеріп отыр екен. Кел бізбен, ән салып би биле.
Құмырсқа: Ау, шегіртке сенің мұның не? Жаз бітіп, күз келгенін білмедің бе? Қысқы азығыңды дайындамайсың ба? Менің сендермен ән салып, би билейтін уақытым жоқ. Қысқы азығымды дайындайын.(Бақшаға қарай барып, қимылмен жұмыс істеп жүргенін көрсетеді)
Тәрбиеші: Құмырсқа сен қандай еңбекқорсың, біздің балалар да еңбекқор, мында отырған балалар, сенің де достарың. Саған көмектессін, қысқы азығыңды жинап ал.
Құмырсқа: Иә, көмектессін. Бірақ бәрі емес екі – екіден ғана келсін. Шегіртке, сен не істеп отырсың кел бері, менің досым, сенің досың. Кел көмектес, машинаны әкел.
Ойын: «Бақшадағы көкөністерді жинау» МАШИНАМЕН ТАСЫП БІР ЫДЫСҚА ЖИНАУ.
Құмырсқа: (ҚОЛЫНА ЫДЫСТЫ ҰСТАП ТҰРАДЫ) Балалар сендерге рахмет. Енді қысқы азығым дайын. Ал, шегіртке сен ойлан. Сау болыңдар балалар! (ҚҰМЫРСҚА ШЫҒЫП КЕТЕДІ)
Шегіртке: Кете бер, кете бер. Менің, әлі балалар көңілімді көтереді.
Тәрбиеші: Шегіртке сен білесің бе? Күз мезгілінде неше ай барын?
Шегіртке: Ол не нәрсе, оны ойлайтын да, уақытым жоқ.
Тәрбиеші: Ендеше оны біздің балалар айтып берсін
Еркесұлу:
Қазан айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Туыстық адал достықпен,
Бейбіт өмір жалғасты.
Күздің қараша айында,
Жиын – терін бітеді,
Жапырақтар сарғайған,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.
Шегіртке: Ой, балалар сендер дұрыс айтасыңдар. Сендердің тақпақтарыңды, болжамдарыңды естіп ойланып қалдым. Секіріп, ән салып жүре бермей қысқы азығымды дайындайын. Сау болыңдар балалар! Рахмет сендерге. Көңілімді көтердіңдер. Құмырсқаны куып жетіп алайын деп шығып кетеді
Ән: «Берекесін сыйлауға»

Тәрбиеші; Құрметті ата - аналар, қонақтар, әріптестер күз әрқашан да, өзінің молшылығымен келсін дей отыра, әр отбасына амандық тілейміз.
Алтын күздің сыйы - жемістерден де дәм тататын кез - келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға
«Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Қарағанды қаласының
№ 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы
Сакенова Калкен Сериковна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама