- 05 нау. 2024 03:03
- 260
Кене энцефалиті
Кене энцефалиті
Кене энцефалиті – жедел вирусты ауру, бұл вирус адамның миын және жұлынын зақымдап, сал ауруына душар етеді.
Қоздырушы того-вирус тобына жатады, өлшемі 45-40нм, құрамы антиген В, РНК бар.
Көктем, жаз айларында табиғатта кездесетін кенелердің шаққанынан жұғады.
Кене адамды шаққанда вирус ағзаға еніп, бірден нерв тінін-клеткасын зақымдайды. Содан ары орталық нерв жүйесіне үлкен өзгерістер туғызады.
Кене энцефалитінің белгілері, өрбуі.
Жасырын кезеңі 8-23 күн (көбінесе 12 күн). Негізгі белгісі қызба, ми мен нерв жүйесінің шектелген бөлігін зақымдайды. Ауру жедел басталады. Кейде науқастың әлсізденіп, басы ауырып, лоқсып, ұйқысы қашып, мазасызданады. Ауру аяқ, мойын еттерінде әлсіздік сезініп, беті және мойны жансызданады.
Қызуы 39-40 градус көтеріліп, 2-10 күнге созылады. Мойын етінің қатаюы, Кернинг, Брудзинский белгілері айқындалады.
Кейде ауру жеңіл де өтуі мүмкін.
Диагноз кененің шаққан орны немесе кенені теріден шығарып алынған белгілер бойынша қойылады. Зақымдану белгілері анықталады. Зертханада РСК, РПГА жасалынады, оның қорытындылары диагнозды толықтыра түседі. Кене энцефалиті қауіпті ауру, ұзақ емдеуді керек етеді. Алғаш науқасқа барлық жағдай жасап энцефалитке қарсы гамма-глобулин егіледі.
Аурудың өрбуіне қарай барлық зақымданған органдарға ем қолданылады. Аурудың алдын алуда, шаққан кенені денеден алып, тіркеуге невропатолог маманына жіберіп, сонда кене энцефалитіне гамма-глобулин жасайды және бақылауда болады. Егер сіз табиғатта болсаңыз және үстіңізден кенені байқасаңыз, абыржымаңыз.
Мүмкін болса емханаға барыңыз, сонда кенеңізді дұрыс алады. Егер мүмкіншілік болмай жатса, онда мына кеңестерге құлақ салыңыз: Кенені бірден жұлып алуға болмайды, себебі ол аяқтары мен денеге терең еніп алған. Сондықтан адамды ыңғайлы жерге жатқызып, кененің үстіне сұйық май тамызса, бір минуттан кейін оның демалысы қиындайды, сонда жіппен бас жағынан орап, ақырындап ырғақпен тартса, кене бар аяқ-қолымен оңай шығады. Кене сорған жерді йодпен, спиртпен тазалап, маман дәрігерге көрсетуіңіз қажет.